ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ МЕН СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕГІ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК-4
Кеуде жарақаты қандай заттан болғанына қарай түйрелген, кесілген, соғылған және оқ тигеннен болған деп бөлінеді.
Кеуде жарақаты ойық (қабырға аралық өкпеқаптың зақымдануымен) және ойылмаған (өкпеқаптың тұтастығы сақталған) болып өзара жікте- леді.
Ойық жарақат кезінде өкпеқап қуысында ауа керетін тесік пайда бо- лады.
Қысымның айырмашылығының салдарынан өкпеқап қуысында пневмоторакс (жабық, ашық және клапандық) пайда болумен жара арқылы сырттан ауа кіреді.
Жабық пневмоторакс өкпеқап қуысына түйрелген немесе кесілген жара салу кезінде ғана ауа кіруінен болады. Мұндай жараларда зақымданған тұстың шеттері өз бетінше тез жабылып, бұдан әрі ауа кіруіне жол берілмейді. Кірген ауа болса сорылып кетеді.
Ашық пневмоторакс кеудеде үңірейген жара болғанда пайда болады және бұл кезде сыртқы ауа өкпеқап қуысы арқылы еркін кіреді. Әрі дем алған сайын ауа өкпеқап қуысына кіруінен өкпені қыса бастайды. Тыныс алудың осылайша бұзылуынан қандағы оттегі төмендеп, тіндерде оттектік жетіспеушілік орын алады да, соның салдарынан жүректің жұмысы нашарлайды. Зардап шеккен адамның жағдайы одан сайын на- шарламау үшін жараның бетін жауып, өкпеқап қуысына ауа кірмеуіне қамтамасыз ету керек.
Клапандық пневмоторакс пішіні жіңішке болып келетін жарадан ірі бронх зақымданған кезде пайда болады. Бұл жағдайда дем алған сайын ауа бронхтағы жара арқылы өкпеқап қуысына кіреді, дегенмен жара орнының жіңішке болуына байланысты сыртқы ортаға шыға алмайды. Мұнда да тыныс алу мен жүрек қызметінің бұзылу салдары кеуденің жабық жарақатымен ұқсас болады.
Өкпе мен кеуде қуысының қан тамырлары зақымдалуы гемоторак- сқа әкеп соқтырады. Оның көлемі кейде кішкентай болса, енді бірде өкпеқап қуысы толықтай қанға толуынан ұлғаяды. Көлемі шағын гемо- торакс әдетте өкпе тінінің жарақаты кезінде кездеседі, бұл жағдайда қан құйылуы өз бетінше тоқтайды.
Көлемді гемотораксқа көбінесе себеп болатын жағдай — өкпедегі ірі қан тамырларының жарақаттануы немесе әдетте қысымы жоғары болып келетін қабырғааралық артериядан ағатын қан.
Өкпеқап қуысында қанның көптеп жиналуы өкпені қысып, содан ауа бармай қалады.
Кеуде жарақаты кезінде көрсетілетін медициналық көмек жарақат- тың сипатын анықтаумен, жараның бетін таңғыш жабумен, ауырсыну сезімін басатын дәрі-дәрмек беру, тыныс алу қызметі бұзылған адам- ды емдеу мекемесіне жеткізуге дайындықпен шектеледі. Тыныс алуы қиындаған және ашық пневмоторакс пен көлемді гемоторакстан қатты қансырау белгілері бар зардап шеккендерді тезірек анықтауға тырысып, оларға алдымен көмек беру керек.
Ашық пневмоторакста зардап шегушілер аласұрып қалады: олардың қимылынан қозу белгілері байқалады, қорқыныш сезімі бойын билейді, қолымен жараның бетін жабуға тырысады. Ауа жетіспеушілігінен орнынан жиі қозғалып, сүйеуеніп тұратын жер іздейді. Зақымданған тұстың қатты ауыратынына, әлсіздігіне, ауа жетіспеушілігі мен жөтел қысуына шағымданады. Терісі бозарып, көгере бастайды, қан араласқан қақырық түседі. Жиі және үстіртін тыныс алады. Тамыр соғуы жиі әрі әлсіз. Кеудедегі жарақаттан тыныс алғанда екі бағытта да сырылдаған дыбыс шығады.
Жөтелгенде және қозғалғанда жарадан көпіршікті қан ағады. Медициналық көмек тез көрсетілмесе тыныс алуы қиындап, қан айналымы бұзылады.
Клапандық пневмотораксқа тыныс алу мен қан айналымының айтарлықтай бұзылуы тән. Зардап шеккендер тыныс алудың қиындығына, жараланған тұстың ауруына шағымданып, отыруға тырысады. Терісі көгере бастайды. Беті, мойыны мен көкірек тұсында теріастылық эмфи- зема байқалады. Тыныс алуы жиілейді, алайда дем шығарарда қиналады. Жараның диаметрі әдетте 1 – 2 см аспайды.
Гемоторакс кезінде көп қан жоғалту белгілері анық байқалады. Өкпеқап қуысына құйылған қанның көлеміне қарай оның жағдайы анықталады. Зардап шеккендер кеудесінің ауыратынына, алқынуына және жалпы әлсіздікке шағымданады. Беті мен шырышты дене мүше- лерінің терісі бозарады. Тамыр соғуы жиі бірақ әлсіз.
Жарақаттың анықталған жалпы және жергілікті белгілерін бағалаудан кейін оның бетіне таңғыш салынады. Жарақаттанған тұстың (тесіп өтпеген, жабық пневмотораксті немесе гемотораксты) маңындағы теріні асептикалық құралдармен зарарсыздандырып, бірнеше қабатталған стерильді дәке салфеткасымен жараның бетін жапқан соң оны пластырьмен бекітіп қояды.
Ашық пневмоторакс кезінде өкпеқап қуысын окклюзиондық (герметикалық) таңғышпен жабу түрінде медициналық көмеккөрсетіледі.
Кеуде жарақатын алған барлық зардап шегушілер жараға таңғыш салынып, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін, то- лыққанды хирургиялық көмек көрсетілуі үшін міндетті түрде емдеу мекемесіне жіберілуі тиіс. Тыныс алуы қиындаған (ашық немесе клапандық пневмоторакс) немесе ішке қан кету (гемоторакс) белгілері бар зардап шегушілер бірден медициналық мекемелерге жіберіледі. Оларды мұндай жағдайда жартылай отырғызылған күйдетасымалдайды.
Іштің зақымдануы
Іш жарақаты ауыр жарақаттар түріне жатады. Көп жағдайда ішке қан кету мен жарақаттық шок байқалып, перитонит пен ауыр интоксикаци- яның басталауымен адам өміріне қауіп төндіреді. Мұндай асқынуларға құрсақ қуысының анатомиялық ерекшеліктері мен мұнда тығыз және қуыс мүшелер деп жіктелетін органдардың орналасуы ықпал етеді.
Тығыз мүшелер – бауыр, ұйқы безі, көкбауыр. Оларда артериалдық және веноздық қан тамырлары желісін құрайтын көптеген ұсақ қан та- мырлары орналасқан.
Тығыз мүшелердің зақымдануы ішке қан кетуімен қауіп төндіреді және бұл процессті тек ғана хирургиялық жолмен тоқтатуға болады.
Қуыс мүшелер – асқазан, 12 елі ішек, аш ішек және тоқ ішек, өт қабы.
Бұл мүшелер ас қорыту жүйесінің көп бөлігін құрайды.
Қуыс мүшелер зақымданғанда оның ішіндегінің бәрі құрсақ қуысы- на төгіледі. Егер асқазанға зақым келсе, оның шетіндегі жара арқылы құрсақ қуысына қышқыл асқазан сөлі ағады. Ішперде үшін күшті хими- ялық тітіркендіргіш болып табылатын асқазан сөлінен асқыну процес- сі басталады. Аш ішек жыртылған жағдайда құрсақ қуысына ішектегі сілтілік құрам ағуы да асқыну процессіне әкеп соғады. Дегенмен бұл жағдайда асқыну белгілері тез басталмайды. Тоқ ішек зақымданғанда ондағы шірік микробтық флоралы (ішек таяқшасы) құрам құрсақ қуы- сына ағуынан ішперде ауыр интоксикацияға ұшырайды.
Осылайша, қуыс мүшелердің зақымдануы пери¬тонит деп аталатын ішперденің асқынуына әкеп соғады.
Перитонит – іріңді уланудың ауыр түрі басталатын, зат алмасу процессі бұзылатын және түгелдей дерлік органдар мен жүйелер қыз- метінің бұзылуына әкеп соғатын үдемелі ауру түрі. Перитонитті емдеу әлі күнге дейін қиындық туғызады, әрі одан болатын өлім көрсеткіші де аса жоғары (20 – 30 %).
Перитониттің барысы үнемі үдемелі және тоқтаусыз сипатқа ие. Оның барысын тоқтату немесе бәсеңдетуге бағытталған консервативтік ем шаралары жоқ. Іш жарақаты кезінде перитониттің алдын алудың жалғыз жолы – шұғыл түрде хирургиялық ота жасау. Сондықтан, пе- ритонитті емдеудегі басты фактор – уақыт жоғалтпау: перитониттің се- бебін жоюға бағытталған хирургиялық отаның ерте жасалуы өмір сүру мүмкіндігін арттыра түседі.
Дене мүшелерінің зақымдану түріне қарай перитонит әр түрлі бағытта өрбиді. Құрсақ қуысына қышқыл асқазан сөлінің, аш ішек пен тоқ ішектің ішіндегі құрамның (нәжістің) құйылуынан болатын асқыну процесі ауыр өтеді. Ал қан немесе несептің құрсақ қуысына ағуынан болатын асқынулар керісінше баяу жүреді.
Іштің зақымдануының ашық және жабық түрі бар.
Жабық түрі доғал затпен соққы жасаудан, жердің, ғимараттардың сынған бөлшегінің ішке тиюінен болады. Жол-көлік апаты мен аса биік жерден құлау (инерциялық) да оған себеп болады.
Іштің жабық жарақаттары анатомиялық ерекшелік сипатына қа- рай алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы және ішкі органдар зақымданған жарақат болып екіге бөлінеді.
Құрсақ қабырғасының соғылуы ішке соққы жасалғанда немесе ішпен жерге құлағаннан болады. Соғылған жер тері астына қан құйылудан шама- лыісінеді, кейде қан ұйып қалуымүмкін. Пальпация жасағанда соғылған жер ауырсыну сезімін туғызады. Зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, қансырау және интоксикация белгілері байқалмайды.
Ішкі органдарға зақым келген жарақаттар ауыр болып саналады.
Көбінесе бұл жағдай жарақаттық шокқа әкеп соғады.
Жекелеген мүшелердің зақымдануы жарақат механизміне байланысты. Мәселен, ішке қатты соққы жасалғанда немесе ішпен құлағанда көбінесе бауыр, көкбауыр зақымданады, аш ішек жарақаты сирек кез- деседі. Ішті қатты басудан (денені қозғалмайтын затпен жаншу, қысу немесе ауыр заттардың астында қалғанда) аш ішек, қуық, асқазан, тоқ ішек жарылып кетуі мүмкін. Биік жерден құлағанда инерциялық зақым келеді, яғни бауыр және көкбауырдың жарылуы, аш ішек пен тоқ ішектің шажырқайдан үзіліп кетуі кездеседі.
Медициналық көмек көрсетілгенге дейін жабық іш жарақатын алған адамға бастапқы дәрігерлік тексеріс жүргізіледі. Оның мақсаты жарақаттың сипатын анықтау және емдеу мекемесіне жеткізу жолын қарастыру.
Мұндай тексеру оқиға орнында, яғни жарақат алған жерде жүргізіледі. Зардап шеккен адамның сырттай қарағанда жағдайы қанағаттанарлық болғанымен, бастапқы дәрігерлік тексерістен өтуден бас тартуға болмайды. Бастапқы тексеріс жүргізу үшін оны арқасымен жатқызып, жоғарғы жағына киімдерді қойып, басын биіктетеді.
Ең маңызды сұрақ қойылған соң (шағымдар, қалай жарақаттанғаны туралы) бетінің терісі мен ернінің шырышты бөлігі тексеріледі. Тамыр соғысының жиілігіне көңіл аударылады. Одан кейін ішін қарайды, егер мүмкіндік болса киімін көкірек бөлігінен санының жоғарғы тұсына дейін ашып тексерген жөн.Тыныс алу қозғалыстары кезінде ішінің көтеріліп, басылу қимылына назар аударылады. Ішкі органдар зақымданса немесе алдыңғы құрсақ қабырғасы қатты соғылған жағдайда тыныс алу барысында ішінің қозғалысы шектеулі немесе мүлдембайқалмайды.
Ішті ақырын басып көру арқылы ауыру аймағы мен алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық етінің қаттылығы (кернеулілігі) анықталады. Соңғысы құрсақішілік зақымданулардың белгісі болып табылады. Ішперденің зақымдану нышандары да ескеріледі. Дәрігерлік тексеру жүргізуші адам абайлап және баяу түрде ішін қолымен басады да, сәл- ден соң қолын бірден ала қалады. Қолын түсірген кезде зардап шеккен адамда ауырсыну сезімі пайда болады.
Пальпация кезінде анықталған ауырсыну сезімі, іш бұлшық етінің қатайып тұруы, ішперденің тітіркенуі сияқты симптомдар барлық жағдайда ішкі жарақаттардың көрінісі болып табылады. Көп жағдайда олар қансырау, жарақаттық шок, интоксикация сияқты ағзадағы түрлі өзгерістердің салдарынан болады. Жалпы және жергілікті жарақаттардың барлығына көз жеткізіп, тексеру құрсақішілік органдардың зақымда- нуын нақты болжауға мүмкіндік береді.
Бауыр мен көкбауыр зақымданғанда, шажырқай жыртылғанда ішке қан кетудің келесі белгілері көрініс береді: адамның тартына қимылдауы, тері мен шырышты қабықтың бозаруы, тамырдың жиі соғуы. Тыныс алу кезіндегі іштің шектеулі қозғалысы, пальпация жасағанда шамалы ауырсыну сезімі байқалады, құрсақ қабырғасы қатаяды және ішперденің тітіркену белгілері анық байқалмайды.
Қуыс органдардың зақымдануы іштің ауыруы үдей түсетін, адамның бет әлпеті өзгеріп, тілдің құрғауы, шөлдеу, тамыр соғуының жиіле- уі сияқты клиникалық белгілер тән болып табылатын перитониттің тез басталуына әкеп соғады. Тыныс алу кезінде іш қозғалысқа түспейді және ол ішке қарай тартылып тұрады, құрсақ қабырғасы кернеулі, пальпация кезінде біршама ауырсынады, ішперденің тітіркену симптомдары да анық байқалады.
Жабық іш жарақатын алғандардың барлығы жағдайының ауырлығына қарамастан, міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы керек. Алдыңғы құрсақ қабырғасы соғылғандар да дәрігерлік тексеру жүргізу үшін ауруханаға жіберіледі.
Жоғарыда аталған іш жарақатының ерекшеліктеріне байланысты дәрігерлік көмекке дейін қандай да бір шаралар жасау еш нәтиже бермейді. Өйткені мұның барлығы жарақаттың негізгі факторының әсерін, атап айтқанда, ішкі қан кетуі мен перитониттің өршуін тоқтатуға қауқарсыз. Сондықтан, зардап шегушінің жағдайын жақсартуға бағытталған нәтижесіз шараларға уақыт жоғалтай, ауруханаға шұғыл түрде жеткізу керек.
Іш жарақатының клиникалық белгілерінің өзгеруіне алып келетіндіктен және стационарда дұрыс диагноз қоюға кері әсерін тигізу мүмкіндігін ескеріп, зардап шеккен адамға әсері күшті ауыруды басуға арналған дәрі-дәрмек беруге болмайды. Тасымалдау кезінде зардап шеккен адамның ішіне мұз салынған зат немесе ішіне суық су құйылған жылытқы басу керек. Салыстырмалы түрде жағдайы қанағаттанарлық болса да, зардап шегушіні жатқызған күйде емдеу мекемесіне жеткізеді. Іш терісінің тұтастығы бұзылған кез-келген зақымдану іш жарақатына жатады.
Жарақат салынған заттың түрі мен жараның сипатына қарай мұндай жарақаттар түйрелген, кесілген, түйреліп-кесілген және оқ тигеннен болған деп өзара жіктеледі.
Іш жарақатын жіктеуде құрсақ қуысы ойылған және ойылмаған деп қарастырудың маңызы жоғары. Оның алғашқысына қабырғалық ішастар зақымдалған жарақаттар, ал екіншісіне оның тұтастығы бұзыл- маған жаралар кіреді.
Ойылмаған жарақаттарда құрсақ қабырғасының тіні – терісі, теріа- сты шелі, бұлшық ет ғана зақымданады. Мұндай жарақаттарды емдеу нәтижесі әдетте ойдағыдай болады.
Іштің ойылған жарақаты көбінесе ішкі органдардың зақымдануымен қатар жүреді. Аш ішек, бауыр, шажырқайдың зақымдануы жиі кезде- седі. Жарақат іштің төменгі бөлігінде болса қуыққа да зиян тиюі мүм- кін. Бірнеше мүшенің қатар зақымдану жағдайлары да сирек құбылыс емес. Мұны ауыр жарақат деп те атайды және оның өту барысы біршама қиын болады.
Іш жарақатының жоғарыда аталған ерекшеліктеріне қарап дәрігерлік көмекке дейінгі негізгі ережелер бекітілген: жарақаттың ойылғанына неғұрлым тез көз жеткізу және зардап шеккен адамға уақыт жоғалтпай хирургиялық ота жасау үшін жылдамырақ стационарлық мекемеге жеткізілсе, жарақаттан болатын ауыр асқынудың алды алынады және емдеу шаралары оң нәтиже береді.
Жарақаттың ойылған екендігіне бастапқы дәрігерлік тексеру кезінде-ақкөз жеткізуге болады. Ойықжараның негізгі көрінісі- зақымданған тұстан ішек бөліктері немесе шарбы майының бір бөлігі, асқазан не болмаса ішектердің ішіндегінің сыртқа ағуы. Ойық жарақатты білдіретін жанама симптомдарға іштің тартылу, оның тыныс алу кезінде қозғалысқа түспеуі, пальпация кезіндегі ауырсыну, алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық етінің қатаюы, ішперденің тітіркенуі сияқты перитониттің жергілікті белгілері жатады. Ойық жарақатта әдетте ішке қанкету белгілері (терінің бозаруы, тамырдың жиі соғуы) және интоксикацияның өршіп бара жатқандығы (шөлдеу, тілдің құрғауы) байқалады.
Іш жарақатының кез-келген түрінде зардап шеккен адамға қауіпсізді- гін қамтамасыз ету және шұғыл хирургиялық ота жасау үшін тез арада стационарлық емдеу мекемесіне жеткізу түрінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі.
Ең алдымен жарақаттың бетін бірнеше қабатталған дәке немесе мақтамен тұтастай көмкеріп тұратындай етіп, асептикалық таңғышпен жабады. Жараның беті жабылған таңғыш материал (мақта-дәке таңғышы) іштің ауданын толық қамтитындай қылып жалпақ бинтпен бекітеді.
Ойылған жерден ішектің бөлігі шығып тұратын болса, таңғыш салғанда оның одан әрі зақымдалмауын және қозғалмауын ескеру керек. Ол үшін сыртқа шығып тұрған ішек екі ұшы шиыршықталып қатты байланған үлкен дәке салфеткаға салынады. Соның нәтижесінде шығып кеткен ішек таңғышпен қысылмай және құрсақ қабырғасының терісіне тиетіндіктен орнынан қозғалмай, дәке сақинасының (шығыр нан») ішінде тұрады. Оның үстін ішектің сырты құрғап кетпеуі және таңғыш оңай шешілуі үшін жұқа етіп вазелин майы жағылған стерильді салфеткамен жауып қояды. Одан әрі бірнеше көлемі үлкен дәкеден жасалған салфетка, қалың қылып мақта төсеп, ең соңында ішті айналдыра байлап таңғышты бекітеді.
Таңғыш салысымен зардап шеккен адамды хирургиялық көмек көрсету үшін стационарлық мекемеге дереу жеткізеді. Ойық жараның белгілері анық көрініп тұрған болса және зардап шеккен адамның ауырсыну сезімін басу үшін тасымалдау кезінде оған дәрі салады. Ескеретін бір жәйт, бұл кезде қандайда бір дәрі немесе сұйықтықты ауызына құюға тыйым салынады.