Қоғам

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ КЕЗЕКШІЛІКТІ, ХАБАРЛАУДЫ, БАЙЛАНЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Төтенше жағдайдың зардабын жоюда құтқарушылардың негізгі міндеті – зардап шегушілерді жедел іздеу жəне оларға дер кезінде көмек көрсету.

ТЖ ІҚЖ сəтті өткізудің ең маңызды элементі басқару – ІҚЖ ұйымдастыру, үйлестіру, жетекшілік ету мен өткізу бойынша іс – шаралардың жиынтығы болып табылады.

ІҚЖ басқарудың басты мақсаты – барынша қысқа уақытта, минималды шығынмен жəне залалмен, ІҚЖ толық жиынтығын жедел жүргізу бойынша күштер мен құралдардың тиімді қызметіне жағдай жасау.

ІҚЖ басқарудың негізгі міндеттері:

  • ақпарат жинап, оны талдау жəне өндеу, нақты жағдайға баға беру, шешім қабылдау, жұмыстарды жоспарлау;
  • жағдайдың үздіксіз мониторингі, болжамдарды өндеу жəне нұсқаларын дамыту;
  • шынайы жағдайды бағалау, жұмыс жоспарының көлемін, сипатын өзгерісін анықтау;
  • ТЖ факторының қауіптілік деңгейлерін, қауіпті аймақтар шекарасын анықтау;
  • күштер мен құралдарды есептеу;
  • міндет қою жəне оны орындаушыларға жеткізу;
  • барлық ІҚЖ қатысушыларының арасындағы үйлесімділік пен əрекеттестікті қамтамасыз ету;
  • жұмыстың нəтижесін талдау, түзетулер енгізу, тапсырманың орындалуын бақылау.

ІҚЖ басқару жүйесінің жоғарғы буыны Дағдарыс орталығы болып табылады. ІҚЖ басқару жүйесінің ТЖ кезінде тиімді іс – қимыл жасауы үшін арнайы басқару пункттері құрылады, олар байланыс құралдарымен жабдықталған жəне техникамен жəне көлікпен қамтамасыз етілген. Олар тұрақты жəне жылжымалы да бола алады.

ІҚЖ – ға қатысатын барлық күштер мен құралдарда басқаруды, олардың əрекеттестігін ұйымдастыруды, қауіпсіз жағдайды қамтамасыз етуді ІҚЖ басшысы жүзеге асырады.

ІҚЖ басшылығының негізгі қағидаты жеке дара басшылық ұстанымы болып табылады. Бұл жұмысқа қатысушылардың барлығы басшыға бағынатындығын жəне қабылданатын шешімдердің мүлтіксіз орындалатындығын білдіреді.

Қойылған міндеттерді жедел шешу мақсатында қызметте кезекшіліктердің келесі түрлері ұйымдастырылады:

  • тұрақты, тəулік бойы;
  • іздеу – құтқару жұмыстарын жүргізу мерзімі;
  • ТЖ болуы ықтимал кезеңде;
  • жоғарыдағы басшылықтың бұйрығы бойынша;

Кезекшіліктің түрін ІҚҚ басшысы нақты жағдайға байланысты белгілейді сонымен бірге кезек ету графигін де бекітеді.

Кезекшілердің негізгі міндеті ақпарат алу, оларды мекемелерге тапсыру, қызметкерлерге хабарлау, жедел іздестіру – құтқару жұмыстарын өткізуге жəне дайындыққа қатысу.

Құтқарушылар мен қызметкерлерді хабарландыру радио жəне телефон байланыстары арқылы, шақыру құрылғылары жəне шабармандар жіберу арқылы жүргізіледі.

Байланыс – бұл нақты ұйым мен іздестіру – құтқару жəне авариялық – қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB жəне УКВ радиостанциясы командалық – штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді.

Радиохабарды өткізу тəртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция, байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытта құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы:

  • байланыс құралдары   мен   жеке   құрамды   ТЖ   – ның зақымдаушы əсерінен қорғауды;
  • талап етілген байланысты уақытында орнатуды жəне басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді;
  • байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын;
  • ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін;
  • байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам əрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында беріледі, олар келгенде болған жағдайға сəйкес анықтай алады.

Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио – радиожелілік жəне сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек.

Радиобайланыс радиобағыт жəне радиожелісі арқылы тəулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – бір полюсті модуляция тəртібіндегі телефон

(БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – модуляциялық жиілік тəртібіндегі телефон (ЖМТ).

Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша жəне ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу жəне далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі – бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады.

ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді жəне тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен жəне басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едəуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ жəне УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады.

Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның əртүрлі қысылтаяң – ерекше факторларының əсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛЖУЫ

Құтқарушылар қызметінің кəсіби ерекшелігінің бірі олардың ІҚЖ өткізу орнына қарай жəне тікелей ТЖ аймағына жылжуы.

Құтқарушылардың ІҚЖ өткізуге қатысулары туралы шешім қабылданған соң, оларды жұмыс орнына жеткізу тəсілдерін анықтайды. Сонымен қатар, жасақтың орналасқан жері мен жұмыс орнының арақашықтығын, ТЖ сипатын, құтқарушылардың жəне қажетті техникалар мен қолда бар көлік құралдарының санын ескеру керек.

Құтқарушылар мен жүктерді жеткізудің негізгі көлігі автомобильдер, поездер, ұшақтар, су кемелері болып табылады. Құтқарушылардың жылжуы оларға арналған адамдар мен жүктерді тасу жөніндегі нұсқаулықтар мен ережелердің талабына сəйкес жүзеге асырылады. Аталған құжаттарда көлік құралдарын тиеу (түсіру), жолаушыларды орналастыру, қауіпсіздік техникасы, қозғалыс жылдамдығы талаптары егжей – тегжейлі баяндалған.

Құтқарушылардың ойлы — қырлы жерлерде жылжуы.

Ойлы – қырлы жерлер деп, биік таусыз үстіртті, ойпатты жерлерді айтады. Оған жағдайдың əр түрлілігі тəн, соның ішінде тегіс жерлерімен бірге, қыраттар, төбелер, сайлар, жазықтар, көлдер, су айдындары, өсімдіктер жатады. Бірыңғай үстірт жерлерде жылжу ұзындығы мен жиілігі шамамен бір қалыпты                 адыммен сипатталады. Аяқты көтерген жағдайда бұлшық етті барынша бос ұстау қажет. Аяқты жерге түсіргенде бұлшық ет қайтадан қатаяды. Тобықтың, аяқ буындарының зақымдануынан қашу үшін аяқты қисайтпай, күшті табанға түсіріп аяқты тік ұстау керек. Тізені сəл бүгіп жүрген дұрыс.

Қадамның алшақтығы мен жиілігі ол əр адамда əртүрлі жəне ол көптеген факторларға: бойға, салмаққа, күшке, тəжірбиеге, адамның жаттығуына, жер бедеріне, көтерген жүктің салмағына байланысты. Тік жерлерде қадам ұзындығы жартысынан көбіне қысқарады, кейде ол аяқтың тұрқымен тең немесе одан да қысқа болуы мүмкін. Тегіс жерлермен жылжу кезінде орташа жылдамдық сағатына 4-5 км, ал орман ішінде, батпақта, бұталар арасында, нулы жерде, қарда, құмда жылжу кезінде жылдамдық азаяды.

Құтқарушылардың қорым (таудан құлаған майда тастар) үстімен жылжуы. Беткеймен жылжуды жеңілдету үшін аңдардың сүрлеулерін, ойдым – ойдым шұңқырларды, жатқан сенімді заттарды, мұз жарғыштарды қолдану керек. Тастың құлауы мүмкін болғандықтан. қорым үстінде жүргенде ерекше назар аудару керек. Қорымдар аяққа жайлы жəне жайсыз, ұсақ, орташа. ірі тастардан тұрады.

Үйінді жағдайындағы жылжулар. ІҚЖ жүргізу құтқарушылардың үйінділердің үстімен жылжу қажеттілігін тудырады. Жолда сенімсіз элементтер мен қосымша кедергілер болмаған жағдайда жұмыс орнына жылжудың ең қысқа төте бағыты таңдалып алынады.

Құтқарушылар үйіңді жағдайында жылжу кезінде өте сақ болу керек, өйткені онда:

  • зардап шегушілер жəне материалдық құндылықтар;
  • ғимараттың құламай қалған бірақ құлау қаупі бар бөліктері мен элементтері;
  • қуыс жəне олардың шөгіп қалуы;
  • бос қалған жерлерде жанғыш жəне жарылу қаупі бар газдардың жиналуы нəтижесіндегі жарылыстар;
  • өрт жəне түтін, бұзылған коммуналдық желі мен өнім құбырлары;
  • зиянды заттар, соның ішінде ҚƏУЗ сияқты көптеген күтпеген оқиғалар болуы мүмкін.

Үйіндіге тікелей жақын жылжу кезінде аман қалған құрылысқа назар аудару керек, өйткені олар өте қауіпті. Бұл олардың кенеттен құлап қалу мүмкіндігімен байланысты. Бұзылған коммуналдық шаруашылық жүйесінің де қаупі аз емес. Жекелеген жағдайларда өрт қаупі, жарылу қаупі немесе уланудың қаупі болады.

Үйіндінің үстінен жылжу кезінде қолайлы жəне қауіпсіз маршрутты таңдайды. Мұндайда аяқ басатын жерге ерекше назар аударады. Сенімді деген затты ғана басу керек. Кейбір жағдайларда жолдан тақтайларды, құбырларды, арматураларды құрылыстың қалдықтарын алып тастау керек. Үйінділердің үстімен жылжу кезінде мұқтаждық болмаса бұзылған ғимараттардың ішіне кіруге, олардың жанында тұруға болмайды. Үйінділердің үстімен жүгірудің, секірудің, оған ауыр заттар лақтырудың керегі жоқ. Бұл құтқарушыларды жарақаттауы мүмкін жəне зардап шеккендердің денсаулығы мен өміріне қосымша қауіп төндіреді. ІҚЖ жүргізу аймағында кейбір қираған құрылыс болған жағдайда оның ішінде қалған адамдарға көмек көрсету қажет. Осыған байланысты құтқарушылар құрылыстың сенімділігін бағалаулары, жылжудың əдістерін анықтаулары, зардап шеккендерді шығаруы жəне көшірулері керек.

Қысылысу жағдайындағы жылжулар. Құтқарушылардың ІҚЖ өткізу кезінде қысылысу жағдайында жүрулеріне тура келеді (тар жер, құдық, жарық, құбыр). Мұндай жылжудың ерекшелігі: бір бүйірлеп қырымен, арқасымен, төрт аяқтап ыңғайсыз қалыпта жылжумен жүзеге асуы. Бұған клаустрофобия негізінде пайда болған жабық кеңістіктегі үрей, үнемі қорқыныш сезімінде болумен байланысты психологиялық дискомфортты қосу қажет.

Ереже бойынша, жабық кеңістікте уландырғыш жəне жарылу қаупі бар заттар жиналады жəне онда жарық болмайды.

Қысылыс жағдайындағы жұмыс арнайы құралдармен немесе оқшауланған газқағармен жұмыс аймағындағы ауаны тексергеннен кейін жүргізіледі. Қысылыс жағдайында болған құтқарушы арқанмен сақтандырылуы керек. Жұмыс орны мен баратын жолына жарық түсіру үшін арнайы фонарлар қолданылады.

Қарда жылжу. Құтқарушылар қарда – жаяу, шаңғы, шана, қарда жүргіш, жол талғамайтын техникаларды қолданып жылжуды жүзеге асырады.

Кең таралған тəсілдің бірі – жаяу жүру. Оның жылдамдығы қар жамылғысының биіктігі мен құрылымына, жер өзгешелігіне байланысты. Қар жамылғысының биіктігі 0,3 м жəне одан да көбірек болса, жаяу жылжу ауыр болады. Бұл жаңа жауған қарда немесе қар жатқан жекелеген шұңқырларда тұтас жол салу ерекшелігімен байланысты. Бұның бəрі көп күшті қажет етеді жəне тез шаршатады. Сондықтан терең қарда жаяу жылжу кезінде алдыда жүрген құтқарушыны жиі ауыстырып отыру қажет. Қар аяқ киімге түспес үшін шалбар киіп, оның балағын төменгі жағынан байлап қою керек.

Құтқарушылардың қарда жылжу жылдамдығын арттыруға жəне уақытты үнемдеуге арнайы ыңғайлы қар да киетін аяқ киім (снегоступтар) көмектеседі. Олар қалыңдығы 7 мм, ұзындық пішіні 420 мм жəне ені 200 мм қырлы сопақша ағаш рамадан жасалған. Рама ернеуінен диаметрі 8-9 мм 20-25 тесік тесіледі, сол арқылы ремен баулармен айқастырылып байланады. Жасалған торға брезент немесе 80 х 270 мм өлшемді тығыз мата жəне снегоступтарды байлап қоятын шығыршық бекітіледі.

Кейде қардың үстіне қабыршақ – мұз жамылғысы пайда болады. Ол қалың қатты жəне шамадан тыс тайғанақ болады. Құтқарушылардың мұз – қатқақпен жылжуы жоғарғы дəрежедегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды жəне арнайы құрылғыларды қолдануды талап етеді (имек темірлер, тіреуіштер). Құтқарушылардың қар басқан беткейлерде жылжуына ерекше көңіл аударулары керек. Мұндай жағдайларда міндетті түрде альпеншток, мұз жарғыш, сырғанамайтын ыңғайлы аяқ киімдерді пайдалану керек. Қалың қарда мұз жарғыш қалақпен, аяқтың ұшымен немесе бəтеңкенің өкшесімен тесіп тепкішек жасауға болады. Қарлы беткейде құлаған кезде құтқарушы ішімен айналып, беткейге бетін қаратып отырып, аяғын жинап, аяғының ұшымен беткейді тірей отырып, козғалысты тоқтатуы керек.

Кейбір жағдайларда құтқарушылар ІҚЖ өткізу орнына шаңғы арқылы жетеді. Кедір – бұдыр жерлерде туристік шаңғыны қолдануға болады, олардың жұмыс беті үлкен жəне аяқтың ұшы мен өкше жағы жалпағырақ. Онымен қалың қарда еркін жүруге болады, оларды көп кедергілер (ағаштар, бұталар, тастар) арасында меңгеру оңай. Таудан түсуге немесе шаңғымен жылжуға спорттық (жүгіретін) шаңғылар қолданылады.

Барлау жасау, зардап шеккендерді іздеу жəне оларды тасымалдауда, құтқарушыларды жəне жүктерді жұмыс орнына тасуға қарда жүргіштер, жол талғамайтын көліктер жəне тау шаңғылары қолданылады.

Мұздағы жылжулар. Құтқарушылардың мұзбен қозғалулары оларға жоғары талап қояды: қауіпсіз мұздың қалыңдығы тұщы суда 10 см жəне ащы суда 15 см болып есептеледі. Мұздың қалыңдығын анықтау үшін оны бұрғылау (ою) керек.

Мұздың сенімділігін анықтау үшін салмағы жеңіл бір құтқарушыны қауіпсіздік мақсатында міндетті түрде арқанмен сақтандырып оны мұз үстімен

жүргізу қажет. Егер мұз өзіне тəн дыбыстар шығарса, онымен жылжу кезінде сытырласа онда жүруге болмайды. Мұз сынған жағдайда міндетті түрде ауыр киімдерді тастап, мұздың үстіне шығып ішімен жатып, шаңғыға немесе шаңғының таяғына сүйеніп, жағаға қарай еңбектеу керек.

Бетін қар немесе су жапқан мұздың үстінде жүру кезінде сақ болған жөн. Бір мұздан екінші мұзға секіру кезінде тіреуіштер мұздың шетіне 50 см жақын болмауы керек. Мұзда бірнеше адам топталып алуға немесе жүкті бір орынға үйіп жинап қоюға болмайды. Мұзбен жүрушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз арасы 5м жəне одан да көбірек болу керек.

Мұз шоғырларында жылжу кезінде тек қана мықты мұз сеңін ғана басу керек. Көктемдегі еру кезінде мұздың бетіне су молырақ жайылады, мұз кеуекті жəне нашар болады, Мұндай мұзбен жылжуға болмайды. Олардан жүзу құралдарының көмегімен өту керек. Құтқарушылар мұзбен жылжу кезінде табаны сырғанамайтын аяқ киімдер немесе арнайы сырғанамайтын құрылғы пайдалану керек. Егер мұздың бетін еріген су басса, онда рифленген табанды резеңкелі аяқ киім кию қажет.

Негізі қауіп мұз басқан батпақтан келеді. Олардың бетінде жұқа мұзды

«саңылау» жиі қалады ол адам салмағынан сытырлап сынады. Балдыр шөппен, ағаш өскіндерімен немесе бұталармен жабылған батпақтар нашар қатады. Дөңесті батпақтар біркелкі қатпайды. Ереже бойынша, батпақтың ортасы оның шетінен жақсы қатады. Қалың қар қабатымен жабылған батпақтар өте қауіпті ондағы су баяу жəне əрелкі қатады.

Батпақтарда жылжу. Батпақ деп – тұрып қалған сулар мен ерекше өсімдіктері бар жерді айтады. Батпақтар сазды, сағалы, орманды, шым тезекті болады.

Батпақтың үстімен құтқарушылар жүрген кезде, ол адам өміріне өте қауіпті болғандықтан тиісті шаралар қарастырылуы керек. Жабысқақ топырақ, су, өсімдіктер, томарлар, батпақты телімдер, үнемі қорқыныш сезімі, құтқарушыларға жайсыздық туғызады. Су мөлшерінің көптігі киімдердің, аяқ киімдердің, керек жабдықтардың су болуына əкеледі. Батпақпен жүру жылдамдығы өте баяу. Құрғақ қырат жерлердің болмауынан от жағу тіпті мүмкін емес.

Жылжу алдында жергілікті тұрғындардан батпақтың «сипатын», соқпақ жолдарды, батпақты жерге салынған құрғақ жолдарды, қауіпті учаскелерді қалай айналып өту қажеттігі туралы ақпарат алу қажет. Барлық киімдер су өткізбейтін матамен оралу керек. Жол қапшықтың бауын барынша босату керек. Құтқару кеудешесі болса, оны киуі тиіс. Денеге поролонды кілемшелерді бекітіп қоюға болады, ал аяқ киімді аяққа мұқият байлап қою керек.

Батпақпен жүретін құтқарушылардың арасы 5-7 м болу керек. Алдағы жүрушіні арқанмен сақтандыру керек. Қозғалысқа қатысушылардың бəрінде тереңдікті өлшеу үшін ұзындығы 3-4 м сырықтар, түбін қармалаушылар, тепе – теңдікті ұстайтын жəне құлаған жағдайда тірейтін тіреуіштері болу керек. Сырықты оңтайлы жағдайда кеуде алдына жерге қатарластыра ұстап жылжуға перпендикуляр бағыттайды. Батпақ пен мүкті алқаптарда, бұталармен немесе тамырлы өсімдіктер арқылы томардан томарға секіре жылжуға болады.

Қадамдар қысқа болу керек, бір орыңда тоқтап қалуға болмайды. Тек қана қапы жерлерде немесе ағашы бар жерлерде ғана дем алуға болады. Батпақта жалғыз жүруге болмайды.

Егер адам батпаққа құласа, онда оған жол қапшығын тастап, көлденең жағдайға түсіп, қадаға сүйенуі керек. Бірден шұғыл қимыл жасамай, тырбаңдамай жайлап шығу керек. Зардап шегушіге арқанды немесе сырықты қолданып көмек көрсету қажет. Зардап шегушіге жақындау кезінде құтқарушы арқанмен сақтандырылу керек.

Батпақ арқылы жүруді жеңілдету үшін құтқарушылар фанер кесектерінен, бұталардан, жеңіл металлдардан жасалған «батпақта жүргіштерді» қолдана алады. Батпақта жүргішті аяққа бекіту, олардың қажетті жағдайда тез шешілуін қамтамасыз ету қажет. Құтқарушылардың батпақпен жылжу кезінде жолындағы ағаштарды белгілермен таңбалап, бұталарға бұйымдар, қарақшылар іліп жүруі керек.

Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуы. Үңгір – жердің үстіңгі бетінде ашылатын бір немесе бірнеше саңылаудан кіретін жер қабатының жоғарғы қалыңдықтағы қуысы. Егер үңгірдің ені мен биіктігі оның ұзындығынан артық болса, онда ол үңгір деп аталады. Тік қуыстың тереңдігі 20 м кем болса құдық, ал 20 м артық болса шахта деп аталады.

Үңгір еріген су мен қардың əсерінен, бүлінген су тасқындарынан, адам əрекеттерінің нəтижесінде пайда болады. Жанар таулы, мұзды, тұзды, теңізді, үңгірлер бар.

Үңгірлер түрлеріне қарай цилиндрлі, конусты, саңылаулы, күрделі (құдық жəне шахта) болады. Орналасуы бойынша – көлденең, еңкіш, тік. Үңгірлер бір қабатты жəне көп қабатты болады. Құтқарушылардың үңгірлерде жылжуының ерекшелігі толы қараңғылық пен жүз пайызды ауа дымқылдығымен белгіленеді. Қараңғыда қашықтықты дұрыс бағаламағандықтан жəне тастардың орнықсыздығынан тастан тасқа, кемерден кемерге секіруге болмайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арқандар мен сатылар қолданылады. Үңгірлерді арнайы үңгірге арналған шамдармен, фонарлармен жарықтандырады.

Үңгірлерде жылжудағы негізгі қауіп – қатер табиғи опырылып құлаулар жəне тас құлаулар, ластанған ауа, қолда бар су қоры, адасу мүмкіндігі, түтін шығулар, тар жолдар, психикалық шалдығулармен байланысты.

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІ БАҒДАРЛАУ 

Құтқарушылардың маңызды кəсіби шеберлігі жергілікті жерге бағдар жасау болып табылады. Бағдарлау – өзіңнің тұрған жерінің көкжиек жағына қарай шамамен анықтау. Солтүстік (N), Оңтүстік (S), Шығыс (О), Батыс (W). Бағдарлауды құбылнамамен (компаспен), аспан шырақтарымен, жұлдыздармен, айналадағы заттармен, жер белгілерімен, топографиялық карталармен жүзеге асыруға болады.

Көкжиек жағын құбылнамамен (компаспен) анықтау.

Қолда бар дұрыс істейтін құбылнама көкжиек жақтарын анықтаудағы барлық тəжірбиелік мəселелерді шешеді. Оны қолданудың əдісі жалпыға мəлім. Құбылнаманың дұрыстығын тексеру үшін тіліне металды затты апарып тигізеді де оны тепе – теңдікті қалыптан шығару арқылы тексереді. Металды затты алғаннан кейін тіл бастапқы жағдайына түсуі керек. Егер тіл бастапқы жағдайға түспесе онда мұндай құбылнаманы қолдануға болмайды.

Көкжиек жағын аспан шырақтарымен анықтау.

Күннің шығып тұрған ауа райының ашық кезінде көкжиек жағын күн арқылы анықтауға болады. Таңғы сағ.7-де күн шығыста, ал caғат 13-те оңтүстікте, сағ. 19 шамасында батыста болады. Қолда сағат бар болса, көкжиек жағы келесі түрде анықталады. Сағат тілі күнге бағытталуы қажет, бұл жағдайда сағат тілі мен «1» цифрын бөлетін бұрыштың тік сызық циферблаты оңтүстікті көрсетеді. Сағат жергілікті уақытты көрсетуі керек.

Тəуліктің түнгі мерзімінде бұлт пен тұман болмаған кезде көкжиек жағын Поляр жұлдызы арқылы анықтауға болады. Поляр жұлдызы үнемі солтүстікте болады жəне жұлдыздардың арасында өзінің жарығымен бөлек шығады. Поляр жұлдызын аспаннан іздеу үшін 7 жарықжұлдыздан тұратын «ожау» Жетіқарақшыны табу керек. Егер ойша соңғы жұлдыз арқылы тура сызық жүргізіп жəне жұлдыздар арасына бес есе қашықтықты белгілесе бесінші бөліктің соңында Поляр жұлдызы болады.

Орманда көкжиек жағын орман шаруашылығын жүргізетін жүйелер арқылы (қара жолдар, кварталды бағаналар) анықтайды. Қара жолдар солтүстіктен оңтүстікке жəне батыстан шығысқа қарай бағытта кесіледі. Қара жолдардың қиылысқан жерлерінде кварталды бағаналар орналасқан, онда квартал нөмері көрсететін цифрлар жазылған. Екі ең кіші цифрлар шегі үнемі солтүстікке бағытталған.

Ормандағы сенімді бағыт сілтеуші, ағаш бағаналарындағы таңбалар. Олар адам кеудесінен биігірек, соқпақтардың (жолдардың) оң жағына қарай қойылады.

Ағаштардағы бірнеше таңбаларға қарап жол немесе тұрақтың жақындығын білуге болады.

Көкжиек жақты шамамен жергілікті белгімен жорамалдауға болады. Жеке тұрған ағаштардың қабықтарының солтүстік бетін мүк басқан. Қайың қабығының солтүстік бетінде ашық қара дақтары мен жарықтары аз болады. Көктемде оңтүстік бетте қар тез ериді. Құмырсқалардың илеулері мен аралардың ұялары ағаштар мен тастардың оңтүстік бетінде орналасқан. Көктемде құс керуендері оңтүстіктен солтүстікке, ал күзде кері бағытта ұшады. Тастардың, жартастардың, ағаштан жасалған шатырлардың, əдетте солтүстік бетін мүк басады. Қылқан жапырақты ағаштардан шайыр бөлінеді жəне əдетте оңтүстік бетінен көп жиналады. Ең əуелі оңтүстік беттегі жидектер мен жемістер мерзімінен бұрын пісіп жетіледі.

Жергілікті белгілермен бір – екі рет бақылау жасап, көкжиек жақтың орналасу бағдары туралы үзілді – кесілді жорамалдауға болмайды. Жорамалды алғашқы қорытындыны қайта – қайта тексергеннен кейін жасауға болады.

Топографиялық карталар. Құтқарушылар жергілікті жерді топографиялық картаның көмегі арқылы бағдарлай білулері керек. Топографиялық карта шартты белгінің көмегімен түсірілген қағаздағы нақты ақпаратты көрсетеді. Топографиялық карта арқылы жерді зерттеуге жəне бағалауға, қашықтықты, алаңды, тік беткейді, нүкте биіктігін, бағдар жасауды жүзеге асыруға болады.

Топографиялық карта арқылы бағдарлауды жүргізу үшін оны көкжиек жаққа қарай бағдарлау керек. Картаны құбылнаманың көмегімен немесе жергілікті шамалаулар арқылы бағдарлауға болады.

Бұл жұмыстарды жасағаннан кейін жəне картадан өздерінің тұрған орнын анықтағаннан кейін құтқарушылар маршрут қозғалысын белгілейді де негізгі бағыт – бағдарды таңдайды. Жылжу уақытында маршруттың дұрыстығын ерекше қадағалап отыру керек. Түнде жылжу кезінде бір бірін көре алатын жақын ара қашықтықтағы бағдарлар таңдалады. Жылжудың дұрыстығына күдіктенген жағдайда үнемі картаны жергілікті жермен салыстыра отырып, өзінің тұрған орнын анықтауға болады.

Дабыл берудің түрлері мен белгілері.

ІҚЖ жүргізу кезінде құтқарушылар тапсырманы орындау барысында көбіне халық тұратын жерден алыста, «далалық жағдайда» бірнеше күн болып, əр түрлі кездейсоқ шырғалаңдарға ұшырауы мүмкін, осының барлығы олардың бұл жағдайларда жұмыс істеуіне қосымша талап қояды.

ІҚЖ кетер алдында құтқарушылар еңбек құралдары жəне қорғану құралдарымен қатар, кез – келген климаттық – географиялық аймақ жағдайында керек болатын қажетті заттардың келесідей топтамаларын:

  • соның көмегімен 30-40 км қашықтықтан апат дабылын беруге болатын дабылды айнаны;
  • шам немесе от жағуға немесе баспананы жылытуға қажетті аңшы сіріңкесін, жанатын құрғақ таблеткаларды;
  • дабыл беруге арналған ысқырықты;
  • пышақ, балта, күрек ретінде пайдалануға болатын қынапты үлкен пышақты;
  • құбылнама, нығыздалған фольга кесіндісі мен полиэтиленді, балық аулайтын жабдықтарды, дабыл оқтарын, дəрі – дəрмектердің авариялық топ- тамаларын, су мен азық – түлік қорларын өздерімен бірге алулары керек.

Дабыл беру. Құтқарушылар тəжірбиеде арнайы дабылдардың қолдануын білулері жəне дабыл бере алулары керек. Өзінің тұрған орнын көрсету үшін құтқарушылар күндіз жəне түннің жарығында от түтінін қолдана алады. Егер отқа резеңке, оқшаулар қиындылары, майлы шүберектер тастаса, бұлтты күндері жақсы көрінетін қара түтін шығады. Ауа райы ашық күні жақсы көрінетін ақ түтін алу үшін отқа жасыл жапырақтар, жас шөптер, піспеген мүк тастау керек.

Жерден əуе жолы көлігіне (ұшаққа) дабыл беру үшін арнайы дабылды айна қолдануға болады. Оны көзден 25-30 см қашықтықта ұстау қажет жəне ұшақты бұрыш саңылауы арқылы көруге болады; айнаны бұрып, жарық дақты бұрыш саңылауына сиыстыру керек. Дабыл айнасы болмаған жағдайда үсті жалтырақ затты қолдануға болады. Бұрыштау үшін заттың орталығына саңылау құралын жасау керек. Жарық сəулесін ұшақ моторының шуы естілмеген жағдайда да көкжиектің сызығын бойлай жіберу керек.

Түнде дабыл үшін қол электр – фонаригінің жарығы, алау, от қолданылуы мүмкін. Сал үстінде жағылған от апат дабылының бір түрі болып табылады.

Дабыл берудің жақсы құралы ұшақ (тікұшақ) жақындағанда қарға, жерге, суға, мұзға тастайтын ашық боялған заттар мен арнайы бояйтын ұнтақтар (флюорецин, уранин). Жекелеген жағдайда дыбысты дабылдарды (айқай, атыс, тарсылдату) дабылды ракеталарды, түтіндету құтысын қолдануға болады.

Соңғы кезде қол жеткен өңдеу жетістігінің бірі «нысананы көрсету» төрт жанатын бояумен жабылған түнде лампасы лап етіп жанатын нейлон қабықты кішкентай резеңке əуе шары; оның жарығы 4-5 км қашықтықтан жақсы көрінеді. Ұшар алдында шар кішкентай капсуладағы гелиймен толтырылады жəне 90 м биіктікте нейлонды арқанмен ұсталып тұрады. Жиынтық массасы 1,5 кг құрайды.

Құралдар жəне сигнализация дабылдары.

«Жерге қонуға рұқсат етіледі» – қолдары Ү əрпі (yes – иə!) жасай отырып бір жағына қарай сəл ажыратылып жоғары көтеріледі.

«Жерге қонуға рұқсат етілмейді» – диагонал бойынша оң қолы жоғары көтерілген, ал диагонал бойынша сол қолы төмен түсірілген, N əрпі нысанын (No – жоқ!) жасағандай белгі береді.

«Қалықтап тұруды орындау» – қолдары иық деңгейінде екі жаққа қарай созылады.

«Төмен түсіру» – қолдары иық деңгейінде екі жаққа қарай көлденең созылған. Көлденең жағдайдағы қолдың алақаны төмен қарап, ырғақпен тербетеді.

«Көтерілу» – олдары иық деңгейінде екі жаққа қарай көлденең созылған, алақандары жоғары қараған. Көлденең жағдайдағы қол ырғақпен тербеледі.

«Солға карай орын ауыстыру» – оң жақ қолы иығы деңгейінде көлденең созылған. Сол қолымен ырғақты тербеліс жасайды.

«Онға қарай орын ауыстыру» – сол жақ қолы иығы деңгейінде көлденең созылған. Оң қолымен ырғақты тербеліс жасайды.

«Алға қарай орын ауыстыру» – қолдары созулы, алақандары бетке қаратылып, шынтақтан сəл бүгілген, тік жағдайда ырғақты қимыл жасайды.

«Артқа қарай орын ауыстыру» – қолдары созулы, алақандары тікұшақ жаққа қарай қаратылып, шынтақтан сəл бүгілген, тік жағдайда тікұшақ жакққа қарай ырғақты қимыл жасайды.

«Конып болды» – қолдар төмен түсірілген, алдына қарай айқастырылған.

«Қалықтап тұрған жерінен солға қарай орын ауыстыру» – оңжақ қолы көлденең созылған, сол қолы жоғары көтерілген, тікұшақтың орын ауыстыру бағытына қарай ырғақты қимыл жасайды.

«Қалықтап тұрған жерінен оңға қарай орын ауыстыру» – сол жақ қолы көлденең созылған, оң қолы жоғары көтерілген, тікұшақтың орын ауыстыру бағытына қарай ырғақты қимыл жасайды.

«ОК» (О’кей!) — бəрі дұрыс! – оң жақ қолы алға қарай сəл көтеріліп созылған, саусақтары жұдырық болып жұмылған, бас бармағы жоғары жақты көрсетеді.

«Жүк тіркелген» – қолы белдік деңгейінде шынтақтан бүгілген, жоғары

– төмен ырғақты тербеледі.

«Жүкті түсіру» немесе «жүкшығырды тоқтату» – оң жақ қолының жұдырығы түйілген, белдігі деңгейінде шынтағынан бүгілген, оң қолы алақанымен төмен қаратылған, оңға – солға ырғақты қимыл жасайды.

ІҚЖ жүргізу кезінде құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулеріне тура келеді. Жабық ғимаратқа кіретін құтқарушы жіп байланатын сақтанатын белдік тағуға міндетті; оның екінші ұшын сыртта тұрған құтқарушы ұстап тұрады. Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылға келесілер жатады:

Бақылаушыдан:

бір рет жұлқу – «Өзіңді қалай сезінесің?»

үш рет жұлқу – «Шық!» Жұмыс істеушіден:

бір рет жұлқу – «Өзімді жақсы сезінемін!»

екі peт жұлқу – «Ауа жетіспейді!»

үш рет жұлқу «Шығамын, жеңімді ұста!»

төрт жəне көп рет тарту – «Өз бетіммен шыға алмаймын!».

Жарық жоқ ғимаратқа кіруге (түсуге) болмайды. Жарық түсіру үшін жарылуға қауіпсіз аккумуляторлы электр фонарьларын қолдану керек.

Жердегі құтқару жасағы базалық лагермен, жердегі басқа да іздеу топтарымен жəне əуе іздестіру мекемелерімен байланыста болулары керек. Бұл үшін байланыс құралдары мен дабыл құралдары қолданылады.

Дабыл беру құралдары:

  • құтқарушылардың тұрған жерін анықтауға;
  • көңіл бөлуге;
  • қажетті ақпаратты беруге мүмкіндік береді.

Құралдар жəне сигнализация дабылдары

Төменде көрсетілген дабылдар халықаралық деп есептеледі жəне құтқарушылар оларды өз елінде қалай қолданса, сырт елдерде де солай қолдана алады. Кез – келген дыбыстармен немесе жарық құралдарымен берілетін дабылдар:

  • «Көмек қажет ететін» — 1 мин ішінде бір қалыпты дабылды үш рет береді, содан кейін минуттық үзіліс, қайтадан үш рет дабыл беріледі жəне т.б.;
  • «Көмек бара жатыр» — 1 мин ішінде бір қалыпты дабыл үш рет беріледі, содан кейін минуттық үзіліс, қайтадан үш рет дабыл беріледі жəне т.б.

Ысқырық жəне электр фонарының көмегімен берілетін дабылдар:

  • «Дабыл» — 3 минутқа жалғасатын қысқа дабыл;
  • «Дабылды тоқтату» — үш қысқа дабыл, содан кейін – қысқа үзіліс, қайтадан үш дабыл жəне солай 3 минутқа жалғасады;
  • «Жəрдем керек» — ІҚЖ жүргізу кезінде осы дабыл «Сигнал» дабылы секілді, бірақ оны жауап алғанға дейін береді;
  • «Иə» – екі созылмалы дабыл, содан кейін қысқа үзіліс жəне дабыл қайтадан екі рет созылады;
  • «Жоқ» – екі қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс жəне қайтадан екі қысқа дабыл;
  • «Тұрған жерді   көрсететін» – жалғаспалы үзік– үзік дабыл;

Сиренамен берілетін дабыл:

  • «Дабыл» — 1 минут ішінде үндестігін өзгертетін уілдеп ұли шыққан дабыл;
  • «Дабылды тоқтату» — 1 минут ішінде бір үндестікте үзіліссіз шыкққан дабыл;
  • «Тұрған жерді   көрсететін» – уақыты шектеусіз бір үндестікте үзіліссіз шыққан дабыл;

Қоңыраумен берілетін дабыл:

  • «Дабыл» — 1 минут ішінде қоныраудың тез үздіксіз соғылуы;
  • «Дабылды тоқтату» — қоңырау тез – тез соғылатын үш қысқа дабыл, содан кейін қысқа үзіліс жəне 1 минутқа жалғасатын үш қысқа дабыл;
  • «Тұрған жерді көрсететін» – қоңырауды жəйлап соғу түріндегі со- зылмалы дабыл.

Ракеталармен берілетін дабыл:

  • «Жəрдем керек» — зілзала дабылы қандай да бір ракетаның түсімен байланысты болмауы керек;
  • «Көмек бара жатыр» – ақ жəне қызыл түстегі ракетены ретімен ату;
  • «Дабылды тоқтату» – жасыл ракета;
  • «Жəрдем керек» — қызыл ракета;
  • «Тұрған жерді көрсететін» – ақ ракета.

Кез – келген ракета, оны жіберу себебі белгісіз болғанда, зілзала да- былы деп есептелу керек.

Ракетаны жіберер алдында оның түсін тексеру қажет. Ол металл пластинкаға тігілетін гильзаны тығындайтын оқ тығыны болып табылады.

Түстен бөлек пластинкаға ракетаның түсін анықтау үшін нүкте – дөңестер қашалады. Бір нүкте қызыл түске, екеуі – жасыл түске, үшеуі – ақ түске сəйкес келеді. Ракеталар бейбіт уақытта тауда тек ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылуы қажет. Оларды ату ракетницадан (белгі беретін тапанша) немесе арнайы құрылғыдан жүзеге асырылады.

УАҚЫТША ТҰРАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 Ұзаққа созылатын ІҚЖ жүргізу кезінде дамылдайтын уақытша үйлер, тұрақ пен демалыстар ұйымдастыруға ауа райы өзінше талаптар қояды. Осыны ескере отырып, құтқарушылар дамылдайтын орын – тұрақ ұйымдастырады. Ол көшкін қаупінен жəне тас құлауларынан қауіпсіз телімдерде, ішетін су көздеріне жақын, шырпылар мен отын қорлары бар жерлерде болуы керек.

Дамылдайтын орынды тау өзендерінің кеуіп қалған арналарына, қалың бұталардың ішіне, қылқан жапырақ қопаларына, құрғақ, қуыс жəне шірік ағаштардың жандарына орналастыруға болмайды. Алаңнан тастарды, бұтақтарды, қоқыстарды алып тастап, оларды тегістеп, тазартқаннан кейін құтқарушылар шатырларды орналастыруға кірісе алады.

Шатырлар келесі тəртіпте құрылады:

  • шатырды жазады;
  • созып жəне түптерін шегелеп қояды;
  • тіреуіштер орнатады жəне жіпті тартады;
  • есікті іліп жəне төбенің жіптерін тартады;
  • төбедегі қатпарларды керіп тарту (босату) арқылы кетіреді;
  • жаңбыр жауған жағдайда су ағып кету үшін шатырды айналдырып ені мен тереңдігі 8-10 см шұңқыр қазу керек.

Шатырдың астына құрғақ жапырақ, шөп, папоротник, қамыс, мүк салуға болады. Қарда (мұзда) шатыр құру кезінде еденге бос жол қапшықтар, арқандар, көрпе, поролон төсеу керек. Қазықтар жерге бұрышы 45° болатындай етіліп, 20-25 см тереңдікте қағылады. Шатырды бекітіп қою үшін ағаштар, тастар, кемерлер қолданылуы мүмкін. Шатырдың артқы қабырғасын желдің басым жағына қарай орналастыру керек. Шатыр болмаған жағдайда брезент, полиэтилен астында немесе қолда бар материалдардан (бұтақтардан, бөренелерден, жапырақтардан, қамыстардан) күрке жасауға болады. Ол тегіс жəне құрғақ жерде, ашық немесе орманның шетінде салынады. Қыста түнейтін алаң қардан жəне мұздан тазартылуы қажет.

Қар қалың жауған қыста құтқарушылар қардан баспана жасап алулары керек. Олардың ішінде ең қарапайымы – шұңқыр, ол ағаштардың айналасында қазылады, көлемі адам санына байланысты. Шұңқырдың үстін бұтақтармен, нығыздалған маталар мен жауып, жылылықты сақтауды жақсарту үшін үстіне қар тасталады.

Қар үңгірін, қар жертөлесін, жəне қардан op қазуға болады. Қардан жасалған баспанаға кірерде киімдерді қардан, батпақтан тазартып, өзіңмен бірге күрек немесе пышақ ала кіру қажет, олар желдеткіш тесіктерді жасауға жəне қар басқан жағдайда қолданылуы мүмкін.

Оттар – түрлері, алаңдары, жағылуы.

Тамақ дайындау, жылыну, киімдерді кептіру, дабылдар үшін құтқарушылар келесі түрдегі оттарды қолданады: «күрке», «құдық», «тайга»,

«нодья», «камин», «полинезийялық», «жұлдызша», «пирамида». Оттар түрлері Сурет 1. көрсетілген.

«Күрке» шайды тез дайындауға жəне лагерді жарықтандыруға ыңғайлы.

«Құдық» («шеген») бұл отты тамақты үлкен ыдыста дайындау, суланып қалған киімді кептіру керек болғанда жағады. «Құдықта» отын «күркеге» қарағанда ақырын жанады; жоғары температураны құрайтын шоқ шығарады. «Тайгада» тамақты бір уақытта бірнеше қазанда дайындауға болады. Бір жуан шөркеге (жуандығы шамамен 20 см) міндетті түрде жел жаққа қаратылып, астыңғы бұрыштары 30° жақындасатын бірнеше жіңішке кепкен шөрке салады. Отын ұзақ жанады. Бұндай оттың жанына түнеуге болады. «Нодья» тамақ дайындауға, түнеу кезінде жылынуға, киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге жақсы. Бір – біріне жақын ұзындығы 3 м дейін құрғақ бөрене салады олардың арасындағы саңылауға тез жанатын отын жағады (жіңішке құрғақ бұтақшалар, қабық), содан кейін үстіне сондай ұзындықта, қалыңдығы 20-25 см үшінші құрғақ бөрене салады. Бөрене домалап кетпес үшін олардың екі шетінен жерге қазық қағып тастайды. Бұл қазықтар əрі қазан іліп қоятын таяқтарға тіреуіш болып қызмет етеді. «Нодья» ақырын жанады, бірақ тегіс жалындап бірнеше сағат жанады.

Кез – келген отты алаңды дайындап алған соң ғана жағу керек: кепкен шөп – шалам мен шемшек теру. жерді тереңдету құрылғысы, от жанатын орынды тастармен қоршау. Отқа отын ретінде құрғақ ағаштарды, шөп – шаламдарды, қамыстарды, бұталарды пайдаланады. Жанып жатқан кезде шыршалар, қарағай, самырсын, талшын, бал қарағай ұшқынды көп шығаратыны байқалған. Емен, үйеңкі, шегіршін, шамшат ақырын жанады. Отты тез тұтату үшін тамызық (қабық, ұсақ жəне құрғақ бұтақтар мен шөркелер, резеңке кесінділері, қағаз, кепкен отын) керек. Ол «күркелерге» немесе «құдықтарға» тығыздалып салынады. Тамызық тез жану үшін оған балауыз шамның кесіндісін немесе құрғақ спирт салады. Отты сіріңкенің, күн сəулесінің жəне ұлғайтқыш əйнектің, үйкелеудің, атудың көмегімен жағуға болады. Соңғы жағдайда:

  • оқты ашып онда тек қана дəріні қалдыру;
  • дəрінің үстіне құрғақ мақта салу;
  • қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жерді ату қажет;
  • ескірген мақта оттың тұтанып – жануын қамтамасыз етеді;
  • қысқы уақытта от жағу үшін қарды топыраққа дейін тазалау немесе қарға жуан бөренелерді төсеу керек, өйткені еріген қар отты өшіріп тастайды. Оттың жайылуын болдырмау үшін оны шұңқырлармен немесе тастармен қоршау керек. Оттан шатырға дейінгі қауіпсіз қашықтық 10 м. болу қажет.

Ауыз суды пайдаланудың тəртібі.

Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет.

Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, əйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалтса, адам өледі.Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға жəне ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тəулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл жəне шөлейт аймақтарда 4-6 л жəне одан да жоғары болады.

Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады.

Табиғи жəне жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденсация тəсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close