Без рубрики

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЛАГЕРЬДЕ ТӨРТ БАЛА УЛАНЫП АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Ақмола облысында орналасқан балалар лагерінде төрт бала уланып, ауруханаға жеткізілді.

9–12 жас аралығындағы балалар Біржан сал ауданындағы демалыс орнынан улану белгілерімен облыстық балалар ауруханасына түскен. Дәрігерлердің айтуынша, балаларда құсу, дене қызуының көтерілуі және іш өту белгілері байқалған.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық бөлімде ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылар балалардың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты тиісті қызметкерлер тексеру жұмыстарын бастап, уланудың нақты себебін анықтап жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close