Қоғам

ХАЛЫҚ ПЕН АУМАҚТЫ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАН ҚОРҒАУ

Республика аумағының түрлі табиғи, кенгеологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға – жер сілкінісіне, су тасқынына, селге, сырғымаға, қар көшкініне, дауылға, орман және дала өрттеріне, температураның күрт төмендеуіне және қарлы боранға, жұқпалы аурулар мен эпизоотияларға ұшырауға бейім екендігін көрсетеді.

Сонымен қатар сейсмикалық қауіпті аудандардағы 30%-дан 60%-ға дейінгі өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы үйлер мен ғимараттар сейсмикалық тұрақтылық талаптарына жауап бермейді. Салынып жатқан және қайта жаңғыртылу үстіндегі объектілерде құрылыстағы сейсмикалық тұрақтылық нормасының сақталуын бақылау тиімсіз болып отыр. Республиканың көптеген өңірлерінде егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандарға бөлу картасы жоқ. Бірқатар қалалар мен ірі елді мекендерге шағын сейсмикалық аудандарға бөлу картасы осы күнге дейін жасалынбаған, бұл жаңа ғимараттарды салу кезінде және ескі құрылыстарды сейсмикаға қарсы нығайту кезінде барабар техникалық шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Қазақстанда қазіргі бар 653 гидроқұрылылыстың 268-і, олардың ішінде ең ірі 28-і шұғыл жөндеуді қажет етеді және де су шаруашылығы объектілерінің тозуы 60%-ға жетіп отыр.

Таулы аумақтардың қарқынды игерілуі, қауіпті табиғи құбылыстардың жандануы (жер шарының жаппай жылынуына байланысты) селге және сырғымаға қарсы жаңа қорғаныш құрылыстарын салуды және бұрынғыларын қайта жаңғыртуды, сел және сырғыма жүру қаупі бар аймақтарда қала құрылысының саясатына өзгеріс енгізуді, басқа да ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды талап етеді.

Республикада көшкінге қарсы қызмет нашар дамыған. Көшкіндерді алдын ала түсіру жекелеген, аса қауіпті учаскелерде ғана жүргізіледі. Республиканың таулы аудандарындағы қар жамылғысының жай-күйін бақылау жүйелері нашар дамыған, соның салдарынан қар көшкіні ғана емес, болуы мүмкін сел жағдайын да дәл болжау мүмкін емес.

Температураның күрт төмендеуін, боранды, қатты дауыл мен бұрқасынды дәл болжай алмау әрі коммуналдық және жол қызметтері әзірлігінің нашарлығы сияқты проблемаларға байланысты олардан келетін зиянның мөлшерін және зардап шеккендердің санын азайту бойынша шаралардың тиімділігі төмендеген.

Эпидемиялық және зооноздық инфекцияларға қатысты жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр.

Ғылымдағы және жоғары технологиялық құрылғыларды өңдеудегі барлық жетістіктерге қарамастан, адамзат осы күнге дейін табиғи апаттардың алдында әлсіз. Жыл сайын жер сілкіністері, су тасқындары, қар көшкіндері және табиғаттың басқа қауіпті құбылыстары мыңдаған адам өмірлерін қияды және зор материалдық залал келтіреді.

Сонымен бірге, жаға қоғамның жоғары индустриялық дамуы адамдардың өліміне әкеп соғатын және қоршаған ортаға зиян келтіретін өнеркәсіпті кәсіпорындардың жоғары апаттылығымен байланысты жағымсыз көріністерді тудырады.

Тұрмыста пайда болатын эксремалдық жағдайлар да қауіпті. Адамды қауіп-қатерлер барлық жерде күтіп тұрады – көлікте, су қоймаларында шомылғанда, орманда қыдырғанда және электр тұрмыстық құралдарды пайдаланған кезде.

Бәлені болдырмау және өзіңді аңдаусыз жағдайда қалдырмау үшін, төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөнінде қарапайым білімге ие болу қажет.

Табиғи апаттардың, авариялар мен зілзалалардың қаупі неде? Бәле Сіздің басңызға аңдаусызда түспеу үшін не істей қажет? Төтенше жағдайларда не істеу қажет?

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі – жер асты соққылары (дүмпулері) және жердің үстіңгі қабатының теңселуі, оның ішіндегі энергия процестерінің қозуынан пайда болады (басты себепі тектоникалық).

Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облысы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аймақтары жоғары потенциялық сейсмикалық қауіпке шалдыққан. Шкафтарды, сөрелерді және стеллаждарды бекітіңіздар, ал жоғарғы сөрелерден және антресольден ауыр заттарды алып тастаңыздар. Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, жеңіл тұтанатын сұйық заттарды) берік, жақсы оңашаланған жерде сақтаңыздар. Барлық тұрғындар электр желісін, газ бен суды сөндіру қажеттілігі туған жағдайда рубильниктің, магистральді газдың және су құбырлары шүмегінің қайда екенін білу қажет. Өзінің қиратушылық зардаптарымен жер сілкінісіне тең келетін табиғи апат жоқ. Жер шарының барлық сүтіңгі қабаты жер қыртысының бірнеше үлкен бөліктеріне бөлінеді, олар тектоникалық плиталар деп аталады. Бұлар: солтүстік америкалық, евроазиялық, африкалық, оңтүстік америкалық, тынық мұхиттық және атлантикалық плиталар. Тектоникалық плиталар үнемі қозалыста болады (ашылуы, жиырылуы немесе біреуі басқасына қарағанда сырғу мүмкін), және ол жылына бірнеше сантиметрді құрайды. Жер сілкінісі осы плиталардың соқтығысуы нәтижесінде пайда болады және жердің үстіңгі қабатының қатпарлары, жарықтары және т.б. түріндегі өзгеруімен ілеседі, олар үлкен қашықтыққа жайылуы мүмкін. Жер сілкінісі кезінде әйнектері жарылады және ұшып кетеді, сөрелерден олардың үстінде жатқан заттар құлайды, кітап шкафтары шайқалады, люстралар теңселеді, төбеден балшықтар түседі, ал қабырғалар мен төбелерде жарықтар пайда болады. Осының бәрі құлақ тұндыратын шумен ілеседі. 10-20 секунд селкілден кейін жерасты дүмпілдері күшейеді, соның нәтижесінде ғимараттар мен салынымдардың қирауы басталады. Небәрі оншақты қатты сілкіністер барлық ғимаратты қиратады. Орта есеппен жер сілкінісі 5-20 секунд қана болады. Сілкіністер неғұрлым ұзағырақ созылса, соғұрлым заладар да ауыр болады.

Жер сілкінісінің қарқындылығын бағалау үшін республикада MSK-64 (К) СН РК 2.03-28-2004 жер сілкінісінің қарқындылығын бағалау шкаласы әзірленді. Осы шкала зерттелетін аймақтардағы жер сілкініс көріністерінің қарқындылығын 3-тен 10 шамасына дейін қоса бағалау үшін арналған.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек

Үйде, жұмыста, кинода, театрда, көлікте және көшеде болғанда жер сілкінісі кезінде әрекет жасау жоспарын алдын ала ойластырыңыздар. Өз отбасыңыздың мүшелеріне жер сілкінісі болған кезде олардың не істеу керек екенін түсіндіріңіздар және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіздар. Ыңғайлы жерде құжаттарды, ақшаны, қалта шамын және қосалқы батареяны ұстаңыздар. Үйде ауыз суының және консервалардың бірнеше күнге жететін қоры болу керек. Кереуеттерді терезеден және сыртқы қабырғадан алып тастаңыздар.

Жер сілкінісі кезінде қандай әрекет жасау керек

Ғимараттың теңселгенін сезініп, шам-шырақтың шайқалғанын, заттардың құлағанын көріп, көбейіп келе жатқан шуды және сынған әйнектің шылдырын естіп, абыржымаңыздар (Сіздердің бірінші сілкілді сезген сәттен ғимараттар үшін қауіпті тербелістерге дейін Сізде 15-20 секунд бар). Құжатарды, ақшаны және бірінші кезектегі заттарды алып, ғимараттан тез арада шығыңыздар. Үй- жайдан шыққанда лифтпен емес, баспалдақпен түсіңіздар. Далаға шығып – сонда болыңыздар, бірақ ғимараттың жанында тұрмаңыздар, ашық жерге орын ауыстырыңыздар. Тыныштық сақтаңыздар және басқаларды сабырлыққа шақырыңыздар! Егерде Сіздер амалсыз үй-жайдың ішінде қалып қойсаңыздар, онда қауіпсіз жерге тұрыңыздар: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырғаның саңылауында немесе аралық тіреуде. Мүмкіндік болса, үстелдің астына жасырыныңыздар – ол сізді құлап жатқан заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезеден және ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыздар. Шамды, сіріңкені, шақпақты қолданбаңыздар – газ шыққан кезде өрт болуы мүмкін. Салбырап тұрған балкондардан, карниздерден, жақтаулардан аулақ тұрыңыздар, үзілген сымдардан қауіптеніңіздар. Егерде Сіздер автомобильде болсаңыздар, ашық жерде қалыңыздар, бірақ сілкініс аяқталғанша дейін автомобильден шықпаңыздар. Басқа адамдарды құтқарған кезде көмек көрсетуге дайын болыңыздар.

Жер сілкінісінен кейін қандай әрекет жасау керек

Көмекке мұқтаждарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіздер. Жеңіл босатылатын үйінділерге түскендерді босатыңыздар. Абай болыңыздар! Балалардың, аурулардың, қарт адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер. Оларды сабырлыққа шақырыңыздар. Өте қажет болмаса телефонды көп ұстамаңыздар. Радиокөрсетілімді қосыңыздар. Жергілікті өкімет билігінің, табиғи апаттың зардаптарын жою бойынша штабтың нұсқауларына бағыныңыздар. Электр сымдарында бұзылған жерлер бар ма, тексеріңіз. Ақаулықты жойыңыздар немесе пәтердегі электрді сөндіріңіздер. Естеріңізде болсын, қатты жер сілкінісі кезінде қаладағы электр қуаты автоматты түрде сөндіріледі. Газ және су құбырларының тораптарында бұзылған жерлер бар ма, тексеріңіздер. Ақаулықтарды жойыңыздар немесе желісін сөндіріңіздер. Ашық отты пайдаланбаңыздар. Баспалдақпен түсіп бара жатып, абай болыңыздар, оның беріктігіне көзіңіз жетсін. Зақымданған ғимараттарға жақындамаңыздар, олардың ішіне кірмеңіздер. Қайталанатын қатты сілкіністеге дайын болыңыздар, өйткені жер сілкінісінен кейінгі 2-3 сағаттар ең қауіпті болады. Соншама қажет болмай жатса ғимараттарга кірмеңіздер. Қайталанатын сілкіністердің қайталануы туралы ойлап таппаңыздар және ешқандай сыбыстар таратпаңыздар. Нақты мәліметтерді қолданыңыздар. Егерде Сіздер үйіндінің арасында қалып қойсаңыздар, жағдайды асықпай бағалаңыз, мүмкіндігіңізше өздеріңізге медициналық көмек көрсетіңіздер. Үйінділерден тыс жерлердегі адамдармен байланыс жасауға тырысыңыздар (дауыспен, тарсылмен). Естеріңізде болсын, от жағуға болайды, унитаздың бөшкесінен су ішуге болады, ал тұрбалар мен батареяны белгі беру үшін пайдалануға болады. Күштеріңізді үнемдеңіздер. Адам тамақсыз жарты айдан астам уақты өмір сүре алады.

Су тасқыны

Су тасқыны – бұл өзенге, көлге немесе су қоймаларына жақын жерлерге судың жайылуы, ол материалдық залал келтіреді, тұрғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді немесе адамдардың өліміне алып келеді.

Судың жайылуы Қазақстанның барлық ірі өзендерінде байқалады. Ең үлкен залалдарды Сырдария, Шу, талас, Ассы, Жайық, Жем, Сағыз, Торғай, Сарысу, Тобыл, Нұра, Есіл, Ертіс өзендеріндегі су жайылуы келтіреді.

Егерде судың жайылуы залалмен ілеспесе, бұл өзеннің, көлдің жағадан шығуы. Судың тасуы көпірлердің, жолдардың, ғимараттардың, салынымдардың бұзылуына әкеп соғады, едәуір материалдық залал келтіреді, ал су қозғалысының жоғары жылдамдықтарында (4 м/с астам) және судың биік көтерілуі кезінде (2 м астам) адамдар мен жануарлардың өлімін келтіреді. Бұзушылықтардың негізгі себептері ғимараттар мен салынымдарға су массасының, жоғары жылдамдықпен жүзген мұздардың, түрлі сынықтардың, жүзетін заттардың және т.б. гидравликалық соққыларының әсерінен болады. Тасқын — өзеннің сулы режимінің фазасы; қардың, мұздың күшті еруімен немесе жаңбырдың көптеп жаууымен келген, өзендегі су деңгейінің қысқа мерзімді және кезеңмен біршама көтерілуі. Тасқындар Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында қалыптасады.

Тасқындар кезеңмен қайталанбайды, және де бұл су басу кезеңінен ерекшелігі. Тасқынның ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Су тасу кезеңі мен тасқын кезіндегі орташа айлық шығыны орташа жылдықтан көп.

Су тасу кезеңіне қарағанда тасқын жылдың кез келген уақытында пайда болуы мүмкін. Үлкен тасқын су басуға әкеп соғуы мүмкін. Тасқынның орын ауыстыру процесінде өзен бойынша тасқын толқыны пайда болады.

Су тасуына қалай дайындалу керек

Егерде Сіздің аймақ су басудан жиі азап көрсе, су басуы мүмкін жерлердің шекараларын, тұратын жерге жақын орналасқан сирек су басатын жерлерді, оларға баратын қысқа жолдарды зерттеңіздер және есте сақтаңыздар. Ұйымдасқан және жеке эвакуациялау кезіндегі, сондай-ақ кенеттен және қатты таралған су басу кезінде әрекет жасау ережелерімен отбасы мүшелеріңізді таныстырыңыздар. Қайық, плот және оларды жасау үшін арналған құрылыс материалдарын сақтау орындарын есте сақтаңыздар. Эвакуация кезінде шығарылатын құжаттардың, мүліктер мен дәрі-дәрмектердің тізімін жасаңыздар. Арнайы чемоданға немесе рюкзакқа бағалы заттарды, қажетті жылы киімдерді, азық-түлік, су қорларын және дәрі-дәрмектерді салып қойыңыздар.

Су тасу кезінде қандай әрекет жасау керек

Су тасу туралы және эвакуациялау туралы ақпараттың белгісі бойынша, дереу белгілі тәртіппен апатты су басуы мүмкін қауіпті аймақтан белгіленген қауіпсіз аймақтарға немесе биік учаскелерге, жерлерге шығыңыздар, өздеріңізбен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, қажетті заттарды және бүлінбейтін азық-түліктердің екі тәулікке жететін қорын ала шығыңыздар. Соңғы эвакуациялау пунктіне тіркеліңіздер. Үйден шығарда электр желісін және газды өшіріңіздер, жылу беретін пештердегі отты сөндіріңіздер, ғимараттан тыс жерлердегі барлық жүзетін заттарды бекітіңіздер, немесе оларды үй сыртындағы үй-жайларға орналастырыңыздар. Уақыт болған жағдайда, үйдегі бағалы заттарды үйдің жоғарғы қабаттарына немесе шатырдың астына ауыстырыңыздар. Терезелер мен есіктерді жабыңыздар, қажет болған жағдайда және уақыт болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін тақтайлармен (щиттармен) сыртынан шегелеп тастаңыздар. Ұйымдасқан эвакуация болмаған жағдайда, көмек келгенше дейін немесе су азайғанша дейін, ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және шатырларында, ағаштардың үстінде немесе басқа биік заттардың үстінде болыңыздар. Бұл ретте үнемі апаттық белгі беріп отырыңыздар: күндіз – ағашқа бекітілген жақсы көрінетін орамалды іліп немесе сонымен бұлғап, ал түнгі уақытта – жарық белгісімен немесе анда санда дауыс беріп. Құтқарушылар келген кезде сабыр сақтап, дүрлікпей және әбігерленбей, қауіпсіздік шараларын сақтап, жүзу құралына ауысыңыздар. Бұл ретте құтқарушылардың талаптарын бұлжытпай орындаңыздар, жүзу құралының шамадан тыс ауырлауына жол бермеңіздер. Қозғалыс кезінде белгіленген орыннан кетпеңіздер, бортқа отырмаңыздар, экипаждың талаптарын қатаң сақтаңыздар. Су басып қалған аймақтан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, су деңгейінің жоғарылауы жалғасқанда, жоғарғы (шатыр астын) қабаттарды су басу қаупі болу сияқты маңызды себептер болғанда ғана өз беттеріңізше шығу ұсынылады. Бұл ретте сенімді жүзу құралы болу және қозғалыс бағытын білу қажет. Өздеріңіз шықан кезде апаттық белгі беруді тоқтатпаңыздар. Суда жүзіп келе жатқан және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіздер.

Егерде адам батып жатса

Батып бара жатқан адамға жүзу құралын лақтырыңыздар, оны жігерлеңіздер, көмекке шақырыңыздар. Зардап шегіп жатқанға жүзіп жеткенде өзеннің ағынын ескеріңіздер. Егерде батып жатқан адам өзінің әрекеттерін бақылай алмаса, оның артынан келіп, шашынан ұстап алып, жағаға қарай сүйреңіздер.

Су басқаннан кейін қандай әрекет жасау керек

Ғимаратқа кірместен бұрын оның қирайтын немесе қандай-да бір заттың құлайтын қаупі бар екенін тексеріңіздер. Ғимаратты желдетіңіз (жиналған газдан арылуы үшін). Электр жарығын қоспаңыздар, ашық оттың көздерін пайдаланбаңыздар, үй-жайды толық желдеткенше дейін немесе газбен қамтамасыз ету жүйесінің дұрыстығын тексергенше дейін сіріңке жақпаңыздар. Электр сымдарының, газбен қамтамасыз ету құбырларының, су құбырларының және канализациялардың дұрыстығын тексеріңіздер. Үй-жйларды кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашыңыздар, сәкіден және қабырғадан саздарды алыңыздар, жертөледен су шығарыңыздар. Суда қалған азық-түліктерді пайдаланбаңыздар. Құдықтарды түскен саздардан тазалаңыздар және оларды судан алып тастаңыздар.

Сел

Сел (гидрологида «саиль» сөзінен — «балшықты тастардың ағуы») – көбіне нөсерлі жаңбырлармен немесе қардың қатты еруімен кенеттен келетін өте үлкен концентрациялы минералды заттардың, тастардың және тау жыныстары сынықтарының (50-60% ағын көлемі) ағыны.

Қазақстан аумағының сел ағынының пайда болу аймағында Алматы, Талдықорған, Шымкент және Тараз сияқты ірі қалалар бар. Сел ағынының көбіне шалдыққан жерлері Алматы облысының таулы және тау алды аймақтары.

Сел – су мен борпылдақ, қарқынды жауынның немесе қардың, сондай-ақ қармен мұз үйінділердің қатты еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен сайлардың бассейндерінде кенет пайда болатын, заттардың қоспасынан тұратын үлкен бұзушылық күштің қарқынды ағыны. Сонымен бірге, селдер жер сілкінісінен және жанартаулардың атқылауынанда пайда болуы мүмкін. Селдердің пайда болуына антрпогендік факторлар да әсерін тигізеді, оларға орманның шабылуы және тау бөктерлерінің беткі топырақтарының деградациясы, жол салған кездегі тау жыныстарының қопарылуы, карьерлердегі жарылыс жұмыстары, үйінділерді дұрыс ұйымдастырмау және жердің топырақты-өсімдікті үстіңгі қабатына жойқын әсер ететін ауаның жоғары газдануы жатады.

Сел – сұйық және қатты массаның арасындағы бір зат. Бұл қысқа мерзімді құбылыс (көбінесе ол 1-3 сағатқа созылады), ұзындығы 25-30 км су ағысына және су жиналуы 50-100 км² көлемдегі су қоймаларына сипаттас.

Селге қалай дайындалу керек

Көбінесе селдік ағынның жүріп кететін жерлері белгілі болады. Тауға шықпас бұрын өзіңіздің қозғалатын жолдарыңыздағы осы жерлерді зерттеңіздер және олардан аулақ жүріңіздер, әсіресе қатты жаңбырлардан кейін. Әрқашан естеріңізде болсын, сел ағынына ұшыраған адам құтқарыла алмайды. Сел ағынынан тек одан қашып қана құтылуға болады. Үйді қалдырмас бұрын, алдын ала эвакуация кезінде, электр желісін, газ бен су құбырларын өшіріңіздер. Есіктерді, терезелер мен желдеткіштерді нығыздап жабыңыздар.

Селді ескерту бойынша алдын алу іс-шаралары

Сел қаупі бар аудандарды селге қарсы дамбалар мен бөгеттер құрылады, айналма каналдар жасалады, тау көлдерінің деңгейі төмендетіледі, ағаштар егу жолымен баурайлардағы жер қатайтылады, бақылау жүргізіледі, ақпараттындырулар ұйымдастырылады және эвакуация жоспарланады.

Сел ағыны кезінде қандай әрекет жасау керек

Келе жатқан селдің даусын естіп, тез арада төмен қойнаудан 50-100м биіктікке көтерілу керек. Бұл ретте өкірген ағыннан үлкен қашықтыққа өмірге қауіпті ауыр салмақты тастардың лақтырылуы мүмкін.

Сел ағыны жүргеннен кейінгі іс-әрекеттер

Зардап шеккендерге және селдің қозғалған жолы және селдің негзігі массасы жүрген жерлерде құрылымдар мен органдарға көмек көрсетіңіздер. Егерде Сіздер зардап шексеңіздер — өздеріңізге дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіздер. Өздеріңіздің жарақат алған дене учаскелеріңізді, мүмкін болғанша, көтерген қалыпта ұстау қажет, ол жерлерге мұз (дымқыл материя), қысатын таңғыш салу қажет.

Табиғи өрт

Табиғи өрт – табиғи ортада апатты пайда болатын және таралатын, бақыланбайтын өртену процесі (орманның, даланың, шым тезекті батпақтың).

Орман өрті – орман экожүйесінде өзінен-өзі немесе адаммен жандырылатын өртену. Төменгісінде орманның төсемі, шөп-бұта жамылғысы, жас бұталар жанады, жоғарғысында – ағшаштардың ұштары жанады; жерастысында – шым батпақ қабаты және ағаштардың тамырлары жанады.

Дала өрті – далаларда өзінен-өзі немесе қолдан тұтату кезінде пайда болады.

Ең өртке қауіптіге Ақмола, Паволдар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының аймақтарындағы орман алқаптары жатады. Ормандағы жаппай өртену ыстық және құрғақ ауа райы кезінде найзағай соққысынан, өртпен байқаусыз пайдаланудан, жердің жоғарғы қабатын кепкен шөптерді жағып тазартудан және басқа себептерден болуы мүмкін. Өрттер елді-мекендердегі ғимараттардың, ағаш көпірлердің, электр және байланыс желілердің, мұнай өнімдері қоймаларының және басқа да жанатын материалдардың жануына, сондай-ақ адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін. Орман алқаптарында төменгі өрттер жиі пайда болады, ол кезде орман төсемі, жас бұталар, шөп-бқта жамылғысы, шыбықтар, ағаш тамырлары және т.б. жанады. Құрғақшылық кезеңінде жел болғанда жоғарғы өрттер пайда болуы мүмкін, ол кезде от ағаштардың ұштарымен, қылқан жапырақты ағаштармен таралады. Төменгі өрттің таралу жылдамдығы минутына 0,1 метрден 3 метрге дейін, ал жоғарғысы – жыл бағытымен минутына 100 метрге дейін. Шым батпақ пен өсімдік тамырлары жанған кезде жан-жаққа таралатын жерасты өрттері пайда болуы мүмкін.

Ескерту іс-шаралары

Табиғи өрт кезінде халықты қорғау және залалды төмендету үшін тұтас орманда ені 5-10 метр және қылқан жапырақты орманда 50 метрге дейін қара жолдар мен топырақ жолақтарын жаса және тазалау бойынша алдын ала іс- шаралар жүргізіледі. Елді-мекендерде тоғандар мен су қоймалары құрылады, олардың сыйымдылығы поселке немесе елді-мекеннің 1 гектарына 30 кубтық метрден кем болмайтын есеппен жасалады. Өрт кезінде орман мен елді- мекендерде ормандағы, елді-мекендердің жанындағы өрт жағдайын бақылау үшін өртке қарсы звенолардың кезекшілігі ұйымдастырылады; салынымдар мен орман алқаптарының арасындағы топырақ жолақтары тазартылады; елді- мекендер мен саяжай поселкеселрінің шекарасына жақын орман шетінің 1 метр ұзындығына 10 литр судан кем болмайтын есеппен өрт су қоймалары толтырылады; құдықтар мен тоғандар қалпына келтіріледі; мақта-дәкелі таңғыш, респираторлар және дем алу органының басқа құралдары дайындалады; жаздың құрғақ кезеңінде орманға келіурежимі шектеледі (әсіресе автомобильмен).

Егерде сіздер ормандағы өрттің ошеғына жақын жерде болсаныздар

Егерде сіздер ормандағы өрттің ошағына жақын дерде болсаңыздар және Сіздерде оны өз күштеріңізбер жоюға, таралуына жол бермеуге және өртті сөндіруге мүмкіндігіңіз болмаса, дереу жақын жердегі барлық адамдарды қауіпті аймақтан шығу қажеттілігі туралы ескертіңіздер. Олардың жолға немесе қара жерге, кең алаңға, өзеннің несесе су қоймасының жағасына, жазық жерге шығуын ұйымдастырыңыздар. Қауіпті аймақтан жылдам, өрттің қозғалу бағытына перпендикулярлы шығыңыздар. Егерде өрттен кету мүмкіндігі болмаса,   су   айдынына   кіріңіздер   немесе   су   киімді   жамылыңыздар. Ашық кеңістікке немесе алаңға шыға сала, жерге жақын ауамен дем алыңыз – ол жерде түтін аз болады, ауыздарыңыз бен мұрындарыңызды мақталы-дәкелі таңғышпен немесе шүберекпен жабыңыздар. Өрттің аймағынан шыққаннан соң елді-мекеннің әкімшілігіне, орман шаруашылығына немесе өртке қарсы қызметке, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға өрттің орны, көлемі және сипаты туралы хабарлаңыздар. Елді-мекенге өрт аймағының жақындағаны туралы хабарлау белгісін біліңіздер және өрттің сөндірілуін ұйымдастыруға қатысыңыздар. Кішкене төменгі өрттердің жалындарын, оны ағаштық бұьақтарымен соққылап, су құйып, ылғалды топырақ лақтырып, аяқпен тепкілеп сөндіруге болады. Өртті сөндірген кезде байқап әрекет жасаңыздар, жолдар мен қара жерден алыстап кетпеңіздер, басқа қатысушыларды көзден таса қылмаңыздар, олармен кездесіп және дыбыстық байланыс жасасып отырыңыздар.

Дауыл мен сұрапыл дауыл

 Дауыл – жылдамдығы 20-30 м/с (70-105 км/с) болатын жел. Шаңсыз, құмды және қарлы дауылдар болады. Теңіздегі дауылды шторм деп атайды.

Сұрапыл дауыл – бұл тропикалық циклон, оың ортасындағы қысым төтенше төмендейді, ал желі өте үлкен жылдамдыққа және қиратушы күшке жетеді. Сұрапыл дауыл үшін биік шұңқыр сипаттас (10-14 км-ге дейін), жандары тіп-тік және өте үлкен жылдамдықпен айналады.

Сұрапыл дауыл үлкен қиратушылық күші бар және ұзақтығы едәуір жел болып анықталады, оның жылдамдығы шамамен 32 м/с тең және одан да көп болады (Бофорт шкаласы бойынша 12 балл).

Сұрапыл дауылдың пайда болу себептері ауа циркуляциясының әдеттен тыс шарттарында, бірақ ауа ағынының өте жоғары жылдамдығымен көрінетін атмосферадағы тепе-теңдіктің бірден бұзылуы болып табылады. Инженерлік құрылыстарға залалдық әсер етуі бойынша сұрапыл дауылдар жер сілкіністерінен кем түспейді.

Сұрапыл дауыл желдің жылдамдығы 33 м/с (120км/сағ) асқанда пайда болады, өте үлкен кинетикалық энергияға ие болады: ағаштарды сындырады, автомобильдерді аударады, құрылыстарды қиратады. Сұрапыл дауылдың жылдамдық күші лақтыратын әрекетке ие болады.

Осындай табиғи құбылыстар кезінде адамдар үшін қауіптілік жолдар мен көпірлердің, электр беру байланыс желілірінің, жердегі тұрба құбырының бұзылуында, сондай-ақ адамдардың бұзылған салынымдардың сынықтарымен, үлкен жылдамдықпен ұшатын терезенің жарқыншақтарымен жарақаттануында болады. Сонымен қатар, адамдардың қаза болуы және ғимараттардың толық бұзылуы кезінде жарақат алулары мүмкін. Қарлы және шаңды дауылдар кезінде жазық даладағы, жолдардағы және елді-мекендердегі күртік қарлар мен шаңдардың жиналуы («қара дауылдар») өте қауіпті. Сұрапыл дауылдардың, дауылдардың және құйындардың пайда болуының негізгі белгілері: жел жылдамдығының күшеюі және атмосфералық қысымның бірден түсуі; нөсерлі жаңбырлар және судың штормдық толқуы; қар мен топырақты шаңның қарқынды түсуі.

Егерде Сіздер сұрапыл дауылдар мен дауылдар пайда болуына шалдыққан аймақтарда тұрсаңыздар келесі жағдайлармен танысыңыздар:

  • жақындап келе жатқан табиғи апат туралы ақпараттандыру белгілерімен;
  • адамдарды қорғау және ғимараттардың (ғимараттардың) дауылды желдерге және судың штормдық толқынына тұрақтылығын арттыру әдістерімен;
  • дауылдар, қарлы және құмды дауылдар, құйындар басталғанда адамдардың әрекет жасау ережелерімен;
  • дауылдардың, құйындардың, судың штормдық толқынының, қарлы және құмды дауылдардың зардаптарын жою әдістерімен және құралдарымен, сондай-ақ қираған ғимараттар мен салынымдардың астында қалып қойғандарға көмек көрсету әдістерімен;
  • сіздердің отбасыларыныңдың мүшелерін, туыстарыңыз бен көршілеріңізді жақын жердегі жер төлелерде жасырыну орындарымен, паналармен немесе ең мықты және тұрақты ғимараттармен;
  • қауптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастыра эвакуациялау кезінде шығу жолдарымен және орналау аудандарымен.

Штормдық ескерту туралы белгі алғаннан кейін келесі іс-шараларға кірісіңіздер:

  • шатырларды, пештік және желдеткіш тұрбаларды нығайтуға;
  • шатырдың үй-жайларында терезелерді қымтауға (қақпалармен, тақтайлы немесе фанералы щиттармен);
  • балкондар мен аула аймақтарын өртке қауіпті заттардан босатуға;
  • эвакуацияға азық-түлік пен судың 2-3 тәуліктік қорын, сондай-ақ автономдық жарық көздерін (фонарьларды, керосин лампаларын, шамдарды) дайындауға;
  • жеңіл құрылыстардан мықтырақ ғимараттарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғану салынымдарына көшуге.

Сұрапыл дауыл және дауыл кезінде қандай әрекет жасау керек

Егерде Сіздер ғимаратта болғанда сұрапыл дауыл және дауыл басталса, терезеден аулақ кетіңіз және үй-жайдың ішкі қабырғасыннан, коридорда, бекітілген шкафтарда, ванна бөлмелерінде, туалетте, зат қоятын бөлмелерде, мықты шкафтарда, үстелдің астында қауіпсіз орынға тұрыңыздар. Пештегі отты сөндіріңіздер, электр желісін өшіріңіздер, газ торабының шүмегін жабыңыздар. Тәуліктің түнгі уақытында фонарьларды, лампаларды, шамдарды пайдаланыңыздар; төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның ақпараттарын алу үшін радиоқабылдағышты қосыңыздар; мүмкіндіктеріңізше, терең жасырынатын орындарда, баспаналарда, жер төлелерде және т.б. болыңыздар. Егерде Сіздер елді-мекендердің көшелерінде болғанда сұрапыл дауылдар мен дауылдар бола қалса, шамаларыңыз келгенше жеңіл құрылыстардан, көпірлерден, эстакадан, электр беру желілерінен, мачталардан, ағаштардан, көлдерден және өнеркәсіптік объектілерден алысырақ тұрыңыздар. Әйнектің ұшқан сынықтарынан және жарқыншақтарынан қорғану үшін фанералар табағын, картон және палстмассалы жәшіктерді, тақтайларды және басқа қол асты құралдарын пайдаланыңыздар. Елді-мекендердегі жер төлелерде, жер қоймаларында және радиацияларға қарсы паналарда жасырынуға тырысыңыздар. Зақымданған ғимараттарға кірмеңіздер, өйткені олар жаңа ұйытқыған желден қирауы мүмкін. Қарлы дауыл кезінде ғимарттарда жасырыныңыздар. Егерде Сіздер жазық далада немесе ауыл аралық жолдарда бола қалсаңыздар, кезеңмен тазаланатын және Сіздерге көмек көрсетудің үлкен мүмкіндігі бар магистральді жолдарға шығыңыздар. Шаңды дауыл кезінде дәкелі таңғышпен, орамалмен, матаның кесегімен, ал көзіңізді көзілдірікпен жабыңыздар. Құйынның жақындауы туралы белгі келіп түскен кезде баспанаға, үйдің жер төлесіне немесе жер қоймаға дереу түсу, немесе кереуеттің және басқа берік жиһаздың астына жасырыну қажет. Егерде сіздер ашық жерлерде болғанда құйын келіп қалса, жолдың шетіндегі ойларға, шұңқырларға, тар сайларға жасырыныңыздар, бастарыңызды киіммен және ағаш бұтақтарымен жауып, жерге тақалып жабысыңыздар. Автомобильде қалмаңыздар, одан шығып, жоғарыда аталғандай жасырыныңыздар.

Лай көшкіні 

Лай көшкіні – тау жыныстары массасының өз салмағының және тау баурайларының шайылуының нәтижесіндегі қосымша жүктеменің, тау жыныстарының ылғалдануының, сейсмикалық соққылар мен басқа процестердің әсерінен жылжуы.

Лай көшкіндері Шығыс және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның тау жоталарының таулы және төмен таулы аймақтарында кең таралған, ондағы тау жыныстары балшықтардан және саз бен балшықтан құралған. Лай көшкіндерінің деформациясы сондай-ақ: Есіл, Убаган, Ертіс, Жайық ірі өзендерінің алқаптарында, Каспий, Арал теңізі және Алакөл көлі жағалауларының құлама учаскелерінде байқалады.

Лай көшкіндерінің себептері көбінесе тау баурайларының шайылуынан, оның көптеп жауған жауын-шашыннан, жер сілкінісінен немесе адамның қызметтерінен болады (жарылыс жұмыстары және т.б.). Лай көшкінімен келтірілген тау жыныстарының едәуір массаларының көшуі, зілзалалық зардаптарға және табиғи апаттар сипатына алып келуі мүмкін. Лай көшкіндері жеке объектілерді бұзуы және елді-мекендерге қауіп тудыруы, ауылшаруашылық жерлерін құртуы, карьерлерді пайдаланған кезде қауіп төндіруі, коммуникацияны, туннельдерді, тұрба құбырларын, телефон және электр желілерін зақымдауы, су шаруашылық салынымдарына қауіп төндіруі мүмкін (плотиналармен).

Лай көшкіні ауыр салмақтың әсерінен тау баурайлары бойынша тау жыныстары массаларының төмен қарай сырғанап көшеді. Бұл, көбіне, тау баурайларымен бір «дене» болып төмен қарай көшетін тау жыныстарының үлкен блоктары. Егерде тау баурайы тау жыныстарының бірнеше қабаттарынан тұрса, лай көшкінінің «табаны» суға сінген қабат бойынша немесе жарық бойынша сырғиды. Сондықтан да көктемде және жаңбыр ұзақ жауғаннан кейін лай көшкіндері «тіріледі».

Лай көшкініне қалай дайындалу керек

Лай көшкіндерінің болуы мүмкін жерлер және болжалды шекералары туралы ақпаратты зерделеңіздер, лай көшкінінің пайда болу қаупі туралы ақпарандыру белгілерін, сондай-ақ осы белгі беру кезінде әрекет жасау тәртібін есте сақтаңыздар. Басталып келе жатқан лай көшкіндерінің себептері ғимараттардың есіктері мен терезелерінің сыналануы, лай көшкінінің қаупі бар баурайлардан судың ағып тұруы болып табылады. Лай көшкінінің пайда болу себептері көрінген кезде ол туралы лай көшкіні станциясының жақын орналасқан бекеттеріне хабарлаңыздар, ол жақтан ақпарат күтіңіздер, ал өздеріңіз жағдайға байланысты әрекет жасаңыздар.

Лай көшкіні кезіндеқандай әрекет жасау керек

Лай көшкіндерінің болуы мүмкін қаупі туралы белгі алған кезде электр құралдарын, газ құралдарын және су құбырларының желісін өшіріңіздер, алдын ала әзірленген жоспар бойынша шұғыл эвакуацияға дайындалыңыздар. Лай көшкіні станциясымен анықталған лай көшкінінің жылжу жылдамдығына байланысты қауіпке сәйкес әрекет жасаңыздар. Жылжудың төмен жылдамдығы кезінде (айына метрлер) өз мүмкіндіктеріңізге байланысты әрекет жасаңыздар (құрылыстарды алдын ала белгілеген жерге көшіріңіздер, жиһаздарды, заттарды және т.б. шығарыңыздар). Лай көшкінінің жылжу жылдамдығы тәулігіне 0,5-1,0 м-ден асатын болса, бұрын пысықталған жоспарға сәйкес көшіңіздер. Эвакуация кезінде өздеріңізбен бірге құжаттарды, бағалы заттарды, ал жағдайға және әкімшіліктің нұсқауына байланысты жылы киімдер мен азық- түліктер алыңыздар. Тез арада қауіпсіз жерге көшіңіздер және, қажет болған жағдайда, құтқарушыларға қазуға, опрылымдардан зардап шеккендерді алып шығуға оларға көмек көрсетіңіздер.

Лай көшкіні болғаннан кейінгі іс-әрекеттер

Лай көшкіні болғаннан кейін аман қалған құрылыстар мен салынымдарда қабырғалардың жағдайлары тексеріледі, электр-, газ-, сумен қамтамасыз ету желілерінің бұзылған жерлері анықталады. Егерде Сіздер зақымданбасаңыздар, онда құтқарушылармен бірге үйінділердің астынан зардап шеккендерді шығарыңыздар және оларға көмек көрсетіңіздер.

Көк тайғақ

Көк тайғақ және көк мұз мүлдем өзгеше түсініктер. Біріншісі – табиғи құбылыс, екіншісі – оның жағдайы.

Көк мұз – бұл жердің үстіңгі қабатындағы мұз, ол жылымық кезінде қар мен мұздың еруі кезінде пайда болған судың қатуы нәтижесінде температураның төмендеуі кезінде пайда болады. Температураның нөл шамасында тұрақсыздануы кезінде көк мұз жиі болады.

Көк тайғақ – бұл суық жердің үстіңгі қабатына жауатын жаңбырдың қатуына байланысты, жерде, ағаштарда, сымдарда және басқа жерлерде мұздық пайда болады.

Көбінесе көк тайғақ ызғардың тез арада жылуы кезінде, жердің суытқан үстіңгі қабатынан жылы ауа өткенде пайда болады. Көк тайғақ туралы көбінесе жылына 300 күннен аса уақыт еске алмайды, бірақ көктайғақ болған сол 10-20 күндер көпке дейін ұмытылмайды. Бұл едәуір жиі және қауіпті көрініс, әсіресе энергетиктер мен автомобилистер үшін, өйткені қиын болжалады, көбіне тез және қарқынды өтеді. Ол Мугоджара тауларының, Торғай үстіртінің, Қазақстан ұсақ шоқыларының солтүстік бөлігінің аудандары, Іле Алатауының солтүстік баурайлары және Тарбағатай жоталары. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде жылына орта есеппен 300 сағаттан астам ұзақтығымен шағын облыстарда байқалады.

Көктайғақтың дамуы көбінесе 1 сағаттен кем болмай және 12 сағаттан аспай өтеді. Ал оның бұзылуы өте баяу, әсіресе мұздың булануынан жүреді, ал төменгі температурада бұл процесс солғын жүреді. Егерде өкпек жылымық немесе қатты жел килікпесе, процесс 4-6 тәулікке дейін созылуы мүмкін.

Көк тайғаққа қалай дайындалу керек (көк мұзға)

Егерде ауа-райының болжамында көктайғақ немесе көк мұз туралы харабарлама берілсе, зақым алу мүмкіндігін төмендету үшін шаралар қабылдаңыздар. Аз сырғанайтын аяқ-киім дайындаңыздар, өкшесіне металл тоқпақ немесе поролон жабыстырыңыздар, ал құрғақ лейкопластырь немесе ажыратушы таспа жабыстырыңыздар, табанын құммен сүртуге болады (зімпара қағазымен).

Көк тайғақ кезінде қандай әрекет жасау керек (көк мұзда)

Абайлап, асықпай, барлық табанға басып жүріңіздер. Бұл ретте аяқты аздап босаң ұстап, қол бос болу керек. Сақа адамдарға резеңке ұшы бар таяқты немесе үшкір басы бар арнайы таяқты пайдалану ұсынылады. Егер Сіздің аяғыңыз тайып кетсе, құлау биіктігін төмендету үшін отыра қалыңыздар. Құлаған сәтте жиырылуға тырысыңыз және домалап, жерге соққыны жеңілдету керек. Көктайғақ көбіне мұзданумен ілесіп жүреді. Бұл жағдайда электр өту желісіне, электр көліктерінің байланыс тораптарына ерекше назар аударыңыздар. Егерде Сіздер үзілген сымды көрсеңіздер, үзілген орын туралы елді-мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыздар.

Жарақат алған кезде қандай әрекет жасау керек

Травматологиялық пунктке немесе жедел көмек көрсету пунктіне барыңыздар. Жарақат туралы бюллетень немесе анықтама рәсімдеңіздер, ол залалды төлеу туралы талап-арызбен жарақат алған жерде мекен-жайыңыз бойынша сотқа барған кезде пайдалануыңыз мүмкін.

Күртік қар

 Күртік қар – бұл желдің 15 м/с және 12 сағат бойы қар жауған кезде, қардың мол түсуімен байланысты гидрометерологиялық апат.

Қатты қар жауумен байланысты төтенше жағдайлардың ең көп қайталануы төмен және орта таулы аудандарда байқалады, онда қар жауғанда және боран кезінде жел жылдамдығының орографиялық күшеюінен биіктігі 1м дейін және оданда көп күртік қар пайда болады. Төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орасан зор.

Қарлы дауылды қысқы кезеңде болатын дауыл ретінде анықтауға болады, сол кезде желдің жылдамдығы сағатына 56 километрге дейін жетеді. Қарлы дауылдың ерекше қасиеті оның төменгі температурасы болып табылады. Бұл ретте ауаның температурасы -7°С-ге дейін түседі. Қарлы дауылдың таралу аумағы керегінше кең көлемді болуы мүмкін.

Боран – жер үстіндегі ауаның қабатындағы қардың желмен ауысуы. Сырманы, төменгі және жалпы боранды айыруға болады. Сырма және төменгі боран кезінде бұрын түскен қардың таралуы болады, жалпы боран кезінде, таралумен бірге, қар бұлттардан түседі. Олардың тұрғындар үшін қауіптілігі жолдардағы, елді-мекендердегі және жеке ғимараттардағы қар басумен көрінеді. Күрік қардың биіктігі 1 м-ге дейін асады, ал таулы аймақтарда 5-6 м- ге дейін болуы мүмкін. Жолдардағы көріністің 20-50 м-ге дейін төмендеуі, сондай-ақ жеңіл ғимараттардың және шатырлардың бірен-сараны бұзылуы, электр және байланыс беру ауа желісінің үзілуі мүмкін.

Беделді боран қызметі республиканың солтүстік бөлігі үшін сипатты. Боранның 40 күніне астам қайталануының бірнеше ошақтары: Қостанай, Ақмола, Павлодар және Ақтөбе облыстарында байқалады. Ең жоғарғы боран қаупімен Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс аудандары, Қостанайдың орталық аудандары және Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралас аймақтары, Ақмола облысы және оларға жақын жатқан көрші облыстардың аймақтары сипатталады.

Борандарға және күртік қарларға қалай дайындалу керек

Егерде Сіздер қатты боран туралы ескерту алсаңыздар, терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіш сыңалауын тығыздап жабыңыздар. Терезенің әйнектерін қағаз лентамен жапсырыңыздар, терезе қақпағын немесе қалқанды жабыңыздар. Су мен тамақтың екі тәуліктік қорын, дәрі-дәрмек қорын, автономдық жарық құралын (фонарьлар, керосин лампалары, шамдар), жорық плиткасын, батарейкалы радиоқабылдағыш сақтап жүріңіздер. Балконнан және терезе алды тақтайдан заттарды алыңыздар, олар ауа ағымымен басылып қалуы мүмкін. Радиқабылдағышты және теледидарды қосыңыздар – олар бойынша жаңа маңызды ақпарат түсуі мүмкін. Электр энергиясының сөнуіне дайын болыңыздар. Жеңіл құрылыстан орнықтырақ ғимаратқа көшіңіздер. Қар тазалау үшін құрал-сайман дайындаңыздар.

Қатты боран кезінде қандай әрекет жасау керек

Төтенше жағдайда ғана ғимараттан шығыңыздар. Жалғыз шығуға тыйым салынады. Отбасыңыздың мүшелеріне немесе көршілерге қайда баратыныңызды және қашан келетініңізді хабарлаңыздар. Автомобильде тек үлкен жолдарда және тас жолдарда ғана қозғалуға болады. Машинадан шыққан кезде одан көріну шегінен тыс алыстамаңыздар. Жолда тоқтап, үзік гудокпен дабыл белгісін беріңіздер, капотты көтеріңіздер немесе антеннаға ашық түсті матаны іліп қойыңыздар, көмекті автомобильде күтіңіздер. Бұл ретте ауаның жаңаруын қамтамасыз ету және иісті газбен уланбау үшін әйнекті кішкене ашып, моторды сөндірмеуге болады. Егерде Сіз бағдарды жоғалтсаңыз елді- мекеннің сыртында жаяу жүріңіздер, бірінші кездескен үйге кіріңіздер, Сіздің орналасқан жеріңізді нақтылаңыздар және, мүмкін болғанша, боранның аяқталуын күтіңіздер. Егерде Сізден күш кетіп жатса, пана іздеңіз және сонда қалыңыздар. Сізге таныс емес адамдармен байланысқан кезде абай болыңыздар, өйткені табиғи апат болған кезде автомобльден, пәтердегі және қызметтік үй-жайлардағы ұрлықтар саны күрт өседі.

Қатты бораннан кейін қандай әрекет жасау керек

Егерде қатты күртік қар жағдайында Сіздер ғимараттың ішінде қоршалып қалсаңыздар, абайлап, абыржымай күртік қардан өз бетіңізше шығу мүмкіндігін анықтаңыздар (қолда бар құралдарды пайдалана отырып). Жергілікті атқарушы органға немесе облыстың төтенше жағдайлар өкілетті органының аймақтық бөліністеріне күртік қардың сипаты және оларды өздерінше сырып тастау мүмкіндігі туралы хабарлаңыздар. Егерде өз күштеріңізбен күртік қарды сырып тастау мүмкіндігі болмаса, құтқару бөліністерімен байланысуға тырысыңыздар. Радиохабарлау қабылдағышын (теледидарды) қосыңыз және жергілікті артқару органдарының нұсқауын орындаңыз. Жылуды сақтауға және азық-түлік қорларының шығынын үнемдеуге шаралар қабылдаңыздар.

Үсік кезінде алғашқы көмек

Жылу берілетін үй-жайларда дененің үсіп қалған бөлігін жылытыңыздар, құрғақ жұмсақ матамен сүртіңіздер, сосын оны жылы суға салыңыз және судың температурасын 40-45 градусқа дейін жеткізіңіздер. Егерде ауырғаны басылса және сезімталдық орнына келсе, онда қолыңызды (аяғыңызды) құрғағанша сүртіңіздер, носки киіп (бес саусақ қолғап), мүмкіншілік болса, хирургке барыңыздар.

Қар көшкіні

 Қар көшкіні – бұл таулардың тік баурайларынан құлайтын немесе сырғып түсетін және 20-30 м/с жылдамдығымен жылжитын қардың массасы.

Қар көшкіндері Алтай, Калбин жоталарында, Тарбағатайда, Саурада, Жетісу Алатауында, Ұзынқара жотасында, Іле Алатауында, Күнгей Алатауында, Теріскей Алатауында, Қырғыз Алатауында, Талас Алатауында, Ұғам жотасында, Қаратау жотасында байқалады.

Қар көшкінің құлауы орасан зор қираулар жасайтын көшкін алдындағы ауа толқындарының пайда болуымен ілеседі. Қар көшкінінің түсу себептері: ұзақ уақыт қар жауу, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар және тау баурайлдарының дірілін және ауа ортасыының тербелісін келтіретін, адамдар қызметінің басқа түрлері болып табылады. Қар сырғанаған көшкіні ғимараттардың, инженерлік салынымдардың қирауына әкеп соғуы, тығыз қармен жол мен тау жолдарын жауып тастауы мүмкін. Қармен қоршалып қалған тау қыстақтарының тұрғындары, туристер, альпинистер, геологогиялық барлаушылар, шекарашылар және басқа тұрғындар жарақат алулары және қалың қардың астында қалып қоюлары мүмкін.

Егер сіздер қауіпті аймақта болсаныздар, қандай әрекет жасау керек

Қар көшкіні сырғитын аудандарда жүрудің негізгі ережелерін сақтаңыздар:

  • тауға қар жауғанда және қолайсыз ауа-райында шықпаңыздар;
  • тауда болғанда, ауа-райының өзгеруін бақылаңыздар;
  • тауға шыққанда, өзіңіздің серуен жасайтын жолыңыздың аймағында қар көшкінінің болуы мүмкін орындарды біліңіздер;

Қар көшкіні болатын жерден аулақ жүріңіздер. Олар көбінесе тау баурайларының 30° астам бөктерлерінен, егерде бөктерлер бұтасыз және ағашсыз болса — 30° астам бөктерлерден сырғиды. Қар көшкіндері 45° астам бөктерлерден әрбір қар жауған сайын сырғиды. Естеріңізде болсын, қар көшкінінің қауіпті кезеңдерінде тауларда құтқару отрядтары құрылады.

Ескертулік іс-шаралар

Қар көшкінінің қауіпті жағдайларында қар көшкінінің қауіпті бағыттарында қардың жиналуына бақылау ұйымдастырылады, қалыптасып жатқан қар көшкінінің жасанды түсуі шақыртылады, қар көшкінінің қауіпті бағыттарында қорғану құрылыстары салынады, құтқару құралдары дайындалады және құтқару жұмыстары жоспарланады. Кез-келген ауа-райында бөктерлері 30° асатын қойнаулардан өтіп керек емес, ал қар жауғаннан кейін бөктерлері 20° асатын қойнаулардан тек 2-3 күннен кейін өтуге болады. Естеріңізде болсын, қар көшкінінің ең қаупті кезеңі – көктем мен жазда, таңғы сағат 10-нан күн бақанша дейін.

Қар көшкіні түскенде қандай әрекет жасау керек

Егерде қар көшкіні жеткілікті жоғары жақта түсіп жатса, жылдам адымдап немесе жүгіріп қар көшкінінің жолынан қауіпсіз жерге кетіңіздер немесе шыңның шоқысына, ойына жасырыныңыздар (жас ағаштардың артына тығылуға болмайды). Қар көшкінінен қашу қашып кетуге мүмкіндік болмаса, заттардан босап, тізелеріңізді ішіңізге тартып және денелеріңізді қар көшкінінің бағытына қарай бағдарлап, көлденең қалыпта тұра қалыңыздар.

Сіздерді қар көшкіні бассып қалса, қандай әрекет жасау керек

Мұрныңыз бен ауызыңзды қолғаппен, шарфпен, жағамен жабыңыздар; қар көшкінінің ішінде қозалып келе жатып, қолдарыңыздың жүзу қозалыстарымен қар көшкінінің жоғарғы жағында болуға, жылдамдығы төмен болатын шетіне қарай жылжуға тырысыңыздар. Қар көшкіні тоқтаған кезде, бетіңіз бен кеудеңіздің маңында кеңістік қалдыруға тырысыңыздар, ол демалуға көмектеседі. Мүмкіндік бола қалса, үстіне қарай қозғалыңыздар (жоғарғы жақты слекейдің көмегімен анықтауға болады, оны аузыңыздан шығарып). Қар көшкінінің ішінде болғанда, айқайламаңыздар – қар дыбысты толығымен басып тастайды, ал айқай мен мәнсіз қозғалыстар Сізді күштен, оттегінен және жылудан айырады. Сабырлық сақтаңыздар, ұйықтап қалмаңыздар, естеріңізде болсын, Сіздерді іздеп жатыр (қар көшкінінен адамдарды бесінші және тіпті он үшінші күндері құтақарған кездер де болған).

Қар көшкіні түскеннен кейін қандай әрекет жасау керек

Егерде Сіздер қар көшкінінен тыс жерлерде болсаңыздар, болған жай туралы қайткенде де жақын орналасқан елді-мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыздар және зақымданғандарды іздеуге және оларға көмек көрсетуге кірісіңіздер. Қардың астынан шығып, өз беттеріңізше немесе құтқарушылардың көмегімен өз денеңізді қараңыз және қажет болған жағдайда өзіңізге көмек көрсетіңіз. Жақын орналасқан елді-мекенге жетіп алып, болған жай туралы жергілікті әкімшілікке хабарлаңыздар. Медпунктке немесе дәрігерге саумын деп есептесеңіздер де көрініңіздер. Одан кейін дәрігердің немесе құтқару отрядының басшысының нұсқауы бойынша әрекет жасаңыздар. Өздеріңіздің туыстарыңыз бен жақындарыңызға өз жағдайларыңызды және тұрған жерлеріңізді хабарлаңыздар.

Найзағай

Найзағай – бұл шағылыстан жарықпен және кенет дыбыспен (күннің күркіреуімен) ілесіп жүретін, түйдек бұлттардың электростатистикалық зарядының ұшқын разрядтары.

Қауіптілігі. Найзағай разряды үлкен токатармен сипатталады, ал оның температурасы 300000 градусқа дейін жетеді. Найзағай соққысы кезінде ағаш бөлшектеніп қалады және тіпті жанып кетуі мүмкін. Ағаштық бөлшектенуі ағаштың ішкі ылғалының бірден булануынан ішкі жарылыстың әсерінен болады. Найзағайдың тура тиуі адам үшін өліммен аяқталады. Жыл сайын әлемде найзағайдан шамамен 3000 адам өледі. Найзағай қайда соғады? Статикалық электрдің разряды ең аз электрлік кедергінің жолы бойынша өтеді. Ең биік заттардың, ұқсайтындардың арасында, және түйдек бұлттардың арасындағы қашықтық аз болса, электрлік кедергі де аз боолады. Олай болса, найзағай бірінші кезекте биік затты соғады (мачтаны, ағашты және т.б.).

Найзағайға қалай дайындалу керек

Найзағаймен экономика объектілерін, ғимараттар мен салынымдарды соғу қауіптілігін төмендету үшін металл мачталарын және объект салынымдарының жоғарғы жағын сыммен жерге қосу түрінде найзағай қорғаны орнатылады. Табиғатқа жол жүрердің алдында ауа-райын біліп алыңыздар. Егерде нажағай болжалып жатса, онда жол жүруді басқа күнге ауыстырыңыз. Егерде Сіздер нажағай майданын байқап қалсаңыздар, онда бірінші кезекте бірінші нажағай даусымен, найзағайдың бірінші жарқырау уақытының кідірісі бойынша оған дейінгі қашықтық шамасын анықтаңыздар. Жарық жылдамдығы орасан болғандықтан (300 000 км/с), найзағайдың жарқылын біз бірден байқаймыз. Олай болса, даусының кідірісі оның қашықтығы және жылдамдығымен анықталады (шамамен 340 м/с). Мысалы: Егерде жарқырағаннан кейін нажағайға дейін 5 секунд өтсе, онда нажағай майданына дейін қашықтық 340 м/с х 5с=1700 м тең. Егерде даусының кешігуі өссе, онда нажағай майданының жақындағаны.

Найзағай кезінде қандай әрекет жасау керек

Найзағай жарқырағаннан кейін күннің күркірегені қауіпті. Осы жағдайда дереу қауіпсіздік шараларынын қабылдаңыз. Егерде Сіздер ауылдық жерде болсаңыздар: терезелерді, есіктерді, түтіндіктерді және желдеткіштерді жабыңыздар. Пеш жақпаңыздар, өйткені, пештің тұрбасынан шығатын жоғары температуралы газдар төменгі кедергіге ие болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: найзағай кейде столбалардың арасына тартылған сымдарға тиеді. Найзағай түскен кезде электр сымдарына, найзағай тартқышқа, шатырдың суағарына, антыннаға жақын келмеңіздер, терезенің жанында тұрмаңыздар, мүмкіндігізше теледидарды, радионы және басқа электр тұрмыстық құралдарды сөндіріңіздер. Егерде Сіздер орманда болсаңыздар, орманның төменгі учаскелерінде жасырыныңздар. Биік ағаштардың, әсіресе шырма, емен және терек ағаштарының жанына жасырынбаңыздар. Жағадан әрірек кетіңіздер, дөңес жерлерден ойпаттарға түсіңіздер. Жазық далада, алқаптарда немесе пана (ғимарат) болмаған жағдайда өздеріңіздің барлық денелеріңізді электр тогына тоспай, жерге жатпаңыздар, жырада, жарда немесе табиғи ойықтарда тізерлеп отырыңыздар. Егерде нажағай майданы Сіздің спортпен шұғылданып жатқана келіп қалса, онда оны дереу доғарыңыздар. Металл заттарды (мотоцикл, велосипед, мұзойғыш және т.б.) былай қойыңыздар, олардан 20-30 м-ге аулақ кетіңіздер. Егерде Сіздер автомобильде болған нажағай келіп қалса, одан шықпаңыздар, бұл ретте терезесін жабыңыздар және радиоқабылдағыштың антеннасын түсіріңіздер.

Құрғақшылық

Құрғақшылық – ұзақ уақыт жауын шашынның жетіспеушілігінен, көбінесе жоғары температура және ауа ылғалдылығының төмендеуінен болады.

Көбінесе құрғақшылық дала аймақтарында, дала ормандарында сирек болады: жүзжылдықта 2-3 рет орман алқаптарында да болуы мүмкін.

Шыжыған ыстық – бірнеше күн бойы қоршаған ауаның орта полюстік температурасының 10 және одан да аса артуымен сипатталады. Қауіп адамның ыстықтан қызып кетуінде болып тұр, дәлірек оның денесінің температурасы 37,1°С аса артуы қаупінде немесе жылудың бұзылуы — дене температурасының 38,8°С жақындауында. Жылудың өте қиын жағдайы жылу соққысына немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкеп соғатын ұзақ мерзімді қатты қызу кезінде басталады. Қатты қызудың симптомдары: терінің қызаруы, шырышты қабықтың құрғақтануы, қатты шөлдеу. Одан кейін естен тану, жүрек пен тыныстың тоқталуы мүмкін.

Құрғақшылыққа қалай дайындалу керек (қатты ыстыкка)

Қосымша ыдыстар дайындау қажет және қажет болған жағдайда оларды сумен толтыру керек. Ыстықта киетін киім. Элтр тұрмыстық құралдар (желдеткіш, кондиционер) дайындаңыздар. Егерде Сіз ауылдық жерде болсаңыздар – күрке, шатыр, құдықты, сондай-ақ терезе (қалың перде) қақпаларын жабдықтаңыздар. Электр тұрмыстық құралдардың жұмыстарын қамтамасыз ету үшін мүмкіндігіңіше электр энергиясының автономдық көздерін сатып алыңыздар. Жылу зақымдығы кезінде дұрыс әрекет жасауды өздеріңіз біліңіздар және өз отбастарыңыздың мүшелерін үйретіңіздар.

Құрғақшылық кезінде қандай қандай әрекет жасау керек (қатты ыстықта)

Жоғары температураның әсер етуіне жол бермеңіздар. Бас киіммен ауа өтетін ашық түсті киім киіңіздар (мақтадан болса жақсы). Асықпай қозғалып жүріңіз, көбіне көлеңкеде болуға тырысыңыздар. Сыра мен басқа алкоголь ішімдіктерін ішпеңіздер, бұл организмнің жалпы жағдайының нашарлауына әкеп соғады. Қатты ыстық кезінде сізге қосымша тұз қажет пе, дәрігермен ақылдасыңыздар. Ыстықпен зақымданған кезде көлеңкеге, желді жерге көшіңіздар немесе душ қабылдаңыздар, ақырын көп су ішіңіздар. Ыстық соққыны алмау үшін денеңізді салқындатуға тырысыңыздар. Қасыңыздағы біреу естен танған кезде, реанимациялық іс-шаралар жасаңыздар (жүрекке массаж және қолдан тыныс беру жасаңыз). Естеріңізде болсын, құрғақшылық кезінде өрт болу мүмкіншілігі артады.

Құрғақшылықтан кейін қандай әрекет жасау керек (қатты ыстықтан)

Табиғи апат және тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмек туралы ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдармен байланысыңыздар. Апаттың қайталануына дайын болыңыздар.

Цунами 

Цунами – бұл су асты жер сілкінісінің, сондай-ақ жанартау атқылауы немесе теңіз түбіндегі көшкіндердің нәтижесінде пайда болатын ұзын толқындар. Олардың көздері теңіз түбінде болады. 90% жағдайларда цунами су асты жер сілкіністерінен пайда болады.

Қазақстанның аумағында цунамилер орын алмайды. Біздің жақын жердегі көршілеріміз Ресей Федерациясында цунамидің қауіпті аудандары, мысалы, Курилдер, Камчатка, Сахалин, Тынық мұхитының жағалаулары болып табылады.

Қандай-да бір жерде қалыптасқан цунами, жоғары жылдамдықпен (1000 км/сағ) бірнеше мыңдаған километрлерге дейін тарауы мүмкін, бұл ретте пайда болатын жердегі цунамидің биіктігі 0,1-ден 5 метрге дейін. Тайыз суұа жеткен кезде толқынның биіктігі бірден ұлғаяды, биіктігі 10-нан 50 метрге дейін жетеді. Жағалауға лақтырылатын судың орасан массасы жерлерді сумен басуға, ғимараттар мен салынымдарды, электр және байланыс желілерін, жолдарды, көпірлерді, кемелер аялдайтын жерлерді бұзуға, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың өліміне әкеп соғады. Су толқынының алдында ауаның соққы толқыны тарайды. Ол ғимараттар мен салынымдарды бұза оытырп, жарылыс толқыны сияқты әрекет жасайды. Цунамидің толқыны жалғыз болмауы мүмкін. Осы толқынның сериясы өте жиі болады, жағалауға 1 сағат және одан да көп рет соғады. Бұзушылықтардың мүмкін болатын масштаптары цунамидің алыстығымен анықталады: әлсізі (1-2 балл); орташасы (3 балл); күштілері (4 балл); қирататындары (5 балл).

Цунамидің белгілері

Цунамидің болуы туралы ескертудің кәдімгі белгісі жер сілкінісі болып табылады. Цунами басталар алдында, көбінесе, су теңіз түбін жүздеген метрлерге және тіпті бірнеше километрлерге арылып, жағадан алыс шегінеді. Толқындардың қозғалысы күркіреген дыбыстармен ілесуі мүмкін, олар цунами толқындарының келуіне дейін естіледі. Кейде цунамидің толқындарынан бұрын жағалауды су «кілемдерімен» су басуы болады. Жағалаудағы мұз беттерінде жарықтардың пайда болуы мүмкін. Жақындап келе жатқан табиғи апаттардың белгісі жануарлардың күнделікті мінез-қылықтарының өзгеруі болып табылады, олар қаупті алдын ала сезеді және биік жерлерге орын ауыстыруға тырысады.

Цунамиге қалай дайындалу керек

Цунамидің болжамы бойынша, олардың жаршысын еске сақтап ақпараттарды қадағалап отырыңыздар Сіздердің өңірде белгіленген цунамидің қаупі туралы қапараттандыру сигналын есте сақтаңыздар және өздеріңіздің отбасы мүшелеріне түсіндіріңіздер. Сіздің отбасыңыздың барлық мүшелері, әріптестеріңіз, және таныстарыңыз цунами кезінде не істеу керегін білетіндеріне көзіңіз жетсін. Сіздердің тұратын жерлеріңіз бен жұмыс орындарыңыз цунами пайда болатын жерде ме екенін қараңыздар. Естеріңізде болсын ең қауіпті жерлер — өзеннің жағалауы, тарланатын бухталар, ағынды жерлер. Ең қауіпті аймақтардың шекараларын және қауіпсіз жерлерге шығудың қысқа жолдарын біліңіздер.

Эвакуация кезінде шығарылатын құжаттардың, мүліктердің және дәрі- дәрмектердің тізімін құрыңыздар Мүліктер мен дәрі-дәрмектерді арнайы чемодандарға немесе рюкзактарға салған дұрыс болады. Эвакуация тәртібін алдын ала ойластырыңыздар. Цунами қаупі туралы сигнал келіп түссе, Сіздеріңіздің отбасыларыңыз мүшелері қайда кездесетінін шешіңіздер. Күнделікті үйде және жұмыс жүргенде коридорларды үлкен заттармен, шкафтармен, велосипедтармен, коляскалармен үймеңіздер. Тез арада эвакуация жасау үшін барлық өтпелер бос болғанын қадағалаңыздар. Цунами пайда болу қаупі туған жағдайда әрекет жасау ережелерін зерделеңіздер. Цунами кезінде Сіздер пәтерде, ашық жерде, суда бола қалсаңыздар, Сіздердің әрекеттеріңіздің кезектілігін ойластырыңыздар. Тез арада эвакуация жасайтын болсаңыздар қажетті құжаттарды, киімдерді, жеке заттарды, бүлінбейтін азық-түліктердің екі тәулікті қорын қоюға өз пәтерлеріңізде алдын ала орын дайындап қойыңыздар. Цунамиге дайындықтың қоғамдық бағдарламаларын қолдаңыздар, жағалауда қорғау ағаштарын егуге қатысыңыздар. Бухталарды толқын бұзумен және жаға дамбаларымен нығайту бойынша жергілікті билік органдарының әрекеттерін қолдаңыздар.

Цунами кезінде не істеу керек

Цунамидің қаупі туралы сигнал келіп түскенде тез арада ден қойыңыздар. Жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және айналадағы адамдарды қорғау үшін әрбір минутты пайдаланыңыздар. Сіздердің бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін уақыттарыңыз болады, сондықтан да абайлап және ойланып әрекет жасасаңыздар сіздердің цунамиден құтылатын мүмкіндіктеріңіз өсіре аласыздар. Егерде үй-жайдың ішінде болсаңыздар, оны тез арада босатыңыздар, алдын ала свет пен газды сөндіріңіздер, және қауіпсіз жерлерге орын ауыстырыңыздар. Қысқа жолмен теңіз деңгейінен 30-40 м биік қыраттарға көтеріліңіздер немесе жалауадан 2-3 км жерге кетіңіздер. Егерде Сіздер автомобильде болсаңыздар, жол бойы қашып бара жатқан адамдарды алып, қауіпсіз жаққа жүріңіздер.

Қауіпсіз жерге жасырынуға мүмкіндік болмаса, орын ауыстыруға уақыт болмаса, ғимараттың жоғарғы қабаттарына көтерілуге тырысыңыздар, терезелер мен есіктерді жабыңыздар. Егерде мүмкіндіктеріңіз болса сенімдірек ғимараттарға орын ауыстырыңыздар. Егерде сіздер үй-жайдың ішінде жасырынсаңыздар, естеріңізде болсын ең қауіпсіз аймақтар ішкі қабырғалардағы орындар, берік қабырғалардан пайда болған бұрыштар болып табылады. Қастарыңызда тұрған құлауы мүмкін заттарды, әсіресе әйнекті алып тастаңыздар.

Егерде Сіздер үй-жайдың сыртында бола қалсаңыздар, ағашқа мініп кетуге немесе соққы болмайтын жерлерге жасырынуға тырысыңыздар. Тым болмай жатса, ағаштың діңгегінен ұстау немесе берік заттардан ұсталу керек. Суда болғанда аяқ-киімнен және сулы киімнен боатылыңыздар, суда қалқып жүрген заттардан ұсталуға тырысыңыздар. Өте абай болыңыздар, өйткені толқын ірі заттарды және оның сынықтарын алып келуі мүмкін. Бірінші толқын келген соң, екінші және келесі толқындарға дайындалыңыздар, ал егерде мүмкіндік болмаса, қауіпті ауданнан кетіңіздер. Қажет болса жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетіңіздер.

Цунамиден не істеу керек

Дабылды доғару сигналын күтіңіздер. Теңізде екі-үш сағат биік толқындардың жоқтығын анық білгеннен кейін ғана бұрынғы орындарыңызға қайтп келіңіздер. Үйге кіре бергенде, оның беріктігін, терезе мен есіктердің аман қалғанын тексеріңіздер. Қабырғаларында жарықтың болмауын, фундаменттерінің шайылғанын анық біліп алыңыздар. Үй-жайлардағы газдың кемуін, электр жарығының мұқият тексеріңіздер. Сіздің үйіңіздің жағдайы туралы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға хабарлаңыздар. Зақым келген ғимараттарда құтқару және басқа да қауыр жұмыстарды жүргізу, зақым алғандарды іздеу және оларға қажетті көмек көрсету бойынша командаға белсенді қосылыңыздар.

Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға әзірлікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметте басты басымдық инженерлік іс-шаралар өткізу болып табылады (ғимараттарды сейсмикалық жағынан нығайту, гидротехникалық және селге қарсы құрылыстарды салу, қайта жаңғырту және нығайту, жер құлау қаупі бар беткейлерді, өзен жарқабақтарын нығайту және өзен арналарын тазарту, құрылыс сапасын қатаң бақылау және т.б.).

Сонымен қатар ұйымдастырушылық сипаттағы шараларды күшейту (қауіпті аумақтарға құрылыс салуға тыйым салу, ол жерлерден адамдарды көшірту), табиғи қауіптерді болжау, мониторингті жақсарту және ғылыми зерттеулерді тереңдету жөнінде іс-шаралар қабылдау қажет. Табиғат апаттарынан заңды және жеке тұлғаларды ерікті түрде сақтандыруды дамытуға ең қолайлы сақтандыру режимін ұсыну орынды.

Жойқын жер сілкіністерінен келетін зиянды азайту үшін:

  • республика аумағында сейсмикалық мониторингті кеңейту және сапасын жақсарту, сейсмикалық аудандарға бөлу карталарын нақтылау, қалалар мен ірі елді мекендерді егжей-тегжейлі шағын сейсмикалық аудандарға бөлуді жүргізу;
  • мектептер, жоғары оқу орындары, бала бақшалар, ауруханалар, емханалар, кинотеатрлар сияқты көпшілік адам жиналатын барлық объектілердің сейсмикалық нығайтылуын белгіленген жоспар бойынша жүргізу, мүлдем тозығы жеткен үйлер мен ғимараттардың бұзылуын қамтамасыз ету;
  • жаңа ғимараттарды салу кезінде сейсмикалық орнықтылық нормаларын сақтаудың қажеттілігі туралы түсіндіру науқанын сейсмикалық қауіпті өңірлердің халқы арасында кең түрде үнемі өткізу;
  • құрылыстың сейсмикалық орнықтылық сапасына бақылауды күшейту, сәулет-құрылыс бақылау қызметтерін нығайту қажет.

Су тасқынынан, селден, сырғымадан және қар көшкінінен шығындарды азайту мақсатында:

  • қауіпті учаскелерде ғылыми ізденістер және оларға паспорттау жүргізу;
  • селге, сырғымаларға және қар көшкіндеріне бақылау жасайтын бірыңғай тиімді мониторинг қызметін құру;
  • өзен жарқабақтарын нығайту, арналарды түзету және өзен табанын тереңдету бойынша, жағалауды қорғайтын және селден қорғайтын әрі басқа да гидротехникалық құрылыстардың беріктілігін арттыру және олардың жаңаларын салу бойынша, қар көшкіні мен сырғыма қаупі бар тау беткейлерін нығайту бойынша, дер кезінде төмен қарай қауіпті мұздық көлдерді ағыту және бақылауда ұстап отырып, қар көшкінін түсіру бойынша қажетті инженерлік- қорғау жұмыстарының көлемін орындау;
  • су қорғау және басқа да қауіпті аймақтарда тұратын халықты кейіннен қауіпсіз жерлерге көшіре отырып, кезең-кезеңімен ол жерлерді өнеркәсіптік, азаматтық және тұрғын үй құрылыстарынан босату қажет.

Гидрологиялық және метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың тиімділігін арттыру үшін:

  • қауіпті табиғи құбылыстарға мониторинг жасаудың және оларды болжаудың сапасын арттыру;
  • гидрометеорологиялық болжамдардың, оның ішінде ең алдымен дауылдарды ескертудің, мұздықтар және су тасқындары жағдайының ғылыми- негіздемелік әдістемесін әзірлеу қажет.

Еліміздегі эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдайды жақсарту үшін:

  • еліміздің халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдау;
  • аса қауіпті жұқпалы табиғи ошақтарда тұратын және жұмыс істейтін халықтың егілуін қамтуды жүзеге асыру;
  • эпизоотикаға қарсы іс-шаралар деңгейін көтеру, мал басының және үй жануарларының қажетті деңгейде егілуін қамтамасыз ету, ветеринарлық қызмет пен шекаралық ветеринарлық бақылау бекеттерінің жұмыстарын жақсарту;
  • жұқпалы аурулардың алдын алу және олармен күресу, олардың сырттан келуін тыю жөніндегі мемлекеттік шекарадағы санитарлық-карантиндік бекеттер жұмыстарының тиімділігін арттыру;
  • санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мен ветеринарлық ұйымдардың аумақтық орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту қажет.
Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close