Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ҮЙДІҢ ЕКІ БАЛАСЫ СЫРДАРИЯДА СУҒА КЕТТІ

Түркістан облысының Сауран ауданында Сырдария өзеніне суға түскен екі ағайынды азамат қаза тапты. Қайғылы оқиға 22 тамызда Үшқайық ауылдық округі аумағында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1998 және 2002 жылы туған ағайындылар суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Сол сәтте 2002 жылы туған азамат суға батып кеткен. Ағасын құтқаруға әрекет жасаған 1998 жылғы азамат та өзенге кеткен.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздестіру жұмыстарын бастады. Оған Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар мен марқұмдардың туыстары қатысты. Іздеу жұмыстарына жалпы 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары және дрон жұмылдырылды.

24 тамызда 2002 жылы туған азаматтың денесі шомылған жерден шамамен 6 шақырым қашықтықтан табылып, судан шығарылды. Ал 25 тамызда іздестіру жұмыстары кезінде екінші азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 30 шақырым жерден су бетінен анықталды.

Марқұмдардың жақындарының айтуынша, 1998 жылы туған азаматтың артында жүкті әйелі мен 2,5 жастағы баласы қалды. Ол Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында қызмет еткен.

Ал 2002 жылы туған азаматтың 1,5 жасар баласы бар. Жақындарының сөзінше, ол жақында ғана Назарбаев Зияткерлік мектебіне жұмысқа орналасқан.

Осылайша, ағасын құтқармақ болған азаматтың өзі де ажал құшты. Екі күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі ағайындының да денесі табылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close