Қоғам

МӘДEНИ ТУPИЗМ ЖӘНE ҚAЗAҚCТAННЫҢ ӘЛEУМEТТIК- МӘДEНИ ДAМУЫНДAҒЫ МAҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мәдeни туpизм феноменін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері.

1972 жылы 17 қазан мен 21 қараша аралығында өткен, БҰҰ-ның Бас конференциясы кезінде Парижде адамзат өркениетінің материалдық мәдениетінің объектілерін сақтап қалу мақсатында «Әлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы» халықаралық конвенция қабылданған болатын.

Олардың жойылуына табиғи апаттар ғана емес, адамдардың вандалдық іс-әрекеттері мен немқұрайлығы да емес, мұнан да қауіпті деструктивті күштер – бұқаралықсананыңқалыптасуы болып табылады.

Мәдениет – бұлдамудың, сақтаудың, тәуелсіздіктің, егемендіктің және халықтың өзіндік ерекшелігін нығайтудың іргелі негізі. Мәдениет пен туризмнің тарихи эволюциясының тәсілдері біртұтас қоғамды одан әрі дамытудың жаңа әдістерін анықтайды. Әлемнің көптеген елдерінде қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатын мәдениет пен туризмді демократияландыру үдерісі жүріп жатыр.

Тақырыптың өзектілігі демократиялық қағидаттардың пайда болуына байланысты Қазақстанның жалпы еуропалық және әлемдік мәдени процестерге интеграциялануын қажет етеді. Әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттарының бірі ретінде мәдени туризмді дамыту басты мақсат болып қарастырылады.

Бүгінгі күні, адамзат ақпараттық қоғам дәуіріне енгенде, қолда бар ақпараттың сипаты мен толықтығына қойылатын талап күрт өсті. Бұл мәдени туризмге де қатысты болып табылады.

Мұра саласындағы басқару немесе жиі аталатын мәдениет ресурстарын басқару тұжырымдамасы технологиялық, сонымен қатар стратегия мен тактиканың элементтерін қамтиды, бірақ әдетте әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік ұйымдардың қызметіне жатады. Американың әдіснамасында мәдени туризм өте анық, бірақ анық болса да өте тар мағынада қолданылады. Онда «мемлекет қаржыландыратын археологиялық және тарихи қорларды, соның ішінде археологиялық ескерткіштер мен тарихи ғимараттарды сақтау және зерттеу, мәдени қорларды басқару немесе археологиялық мәдениет ресурстарын басқару федералды бюджет немесе мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын археологиялық зерттеулер, жеке меншіктің белгілі бір бөлігін жол, көпір салу немесе басқа қоғамдық жұмыстар үшін пайдалану» деп көрсетілген.

Мәдени археологиялық қорларды басқару әдетте үш кезеңге немесе іске асыру сатысына қарай бөлінеді:

Бірінші    кезең:     археологиялық    орындарды    анықтау.     Мақсат     – аумақтыңархеологиялық ескерткіштерін табу және сипаттау.

Екінші кезең: бірінші кезеңде жобаның объектілерге тигізер зиянды әсерін             болдырмау  немесе   азайту   механизмдерін   анықтау   үшін   объектіні жақсырақ түсіну қажет екенін анықтаған археологиялық учаскелердің шағын пайызына қатысты жүзеге асырылады.

Үшінші кезең: деректерді жинау. Бұл жағдайда мүмкіндігінше көп ғылыми ақпарат алу.

Қазақстанда мәдениет зерттеушілері мен менеджерлері осы терминді мәдениет теориясында және практикасында тоқсаныншы жылдардың ортасында мәдени саясатта қолдана бастады. Ал Батыс елдерінде мұра құралдары белгілі бір аймақтың немесе тіпті тұтастай елдің экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын әзірлеу үшін бұрыннан бері пайдаланылып келген.

Көп ұзамай мұндай байланыс бір жағынан, мұра аймақтық және халықаралық дамудың өте маңызды ресурсы ретінде қарастырыла бастады, ал екінші жағынан – дерексізмәдени тұжырымдамалар санатынан ол нақты экономикалық және әкімшілік санатқа айналды.

«Мәдени мұра» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Олардың бірі мәдени мұра адамзат қоғамдастығының және табиғи орта арасындағы өзара әрекеттің көрінісі болып табылады. Мәдени туризм, мысалы, туристік спорт түрлерінен немесе жағажайлардан айырмашылығы, мәдени мұраны дамытуға, басқа адамдардың өмірлік тәжірибесін зерттеуге, олардың салт-дәстүрлеріне, зияткерлік және шығармашылық жетістіктеріне бағытталған.

Бір жағынан, «мұра – ұлттыңмәдени ерекшелігін, оның руханилығын және тарихи жадысын қалыптастырудың факторы», екінші жағынан, оны пайдалану ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк және т.б. сияқты жаһандық құрылымдардың саясатының маңызды элементі болып табылады [2, 51 б.].

Бұдан басқа, мұра саясатын қалыптастыру үдерісіне әлемдік және ұлттық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, адамдар мен жеке тұлғалар топтары, мәдени және әлемдік мұралардың ақпараттық желілері өсіп келеді.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында ЮНЕСКО-ның мамандары осы саладағы Дүниежүзілік банктің саясатына негіз болатын мәдени мұраға қатысты заманауи саясаттың негізгі ұстанымдарын тұжырымдады, сонымен бірге олар жасақталды және тәжірибеге ие болды.

Олар мынадай маңызды хабарламаларды: ең алдымен, мұраға қатысты екі диалектикалық полюстің болуы: мұраға зиян келтірмеу, ол шын мәнінде «жақсылық жасау», мұрасын қорғау және сақтау саясатымен синонимдік сипатта болып табылады және даму үдерісіне мұра қосып, оны ресурс ретінде қарастырады.

Басқа маңызды постулаттардың ішінде: «Мұраға зиян келтірмеу», мұраны қорғауға қатысты саясатты шектеумеу, мұра объектілерінің экономикалық құндылығын анықтау; мұра объектілерін пайдалану арқылы кедейшілікті қысқарту, мұра объектілерінің білім беру құндылығын анықтау жатқызылады.

Бұл стратегия Таяу Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка, Албания, Грузия және әлемнің басқа аймақтарындағы Дүниежүзілік банктің мамандары мен мемлекеттік мекемелерінің әр түрлі дәрежедегі жетістіктерімен жүзеге асырылады.

Банк мамандары көбінесе «материалдық мәдени мұра» терминін «мәдени мұра», «мәдени құндылық» синонимі болып табылатын және тек қана материалдық мәдениет ресурстарына қатысты қолданылатын «мәдени ресурстар» терминімен алмастыра бастады.

Әлемдік ақпаратқа, экономикалық және саяси ағымдарға, сондай-ақ тұрақты даму стратегиясына мұра енгізудің тағы бір маңызды құралы – бұлтуризм. Соңғы уақытта туризм жаппай сұраныс пен мәдени құндылықтарға қол жеткізудің ең тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Сонымен бірге, туризмді дамыту материалдық және рухани мұра саласындағы жаһандануды насихаттаудың бір жолы болып табылады. Хорват зерттеушісі Д. Елинчичтің айтуынша, «туризм статистикалық құбылыс емес, динамикалық үдеріс ретінде дәстүрлерге (мәдени мұраға) әсер етеді. Кейбір жергілікті қауымдастықтарда дәстүр туризмге байланысты өзгереді немесе дәстүр жоқ болса, ол ойлап шығарылады немесе жасалынады».

Сербия зерттеушісі М. Драгичевич-Шешич осыған байланысты «Мәдени туризм «тарихқа саяхат» ретінде мәдени-тарихи дәстүрлердің маңызы ерекше атап өтілетін, сондай-ақ ұлттық деңгейде өзін-өзі дамытуға үлкен назар аударылатын, әсіресе, мәдени ассимиляцияға қарсы күресетін шағын елдердің арасында ерекше дамыған». Осы тұрғыда туризм, саяхаттау, экскурсиялар XIX ғасырда, Еуропа мемлекеттерінде ұлттық өзін-өзі тану үдерісі қарқын ала бастаған кезде дамыды. Екінші жағынан, мәдени туризм адамдардағы басқа әдет-ғұрыптар мен мәдениетпен танысуға деген ұмтылысты арттыра отырып, өз еліндегі осы саладағы жағдаймен салыстыруына мүмкіндік береді. Туристік агенттіктер (әсіресе кейбір еуропалық елдерде) өз клиенттеріне басқа елдерге арнайы сапарлар ұйымдастырып, олар үшін өзіндік мәдени және тарихи оқиға жасап беруге мүмкіндік жасайды. Тарихты сүйетіндер үшін әртүрлі тарихи оқиғалардың орындары, мұражайлардағы құжаттармен және экспонаттармен танысу және т.б. шын мәнінде үлкен оқиға болып саналады».

Ол сондай-ақ мәдени туризмді келесі классификациялауды ұсынды:

  • «тарихқа саяхат»;
  • «саяхат — тарихи оқиғаларды қайта құру» (Француз төңкерісі, Наполеонның ұлы шайқастары және т.б.);
  • тарихи кезеңді зерттеу (пионер дәуіріндегі Калифорния, Византия Греция және т.б.);
  • діни саяхат (Иерусалим, Мекке және Мединаға қажылық, Хиландарға және т.б.).

Бір топ адамдар бірігіп басқа жерлерге географиялық саяхат жасайды, оның мақсаты туристерді шет елмен, белгілі бір аймақпен немесе қаламен таныстыру. Мұндай сапарлар күрделі (танысу объектісі — бір елдің немесе оның астанасы, олардың мәдени және тарихи көзқарастары, заманауи әлеуметтік және экономикалық өмірі) немесе мамандандырылған (туристер тек мәдени және тарихи ескерткіштермен белгілі жерлермен танысқан кезде, табиғат немесе экономиканың жекелеген салалары) болуы мүмкін.

Тарих пен мәдениет ескерткіштері туралы тек ақпаратты қамтитын тағы бір нұсқаулықты (қазіргі заманғы, электронды түрде) құру туралы мәселе болып табылады деп есептеуге үлкен қателік болар еді. Негізгі мақсат– ежелгі дүниені сүйер қауымның ғылыми және білім беру мүдделерін қанағаттандыру. Әлемдік экономиканың ең пайдалы салаларының бірі – мәдени туризм туралы зерттеу болғандықтан, бұл жекелеген объектілер туралы ғана емес, сондай-ақ тұтастай алғанда мәдени ландшафт туралы да ақпаратты талап етеді.

«Бізде осындай жақсы мұражай, ежелгі ғимараттар, тарихи орындарбар … Неліктен бізге туристер келмейді?». Бұл сұраққа жауап қарапайым: туризм үшін жеке мәдени нысандар емес, мәдени ландшафт қажет.

Бұл идеяны қарапайым мысалмен түсіндірсем: автокөлік тарих пен мәдениет ескерткіші емес, бірақ бұл мәдени ландшафттың маңызды бөлігі. Ежелгі ғибадатхананы сипаттайтын архитектураның тарихшысы, оған кіру жолдары жақсы болғандығына тоқталмайды, бірақ туризмді ұйымдастыру үшін бұл ақпарат өте қажет. Әсіресе Қазақстанда, ауыспалы ауа-райында туристік автобусты, тіпті жергілікті маңызы бар жолдарды, жергілікті тұрғындарды еске түсірмеу мүмкін емес. Мәдени туризм мақсатында мәдени ландшафттың күшті және әлсіз тұстарын дұрыс жүзеге асыру маңызды болып саналады[45].

Соңғы кезеңдердегі дүние жүзінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты Батыс елдерінің рухани байлықтарына тәнті болып, оны асыра бағалаудан арылып, тек қана шығыстық мәдениетке ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениетке де жаңаша көзқараспен қараудың уақыты туды. Соның нәтижесінде мәдениеттердің ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлықтарын замана ағымына байланысты туындаған жаңа жағдайларға сәй өзара үйлестіру мәселесі күн тәртібіне батыл қойылып отыр. Осы орайда, тарихи-әлеуметтік және мәдени процестерді зерттеуде еуроцентристік көзқарастардан, әдістерден үзілді-кесілді бас тартудың қажеттігін өмірдің өзі-ақ көрсетіп бергендігін ерекше атап өткен жөн және бұл Ұлы Жібек жолы мәдениетінің басты сабағы болып табылады. Осыдан адамзат баласының тарихи даму барысында қалыптасқан өркениеттер мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынастарын, олардың өзара байланыстарын жан-жақты зерттеп, шындық тұрғысынан қарастырудың қажеттігінің туындап отыр. Белгілі қазақ философы М. Орынбековтың пікірінше, «Шығыс пен Батыс арасындағы қайшылықтар мұра мен жанғыру, жан мен сана, дін мен өмір, діншілік пен атеизм арасындағы қайшылықтарды мойындауға алып келеді. Бұл гносеологиялық салаға ұласа келе өз көрінісін білім мен дін, ой мен қимыл, рухани сезімталдық пен салқын саналылық, кемеңгерлік пен құдіреттілік, құдай жолы мен адамдық ерік арасындағы қайшылықтардан табады» .

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close