Без рубрики
ЖОЛ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады

Қазіргі уақытта “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясынының өкілдері жолдардың сапасын сақтап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол бойында патрульдеу жұмыстарын қолға алды.
Кешенді шара кезінде жолды қайта жаңғырту, жол жиегіндегі арамшөптер мен қоқыстан тазарту, барьерлік қоршауларды арнайы техника көмегімен жуу сынды жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, жол бойындағы демалыс алаңдары мен аялдамалардың санитарлық жағдайы да ретке келтірілген.
Бұл жұмыстар жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталып отыр.



