Қоғам

ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ МЕН СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕГІ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК-5

Омыртқаның зақымдануы ашық, мысалы оқ тигеннен болса немесе доғал заттан болған соққының нәтижесінде жабық болуы мүмкін.

Күнделікті жағдайда негізінен жабық сынықтар жиі орын алады. Оған себеп болатын жағдайлар жоғары биіктіктен құлағанда бүкіл сал- мақтың аяққа немесе бөксеге түсуі, ауыр затпен арқасынан қатты соғу, ғимарат опырыла құлағанда ауыр заттардың астында қалу, теміржол, жол-көлік апаттары.

Омыртқа жотасының сынуы ауыр жарақаттар тобына жатады және жұлын зақымданбаған (жай сынық) және жұлын зақымданған (ауыр) болып өзара жіктеледі.

Көбінесе жұлыны зақымданбаған жарақаттар жиі орын алады және ол омыртқаденесінің, доғасының және өсіндісініңсынуыболыпбөлінеді. Ал ауқымды жарақат салынса бірнеше омыртқаға зақым келуі мүмкін.

Неғұрлым қозғалмалы келетін мойын және бел омыртқасының сы- нуы жиі орын алады. Бел омыртқасының 1-ші және 2-ші, сондай-ақ 12- ші артқа омыртқасы көбінесе сынып кететін тұстар болып есептеледі.

Адам үлкен биіктіктен құлап бара жатқанда денесін алға қарай бір- ден бүгіп, ал аяғын немесе бөксесін тіктеп түскенде осындай жарақат алады. Мұндайда омыртқа денесіне артық қысым түседі (компрессия) және алға қарай жалпиып кетеді. Бұл омыртқалардың компрессиялық сынуы деп аталады.

Омыртқаның көлденең өсіндісінің зақымдануы көбінесе денені бір жақ қырына қарай қатты майыстыруыдан болады, ал қылқанды өсіндінің сынуы арқадан тіктеп тұрып ұрғаннан немесе денені артқа қарай тым қатты шалқайтудан болады.

Омыртқаның қай тұсы сында да немесе сынықтың қай түрі болса да зардап шегуші қозғалыс кезінде зақымданған тұстың қатты ауыратынына шағымданады.

Сегізкөз сынғанда адам ұзақ уақыт арқасымен жата алмай, қатты қиналады. Көлденең өсінді сынғанда да қатты ауырып, ауру симптомы зақымданған жақтағы аяққа беріледі және денесін бұрғанда ауыру сезімі күшейеді.

Ауыратын жерді қарағанда бұл тұс теріастылық қан ұюдан ісініп тұрады. Омыртқа денесінің немесе көлденең өсіндінің сынуы кезінде ісіп тұрған жер қатты байқалмайды, ал қылқанды өсінді сынатын болса тері астындағы қан ұйыған жер көзге бірден көрінеді.

Жарақаттанған жерді қарағанда омыртқаның зақымдануын көруге болады, бұл әсіресе қылқанды өсіндінің зиян келген омыртқаның үстіне қарай көтеріліп тұратын компрессиондық сынық кезінде анық көрінеді. Екі немесе одан да көп омыртқа сынғанда зақымданған арқа бүкірейіп тұрады.

Омыртқа сынығының асқынуына әкелетін жағдайлар омыртқалар- дың орнынан жылжып кетуі салдарынан жұлынның қысылып қалуы, сынған сүйек бөлшектерінің немесе қанды ісіктің жұлынды мыжып та- стауы, соғылу, толықтай немесе жартылай үзіліп кетуі.

Жарақат алған соң жұлынның зақымдану сипатын бірден анықтау мүмкін емес, өйткені, зақымданған жердегі ісік жан-жағына жайылып, тіпті жарақаттың қарсы жағына да өтеді.

Соның салдарынан жұлын қалай жарақаттанса да қимыл әрекеті мен сезімталдықтың бұзылуына әкеп соғады.

Мойыномыртқасының жоғарғы бөлігісынғандажұлынның 1 – 3-ші сегменттері зақымданып, бұл өз кезегінде сопақша мидағы тамыр қозғалтқыш орталықтың салға (параличке) ұшырауынан жүрек қызметін тоқтатады.

Мойын омыртқасының төменгі бөлігі мен кеуде омыртқаларының жоғарғы бөлігіндегі жұлын зақымданатын болса, адамның аяқ-қолдары жұмыс істемей, толығымен сал болып қалады. Сонымен қатар денесін- де, аяқтарында сезімталдық жойылады, тыныс алу бұлшық еттерінің, ішектің және қуықтың қалыпты қызметі бұзылады.

Жұлын зақымдалып, кеуденің төменгі бөлігіндегі омыртқалар және бел омыртқасының сынуы параличке, аяқ парезіне немесе жамбас органдары қызметінің бұзылуына (несеп немесе нәжістің шығуы бұзылуы) әкеп соғады.

Несеп шығару қызметінің бұзылуы бастапқыда оның бөлінуінің бөгелуі түрінде көрініс береді. Ал кейін керісінше несеп шығуын те- жей алмайды.

Дефекация (нәжіс) бөлінуінің бұзылуы ішектің параличке ұшырауынан болады.

Жұлын қай тұсынан зақымданса да тіндерге қоректік заттардың жетуі бұзылуына әкеп соғады, бұл әдетте терінің ойылып қалуы түрінде көрініс береді.

Терінің ойылып қалуы жарақат алғаннан кейін бірнеше күннен соң-ақ байқала бастайды.

Дәрігерлік көмекке дейін зардап шеккен адамға оқиға орнында көмек көрсету шаралары жасалады және ол бастапқы тексеру мен ем- деу мекемесіне жеткізу шараларын қамтиды. Қарапайым тәсілдермен тез арада тексеріледі.

Зардап шеккен адамның шағымы тыңдалады және нақтыланады. Қозғалыс және сезімталдық қызметінің сақталуы тексеріледі. Ол үшін зардап шегушіге аяғын бүгіп, жоғары көтеру ұсынылады. Ал сезімталдығын тексеру үшін адамның аяғының терісіне қолын тигі- зеді немесе ақырын шымшып көреді. Аяқ қозғалысы мен сезімтал- дығы сақталған жағдайда жұлынға зақым келмегенін көруге болады. Омыртқа жарақатын нақтылаудың қарапайым және тиімді тәсілі — омыртқаға өстік жүктеме түсіру болып табылады. Ол үшін адамның аяғын тіктеп ұстап, ақырындап өкшесін ұрып көреді немесе зардап шеккен адамның иығына сәл ғана салмақ түсетіндей етіп басады: омыртқа сынған жағдайда зақымданған тұстың ауыруы арта түседі.

Жарақат алған жерді қарау мақсатында зардап шегушіні қыры- на қарай бұру қажет болса, бұл әрекет аса байыппен жасалуы тиіс. Өйткені денені тез бұрудан ауыру сезімі одан әрі ұдай түсуі мүмкін, сонымен қатар сынған сүйектер орнынан қозғалып кетеді. Жарақат орны мен ісіп тұрған жердің көлемі тексеріледі (теріастылық гемато- ма).

Компрессиялық сынық кезінде бір немесе бірнеше қылқанды өсім- шенің шығыңқы тұруынан арқасы бүкірейіп тұрады. Осындай көлемде жәнедәлосындай жолменбастапқы дәрігерліктексеружүргізу омыртқаның зақымдануына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

Дегенмен анықталған қозғалыс және сезімталдықтың бұзылуының белгісі болып табылатын анатомиялық өзгерістер жұлынның зақымданғанының шынайы көрінісі бола алмайды. Жұлынның соғылуы немесе омыртқалардың орнынан қозғалып кетуінен қысылып қалу да дәл осындай көрініс беруі мүмкін. Дереу арада олар қалпына келтірілген жағдайда жұлын қызметі де дұрысталады. Сондықтан бастапқы дәрігерлік тексеру неврологиялық зақымдану белгілері болмаған жағдайдағы сияқты және қайта орнына келмейтіндей қосымша зақымдануға жол бермеу мақсатында аса сақтықпен, байыппен жүргізілуі тиіс.

Омыртқа жарақатыныңерекшеліктерін ескере отырып, дәрігерліккөмек- ке дейінгі шаралар зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізуге дұрыс дайындауды қамтиды. Зардап шеккен адамды оғаш қимыл жасап, дұрыс жатқызбауданжұлын зардап шегіп, тіптіүзіліп кетуі деәбден мүмкін. Жа- рақаттанған адамды екі-үш адам бірігіп көтеріп, жатқызады және олардың қимылы бір уақытта әрі үйлесімді болғаны жөн.

Зардап шеккен адамды қалқан қойылған зембілге жатқызады. Ал белінің тұсына киімдерді орап салып, сәл биіктетеді. Қалқан болмаса адамды кеу- десінің астына киімдер немесе көрпе төсеу арқылы биіктетіп, ішімен төмен қаратып жатқызған соң емдеу мекемесіне жеткізеді.

Жарақаттанған адамның салмағы ауыр болса оны зембілге жатқызу кезінде «тарту» әдісін қолданады. Ол үшін алдымен қалқанды адамның бас жағына денесінің бойымен қатар келетіндей етіп қатар қояды. Содан кейін көмек көрсетушілер қалқанды аяғымен басып тұрып, адамның екі иығынан ұстайды да, қалқанның бойымен өздері кейін жылжып, денесін жоғарыға көтерместен оның үстіне қарай тартады.

Зардапшеккен адамды емдеумекемесіне жеткізер алдында оған ауырсыну сезімін басатын дәрі-дәрмек беру қажет.

Жамбастың зақымдануы.

Күнделікті жағдайда жамбас сынуының жабық түрі жиі кездеседі. Ал та- биғат апаты, әсіресе жер сілкінісі кездерінде болатын ауыр жарақаттардың ішінде жамбас сүйегінің сынуы алдыңғы орында. Техногендік апаттар (шахтадағы апаттар, теміржол апаты, жол-көлік оқиғалары) кезінде де жамбас сыну оқиғалары аса көп орыналады.

Жамбас сынуы механикалық зақымданулардың ішінде жарақаттық шок- тың жиі кездесуімен ерекшеленеді (35 – 40 % дейін) және ол қатты ауыру кезеңіндегі клиникалық белгілердің айғағы болып табылады.

Жамбас сынуының өзіндік ерекшелігі көп жағдайда қуық, несеп жолда- ры, тік ішек сияқты несеп шығару мен ас қорыту жүйесі органдарын тұйықтайтын аппараттарғажататынжамбасмүшелерініңзақымдануымен қатар кездеседі. Бұлмүшелердіңзақымдануы ылғи да зардап шегушінің жағдайын ауырлатып, тез арадахирургиялық көмек көрсетуге жіберуді қажететеді.

Жамбас сынуына көбінесе жол-көлік апаты кезінде жылдам қозғалыстағы үлкен затпен соққы жасау немесе ғимараттармен басқа да нысандардың құлауы себеп болады.

Жамбас сүйегінің сынуына себеп болатын тағы бір жағдай – оны ауыр заттың басып қалуы (шахталарда тау жыныстарының құлауы, қираған ғимараттардың сынығы және тағы басқалары). Сонымен қатар үлкен биіктіктен құлаудан да (10 метрден жоғары биік) жамбас сүйегі сынуы мүмкін. Қорытындылай келе айтқанда, жамбас сүйегі сынуының ауыртпалығы соққы жа- салған заттың үлкендігі мен қандай жылдамдықпен тигеніне, соққы тиген аумақтың үлкендігі және жарақаттаушы заттың сүйекке түсірген күшіне қарай болады.

Жамбас сүйегі сынуының көптеген түрлері болғанымен, оларды жамбас сақинасының тұтастығы сақталған және сақталмаған деп жіктеледі. Оның біріншісіне жамбас сүйектің жалпақ басы, шат сүйегі және шонданай сүйегінің жанының сынуы, ал екіншісіне шат немесе шонданай сүйегінің бір не болмаса екі жағынан сынуы жатады.

Сүйек сынуының аталған түрлері жамбастың алдыңғы бөлігінің сынуына жатады. Көбінесе жамбастың артқы бөлігі – жамбас сүйегінің жалпақ басы мен сегізкөздің қиылысқан тұсының жарылуы, жамбастың жалпақ басының ұзындығынан сынуы, сегізкөздің сынуы сияқты зақымданулармен қатар кездеседі. Бұндай сынықтарды қосарланған сынықтар деп те атайды.

Қосарланған сынықтар кезінде ауыр дәрежелі жарақаттық шоктан, көлемді тінішілік қан жоғалтудан және басқа да мүшелердің, оның ішінде аяқ сүйектерінің қатар сынуымен зардап шегушінің жағдайы айтарлықтай ауырлайды.

Жамбас мүшелері сынығында әдетте қуықтың зақымдануы жиі кездеседі.

Ол сыну кезінде орнынан жылжыпкеткеншатсүйегіжәне шонданай сүйегінің сынықтарының зақымдануынан немесе жамбас пен іштің қысылып қалуы салдарынан құрсақішілік қысымның кенеттен артуынан зақымдануы мүмкін.

Зәр шығаратын арнаның зақымдануы көбінесе ер адамдарда жамбас сүйегінің алдыңғы бөліктері сынған жағдайда орын алады.

Жамбас жарақатын алғандардың жағдайы жанынан немесе оқшауланған сынықтар кезінде қанағаттанарлық болса, ал қосарланған сынық кезінде жағдайы ауырлайды.

Оқиға орын алған жерде бастапқы дәрігерлік тексеру шаралары жамбас сүйегінің сынуын анықтау және зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізуге дайындық түрінде жүзеге асырылады. Зардап шегушінің жағдайы неғұр- лымауырболса, соғұрлым дереуарадаонытиісті орынға жеткізу керек.

Зардап шеккендер әдетте ішінің астыңғы бөлігінің көп жері ауыратынын айтып, шағымданады. Сегізкөз сүйегі сынған жағдайда адам қатты қиналып, ауырсынады.

Жамбас сақинасы сынуына тән белгі «жабысып қалған өкше» симптомы болып табылады. Бұл жағдайда зардап шегуші зақымданған жақтың аяғын көтеру ұсынылғанда, тек тізесі мен жамбас буынын ғана ие алады, ал өкше- сін жоғарыға көтеруге халі болмайды.

Қосарланған сынық кезінде зардап шегуші «бақаға ұқсаған қалып» деп аталатын кейіпте болады: яғни тізе буындарын жай ғана басқан жағдайда саны сыртқа қарап, екі жаққа қарай жайылып ашылады.

Жамбас сүйегінің жалпақ басын жанынан ақырындап басу арқылы патологиялық жылжымалылықты анықтауға болады, ал жамбасқа жақын ор- наласқан тұстарды қарағанда қанталап тұрған жерді немесе шабының тұсы мен ішінің астыңғы бөлігіне қан құйылғанын көруге болады.

Қуықтың зақымдануынан зардап шегушікішідәреткеауырсынып әріжиі барады, сонымен қатар әдетте несепке қан араласқанын байқауға болады.

Зәр шығаратын арнаның зақымдануынан оның бөлінуі қиындайды және қан тамшыларының бөлінетінібайқалады.

Төтенше жағдайлар кезінде жоғарыда аталған симптомдарғажедел түрде көз жеткізу көбінесе жамбас сүйегінің сынғанын дәл анықтауға және зардап шеккен адамдыемдеумекемесінежеткізугедайындықты бастауғамүмкіндік береді.

Есте сақтайтын бір жәйт, жамбас сүйегі сынған адамдарды асқан сақтықпен баяу қиылдап тасымалдайды.

Қайта-қайта орнынан қозғау, ебедейсіз қимылдау, қырына жатқызып, одан соң қайтадан денесін бұру ауырсыну факторының жағымсыз әсерін үдете түседі, ал иммобилизациядағы ақаулар тінішілік қан кету мен жарақаттық шоктың артуына әсеретеді.

Емдеу мекемесіне жеткізерде зардап шеккен адамға ауырсыну сезімін басатын дәрі-дәрмек салады. Қуығы зақымданған кезде қан аралас несептің киімді бүлдірмеуіүшін екі аяғының ортасынабірнеше қабатталған мақта-дәке төсемесін салады.

Зардап шеккен адамдарды тасымалдау үшін қатты жабыны бар зембіл (қолдан жасалған немесе стандартты қалқаны бар) пайдаланылып, онда мін- детті түрде аяғы қалыпты жағдайда болатындай: жамбас буыны 30° дейін, ал тізе буыны 45° дейін иілген күйі; тізе буындарының астына киімдер немесе көрпе бүктеліп, салынады, ал екі аяқты орамал я болмаса дәкемен арасын біріктіріп, байлап қояды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close