Без рубрики

«НҰРЛЫ ЖОЛ – ОРАЛ» ПОЙЫЗЫНДА ӘЙЕЛДЕР ВАГОНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар саны арта түсуде. 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы Тальго жолаушылар пойызының құрамына арнайы әйелдер вагоны енгізіледі.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Қазіргі уақытта аталған пойыз бағыты күнара қатынайды.

Жаңа вагонның іске қосылуымен әйелдер вагоны қызметі ұсынылатын бағыттардың жалпы саны 13-ке жетеді. Бұл бастама жолаушыларға сапар барысында қосымша жайлылық пен қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Әйелдер вагонында 7 жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат етіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close