Без рубрики

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ-4

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесінің, еліміздің азаматтық қорғанысының негізгі бағыттары.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

Республикадағы төтенше жағдайлардың басым көпшілігі жергілікті сипат алатындығын ескере отырып, республиканың әрбір ауданында (қаласында) жергілікті сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын ала алатын және олардың салдарларын жоя алатын, осы аумақтағы бар қауіптерге барабар әрі жеткілікті түрде жарақталған және жан-жақты дайындалған құрылым құру қажет.

Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар өңірлерде кепілді азаматтық қорғауға барлық қажетті жағдайларды жасау мақсатында аумақтардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бейімділігін, олардың болуы мүмкін ауқымын егжей-тегжейлі бағалауды, жергілікті жерлерде жеткілікті түрде қаржылай қамтамасыз ете отырып, қауіп- қатерлерді азайту және олардың зардаптарын жұмсарту бойынша іс-шаралар әзірлеуді және іске асыруды, жергілікті материалдық-техникалық қорлар мен басқа да ресурстар құруды қамтамасыз ету қажет.

Өңірлік және жаһандық сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде облысаралық өзара іс-қимылдарды үйлестіруге, аса күрделі іздестіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге, жергілікті құрылымдардың іс- қимылына қолдау көрсетуге әрқайсысының жауапкершілік аумағына бірнеше облысты қоса отырып, перспективада Министрліктің өңірлік орталықтарын (оның аумақтық органдарын оңтайландыру арқылы) құру мәселесін қарау қажет. Сонымен бірге, Министрліктің осы орталықтары еліміздің азаматтық қорғанысы басқару жүйесінің өңірлік бір бөлігі болып табылатын еді.

Мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейіне өңірлік және жаһандық төтенше жағдайларға ден қоюды үйлестіруді (ұйымдастыруды), сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алуға (бөгеттерді нығайту, селден қорғау құрылыстары мен гидротехникалық құрылыстарды салу) ірі жобалардың іске асырылуын бекіту қажет. Сонымен бірге, төтенше жағдайлар саласындағы орталық атқарушы орган, негізінен, стратегиялық функцияларды, өңіраралық үйлестіруді және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. Мыналар: төтенше жағдайлардың бірыңғай мониторингісі, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарды орталықтандырылған түрде дайындау, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың ортақ проблемаларын ғылыми зерттеу жалпы мемлекеттік мүдделерді көздей отырып, жүргізілуі қажет. Республикалық деңгейде халықаралық құтқару операциялары және аса күрделі авариялық құтқару жұмыстары орындалатын болады, мамандандырылған инженерлік жұмыстар, құтқарушыларды оңалту өткізіледі, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге медициналық көмектің күрделі түрлері көрсетіледі.

Жергілікті, өңірлік және республикалық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс құрылымдары бір-бірімен қосарланған ақпараттық арналар арқылы тәулік бойы байланыста болуы қажет және «электрондық Үкімет» желісіне шығатын бірыңғай ақпараттық-басқару компьютерлік желісіне біріктірілуге тиіс. Бұл қысқа мерзімде деңгейлес құрылымдардың бір-біріне (аудандардың, облыстардың бір-біріне көмек көрсетуі), сондай-ақ жоғары құрылымдардың төмендегілерге (облыстың ауданға, Министрліктің өңірлік және жаһандық төтенше жағдайларға ден қою күштерінің облыстарға көмек көрсетуі) барабар өзара іс-қимылын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  • Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі 
  • Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады. Аумақтық кіші жүйелер олардың аумақтары шегінде азаматтық қорғаныстың іс-шараларын орындау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жоюдың үшін облыстық, қалалық және аудандық деңгейде құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін бөлімдерінен тұрады. Салалық кіші жүйелерді олардың мемлекеттік реттеу және бақылау саласында азаматтық қорғау іс-шараларын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар құрады.
  • Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік. Әрбір деңгейге: үйлестіруші органдар – төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар; азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары; күнделікті басқару органдары – басқару пункттері, жедел-кезекші қызметтері; күштермен құралдар; байланыс, хабардар ету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді. Азаматтық қорғанысты ұйымдастырудың принциптерi мен тәртiбi:

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық- өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi.

Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуы туралы жыл сайын есеп берiп отырады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесіндегі мемлекеттік басқару халықты, объектілер мен аумақтарды қорғаудың өзекті мәселелері мен міндеттерін шешуді, төтенше жағдайлардан төнген қауіп- қатерді және залалды азайтуды мемлекеттік биліктің барлық деңгейі мен тармақтарын қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бейбіт уақытта азаматтық қорғау жүйесінің жұмыс істеуінің мынадай режимдері белгіленеді:

  • күнделікті қызмет режимі – өндірістік-өнеркәсіптік қызмет, сондай-ақ төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоқтығымен сипатталатын ведомстволық бағынысты аумақта радиациялық, химиялық, биологиялық, сейсмикалық, гидрометеорологиялық, эпидемиологиялық, эпизоотиялық, эпифитотиялық қауіпсіздік кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның аумақтық және функционалдық кіші жүйесінің жұмыс істеу тәртібі. Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
  • төтенше жағдайларды болжау; халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпаратты белгіленген тәртіпте жинақтау, өңдеу және алмасу;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
  • азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау, олардың қызметін дайындауды және қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлау; азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;
  • төтенше жағдайлар салдарын жою үшін материалдық ресурстар резервтерін құруға, орналастыруға, сақтауға және толықтыруға басшылық ету; өз өкілеттігі шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік сараптама жәнебақылаужүргізу;
  • жоғары дайындық режимі – төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі. Жоғары дайындық режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
  • төтенше жағдайлардың туындауын және олардың салдарын болжау; қажет болған кезде басқару пункттерінде азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдардың тәулік бойы кезекшілігін енгізу; болжанатын төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне беру, олардан қорғану тәсілдері туралы мемлекеттік билік органдарымен халықты хабардар ету;
  • төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің беріктігін арттыру және жұмыс істеу қауіпсіздігі бойынша жедел шараларды қабылдау; төтенше жағдайлар салдарын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервін толтыру; қажет болған жағдайда эвакуациялау іс-шараларын жүргізу; — төтенше жағдай режимі – төтенше жағдай туындаған және оның салдарын жою кезінде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу тәртібі. Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс- шараларды жүргізеді:
  • туындаған төтенше жағдайлардың дамуын және олардың салдарын болжау; төтенше жағдайлардың туындауы және салдары туралы орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшыларын, сондай-ақ халықты хабардар ету;
  • төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау бойыншаіс- шараларды жүргізу;
  • төтенше жағдайлар салдарын жою және азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстау, сондай-ақ туындаған төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарын, қоғамдық ұйымдар мен халықты тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • төтенше жағдай аймағындағы жағдай мен оны жою бойынша жұмыстарды жүргізу барысы туралы ақпаратты үздіксіз жинау, талдау және алмасу; төтенше жағдайларды және оның салдарын жою мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың үздіксіз өзара іс- әрекетін ұйымдастыру және қолдау;
  • төтенше жағдайларда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.

Азаматтық қорғау қызметтері:

  • Азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауды және осы мақсаттарда күштер мен құралдарды дайындауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаудың республикалық, облыстық, аудандық, қалалық қызметтері құрылады.
  • Қызметтері азаматтық қорғаудың басқару органдары негізінде құрылған басқару пункттерінің, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының белгіленген мақсаты бойынша іс-әрекеттер жасауға әзірлігін қамтамасыз етеді.
  • Эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда эвакуациялық, эвакуациялық қабылдау комиссиялары және эвакуациялық органдар құрылады.

Азаматтық қорғау құралымдары:

  • Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт және соғыс уақытта авариялық- құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
  • Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.
    • Азаматтық қорғау құралымдарына І, ІІ, ІІІ топ мүгедектерін, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті ерлер мен әйелдер қабылданады.

Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, мониторинг және болжамдау.

Халықты, объектілерді және аумақты стихиялық апаттардан, авариялар мен зілзалалардан қорғаудың кешенді ғылыми негізін қалыптастыру және дамыту мақсатында уәкілетті орган азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және үйлестіреді.

Ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс әсерлерін азайтуға бағытталған ғылыми-тәжірибелік негіздерді әзірлеу; тәуекелдерді бағалау және басқару жөнінде нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету кіреді. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингі және болжамдау қызметi азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне кіреді.

Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген және аттестаттаудан өткен ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржыландыру бюджеттік қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қаржыландырудың басқа да көздері есебінен жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулерді үйлестіру уәкілетті органға жүктеледі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close