Без рубрики

ЖАЛҒАН ҰТЫС: ПОЛИЦИЯ АЗАМАТТАРҒА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Полиция әлеуметтік желілерде таралып жатқан смартфон ұтысы туралы жалған хабарламалардан сақ болуға шақырды. Алаяқтар танымал платформаларда жалған парақшалар ашып, қолданушыларға қымбат смартфон ұтып алғаны туралы хабарлама жіберіп жүр.

Қаскөйлер азаматтардың сеніміне кіру үшін жүлдені пошта арқылы жіберетінін айтып, арнайы сауалнаманы толтыруды сұрайды. Сауалнама барысында адамның аты-жөні, электрондық поштасы, пошта индексі және нақты тұрғылықты мекенжайы сияқты жеке деректері талап етіледі.

Одан кейін алаяқтар жүлдені жеткізу сылтауымен түрлі төлем жасауды сұрайды. Мәселен, «алдын ала төлем», «жеткізу ақысы» немесе «жіберу шығындары» деген желеумен ақша аударуды талап етеді. Алайда төлем жасалғаннан кейін уәде етілген смартфон да, басқа жүлде де азаматқа жеткізілмейді.

Полиция мұндай хабарламаларға сақтықпен қарап, белгісіз сілтемелер арқылы жеке мәліметтерді енгізбеуге кеңес береді. Сондай-ақ жүлдені алу үшін ақша аударуды талап ететін хабарламаларға сенбеу қажет.

Құқық қорғау органдары азаматтарға банк картасының деректерін, SMS арқылы келетін кодтарды, парольдерді және басқа да құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеуді ескертеді.

Күмәнді парақшаға немесе хабарламаға тап болған жағдайда оны әлеуметтік желі әкімшілігіне шағымданıp, аккаунтты бұғаттаған жөн.

Егер азамат алаяқтардың құрбаны болса немесе күмәнді жағдайға тап келсе, дереу полицияға жүгінуі қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close