Без рубрики

ӘЙЕЛІН ҰРДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН БОКСШЫ ОТБАСЫН САҚТАП ҚАЛУҒА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ

Әйеліне қол көтерді деген айыпқа ілінген қазақстандық боксшы болған оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар жағдайды өзара талқылап, отбасын сақтап қалу туралы ортақ шешім қабылдаған.

«Екеуіміз де қорытынды жасап, сөйлестік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік. Біздің шешіміміз бен жеке өмірімізге деген құқығымызды құрметтеулеріңізді сұраймыз», – деді спортшы.

Боксшының жұбайы да қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді өз еркімен қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешімге ешқандай қысым жасалмаған.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желі қолданушыларын, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін отбасының жеке өміріне қатысты ақпарат таратуды тоқтатуға және жарияланған материалдарды өшіруге шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close