Без рубрики

eGov-та ОТБАСЫНЫҢ ТАБЫСЫ МЕН ҚАРЫЗЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР КӨРСЕТІЛУІ МҮМКІН

eGov.kz порталында қазақстандық отбасыларға арналған жаңа цифрлық профиль енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа жүйе аясында әр отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты мәліметтер бір платформада жинақталады. Атап айтқанда, отбасының табысы, шығыны, несие жүктемесі және өзге де әлеуметтік деректері көрсетілуі мүмкін.

Бұл мақсатта eGov.kz жүйесіне банктердің, Қаржы министрлігінің және кредиттік бюролардың дерекқорларын біріктіру жоспарланған.

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, цифрлық профиль әлеуметтік көмекті әділ бөлуге мүмкіндік береді. Яғни жүйе мемлекеттік қолдаудың шынымен мұқтаж азаматтарға көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрлік өкілдері жаңа бастама әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттырып, мемлекеттік көмекті тағайындау процесін ашық әрі нақты етуге септігін тигізетінін атап өтті.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close