Қоғам

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ БЕЙІМ АЙМАҚТАР-2

Сеймология институының директоры Таңатқан Абақанов жер қойнауын пайдалану мен қазбалау жұмыстары дүмпулердің пайда болуына ықпал ететінін мәлімдеген.

Осы тұрғыда елімізде Батыс Қазақстан ең қауіпті аймақ болып табылады. «Қазіргі таңда табиғи қауіптермен бірге көмірсутегі шикізаты мен қатты пайдалы қазбалар өндіретін жерлерде техногендік қауіптер пайда болды. Мұнай және газ барлау кезінде бұл жағдайлар қарастырылмайды, сондықтан өндіру мен бұрғылау кезінде біздің ұсыныстарды ескеріп отыру қажет. Себебі біз сол ауданның сеймологиялық қауіптілігін бағалаймыз», − деді. Сондықтан қазір көңіл бөлмегенімізбен, бұл жағдай алдағы уақытта қатты жер дүмпулерінің өзінен-өзі пайда болуына соқтырады. Қазіргі таңда табиғи байлықты өндіруде сейсмологиялық талаптарды айтпағанның өзінде техникалық-экологиялық талаптар өрескел бұзылуда. Заң бойынша осы ережелерді қатаң сақтауы тиіс компаниялардың бұл талаптарды қалай айналып өтетіні белгісіз болып келеді. Экономиканы дамытқан дұрыс, бірақ ол адам өміріне қауіп әкелмеуі тиіс. Ғалымдардың дабылы жай ғана сөз емес екенін кен орындары маңындағы аудандардан байқауға болады. Мәселен, Жезқазған аймағындағы Сәтбаев кен орнына жақын маңда осындай жасанды жер сілкіністері тіркеліп келеді. Сарапшылар алдағы кезеңде бұл дүмпулердің көмір шахталары көп Қарағанды қаласына да жететінін айтады. Себебі, жер астынан кен қазып алғанда немесе мұнай-газ өндіргенде жер қыртысының беті, жер асты қабаттарының қысымы өзгереді. Сонымен қатар, Мойнақ, Қапшағай, Бартоғай, Бұқтырма сынды су қоймалары да қауіпті ауданда. Олар жер сілкінісінің ошағына өте жақын орналасқан. Ірі су қоймалары мен гидрожүйелерге сейсмомониторинг жүйесі болуы керек. Ал жасанды көлдердің

90 пайызы жеке кәсіпкерлердің қолында екендігінен бұл жүйенің бар- жоқтығын қадағалауға мүмкіндік болмай отыр. 2009 жылғы Қызылағаш оқиғасы бізге әлі сабақ болмаған сияқты. Ғалымдар қауымдастығы тіпті арнайы «Жер сілкінісі туралы» заң қабылдау туралы ұсыныс білдірген еді. Дегенмен, сарапшылар заңсыз-ақ, қазірдің өзінде бар құқықтық-нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз ету керектігін айтқан еді. Қаншама жыл өтті, сейсмология саласы екінші деңгейлі проблемалардың қатарында келеді.

Өзекті мәселелердің тағы бірі − қазіргі заманға лайықталған Қазақстанның дербес сейсмокартасының жоқтығы. Бүгінгі күнге дейін біз Кеңес Одағынан қалған сызбаларды қолданып келеміз. Оларда бүгінгі қауіп-қатерлердің ескерілмегені белгілі. Тәуелсіз мемлекетіміздің сейсмокартасы 2015 жылы, ал Алматы қаласының картасы тек 2016 жылы дайын болады екен. Кейін басқа қалалардың сейсмокарталарын жаңалау жүргізілмек. Демек, жиырма жылдан астам уақыт бойы қазіргі жағдай ескерілмей, қаншама ғимараттар мен нысандар салынды және болжамдар жүргізіліп келді. Сейсмокартаның неліктен тәуелсіздік алған уақыттан кейін бірден қолға алынбағаны да жұмбақ болып тұр.

Ғимараттар дегенде олардың көбі сейсмикалық талаптарға сай тұрғызылып жатпағанын айтқан жөн. Мамандардың есептеуінше, 1990 жылға дейін салынған ғимарат-үйлердің жартысына жуығы ескірген, ал бертін келе салынып жатқан биік ғимараттардың 30 пайызы зілзалаға шыдамайды екен. Кәсіпкерлердің үнемшілдігі мен құрылыс материалдарының сапасыздығы кейін үлкен апатқа әкелмесе игі. Айта кететін тағы бір жайт, ірі қалаларға қоныс аударып, үй салып жатқан адамдардың көпшілігі сейсмикалық ережелерге назар аудармайды.

Демек, алдын ала болжау жүйесін дамыту аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл салада АҚШ, Қытай, Жапония мен Германия алда тұр. Өкінішке қарай, Қазақстанда зерттеудің бұл түрі тоқтап тұр десе де болады. Қысқа мерзімді болжау жасау үшін елдің техникалық қуаты жетіспейді. Екіншіден, кадр тапшылығы қатты сезіледі. Жапонияның бір өзінде 5000-дай сейсмикалық станса болса, Қазақстанда небары 53 станса бар. Оның 44-і Алматы аумағында орналасқан. Мәселен, Қытайдағы Сычуан аймағындағы қуатты зілзаладан кейін билік өкілдері 300 млн. доллар бөліп, қауіпті деген аймақтарға 5000 бақылау стансаларын орнатқан еді. Өйткені ең бастысы адам өмірі мен оның қауіпсіздігі. Сондықтан бұл тәжірибені билік басындағылардың ескергені абзал. Апаттың айтып келмейтіні тағы бар.

Сонымен бірге, Қазақстан табиғи апат кезіне, оны жоюға дайын емес. Бір ғана Алматыда зілзала жөнінде хабарлау жүйесі қаланың тек 75 пайызын қамтиды. Ал басқа қалалардағы қамту деңгейі де қанағаттанарлық емес. Материалдық-техникалық жағдай сын көтермейді. Соңғы бес жыл бойына бұл жағдай өзгерген емес. Оңтүстік шаһарда 12 мың адамды қамтитын 339 жиналу пункті бар. Бұл 2 млн-нан астам халқы бар Алматы тұрғындарының бір пайызына да жетпейтін үлес. Мамандар бұл санның 5-6 есе көп болу қажеттігін айтады. Мысалы Алматы қаласындағы сейможаттығуларға жұртшылық аса үлкен мән бермейді. Дабылды естісе, терезеге бір қарап, жағдайдың қалыпты екеніне көздері жетіп, күнделікті тіршілігіне көше береді. Жаттығуға белсенді қатысудың орнына бір-біріне жымиып, селқостық таныту дәстүрі дамыған. Ал кенеттен жер сілкінісі болса, қарапайым халық қалай әрекет етуін білмейді. Тіпті ең қарабайыр ережелер есте емес. Ал бұл жағдайда адам шығынының болмасына кім кепіл?! Бірлесіп жұмылудың орнына халық санасын үрей мен қорқыныш басады.

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар картасы

Қазақстандағы жер сілкінісіне төзімді құрылыстың дамуы Алматы қаласы мен республиканың ең ірі және ең ірі жер сілкінісі бар аймағы Алматы облысының жер сілкінісіне төзімді ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, зерттеу және құрылыстың дамуымен тығыз байланысты, 3-ші және 4-ші суретте көрсетілген. Осы тұста тұрғындардың төтенше жағдайға, апаттарға дайындық деңгейлері көңіл көншітпейді. Өтіп жатқан оқу-жаттығулар еш нәтиже бермеуде. Немқұрайдылық пен енжарлық адамның өміріне тосын нүкте қояды. Өкінішке қарай, бізде АҚШ пен Жапониядағыдай қорғану мәдениеті қалыптаспаған. Алдағы уақытта да қалыптасуы екіталай. Сондай-ақ әр табиғи апат алдында Төтенше жағдай қызметі СМС хабарламасының таратылатынын айтады. Алайда жер дүмпуі сезілген 16 тамызда ешқандай хабарлама келмеген болатын. Бұның қайталанбайтынына тағы да ешкім уәде бере алмайды. Соңғы уақытта ауа райы күрт бұзылса, не таулы аймақтарда сел қаупі туғанда хабарламалар, таратылып жүр. Бірақ, еш уақытта жер сілкісіне қатысты алдын ала ақпарат берілмеген болатын. Біздіңше, сейсмология институтындағылар «қатты жер сілкінісіне болмайды» деген принциппен жұмыс істейтін сияқты. Алайда, 2003 жылы Ирандағы зілзаладан 30 мың адам, Индонезияда 2004 жылы 300 мың адам көз жұмғанын ұмытпауға тиіспіз.

Деректерді нақты уақыт режимінде деректер орталығына жіберетін сейсмикалық станциялардың орналасу картасы. Шеңбер — сейсмикалық топтар, үшбұрыштар — үш компоненттік станциялар.

 Ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау жүйесінің мақсаты мен қызметі. Ғимараттар мен имараттарды пайдалану процесінде инженерлік- техникалық қызметкерлердің – техникалық қадағалау қызметінің тұрақты бақылауында болуға тиіс. Техникалық қадағалау қызметінің негізгі мақсаты еңбек пен мекендеп тұрудың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету ҥшін ғимараттар мен имараттарды техникалық пайдалану талаптарының орындалуына бақылау болып табылады.

Ғимараттар мен имараттардың жағдайын пайдалану ҥрдісі кезінде техникалық қадағалау жүйесі келесі жұмыстардан тұрады:

  • ғимараттар мен имараттардың құрылымдары мен инженерлік жабдықтары жағдайына техникалық қадағалау, ең бірінші – олардың қауіпсіздігі (механикалық, өрт, өнімдер мен процесстер);
  • ғимараттар мен имараттардың энергия тиімділгін жоғарылату бойынша шараларын сақтау арқылы техникалық қадағалау;
  • ғимараттар мен имараттардың қоршаған алаңын техникалық қадағалау. — Техникалық қадағалау қызметтерінің негізгі міндеттері:
  • ғимараттар мен имараттардың тиісті техникалық жағдайын ағымдық және күрделі жөндеулер жүргізу арқылы имараттар мен ғимараттардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету;
  • ғимараттар мен имараттардың пайдалану сапасын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыруды орындауды ұйымдастыру мен бақылау.

Техникалық қадағалау қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтер туралы» заңына, «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенттеріне, осы құрылыстағы басшылық құжатына және техникалық қадағалау бойынша басқа нормативтік-техникалық құжаттамаға (салалықты қоса алғанда) сәйкес, сондай-ақ ұйым бойынша оларды дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкімдерге сәйкес жүзеге асырады.

Ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау келесі жолмен іске асырылуы тиіс:

  • пайдалануға енгізілген өндірістік ғимараттар мен имараттардың жөндеулі қалпына техникалық қадағалауды кәсіпорынның техникалық бөлімінің жанынан құрылған техникалық қадағалау қызметі жүзеге асырады, ол салынып жатқанын күрделі құрылыс басқармасында (бөлімінде);
  • қолданыстағы тұрғын, азаматтық ғимараттардың жағдайына техникалық қадағалау жүргізетін ұйым (жекеменшік пәтер иелері, кооперативі ұйымның шаруашылық бөлімі жүзеге асырады);
  • қауіпті өндіріс ғимараттарына, имараттарына техникалық қадағалауды уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі) жүзеге асырады.

Ғимараттар мен имараттардың жағдайына техникалық қадағалау мен бақылауға қатысушылардың: тапсырыс берушілердің, пайдаланушы ұйымның және уәкілетті органның арасындағы өзара әрекет (іс-қимыл) тәртібі, сондай-ақ тораптардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы құқықтары мен міндеттері қолданыстағы заңдармен, нормативтік құжаттар талаптарымен, келісімшарттық қатынастармен анықталады.

Техникалық қадағалау қызметі құқықты:

  • нысандардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыруға және сонымен қатар оны тексеру мен бағалауға қатысуға;
  • ғимараттар мен имараттардың күрделі жөндеуін жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттаманы және басқа техникалық құжаттаманы бақылауды жүзеге асыруға және қарауға қатысуға;
  • күрделі жөндеу жүргізілген соң ғимараттар мен имараттардың пайдалануға қабылдауға қатысуға;
  • бақылауды жүзеге асыруға және жасырын жұмыстарға, сондай-ақ жобалау- сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстарға акті рәсімдеуге қатысуға;
  • цех, телімдер бастықтарына және қарамағында ғимараттар, имараттар немесе жекелеген бөлмелер бар басқа жауапты тұлғаларға құрылыс құрылымдарын, ғимараттармен имараттардың инженерлік тораптарын пайдалану мен күтіп ұстау бойынша нұсқаулар беруге;
  • директордың және пайдалануға жауапты өзге тұлғалардың назарына комиссияның қорытындысы бойынша апатты жағдайдағы ғимараттар мен имараттардың пайдалануды тоқтату қажеттілігі туралы ақпаратты жазбаша түрде жеткізуге;
  • жоғарыда көрсетілген объектілердің техникалық жағдайы мәселелерін қарау кезінде кәсіпорынды немесе ұйымды таныстыруға
  • ұйым басшылығына техникалық жағдайына қарай объектілер бойынша күрделі жөндеу қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар беруге.
  • осы құрылыстағы басшылық құжатына сәйкес цехтар, бөлімдер, телімдер үшін нұсқаулар әзірлеуге, ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылымдарын, жабдықтарын, пайдалану ережелері бойынша, бұдан басқа, көрсетілген нұсқаулармен ғимараттар мен имараттарды тексеру жүйесі регламенттелуге, сондай-ақ жекелеген құрылымдар мен инженерлік жабдықтарды күту ережелері анықталуы тиіс.

Техникалық қадағалау қызметі қызметкерлерінің нұсқамасы міндетті болып табылады және ғимараттардыды күту мен пайдалануға жауапты тұлғалар мен техникалық кеңес жүргізбестен (бас) немесе техникалық әкімшілік директоры бұза алмайды. Техникалық қадағалау   қызметінің   мамандары   уақытында анықталмаған мынадай кемшіліктер үшін жауап береді:

  • ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылымдарының техникалық жағдайы;
  • ғимараттар мен имараттардың күрделі жөндеуі сапасыз жүргізілуі;
  • орындалған  жұмыстардың жасырын   жұмыстарға    жасалған актілерінде қате көрсетілуі;

Техникалық қадағалау қызметінің мамандары жіберілген қателіктер және олардың салдары үшін Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көтерді. Ғимараттар мен имараттардың құрылыстық құрылымдарының жағдайына, күтімі мен жөндеуіне техникалық қадағалау жасау қызметінің құрылымы мен саны қызмет көрсететін нысандардың ауданына А қосымшасында берілген мәліметтерге байланысты анықталынады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close