Без рубрики
АЛМАТЫДА СЕЛ ҚАУПІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАР ЭВАКУАЦИЯЛАНЫП ЖАТЫР
Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел жүру қаупіне байланысты тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, эвакуацияланған азаматтар арнайы дайындалған қабылдау пункттеріне, соның ішінде мектеп ғимараттарына орналастырылуда.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Мамандар жағдайды толық бақылауға алған.
Сондай-ақ Қазгидромет нөсер жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда сел жүру қаупі әлі де сақталатынын ескертті.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, тұрғындардан хабар қабылдау үшін жедел желі іске қосылған. Осы уақытқа дейін сенім телефонына бірнеше қоңырау түскен.
Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.



