Қоғам

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ӘУЕЖАЙ ІШІН КҮЙМЕН КӨМКЕРДІ

Түркістан халықаралық әуежайында Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы бір мезетте домбыра тартып, жолаушылар мен қонақтарды өнерлерімен тәнті етті.

Аталған мәдени іс-шара Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2035 жылға дейінгі «Оқушылардың тұтас дамуы» стратегиясы аясында ұйымдастырылған «Домбыра» жобасының аясында өтті.
Талантты оқушылар «Кеңес», «Нәрағашы», «Келіншек», «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Ертұран» сынды күйлерді орындап, әуежай ішін әсем күйге бөледі. Көпшілік шынайы алғыс білдіріп, ерекше әсермен тарқасты.

Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы (IATAHSAICAOUAIT) (ағылш. Hazret Sultan International Airport) — Түркістан қаласында орналасқан әуежай. 2020 жылы салынған. Ол Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым қашықтықта Шаға елді мекенінде орналасқан. Әуежай өз тарихын 2020 жылдан бері бастайды. Әуежайы жалпы 900 гектар аумақты қамтиды. Түркістан халықаралық әуежайы әлемдік стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салыныды. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады.Қазақстандық әуе компаниялары Түркістан қаласынан бірінші кезеңде АстанаАлматы қалаларына рейстер ашады және одан әрі түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа да облыс орталықтарымен қатынас орнатады.

Бастапқы кезеңде Turkish Airlines әуе компаниясы Ыстамбұлға рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Халықаралық Әзірет Сұлтан Әуежайы шетелдік компаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылатын болады, бұл шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.

 

Іс-шара оқушылардың өнер арқылы рухани және адамгершілік құндылықтарын меңгеруіне, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған. Домбыраның күмбірлеген үні көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, көрермендердің жүрегіне ұлттық рух, тәрбие мен мақтаныш сезімін ұялатты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close