Қоғам

ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

Жабдықтар мен негізгі қорлардың, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның моральдық және физикалық тозуы, мұнай-газ кен орындары мен басқа да табиғи ресурстарды игерудің қарқын алуы, оларды тасымалдау және қайта өңдеу көлемдерінің ұлғаюы техногендік қауіп-қатерлердің өсуіне шынайы алғышарттар жасап отыр.

Ескі жабдықтарды пайдалану, технологиялық және өндірістік тәртіптің төмендігі, техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау, ішкі ведомстволық және өндірістік бақылаудың әлсіздігі, жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, республикаға шетелдің мүлдем ескірген жабдықтарын әкелу қауіп-қатерлердің туындауына басты себептер болып табылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің міндетті техникалық және технологиялық нормаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілердің негізгі бөлігі әзірленбеген.

Халық пен аумақтар үшін объектілердің өнеркәсіптік қызметі қаншалықты қауіпті екендігіне және де оларда техногендік төтенше жағдайлардың туындауы қаншалықты ықтимал екендігіне саралау жұмыстарын жүргізбейтін техникалық бақылаудың тұтас жүйесі қолданылып отыр.

Техникалық қауіп-қатерлерді төмендету жөніндегі қызметті реттейтін және материалдық-техникалық қамтамасыз ететін экономикалық тетіктер жоқ.

Қауіпті өндірістік объектілердің жабдықтарын сертификаттау, сондай-ақ қауіпті өнеркәсіптік қызметті лицензиялау және сақтандыру жүйесі нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес келмейді.

Көліктегі қауіпсіздіктің қажетті деңгейі орныға қоймаған.

Елді мекендерді салу кезінде қала құрылысы нормаларын сақтамау, өрт қауіпсіздігінің нормаларын сақтамастан, үйлер мен ғимараттарды (әсіресе тұрғын үйлерді) қайта жабдықтау, қайта жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, өртке қарсы су құбырларын техникалық дұрыс жағдайға келтіру жөнінде шаралардың қабылданбауы, ғимараттарды салу және оларға әрлеу жұмыстарын жүргізу кезінде қасиеттерінің жанғыштығы және улы заттар бөлуі жоғары болуымен ерекшеленетін материалдарды пайдалану өрттен болатын құрбандар саны мен материалдық зиянды өсіруде.

Жыл сайын 1000-нан аса өрт болатын республиканың орман алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты күрделі жағдай қалыптасуда. Табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге келгенде мемлекеттік органдар үйлескен тиісті іс- қимылдар жүргізбей отыр.

Ерікті өрт сөндіру құрамалары іс жүзінде жойылған, бұл көптеген елді мекендердің өрттерден қорғансыз қалуына әкелді.

Теңіз және өзен тасымалының дамуына орай су айдындарында төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігі күрт арта түседі. Сонымен қатар, теңіздерде, көлдерде және өзендерде болатын төтенше жағдайларды жоя алатын суда жүзуге арналған құралдар жоқ.

Негізінен алғанда, көптеген ескі және авариялық жағдайдағы ғимараттар мен құрылыстар республиканың барлық өңірлерінде пайдаланылып жатыр десе де болады.

ХХІ ғасырдың басында адамзатқа халықаралық терроризм мен экстремизм қаупі төнді. Террористердің осы заманғы техниканы, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпті заттар мен материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендік төтенше жағдайларды қолдан жасай алатын мүмкіншіліктерінің болуы террорлық әрекеттердің, әсіресе химиялық және биологиялық шабуылдардың зардаптарын жоюға арналған күштердің (қызметтердің) материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуды талап етеді.

Химиялық авария

Химиялық авария – химиялық қауіпті объектіде қауіпті химиялық заттардың төгілуімен және лақтырылуымен ілесетін, адамдардың өліміне немесе адамдарың, азық-түлік шикізаттарыны және тағамдардың, ауылшаруашылық жануарлардың және өсімдіктердің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық улануына әкеп соғатын авария.

Қауіпті химиялық заттар – тіке және жанама әсер етіп, адамдарға қатты және созылмалы ауру және өлім әкелуі мүмкін.

Химиялық улану – белгілі уақытта адамдарға, ауылшаруашылық жануарларына және өсімдіктерге концентратты немесе мөлшерлі қауіп тудыратын қоршаған табиғи ортадағы қауіпті химиялық заттардың таралуы.

Адмадар мен жануарлар үшін хмимялық аварияның қауіптілігі организмнің тіршілк жасауының бұзылуымен және жекелеген генетикалық зардаптарымен, ал кейбір жағдайларда – ҚӘУЗ организмге дем алу органдары, тері, шырышты қабық, жара арқылы және тамақпен келіп түскен кезде өлімге алып келумен байқалады.

Ескерту іс-шаралары

Сіздердің тұратын жерлеріңізге немесе жұмыс орындарыңызға жақын жерлерде химиялық қауіпті объект бар екенін анықтаңыздар. Егерде болатын болса, осы объектідегі ҚӘУЗ ерекше белгілерімен және потенциалды қауптілігімен танысыңыздар. Авария туралы тұрғындарды «Барлығыңыз назар аударыңыздар» (сиренаның даусы және кәсіпорынның үздік гудоктары) деген ақпараттандыру белгісінің сипатты ерекшеліктерін, оны алған кезде әрекет жасау тәртібін, үй-жайларды қымтау, азық-түлік пен суды сақтау ережелерін еске сақтаңыздар. Өздеріңіз және отбасыларыңыздың мүшелері үшін мақталы- дәкелі таңғыштарды, сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде тұрғындардың әрекет жасау жадымаларын дайындаңыздар және оларды қолжетімді жерде сақтаңыздар. Мүмкіндіктеріңізше противогаздарды ҚӘУЗ тиісті түрелінен қорғайтын қорапшаларымен бірге алыңыздар.

Химиялық авария кезінде қандай әрекет жасау керек

«Барлығыңыз назар аударыңыздар!» белгісі кезінде авария және ұсынылатын әрекеттер туралы анық ақпарат алу үшін радиоқабылдағыш пен теледидарды қосыңыздар. Терезелерді жабыңыздар, электртұрмыстық құралдарды және газды сөндіріңіздер.

Резина етік, плащ киіңіздер, құжаттарды, қажетті жылы киімдерді, бұзылмайтын азықтың 3 тәулікке жететін қорын алыңыздар.

Көршілерге хабар беріңіздер және тез арада, бірақ әбігерленбей улану аймағынан жел бағытына перпендикулярлы, бұрын орналасқан жерден 1,5 км кем болмайтын қашықтыққа шығыңыздар.

Дем алу органдарын қорғау үшін противогазды, ал ол болмаса – мақталы- дәкелі таңғышты немесе суға 2-5% ас содасына (хлордан сақтану үшін), 2% лимон немесе сірке суына малынған матадан қолдан жасалған бұйымды (аммиактан қорғану үшін) пайдаланыңыздар.

Уланған аймақтан кетуге мүмкіншіліктеріңіз болмаса есіктерді, терезелерді, желдеткіштерді және түтіндіктерді мықтап жабыңыздар. Ондағы тесіктерді қағазбен немесе скотчпен жапсырыңыздар. Ғимараттың бірінші қабаттарында, жертөлелерде және жартылай жертөлелерге жасырынбаңыздар.

ҚӘУЗ тасымалдаумен байланысты теміржолдардағы және автомобиль тас жолдарындағы авариялар кезінде, қауіпті аймақ авария орнынан 200 м радиуста анықталады.

Радиациялық авария 

Радиациялық авария – радиактивті өнімдердің және иондық сәулеленудің тиісті пайдалану жобасымен көзделген шекарасынан шығып, адамдардың сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның белгі нормадан тыс ластануыне әкеп соққан, атомдық энергияны пайдалану объектілерінің қауіпсіз қолданылуының бұзылуы.

Радиациялық объектідегі авария (радиациялық авария), радиациялық заттар мен ионданған сәулелердің осы объектідегі тиісті пайдалану шегінің жобасымен, оны қолдану қауіпсіздігінің белгеленген шегінен асатын мөлшерде шығуы немесе лақтырылуына әкеп соғатын, радиациялық-қауіпті объектідегі қаупті оқиға (РҚО). Радиациялық объектідегі ионданған сәулелер көздерінің басқарылуын жоғалтумен себептері: құралдардың ақау болуы, персоналдың дұрыс әрекет жасамауы, апаттар және т.б. болып табылады.

Атомдық энергияны пайдалану обектілері болып табылады:

  • ядролық құрылғылар;
  • орналасу пункттері;
  • ионданған сәулеленудің көздері алу деңгейінен жоғары;
  • ионданған сәулелерді пайдаланытн мекемелер, оның ішінде медициналық, оқу, зерттеу, коммерциялық, ауылшаруашылық және өнеркісіптік, сонымен қатар тау-кен өндіру, қайта өндіру, сондай-ақ басқа мекемелер.

Радиациялық аварияларға қалай дайындалу керек

Сіздердің орналасқан жерлеріңізге жақын жерде радиациялық-қауіпті объектілердің барын нақтылаңыздар және олар туралы мүмкін болғанша толық және ақпарат алыңыздар.

Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдардың жақын жердегі аймақтық бөліністеріннен Сіздер білгілеріңіз келетін радиациялық-қауіпті объектілердегі авария кезінде халықты ақпараттандыру әдістері мен құралдарын анықтаңыздар.

Авария кезінде пайдалануға арналған қажетті құралдардың қорын құрыңыздар (герметикалық материалдар, йодтық препараттар, азық-түліктер, сулар және т.б.).

Радиациялық авария туралы хабарлау кезінде қандай әрекет жасау керек.

Далада болғанда демалу органдары дереу орамалмен қорғаңыздар (шарфпен) және үй-жайға жасырынуға асығыңыздар.

Панада болған кезде, сыртқы киімдеріңіз бен аяқ-киімдеріңізді шешіңіздер, оларды пластикалық пакетке орналастырыңыздар және душ қабылдаңыздар.

Терезе мен есікті жабыңыздар.

Авария туралы қосымша қапарат және жергілікті әкімшіліктен нұсқаулар алу үшін теледидар мен радиоқабылдағышты қосыңыздар

Желдеткіш сыңалауларын, тезезедегі (есіктердегі) тесіктерді қымтаңыздар және қажет болмаса оларға жақындамаңыздар.

Герметикалық ыдыстарға судың қорын жинаңыздар. Ашық тағамдарды полиэтилен пленкасына ораңыздар және тоңазытқышқа (шкафқа) салыңыздар.

Дем алу органдарын қорғау үшін респиратор, олардың фильтрлеу қасиеттерін арттыру үшін суға малынған мақталы-дәкелі таңғышты немесе матадан жасалған бұйымдарды қолданыңыздар.

БАҚ арқылы нұсқаулар келіп түскен кезде 7 күннің ішінде йодты калийдің бір таблеткасынан (0,125 г), ал 2 жасқа дейінгі балалар үшін – таблетканың ¼ бөлігін қабылдап, йодты профилактика жүргізіңіздер, Йодты калий болмаса йодты ерітіндіні: бір стакан суға 5% йод ерітіндісінің үш-бес тамшысын, 2 жасқа дейінгі балаларға – бір-екі тамшы.

Радиактивті ластанған жерде қандай әрекет жасау керек

Организмге радиактивті заттардың әсер етуін ескерту және әлсірету үшін: Үй-жайдан тек қана қажет болған жағдайда ғана және қысқа уақытқа ғана шығыңыздар, бұл ретте респираторды, плащты, резина етікті және бес саусақты қолданыңыздар.

Ашық жерде шешінбеңіздер, жерге отырмаңыздар және темекі шекпеңіздер, ашық тоғандарда суға түспеңіздер және орман жеміс-жидектерін, саңырауқұлақтарды термеңіздер.

Үйдің жанындағы аймақты жиі ылғалдандырыңыздар, ал үйдің ішінде жуу жабдықтарын қолдана отырып күнде мұқият ылғалды жиыстыру жасаңыздар.

Үй-жайға кірместен бұрын аяқ-киімді жуыңыздар, сыртқы киімдеріңізді сілкіп, ылғалды щеткамен тазалаңыздар.

Суды тек қана тексерілген қайнарлардан пайдаланыңыздар, ал азық- түліктерді – магазиннен сатып алыңыздар.

Тамақтанар алдында қолдарыңызды дұрыстап жуыңыздар және ауыздарыңызды 0,5% ас содасымен шайыңыздар.

Көліктік авариялар

Көліктік авариялар – адамдардың өлімін әкелетін, зардап шеккендерге ауыр дене зақымдарын келтіретін, көлікті салынымдары мен құралдарын жоятын және зақым немесе қоршаған табиғи ортаға залал келтіретін көліктегі авария.

Көлік тек қана ондағы жолаушылар үшін ғана емес, сондай-ақ көлікті магистральдердің аймағында тұратын тұрғындар үшін қауіп көздері болып табылатынын айта кеткен жөн, өйткені олармен авария кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жеңіл тұтанатын, химиялық, радиактивті, жарылғыш және басқа да заттардың үлкен мөлшері тасымалданады.

Теміржол көліктеріндегі авариялар

Теміржол көліктеріндегі авариялар – бір немесе бірнеше адамдардың өлімін алып келетін, зардап шекккендерге ауыр дене зақымдарын келтіретін, қозғалмалы құрамның бір немесе бірнеше бірлігін немесе темір жол торабының күрделі жөндеу деңгейіне дейін бұзатын және зақым келтіретін және тиісті нормадан асатын уақытқа авария учаскесіндегі қозғалысты толық тоқтататын теміржодағы қауіпті оқиға. Химиялық, радиациялық, өрт, жарылысқа қауіпті және басқа сипаттағы төтенше жағдайлармен ілесуі мүмкін

Теміржол көлігінің автомобиль және әуе көліктерінен едәуір қауіпсіз болғанына қарамастан, ондағы апаттылық өте жоғары. Әсіресе қауіпті жүкті тасымалдаған кезде қауіп жоғары, олардың негізгі бөлігі нағыз осы көлік арқылы жеткізіледі. Теміржол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер тигізетін негізгі факторлар техникалық құралдардың ескіруі, сондай-ақ адам факторы.

Негізгі профилактикалық ереже

Мүмкіндігіңізше электричканың ортаңғы вагондарына жайғасыңыздар (авария кезінде олар сирек зақымданады).

Үлкен және ауыр заттарды асытына қойыңыздар, өйткені қатты соққы болғанда олар жоғарғы сөрелерден үстеріңізге құлауы және зақым келтіруі мүмкін.

Түнде купедегі есікті үйіп тастамаңыздар (қараңғыда сыртқа шығу қиын болады).

Сіздердің киімдеріңіз, құжаттар мен ақшаның қайда жатқанын естеріңізде сақтаңыздар (қандай да бір жағдайда, қараңғыда вагоннан тез арада кету керек болса).

Түннен қалдырмай үстелден тамақтарды, бөтелкені және т.б., өйткені қатты соққы кезінде сынықтарына жарақаттануларыңыз мүмкін.

Поездың кедергіке соқтығысқан сәтінде дененің алға қарай бірден жұлқынуы кезінде мойын омыртқасы сынбауы үшін, бүйірдегі орындарда поездың жүрісі бойынша аяқтарыңызды алға жіберіп ұйықтаған дұрыс.

Жұлқу (соққы) кезінде қолдарыңызбен үлдіріктің шоқысын және вагонның қозғалмайтын басқа бөліктерін ұстауға тырысыңыздар немесе жиярылып, зақым алмау үшін қолдарыңызбен бастарыңызды жабыңыздар.

Вагондар аударылған кезде қолдарыңызбен қатты ұсталыңыздар, аяқтарыңызбен күштеп жоғарғы үлдірікке, қабырғаға және т.б. тіреліңіздер, әйнектің сынықтары түспеуі үшін көздеріңізді жұмыңыздар.

Баланы бетімен өзіңізге қарай қысып, оның басын қолыңызбен жабыңыздар.

Теміржол авариялары кезінде қандай әрекет жасау керек

Апат кезінде немесе төтенше тоқтағанда құлап қалмау үшін орнығып ұсталыңыздар. Ол үшін тұтқадан ұсталыңыздар және қабырғаға тақалыңыздар немесе аяқпен орындыққа тіреліңіздер. Ең қауіпсізі вагоның еденіне түсу. Бірінші соққыдан кейін босаңсымаңыздар және барлық бұлшық еттеріңізді тағыда қозғалыс болмайтынын анық білгенше дейін ширатып ұстаңыздар.

Теміржол авариясынан кейін қандай әрекет жасау керек

Авариядан кейін бірден вагоннан есік немесе терезе – авариялық шығу орындары арқылы шығыңыздар (жағдайға байланысты), өйткені өрт шығуы мүмкіндігі зор. Қажет болса купенің терезесін тек қолда бар ауыр заттармен сындырыңыздар. Авариялық шығу орны арқылы вагоннан кеткен кездеөздеріңізбен бірге құжаттарды, ақшаны, киімді және көрпені алып теміржолдың дала жағына шығыңыздар. Вагонда өрт болған кезде жел өртті үрлемеуі үшін терезені жабыңыздар, және өрттен алдыңғы вагондарға кетіңіздер. Олай болмаса – өздеріңіздің артынан барлық есіктерді мықтап жауып, поездың соңына барыңыздар. Коридорға шықпас бұрын, дем алу үшін қорғануға: суға малынған шапкаларды, шарфтарды, мата бөліктерін дайындаңыздар. Өрт кезінде вагондардың қабырғасы – малминитпен  қапталған

– өмірге қауіпті уытты газ бөлетіні туралы естеріңізде болсын.

Сыртта болғанда, тез арада құтқару жұмыстарына кірісіңіздер: қажет болған жағдайда жолаушыларға басқа купелердің терезелерін сындыруға көмектесіңіздер, зардап шеккендерді шығарыңыздар және т.б.

Егерде авария кезінде жанармай төгілсе, поездан қауіпсіз қашықтыққа кетіңіздер, өйткені өрт пен жарылыс болуы мүмкін.

Егерде ток жүретін сым үзіліп және жерге тиіп жатса, қадамдық кернеуден өздеріңізді қауіпсіздендіру үшін, одан секіріп және қысқа қадамдармен кетіп қалыңыздар. Жер бойынша электр тогы өтетін қашықтық екі метрден (құрғақ жер) 30 м-ге дейін (ылғалды) болуы мүмкін.

Автомобиль көлігіндегі авриялар

Автокөліктегі авариялар – өзімен бірге адамның өліміне, ауыр дене зақымдарын келтіруге, көліктік құрылыстар мен құралдардың жойылуына немесе қоршаған ортаға зақым келтуріге алып келетін авариялар.

Көліктегі қауіптілік көздерінің ішінен адамдар үшін ең қауіптісі ЖКО болып табылады. Барлық оқиғалардың көбі көлік құралдарының жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерінің бұзылуынан болады. Қанағаттанарлықсыз жол жағдайларындағы тіркелген оқиғалардың үлес салмағы өт жоғары болады.

Автомобиль көліктеріндегі барлық авариялардың 75%-ы жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзғаннан болады. Ең қауіпті бұзушылық түрлеріне бұрынғыдай жылдамдықты арттыру, жол белгілерін елемеу, қарыс жол бағытына шығу және автомбильді мас күйде басқару жатады. Аварияларға өте жиі жаман жолдар (әсіресе тайғақ), машиналардың ақаулы болуы алып келеді (бірінші орында – тежеуіш, екінші – рульмен басқару, үшінші – дөңгелегі мен шиналар).

Соққыдан құтыла алмағанда қандай әрекет жасау керек

Сабырлық сақтаңыздар – ол машинаның ақырғы мүмкіндігіне дейін басқаруға мүмкіндік береді. Барлық бұлшық еттеріңізді шегіне дейін ширатыңыздар, толық тоқтағанша дейін босаңсымаңыздар. Қарсы соққыдан кетуге барлық жағдай жасаңыздар: кювет, шарбақ, бұталарғ тіпті ағаш сіздерге қарсы келе жатқан автомобильден жақсы. Қозғалмайтын затпен соқтығысқанда сол немесе оң қанатпен соқылу, бампермен соғылудан анағұрлым қауіпті екенін есте сақтаңыздар. Соққыдан құтыла алмасаңыздар бастарыңызды қорғаңыздар. Егерде машина ақырын жылдамдықпен келе жатса, орындығына қарай жабысыңыздар, және барлық бұлшық еттеріңізді қатайтып, рөлдің дөңгелегіне тіреліңіздер. Егерде жылдамдық 60 км/сағ асып кетсе және сіздер қауіпсіздік белдігін тақпасаңыздар, кеудеңізбен рөлдің дөңгелегіне тақалыңыздар.

Егерде Сіздер жолаушыны алдыңғы орнында келе жатсаңыздар, бастарыңызда қолмен жабыңыздар және орындықта жаныңыға қарай жантая кетіңіздер. Артқы орында отырғанда еденге жатуға тырысыңыздар. Егерде сіздердің қастарыңызда бала болса – оны өздеріңізбен жабыңыздар.

Авариядан кейін қандай әрекет жасау керек

Автомобильдің қай жерінде, және Сіздер қандай орында отырғандарыңызды, автомобиль жанып жатқан жоқ па және бензин ағып жатқан жоқ па (әсіресе аударылғанда) анықтаңыздар. Егерде есік қысылып ашылмай қалса, онда автомобильдің терезесі арқылы, оны ашып немесе кездескен ауыр затпен сындырып оның салонынан шығыңыздар. Машинадан шығып, одан мүмкін болғанша одан алыс кетіңіздер – жарылыуы мүмкін.

Автомобиль сұға құлаған кезде қандай әрекет жасау керек

Суға құлаған кезде машина қандайда бір уақыт судың бетінде тұрады, ол кезде оның ішінен шығып кетуге болады. Ашық терезесі арқылы шығыңыздар, өйткені есікті ашқанда машина тез бата бастайды.

Жабық терезелерімен және есіктерімен судың түбіне кеткен кезде автомобильдің салонындағы ауа бірнеше минут сақталады. Фарасын жағыңыздар (машинаны тез тауып алу үшін), өкпелеріңізді белсенді ауамен толтырыңыздар (ауаны терең ішке тартқанда және шығарғанда қан оттегіне

«молынан» толады), артық киімнен арылыңыздар, құжаттар мен ақшаны алыңыздар. Машинадан терезе немесе есік арқылы машина жартылай толғанда шығыңыздар, әйтпесе салонға кіріп жатқан судың ағыны кедергі жасайды. Қажет болған жағдайда алдыңғы терезені қолда бар ауыр қаттармен сындырыңыздар. Қолдарыңызбен машинаның шатырынан ұсталып. Сыртқа шығуға тырысыңыздар, сосын жоғары қарай жүзіңіздер.

Қоғамдық көлікте қозғалып келе жатқан кезде жеке қауіпсіздіктерінізді қалай қамтамасыз ету керек

Қоғамдық көлікте болғанда, бос отыратын орындар болмаса орнықты тұру үшін тұтқыдан ұсталып, салонның орта тұсына тұруға тырысыңыздар. Авариялық және қосымша шығатын жерлердің орналасуына назар аударыңыздар.

Трамвайлар мен троллейбустардың электрлік қуат көздері адамдарды электрмен зақымдауға қосымша қауіп тудырады (әсіресе жаңбырлы күндері), сондықтан отыратын орындар ең қауіпсіз болып табылады. Егерде салонның кернеуде екені анықталса – оны тастап кетіңіздер. Авария кезінде шыға берісте дүрлігіс және қыспақ болуы мүмкін. Бұл жағдайда арнайы шнурды тартып және әйнекті басып сындырып, авариялық шығу орындарын пайдаланыңыздар.

Салонда өрт болған кезде ол туралы жүргізушіге хабарлаңыздар, есіктерді (авариялық ашу арқылы), авариялық шығу жерлерін ашыңыздар немесе терезені сындырыңыздар. Салонда өрт сөндіргіш бола қалса, өрттің ошағын жоюға шаралар қолданыңыздар. Демалу органдарын түтіннен орамалмен, шарфпен немесе киімнің басқа элементтерімен қорғаңыздар. Салоннан сыртқа еңкейіп, металл бөлшектеріне жанаспай шығыңыздар, өйткені трамвайда және троллейбуста электр көзімен зақым алу мүмкін.

Автобус суға құлаған кезде салонның сумен жартылай толғанын күте тұрыңыздар, демді ұстаңыздар және есіктен, авариялық шығу жерінен немесе сынған терезеден сүңгіп шығыңыздар.

Әуе көлігіндегі авариялар

Авиациялық оқиғалар – ұшу мақсатынмен әуе кемесін қолданған кезде осы кеменің дұрыс қызмет етіуінің бұзылуымен, оның экипажымен басқа авиациялық персоналмен, немесе сыртқы жағдайлардың әсер етуімен байланысты болатын және адамдардың өліміне, әуе кемесінің айтарлықтай зақымдануына, бұзылуына немесе жоғалуына алып келетін оқиға.

Авияциялық авариялар және апаттар көптеген себептерге байланысты болуы мүмкін. Ұшақтың жеке конструкцияларының қирауы, қозғалтқыштың істен шығуы, басқару жүйесінің, электрлік қуат, байланыс көздерінің, ұшқыш жұмысының бұзылуы, жанармайдың кемшілігі, экипаж бен жолаушылардың тіршілігін қамтамасыз етудегі іркіліс ауыр зардарптарға алып келеді.

Декомпрессия кезінде қандай әрекет жасау керек

Декомпрессия – бұл ұшақтың салонындағы герметикалық жағдайының бұзылуы кезіндегі ауаның толқуы.

Тез декомпрессия көбінесе өте қатты өкіруден басталады (ауа кетіп жатады). Салон шаңмен және тұманмен толады. Көрушілік тез төмендейді. Адамның өкпесінен ауа тез кетеді, және оны ұстап қалуға болмайды. Бір уақытта құлақтағы зыңыл және ішектің ауруы болуы мүмкін. Бұл жағдайда команданы күтпей, тез арада оттегі маскасын киіңіздер. Маска кимей тұрып біреуге, тіпті өздеріңіздің балаларыңызға көмек көрсетуге тырыспаңыздар: Егерде Сіздер өздеріңізге көмек көрсетуге үлгермесеңіздер және естен танып қалсаңыздар, сіздер екеуіңізде оттегісіз қаласыздар. Масканы кигеннен кейін бірден қауіпсіздік белдігін тағыңыздар және бірден төмендеуге дайын болыңыздар.

Ұшақта өрт болған кезде қандай әрекет жасау керек

Естеріңізде болсын, үшақ бортында өрт болғанда ең қауіптісі от емес, түтін болып табылады. Тек киімнің мақта-маталы немесе жүнді элементтері, мүмкін болса суға малу арқылы демалыңыздар. Шыға беріске жылжығанда, еңкейіп немесе төрт тағандап қозғалыңыздар, өйткені салонның төменгі жағында түтін аз болады. Дененің ашық жерлерін оттың тура әсер етуінен бар киімді, пледті және т.б. пайдалана отырып қорғаныңыздар. Ұшақ қонғаннан және тоқтағаннан кейін тез арада жақын жердегі шығатын жерге жылжыңыздар, өткені жарылыстың болуы мүмкін. Егерде өтетін жер үйіліп қалса, креслолар арқылы, олардың арқалықтарын түсіріп өтіңіздер. Эвакуациялау кезінде қол жүктерінен арылыңыздар және маңында ашық от немесе қатты түтін бар люктер арқылы шығудан аулақ болыңыздар.

Ұшақтан шыққаннан кейін одан мүмкін болғанша алыс кетіңіздер және бастарыңызда қолдарыңызбен жауып, жерге жатыңыздар – жарылыс болуы мүмкін.

Кез-келген жағдайда абыржымай және табанды әрекет жасаңыздар, бұл Сіздің аман қалуыңызға көмегін тигізеді.

«Қатаң» қонған кезде және одан кейін қандай әрекет жасау керек

Әрбір ұшу және қонар алдында қауіпсіздік белдігін мұқият келтіріңіздер. Ол Сіздердің жамбас жақтарыңызға төменірек бекітілуі тиіс. Сіздердің бастарыңыздың жоғарғы жағында ауыр чемодандардың бар болуын тексеріңіздер.

Ұшқандағы және қоғандағы авариялар кенеттен болуы мүмкін, сондықтан да түтінге, тез төмендеуне, қозғалтқыштың тоқтауына және т.б. ерекше назар аударыңыздар. Қалталарыңызда үшкір заттардан босатыңыздар, жиырылыңыздар және қолдарыңызбен тізеден төмен ұсталыңыздар (немесе сирақтарыңыздан ұсталыңыздар). Бастарыңызда тізелеріңізге жатқызыңыздар немесе мүмкін болғанша төмен қарай еңкейіңіздер. Аяқтарыңызбен еденге тіреліңіздер, оны ары қарай созып, бірақ алдағы креслоның астына емес. Соққы кезінде барынша шиырылыңыздар және едәуір жүктілікке дайын болыңыздар. Қандай жағдай болмаса да ұшақ толық тоқтағангша дейін өз орындарыңыздан кетпеңіздер, дүрлігіс тудырмаңыздар.

Су көлігінде авариялар

Корабльдің қирауы — кемеде болатын апат, әсіресе оның қатты қирауына және өліміне алып келеді. Корабльдің қирауы деп кеменің толық және жарым- жартылай батуы, кеменің маңызды бөлігінің бұзылуы, немесе сыртқы және ішкі факторлардың немесе объектілердің әсер етуі нәтижесінде болған жүзушіліктің бұзылуын түсінеміз.

Көбіне кемедегі ірі авариялар мен апаттар дауылдардың, теңіз дауылдарының, тұмандардың, мұздықтардың әсерінен, сондай-ақ адамдардың – капитандардың, лоцмандардың және жкипаж мүшелерінің кінәсінен болады. Көбінесе авариялар кемелерді жобалау және салу кезіндегі олқылықтар мен қателіктерден болады.

Алдын ала қорғану шараларынынң ішінен жолаушыға өз каюталарынан жоғарғы палубадағы құтқару қайықтарына жолды есте сақтау туралы кеңес беруге болады, өйткені апат кезінде, әсіресе кеме түтіндегенде және қисайғанда бағдар табу қиынға түседі.

Кемеден түскен кезде қандай әрекет жасау керек

Есетріңізде болсын, кемені тастау туралы тек капитан ғана шешім қабылдайды. Кемеден түскен кезде экипаж мүшелерінің нұсқауларын орындаңыздар және келесі ережелерді сақтаңыздар:

  • бірінші кезекте шлюпкалардағы орындар әйелдерге, балаларға, жарақат алғандарға және қарт адамдарға ұсынылады;
  • шлюпкаға немесе құтқару салына түсер отырар алдында өздеріңізге көбірек киім, ал үстінен – құтқару кеудешесін киіңіздер. Мүмкіндік болса, шлюпкаға көрпе, қосымша киім, авариялық радио, ішетін су және тамақ тиеңіздер;
  • егерде Сіздер корабльдің бортынан амалсыз секіретін болсаңыздар, онда бір қолдарыңызбен ауыз бен мұрындарыңызды жауып, екінші қолдарыңызбен кеудешені ұстап, бес метрден аспайтын биіктіктен секірген дұрыс болады;
  • суда әрбір қозғалыс сайын жылудың жоғалуы жоғарылайтындықтан, тек қана құтқару құралына қарай жүзіңіздер;
  • құтқару құралына отырғаннан кейін батып жатқан кемеден қауіпсіз қашықтыққа кетіп қалу қажет (100 метрден кем емес).

Құтқару құралдары болмаса қандай әрекет жасау керек

Суда болғанда, ысқырғышпен немесе қол көтеріп белгі беріңіздер. Жылуды сақтау үшін мүмкіндігіңізше аз қозалыңыздар. Судағы жылудың жоғалуы ауадағыдан гөрі бірнеше рет тез болады, сондықтан да тіпті жылы суда судың бетінде тұратындай қозғалу қажет. Жылуды сақтау үшін құтқару кеудешесінде жиырылыңызжар, қолдарыңызбен көкірек қуысын бүйірден құшақтап алыңыздар және су шаптың тұсын аздау шаю үшін жамбастарыңызды жоғары қарай көтеріңіздер. Бұл әдіс суық суда тірі қалу мерзімінің есебін 50%- ға өсіреді. Егерде Сіздерде құтқару кеудешесі болмаса, көздеріңізбен қандай-да бір жүзіп жатқан затты іздеңіздер және құтқарушылар келгенше дейін судың бетінде тұрыға жеңіл болу үшін одан ұстап алыңыздар. Арқада жатып дем алыңыздар.

Құтқару жүзу құралдарында болғанда қандай әрекет жасау керек

Теңіз ауруынан таблетка ішіңіздер. Жылуды ұстау үшін, шлюпкада басқа зардап шеккендерге жақын болыңыздар, физикалық жаттығулар жасаңыздар. Тек аурулар мен жарақаттанғандарға ғана су беріңіздер. Ашық теңізде, жағаға жету немесе кеме жолдарына шығу үміті болмаса, кеменің батқан жеріне жақындап басқа шлюпкалармен бірге болуға тырысыңыздар.

Аяқтарыңызды құрғақ ұстауға тырысыңыздар. Аяқтарыңызды жиі көтеріңіздер және ісікті кетіру үшін қозғалтып отырыңыздар. Теңіз суын ешқашанда ішпеңіздер. Пайдасыз қимылдарды азайтып организмдегі сұйықтықтың сақтаңыздар. Терінің шығуын азайту үшін киімді сулаңыздар, плоттың ішіндегі температураны төмендету үшін оның сыртқы қабығын сумен бүркіңіздер. Күніне 500-600 мл аспайтын мөлшерде су ішіңіздер, оларды бірнеше кішкене дозаға, ең үлкен дозасын кешкіге бөліңіздер. Тағамның аваиялық қорымен ғана қоректеніңіздер. Түтін құтысын сіздерді көрудің нақты мүмкіндігі болған кезге дейін сақтаңыздар. Сіздерді көру үмітімен барлық түтін құтысын бірге қолданбаңыздар, оларды қолдануды бір ғана адамға тапсырыңыздар.

Абыржымаңыздар! Естеріңізде болсын, сусынсыз ересек адам 3 күннен 10 күнге дейін тірі қала алады. Тәулігіне 500-600 мл су рационымен дұрыс әрекет жасайтын ересек адам тропикта организмдегі ешбір өзгеріссіз 10 күннен аз емес уақытқа дейін шыдай алады. Тамақсыз бір ай және одан да көп уақыт өмір сүруге болады.

Тіршілікті қамтамасызетудің коммуналдық жүйесіндегі авариялар

Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі – адам өмірінің қажетті энергетикалық, физиологиялық және басқа жағдайларын қамтамасыз ететін басқару органдарының, күш-құралдарының жиынтығы.

Тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар, штаттық белгілі бір жағдайдағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты жұмыс режимінің зақымдануы, бұзылуы, істен шығыу немесе авариялық жағдайдағы бақыланатын мөлшердің белгілі нормадан тыс шығуына әкеп соғуы. Тіршілікті қамтамасыз етудің базалық жүйесіне ауыз суйымен, ауамен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз етудің және сыртқы жағымсыз табиғи факторлардан құтқарудың реттелетін және басқарылатын жүйесі (желдік, қарлы, нөсерлік, жылулық, сейсмикалық әсер ету). Электрэнергетикалық жүйедегі авариялар тұтынушыларды, кең аумақты электрмен қамтамасыз етілуінің ұзақ уақыт үзілуіне, қоғамдық электр көліктерінің қозғалу кестесінің бұзылуына, адамдардың электр тогымен зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін.

Канализациялық жүйедегі авариялар ластану заттарының жаппай лақтырылуына және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына әсерін тигізеді.

Сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар тұрғындарды сумен қамтамасыз етілуін бұзады және суды ішуге жарамсыз қылады.

Жылу жүйесіндегі авариялар жылдың қысқы уақытында тұрғындардың жылу берілмейтін үй-жайларында тұруға мүмкіншіліктің болмауына және олардың амалсыз эвакуациясына әкеп соғады.

Коммуналдық жүесіндегі аварияларға қалай дайындалу керек

Коммуналдық жүйедегі авариялар, әдеттегідей, қысқа мерзімде жойылады, алайда, суды, электр қуатын, үй-жайларға жылу берудің ұзақ бұзылуы да мүмкін. Осындай жағдайдағы зардаптарды азайту үшін өз үйлеріңізде сіріңкенің, шаруашылық шамының, құрғақ спирттің, керосиннің (керосин лампасы және примус болған кезде), эелктр фонарьлары мен радиоқабылдағыш үшін қуат көздері элементінің қозғалмайтын қорын жасаңыздар.

Коммуналдық жүйесіндегі авриялар кезінде қандай әрекет жасау керек

Апаттар туралы жөндеу-эксплуатациялық басқару диспетчеріне немесе пәтер меншік иесінің кооперативіне хабарлаңыздар, авариялық қызметті шақыртуды сұраңыздар. Пәтердің электр желісінің кернеуі өзгерген кезде немесе ол сөнгенде тез арада барлық электр құралдарын өшіріңіздер, Сіздер болмаған жағдайда электр желісін кенет берген кезде өрт болмауы үшін розеткадан қос тілді суырып алыңыздар.

Далада болған кезде үзілген немесе салбырап тұрған сымдарға 5-8 метрге жақын келмеңіздер және оларды ұстамаңыздар. Зақым келген жерге күзет ұйымдастырыңыздар, қауп туралы айналаңыздағыларды ескертіңіздер және төтенше жағдай саласындағы уәкілетті органдардың аймақтық бөліністеріне хабарлаңыздар. Егерде сым үзіліп Сіздердің қастарыңызға құласа – қадам кернеуінің зақымын алмау үшін токпен зақымдану аймағынан кіші қадамдармен немесе секіріп (аяқтың өкшесін бірге ұстап) шығыңыздар.

Су құбырының жүйесінде су жойылған кезде осыған дейінгі барлық ашық шүмектерді жабыңыздар. Тамақ дайындау үшін сатылатын ауыз суын пайдаланыңыздар, оның қауіпсіз екені туралы қорытынды алғанша дейін көздерден және басқа ашық тоғандардан суды пайдаланбаңыздар. Естеріңізде болсын, суды қайнатқанда көптеген биологиялық қоспаларды жояды. Суды тазарту үшін тұрмыстық тазартқыштарды, пайдаланыңыздар, түбіне күміс қасықты немесе монетаны салып, оны ашық ыдыстарда тәулік бойы тұндырыңыздар. «Қатыру» үшін ыдысқа су құйып тоңазытқыштың мұздатқыш камерасына қойыңыздар. Қата бастаған кезде мұздың жоғарғы қабатын алыңыздар, су жартылай қатқан кезде – қалдық сұйықтықты төгіңіздер, мұз еріген кезде пайда болған суды асқа қосыңыздар.

Орталық бумен жылытуды сөндірген кезде, үй-жайды жылыту үшін қолдан жасалған емес, тек қана заводта жасалған электр жылытқышты қолданыңыздар. Олай болмайтын болса өрттің болуы немесе электр қуатымен қамтамасыз ету жүйесінің істен шығуы мүмкіндігі жоғары болады. Естеріңізде болсын, пәтерді газдың немесе электр плитасының көбегімен жылыту трагедияға алып келуі мүмкін. Үй-жайдағы жылуды сақтау үшін терезе мен балкон есіктеріндегі тесіктерді қымтаңыздар, оларды көрпелермен немесе кілемдермен жабыңыздар. Отбасының барлық мүшелерін бір болмеге жайғастырыңыздар, басқаларын уақытша жауып қойыңыздар. Жылырақ киініңіздер және ОРЗ мен тымаудан профилактикалық емдік дәрілерді қабылдаңыздар.

Газдың кемуімен авариялар

Көптеген табиғи газдар адамдар үшін қауіптілік көздері болып табылады. Алайда ең қауіптісі метан (қалалық магистральді газ) және тұрмыста қолданылатын сұйықтандырылған мұнай газы (баллондағы). Газ кемігенде адам буынады, уланады және жарылысқа әкеп соғуы мүмкін, сондықтан да газ құралдарын, колонкаларды, пештерді қолдану ережелерін білу және бұлжытпай сақтау қажет.

Магистральді газ кеміген кезде қандай әрекет жасау керек

Үй-жайда газдың иісін сезген кезде, бірден оның плитаға берілуін тоқтатыңыздар. Бұл ретте пәтерде жиналған газды ұшқын жандырмауы және жарылыс тудырмау үшін, темекі шекпеңіздер, сіріңке жақпаңыздар, свет пен электр құралдарын қоспаңыздар (орналастыру қалқаншасында электр көздерін сөндіріп, барлық пәтерді залалсыздандырған дұрыс болады).

Газдалған бөлмені ғана емес, барлық есік пен терезелерді ашып, барлық пәтерді барынша желдетіңіздер, Үй-жайдан кетіп қалыңыздар және газдың иісі кеткенше дейін оған кірмеңіздер.

Айналаңыздағыларда газбен улану нышандары пайда болған кезде оларды таза ауаға шығарыңыздар және бас жақы аяғынан жоғарырақ қалыпта жатқызыңыздар. Жедел медицианық жәрдемді шақыртыңыздар.

Газдың иісі кетпей жатса, тез арада тәулік бойы   жұмыс   істейтін, (104 телефоны) авариялық газ қызметін шақырыңыздар.

Газ баллондарын пайдалану ережелері

Үйден тыс жерде газ баллонды желдетілетін жерде, тік қалыпта сақтаңыздар, оны көмбеңіздер және жертөлеге қоймаңыздар.

Баллонды және газ трубкасын жылудан және күннің тура сәулесінен қорғау бойынша шаралар қолданыңыздар. Маңында от, жанған көмір, қосылған электр құралдары болған кезде газ баллонды ауыстырмаңыздар. Ауыстырар алдында жаңа және біткен баллон шүмегінің жабық екеніне көзіңіз жететін болсын. Ауыстырғаннан кейін қосылған жердің саңылаусыздығын сабын қоспасымен тексеріңіздер.

Баллонды газ плитасымен қосу үшін қауіпсіздік қыспа көмегімен бекітілетін, ұзындығы бір метр арнайы иілмелі резина шлангын қолданыңыздар. Оның созылуына немесе қатты қысылуына жол бермеңіздер.

Газ қондырғысының тексерілуін және жөнделуін білікті маманға жүктеңіздер.

Қолданылмайтын, толық, сондай-ақ бос баллондарды үйден тыс жерде сақтаңыздар.

Тамақ дайындау барысында, қайнаған сұйықтықтың отқа төгілмеуін және газдың кемуіне себеп болмауын қадағалаңыздар.

Жанғыштарын үнемі тазалап отырыңыздар, өйткені олардың бітеліп қалуы Бәленің себебі болуы мүмкін.

Өрттер мен жарылыстар

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ең таралған пайда болу көздері өрттер мен жарылыстар болып табылады, келесі жағдайдарда болады:

— кәсіпорын объектілерінде;

  • жеңіл тұтанатын, жанатын және жарылатын заттарды өндіру, сақтау және қайта өңдеу объектілерінде;
  • көліктерде;
  • шахталарда, тау-кен орындарында, метрополитендерде;
  • Тұрғын, әлуметтік-тұрмыстық және мәдени тұрғыдағы ғимараттар мен салынымдарда.

Өрт – бұл материалдық құндылықтарды жоятын және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, бақылаудан шығып кеткен жану процесі. Қазақстанда әрбір 4-5 минут өрт тұтанады және жыл сайын өрттен 1 мыңнан астам адам қаза табады.

Өрттің негізгі себептері: электр желісіндегі ақаулықтар, технологиялық режимнің және өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылуы (темекі шегі, ашық отты тұтату, жарамсыз құрылғыны пайдалану және т.б.) болып табылады.

Основными опасными факторами пожара являются тепловое излучение, высокая температура, отравляющее действие дыма (продуктов сгорания: окиси углерода и др.) и снижение видимости при задымлении. Критическими значениями параметров для человека, при длительном воздействии указанных значений опасных факторов пожара, являются

Өрттің негізгі қауіпті факторлары жылулық сәулелену, жоғары температура, түтіннің уландыру әрекеті (жану өнімдері: көміртегі оксиді және т.б.) және түтіндеген кездегі көрудің төмендеуі болып табылады. Өрттің қауіпті факторларының көрсетілген әрекеттерінің ұзақ уақыт әсер етуі кезінде, адам үшін ең маңызды параметрлері, келесілер болып табылады:

температура – 70 ОС;

жылуылық сәуленің тығыздылығы – 1,26 кВт/м2; көміртегі оксидінің концентрациясы – 0,1% мөлшерде; түтіндеу аймағындағы көрушілік – 6-12 м.

Жарылыс – бұл қысқа уақыт мерзімінде энергияның шектеусіз мөлшерінің босауымен ілесетін жану. Жарылысы айналасындағы заттарға соққылық механикалық әсер ететін, жарылыс соққы толқының дыбыстан аса жылдамдықпен пайда болуына және таралуына әкеп соғады (5 кПа аса артық қысыммен).

Жарылыстың негізгі зақым келтіруші факторлары ауалық соққы толқыны және түрлі объектілердің, технологиялық жабдықтардың, жарылғыш құрылғысының ұшатын сынықтарынан пайда болатын жарқыншақ даласы болып табылады.

Ескертулік іс-шаралар

Ескертулік іс-шаралар санына себптерді жойылуына бағытталған іс- шараларды енгізуге болады, олар өртті (жарылысты), өрттің таралуын шектейді (жою), өрт кезінде адамдар мен мүлікті эвакуациялау үшін жағдай жасайды, өртті уақытында анықтайды және олар туралы хабарлайды, өртті сөндіреді, өрт жою күштерін тұрақты дайындықта қолдайды.

Өндірістің технологиялық режимін сақтау, жабдықтарды, әсіресе энергетикалық желіні дұрыс жағдайда ұстау, көп жағдайларда жану себебін болдымайды.

Өрттің уақытында анықталуы өндірістік және тұрмыстық үй-жайларда автоматтық өрт сигнализациясының жүйелерімен жабдықталумен, кей жағдайларда, ұйымдастырушылық шаралардың көмегімен болуы мүмкін.

Өрттің бастапқы сөндірілуі (шақырылған күштер келгенше дейін) өртті сөндірудің автоматты құрылғыларымен жабдықталған объектілерде табысты орын алады.

Өрт және жарылыс кезінде қандай әрекет жасау керек

Жалынды көрген кезде өртке лезде ден қойыңыздар, отты сөндіру үшін барлық қолжетімді әдістерді қолданыңыздар (құмды, суды, өрт сөндіргішті және т.б.). Егерде қысқа мерзімде отты сөндіру мүмкіндігі болмаса, кәсіпорынның (егер болса) немесе қаланың (101 телефоны бойынша) өрт күзетін шақырыңыздар.

Эвакуация кезінде жанған үй-жайларды және түтіндеген жерлерді тыныс алмай, мұрын мен ауызды ылғалды матамен қорғап, тез өтіңізідер. Қатты түтіндеген үй-жайда өрмелеп немесе еңкейіп жүріңіздер – еденге жақын жердегі кеңістікте таза ауа көбірек сақталады.

Зардап шеккендерді іздегенде, оларды айқайлап шақырыңыздар. Егерде адамның үстіндегі киім жанып жатса, оны лақтырып тастауға көмектесіңіздер немесе жанып жатқанның үстіне көрпе жабыңыздар және жақсылап қысыңыздар. Егерде ауаның келуі шектелсе, жалын дереу тоқтатылады. Киімі жанған адамға жүгіруге жол бермеңіздер.

Жарылысқа қауіпті заттарға жақындамаңыздар және оған тиіспеңіздер. Жарылыс қаупі туған кезде бастарыңызда қолдарыңзбен жауап, терезелерден, әйнекті есіктерден, өтпелерден, баспалдақтардан алысырақ жерге іштеріңізга жатыңыздар.

Ғимараттар өртпен және жарылыстармен зақымданған кезде қабырғаларда, электр-, газ- және сумен қамтамасыз ету құбырларында қатты зақымдарды жоғына, газдың кемуіне, өрт ошақтарының болуына көздеріңіз жеткесін, абайлап кіріңіздер.

Егерде Сіздер жарылуға қауіпті объектіге жақын жерде тұрсаңыздар, абай болыңыздар. Кәсіпорындағы сиреналар мен үздік гудоктар «Барлығыңыз назар аударыңыздар!» дегенді белгіні білдіреді. Оны естіп, тез арада дауыс зорайтқышты, радиоқабылдағышты немесе теледидарды қосыңыздар. Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты хабарды тыңдаңыздар және нұсқауға сәйкес әрекет жасаңыздар.

Ғимараттың кенет құлауы

Ғимараттың кенеттен толық және бөлшектеп құлауы – бұл ғимаратты жобалау кезінде, құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде жобадан өзгеше кеткенде, монтаж ережелері бұзылғанда, ғимараттар немесе оның басқа бөліктерін қолданысқа ірі кемістіктермен берген кезде, ғимараттардың пайдалану ережелері бұзылғанда, сондай-ақ табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың әсерінен жол берілген кемшіліктердің себебі бойынша туындайтын төтенше жағдайлар.

Қирауға көбінесе лаңкестік актілерден болатын жарылыс, тұрмыстық газқұбырын қате пайдалану, отты байқаусыз пайдалану, ғимаратта жеңіл тұтанатын және жарылысқа қауіпті заттар септігін тигізеді.

Кенеттен қирау ғимараттың узақ уақытқа істен шығуына, өрттің пайда болуына, коммуналды-энергетикалық желінің бұзылуына, үйінділердің пайда болуына, адамдардың жарақ алуына және олардың өліміне алып келеді.

Ескертулік іс-шаралар

Ғимарат құлаған кезде әрекет жасау жоспарын алдын ала ойластырыңыздар және онымен өзіңіздің отбасыңыздың барлық мүшелерін таныстырыңыздар. Кенет құлаған кезде оларға әрекет жасау тәртібін және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін түсіндіріңіздер.

Қолжетімді жерде міндетті түрде толықтырылған медициналық аптечка және өрт сөндіргіш болуы керек. Улы химикаттарды, жылдам тұтанатын сұйықтықты және басқа қауіпті заттарды сенімді, жақсы оқшауланған жерде ұстаңыздар. Қажет болмаса газ баллонның пәтерде болуына жол бермеңіздер.

Электрді, газ бен суды шығыл өшіру үшін электр рубильниктерінің, магистральді газ және су құбырлары шүмегінің орналасу жерлерін біліңіздер.

Газ кемуінің кішкене белгісі болған кезде оның пәтерге кіруіне жол бермеңіздер, үйді желдетіп, 104 телефоны бойынша «Горгаз» қызметіне хабарлаңыздар. Газдың толық желдетілуіне дейін оттың ашық көздерімен, электрсөндіргіштерімен және электр тұрмыстық құралдармен пайдалануға кесімді тыйым салынады.

Ғимараттың коридорын, баспалдақ алаңшаларын, авариялық және өрт кезінде шығу орындарын бөгде заттармен үймеңіздер. Құжаттарды, ақшаларды, қалта фонаригінжәне қосалқы батареяларды ыңғайлы жерде ұстаңыздар.

Ғимарат кенет қүлаған кезде қандай әрекет жасау керек

Жарылыс естісеңіздер немесе ғимараттың өз тұрақтылығын жоғалтып жатқанын сезсеңіздер, құжаттарды, ақшаны және ең қажетті заттарды алып, одан тез арада шығып кетуге тырысыңыздар. Үй-жайдан кетіп бара жатып, лифтпен емес баспалдақпен түсіңіздер, өйткені ол кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Эвакуация кезінде дүргіліске, қыспаққа жол бермеңіздер, бірінші қабаттан жоғары орналасқан балкон мен терезеден, сондай-ақ әйнектенген терезе арқылы секірейін деп жатқандарды тоқтатыңыздар. Далада болғанда, ғимараттың қасында тұрмаңыздар, ашық жерге өтіңіздер. Егерде Сіздер ғимараттың ішінде болсаңыздар, және бұл ретте одан кетуге мүмкіндік болмаса, онда ең қауіпсіз жерге тұрыңыздар: ішкі қабырғалардың ойығына, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштарға, қаңқаның арқалықтарының астына. Егерде Сіздермен балалар болса оларды өздеріңізбен жабыңыздар. Қажет болған жағдайда өздеріңізге шығатын жерді қамтамасыз ету үшін пәтердің есігін ашыңыздар. Дүргіліске жол бермеңіздер және сабыр сақтаңыздар, қасыңдағы адамдарды жігерлендіріңіздер. Терезелерден, электр құралдарынан алысырақ болыңыздар, тез арада суды, электрді және газды сөндіріңіздер. Егерде өрт пайда болса, бірден оны сөндіруге тырысыңыздар. Құқықтық тәртіп органдарының өкілдерін, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді, құтқарушыларды. Балконға шықпаңыздар. Сіріңкені пайдаланбаңыздар, өйткені газдың кему қаупі болуы мүмкін.

Терроризмге қарсы қызметті авариялық құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету

Терроризмге қарсы қызметті авариялық құтқару тұрғысынан тиімді қамтамасыз ету мақсатында:

  • инженерлік, радиациялық, химиялық және медициналық-биологиялық қорғану іс-шараларын іске асырудың басқару мен хабарлау жүйелерін жетілдіру;
  • террорлық әрекеттердің қаупі кезінде және олардың зардаптарын жою кезінде шапшаң жиналып қозғалатын күштер мен құралдардың тиімді жүйесін құру қажет;
  • террорлық әрекеттердің зардаптарын жою үшін қажетті материалдық құралдардың жеткілікті ресурстары мен резервтерін салуды қамтамасыз ету;
  • терроршылардың қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану жағдайында, оның ішінде шет елде құтқарушыларды дайындау жүйесін дамыту;
  • төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде Министрліктің басқару қызметтері мен органдарының басқа қуатты құрылымдармен қызметін үйлестіру бойынша іс-қимылдарын ұштау қажет.

Үйіндіде қандай әрект жасау керек

Терең дем алыңыздар, дүргіліске жол бермеңіздер және еңселеріңізді түсірмеңіздер, ең маңызды нәрсеге көңіл бөліңіздер, қайткен күнде де тірі қалуға тырысыңыздар, міндетті түрде көмек келетініне сеніңіздер. Мүмкіндік болғанша өздеріңізге алғашқы көмек көрсетіңіздер. Жағдайға бейімделуге және жан-жаққа қарауға, шығатын жерді табуға тырысыңыздар. Қайда екендеріңізді анықтауға, басқа адамдардың бар екенін білуге тырысыңыздар: тыңдап, дауыс беріңіздер. Естеріңізде болсын, егерде қажетсіз энергия жұмсалмаса, адамның шөлге және әсіресе аштыққа узақ уақыт шыдауға мүмкіндігі бар. Жарық немесе дауыс белгілерін беруге көмектесетін заттарды қалталарыңыздан немесе жақын жерден іздеңіздер (мәселен, фонраик, айна, сондай-ақ тұрбаға немесе қабырғаға соғуға болатын металл заттарды, онымен назар аудартуға болады). Егерде жалғыз жол тар тесік болса – ол арқылы сығылып өтіңіздер. Ол үшін шынтақтарыңызды денелеріңізге жақындатып, бұлшық еттеріңізді босаңсыту және қозғалу қажет.

ТЖ кезінде алғашқы қажеттілік заттар

Мүмкін болатын төтенше жағдайға дайындық кезінде тірі қалу үшін ең қажетті заттар: таза су, тамақ, таза ауа және жылу туралы ойлаңыздар.

Алғашқы қажеттлер қатарына енгізуге ұсынылатын заттар:

Су, адамға күніне 4 литрден кем болмайтын, ішу және санитарлық іс- шаралар үшін үш күндік қор есебінен

Тамақ, бүлінбейтін азық-түлік қоры, кем дегенде үш күнге

ТЖ қызметтерінен хабарды қабылдау үшін батарейкадан немесе қолдан жұмыс істейтін радиоқабылдағыш, қосымша батарейкалар жинағымен

Фонарь және оған қосымша батарейкалар

Алғашқы көмек аптечкасы

Көмек туралы белгі беру үшін ысқырғыш

Ластанған ауаны тазарту үшін шаңға қарсы респиратор, пана құру үшін полиэтиленді пленка және желім лентасы

Ылғалды салфеткалар, жеке санитарлық қажеттілік үшін қоқыс пакеті Коммуналдық жүйені өшіру үшін кілт пен қысқыш

Тамақты банканы ашу үшін консервілік пышақтар (егерде жинақта консервілер бар болса)

Жергілікті карталар

Заряд құрылғысымен ұялы телефон

Алғашқы қажеттілік заттар жинағына қосуға болатын қосымша заттар:

Жазылған медициналық дәрілер мен көзілдірік; Бала тағамы және подгузниктер;

Үй жануарлары үшін азық және сіздің жануарыңыз үшін азықтың қосымша қоры;

Су өтпейтін көшірілмелі контейнердегі жеке басының куәлігі, сақтандыру және банктік құжаттар сияқты маңызды отбасылық құжаттар;

Қолма қол ақша;

Төтенше жағдайларда әрекет жасау нұсқауы;

Әрбіреуі үшін төсек-қап немесе жылы көрпе. Егерде сіздер суық климатты жерде тұрсаңыздар, қосымша төсек-орын жабдықтарын алыңыздар;

Толық ауыстырылатын киім, оның ішінде ұзын жеңді көйлек, шалбар мен мықты аяқ-киім. Егерде сіздер суық климатты жерде тұрсаңыздар, қосымша киім алыңыздар;

Хлорлы ағартқыш және медициналық пипетка – Ағартқышты дезинфекциялық дәрі ретінде қолдануға болады (ол үшін ағартқыштың бір бөлігін судың тоғыз бөлігіне араластыру қажет). Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде ағартқышты суды тазарту үшін пайдалануға болады (шаруашылық қажеттілік үшін 5 л суға кәдімгі сұйық ағартқыштың 15 тамшысын). Түрлі-түсті заттар үшін немесе детергенттерді қосумен хош иісті ағартқыштарды пайдаланбаңыздар;

Өртсөндіргіш;

Су өткізбейтін қораптағы сіріңке; Жеке гигиеналық заттар;

Асханалық құралдар жинағы, қағаз стакандар, тарелкалар, пластикалық шанышқы, пышақтар, қасықтар, қағаз орамалдар;

Қағаз бен қарындаш.

Ақпараттандыру, байланыс, хабарлау

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесін орнықты басқару үшін бейбіт және соғыс уақытында халыққа хабарлаудың кіріктірілген жүйесі бар, ақпарат туындаған көздерден дәл уақытында ақпарат беру мүмкіндігімен тиімді бірыңғай ақпараттық-коммуникациялық орта құру орынды. Осы міндетті шешу үшін осы заманғы (оның ішінде ұтқыр, ғарыш) байланыс құралдарын енгізу, Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесінің бағдарламалық-техникалық құралдарын дамыту және жаңарту (осы заманғы ақпараттық технологиялар негізінде) қажет.

Ол жұмыс істеу үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, сондай-ақ геоақпараттық технологияларды енгізу, ғарыштық мониторинг деректерін өңдеу және жедел қолдану бойынша басқару құжаттамасының бір ізге түсірілген жүйесін және ақпаратты жіктеу және кодтау біртұтас жүйесін құру қажет.

Өкілеттіктерді орталықсыздандыру процесінде төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы аудандық (қалалық) және облыстық ақпараттандыру, байланыс және хабарландыру құралдарының жоғарыда аталған біртұтас ақпараттық-коммуникациялық ортаға толық кірігуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге, әлеуетті қауіпті объектілердің барлық иелері өндірістік авариялар мен апаттар туындаған жағдайға жергілікті халықты хабарландыратын жергілікті автоматтандырылған жүйелерді орнатуы қажет.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close