ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСТА 361 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН
2024 жылдың басынан бері облыста 361 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. Орын алған жағдайлардың 114-і электр сымдарының қысқа тұйықталуы әсерінен туындаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысының орынбасары Нұрболат Педен брифингте мәлімдеді.
«Жыл басынан бері тіркелген өрт оқиғаларының 200-і тұрғын үйлерде болған. Жалпы шығын 395 миллион 915 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 2024 жыл басталғалы бері көмірқышқыл газынан уланудың 54 жағдайы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тапты» — деді спикер. Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Сейсеновтің айтуынша, шаһар бойынша 4 766 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тізімі түзіліп, улы газдан улануды болдырмау мақсатында отбасылардың тұрғын үйлері “Өрт қауіпсіздік» айлығы аясында тексерілген. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан қаржыландыру жұмыстары жүргізіліп, 50 тұрғын үйге газосигнализатор орнатылған.
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Жылыту маусымында үйдегі жылыту пештерін пайдалану кезінде мына қауіпсіздік шараларын есте сақтау қажет.
От жағу пеші үшін, әдетте, әр пешке жеке түтін құбырын қарастыру қажет. Оттық торынан бастап аузына дейін түтін құбырларының ұзындығын 5 м кем емес етіп жасалуы қажет. Шатыр үстінен шығып тұрған жалпы құрылыс биіктігімен тең немесе артық орналастырылған түтін құбырларының биіктігі жалпақ шатыр үстінен 500 мм кем болмауы қажет. Аралық жабын (төбе) қалыңдығынан 70 мм артық болу қажет. Пеш аралығы мен ғимарат құрылысын тіреуге немесе қатты жақындатуға болмайды;
Жанғыш материалдардан жасалған қабырғалар мен аралықтар ойықтарында орнатылған пеш пен құбыр аралығын пештің немесе түтін құбыры бүкіл биіктігіне жайдың шегінде қарастыру қажет. Бұл ретте аралық қалыңдығын аталған қабырғаға немесе аралық қалқа қалыңдығынан кем етпей қабылдау қажет;
Жабындар, қабырғалар, қалқалар мен аралықтар арасындағы саңылауларды жанбайтын материалдармен толтыруды қарастыру қажет;
Түтін шығарғыштың жоғары жағынан жанғыш материалдардан жасалған төбеге дейінгі ара қашықтығы , төбе жанудан қорғалмаған жағдайда 0,5 м кем болмауы және қорғалған жағдайда 0,4 м кем емес болуы қажет;
Түтіншығарғыштарды отқа төзімділік шегін 0,75 с және одан артық қамтамасыз етіп, жанбайтын материалдардан жасау қажет.
Пайдалану кезінде: Түтін шығарғыштар мен пештерді жағу мерзімі басталар алдында, сондай-ақ барлық жылыту мерзімінде үш айда бір реттен кем емес күлден тазартыңыз. Шатырларда түтін каналдары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғалары ағартылуы қажет.
Тыйым салынады:
— жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды кішкене балаларға тапсыруға;
— пештің алдындағы бетке отынды, басқа жанғыш заттар мен материалдарды қоюға;
— пешті жандыруға бензин, керосин, дизельді отын және басқа ЖЖС ж ЖС қолдануға.
Пеш алдындағы еденде ақауы жоқ ауданы 50*70 см кем емес, жанбайтын материалдан бет төселуі қажет.
Пештің жағу есігі жағынан есіктері ашық және бос болуы қажет. ЖиҺаз пештен 70 см ара қашықтықта, ал жағу тесіктерінен 125 см кем емес ара қашықтықта орналасуы шарт.
Пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсізідгінің ережелерін сақтауға қатысты, келесі жағдайларда пешті пайдалануға болмайды:
— Есіктері жарамайтын және жарықтары бар пештерді жағуға тыйым салынады.
— Пешті тез жанғыш сұйықтықтармен жағуға (бензин, керосин, еріткіш т.б.) тыйым салынады ;
— Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға немесе жас балалардың қарауына қалдыруға болмайды;
— Пеш жанып жатқанда есіктерін ашық қалдыруға тыйым салынады. Ашық есіктен еденге түсіп кеткен көмір өртке әкеліп соқтыруы мүмкін;
— Пеште және оның қабырғаларында киім немесе басқа да тез жанғыш заттарды кептіруге тыйым салынады;
— Пешті шектен тыс қыздыруға болмайды. Пешті шектен тыс қыздыруды болдырмау үшін күнде оны екі-үш рет жағу ұсынылады.
— Пеш жағуды ұйықтардан екі сағат бұрын тоқтату керек;
Кез келген жылыту құралдарының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Пештердің беттері мен түтін мұржаларын жүйелі түрде шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден тазаланып отырылуы керек. Күл мен қожды арнайы белгіленген қауіпсіз орындарға төгіп, үстіне су құю керек.
Кірпіш қалауындағы жарықтарды болдырмау мақсатында үш айда бір рет жиналған күйеден тазалап, мұржаны уақытымен түтін тартуының болуына тексеру қажет.
Пешті жөндеу, электр жабдықтарының дұрыстығын тексеру әбден қиын емес.
Назар аударыңыз! Статистика бойышна, әрбір үшінші өрт жылыту пештерінің және оның мұржасының дұрыс құрылмауынан және дұрыс жұмыс істемеуінен болады.
Пеш пен мұржаның жағдайын қадағалап, олардың ақаулығын өз мезетте дұрыстау керек. Пешті бензинмен, керосинмен және де әр-түрлі жанғыш сұйықтармен жандырмау.
Мұржамен жанатын бөлшектердің ара-қашықтығы 500 мм-ге дейін жасау.
Пештегі және мұржадағы жіктерді жамау.
Пештің аузындағы еденге 50х70 см темір қаңылтырды қағып тастау.
Пешті қатты жандырмау және оған диванды, столды, отынды және де тез жанатын заттарды жақын қоймау.
Өрт талаптарына сәйкес емес пештерді орнатпау.
Пештен шыққан күлді сумен өшіріп, ғимараттан 15 метр ара-қашықтықта шұңқырға лақтыру.
Қолдан жасалған электжылытқышарды қолданбау. Үйден шығар кезде бүкіл электршамдармен электжылытқыштарды өшіруді ұмытпаңыз.
3 айына 1 рет мұржаны күйеден тазалау керек.
Мұржа керамикалық,асбестіцементтік немесе темірден жасалу керек.
Шатырда шөп, сабан және басқа да жанатын заттарды сақтамау.
Өрт кезінде «101» немесе 2-12-01 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз!