Без рубрики

АЛМАТЫДА КӨП ӘЙЕЛ АЛУДЫ НАСИХАТТАҒАН ЕР АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Алматыда әлеуметтік желі арқылы көп әйел алуды насихаттаған азамат анықталып, оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам әлеуметтік желідегі парақшасында заң талаптарына қайшы деп танылған, көп әйел алуды насихаттайтын мазмұндағы жазбалар жариялаған.

Аталған дерек бойынша азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес хаттама толтырылды. Профилактикалық түсіндіру жұмыстарынан кейін ол жариялаған материалдарын өз еркімен өшірген.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілерде заң талаптарын бұзатын, қоғамға кері әсер ететін немесе тыйым салынған мазмұндағы ақпарат таратқан тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close