Без рубрики

«СЕМЕЙ ОРМАНЫ» РЕЗЕРВАТЫНДА ӨРТ ҚАЙТА ТҰТАНДЫ: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРДЕН 200-ДЕН АСТАМ АДАМ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында орман өрті қайта тұтанды. Өрт шыққан аумақ 2023 жылы болған ірі тілсіз жағаға байланысты қоғам назарында болған еді.

Еске салайық, 2023 жылы дәл осы резерват аумағында болған алапат орман өртінен 15 адам қаза тапқан болатын.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында Dos Bol Like жазғы лагерінде демалып жатқан 200-ден астам адам, оның ішінде 190 оқушы мен 20 ересек азамат эвакуацияланған.

Өртті ауыздықтау жұмыстарына арнайы техникалар мен қосымша күштер жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар қызметінің тікұшақтары 24 рет әуеден су төгу жұмыстарын жүргізген.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің таралуына жол бермеу және толықтай сөндіру бағытында жұмыстарды жалғастыруда. Оқиға орнына қосымша күштер мен қажетті техника жеткізілді.

Жауапты қызметтер жағдайды бақылауда ұстап, өрттің шығу себептерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close