Қоғам

СІЗ МЕС АТА ӘУЛИЕСІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі, Игілік ауылында орналасқан «Мес ата» бұлағына орталық қызметкерлерімен және өңірдің тумасы Құрғамбаев Ережеп ақсақалмен бірге экспедиция ұйымдастырылды.

Сол өңірдің тумасы Құрғамбаев Ережеп ақсақалдың айтуынша шамамен 2000 жылдай бұрын  Қаратаудың күнгей беті мен Сұрхандария аралығында Шаш- ана (Шашты ана) мен Құрышқан ата (Гүрзіхан ата) ерлі зайыпты болып өмір сүріпті. Олар бір перзентке зар болып өмір сүріпті. Күндердің күнінде Құрышқан Ата Алламен тілдесіп, Аллаға жалынады. «О, Алла біздің төгілген көз жасымызды аяп, бізге бір нәрсе берсеңші»,- дейді.

Алла Тағала Құрышқан атаның тілегін қабыл алады. Шаш ананың аяғы ауырлап, ай күніне жетіп босанады. Құдайдың кұдыретімен Шаш анамыз мес туса керек.

Ия қуанарын, ия үрейленерін білмеген Құрышқан ата Алла Тағаламен тілдесіп: «О, Алла маған бала бермей, мес бергенің калай»? десе керек. Сонда Алла Тағала «О, пендем, сенің сұрағаныңды бердім. Сен менен бала емес, бірнәрсе берсенші деп сұрап едің ғой, сол бірнәрсе осы мес», деп жауап беріпті.

Сонымен ерлі зайыпты екеуі месті арқалап, құдайдың бергеніне шүкіршілік етіп жүре береді.  Осылайша жеті жылдай уақыт өтсе керек.

Күндердің күнінде,  Шаш Ана месті арқалап, Құрышқан ата екеуі Қаратаудың бөктерімен келе жатып: « Уһ, шаршадым ғой, демалайықшы», деп месті жерге қоя берген кезде, мес жарылып кетіп, ішінен ай қабақты, алтын айдарлы бала шығып, Қара тауға карай қаша жөнеліп, жоқ болып кетеді.

Сол местің жарылған жері үй орнындай ойылып, жер астынан қайнар бұлақ атқылап шығыпты. Суы мөлдір де мол, тәтті.

Ауылдың   шетінде  Мес ата атты  мазарат бар.  Мазараттының  ішінде «Мес ата әулие бұлағы» орналасқан. Зиярат етушілерге (туристерге) бар жағдай жасалған, бұлақтың айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close