Қоғам

ТӨЛЕБИДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ ӨТТІ

Түркістан облысының жастары мереке қарсаңында белсенділік танытуда. Облыс орталығында ғана емес, өңіріміздің аудан, қалаларында арнайы жоба бекітіп, түрлі шараны қолға алған.

Соның бірі ретінде Төлеби ауданында облыс жастары арасында «Көшпенділер ойынын» айтуға болады.

 Дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылған дода бұл жылы 25 қазан – Республика күнінеарналған. Бірінші мамыр ауылы, Төлеби спорт клубында өткен бұл сайысқа Облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов, аудандық ақсақалдар ұйымының төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық маслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров арнайы қатысып, барлық аудан, қаладан келген спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жастарға қолдау білдірді.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен айтулы дода дала дәстүрін, ұрпақтар сабақтастығын негізге ала отырып, халқымыздың тарихын, болмысын, дәстүрін жастарға кеңінен насихаттайды. Биылаудан, қаладан спортшылар келіп, 12 команда құралды. Олар 7 спорт түрінен өзара, сайысты. Атап айтқанда, садақ ату, қазақ күресі, көкпар жекпе-жегі, мас-рестлинг, аударыспақ, алыптар сайысы және арқан тартысынан бақ сынасты.

 Тартысты доданың қорытындысын шығару да оңайға соқпады. Төрешілер жүйріктерді анықтап, спортшыларға келесідей орын берді. Садақ атудан 1-орын Төлеби ауданы, 2-орын Түлкібас ауданы, 3-орын Қазығұрт ауданы. Ал қазақ күресінен 1-орын Бәйдібек ауданы, 2-орын Төлеби ауданы, 3-орын Сарыағаш ауданы болса, көкпар жекпе-жегінен 1-орын Қазығұрт ауданы, 2-орын Төлеби ауданы, 3-орын Сайрам ауданы. Сонымен қатар мас-рестлинг бойынша  1-орын Сарыағаш ауданы, 2-орын Бәйдібек ауданы, 3-орын Шардара ауданы, аударыспақтан 1-орын Бәйдібек ауданы, 2-орын Төлеби ауданы, 3-орын Сарыағаш ауданы, алыптар сайысы, соның ішінде арба сүйреуден 1-орын Сауран ауданы, 2-орын Отырар ауданы, 3-орын Қазығұрт ауданы үздік атанды. Арқан тартысынан 1-орын Бәйдібек ауданына, 2-орын Арыс қаласына, 3-орын Сарыағаш ауданына бұйырды.

 Жекелей спорт түрінен нәтиже осылай болса, жалпы командалық есеп бойынша 1-орынғаБәйдібек ауданы (500 000теңге), 2-орынға Төлеби ауданы (300 000теңге), 3-орынға Сарыағаш ауданы (200 000теңге) ие болып, арнайы кубоктар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Ал «Ең үздік киім үлгісі» номинациясына Сауран, Қазығұрт ауданы және Арыс қаласы лайық деп танылып, 50 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ қатысқан барлық командаға да дәл осындай көлемде қаржылай ынталандыру сыйлықтарымен марапаталды. Алыптар сайысында салмағы 500 кгболатын арбаны 19,55 м сүйреп, рекорд орнатқан Сауран ауданының палуаны Бустанов Ирисдавлатқа арнайы номинация беріліп, 50 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

 Айтулы доданың өтуіне мұрындық болған ұйымдастырушылар бұл шараның көшпенді халықтың құндылығы, мұрасы мен дәстүрін ұлттық ойындар арқылы көрініс табуына ықпал етіп, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру көзделгенін атап өтті. Сондай-ақ «Көшпенділер ойыны» өз жалғасын табады деді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close