Қоғам

ДАУЫЛ, БОРАН, ҚҰЙЫН

Дауыл– бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.

Боран –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады,
теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.
Құйын – күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа құйыны. Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.

Жолдар мен көпір беттерінің, имараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі
құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған имараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран
кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті. Дауыл, боран мен құйындардың негізгі сипаты жел жылдамдығының күшеюі, ауа қысымының күрт төмендеуі, нөсер жауын мен дауылдың суды айдауы, қардың қарқынды жаууы мен шаңның қатты соғуы. Егер сіз дауыл, боран, құйын соғу қаупі бар аудандарда (Ресей федерациясының Алыс-шығыс, Орталық және де басқа экономикалық аудандары) тұратын болсаңыз, төмендегімен
танысыңыз:

— жақындап келе жатқан табиғи зілзала туралы хабарлау дабылдарымен, адамдарды қорғау тәсілдері және ғимараттардың (имараттар) қатты жел мен дауылдың суды айдауы әсеріне төзімділігін жоғарылату туралы;
— дауыл, боран және құмды бұрқасын, құйын болған кездегі адамдардың әрекеті туралы ережелермен;
— дауылдар, құйындар, дауылдың суды айдауы, қарлы, құмды құйындардың салдарын жою тәсілдерімен, құралдарымен, сонымен қатар қираған ғимараттар мен имараттардың астында қалған, зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерімен;
— жақындағы жертөлелер, ықтар мен неғұрлым мықты төзімді ғимараттарда сіздің отбасыңыз, туыстарыңыз бен көршілеріңіз паналайтын орындармен;
— қауіптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастырылған көшіру кезіндегі шығу жолдары мен орналастыру аудандарымен;
-Өзіңіздің елді мекеніңіздегі АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі әкімшілік пен комиссиясының мекенжайлары мен телефондарымен.
Дауыл туралы дабылды естігеннен кейін келесі әрекеттерге көшіңіз: шатырды, пеш және желдету құбырларын бекіту;
-шатыр жайларының терезелерін бекіту (тақтайдан жасалған қалқандармен, шарбақтармен немесе қаңылтырмен), балкондар мен аула аумағын өрт қауіпті заттардан босату;
— қауіпсіз аудандарға көшіру жағдайына 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен су және өзі жанатын жарық көздерін (фонарьлар, керосин шамдары) дайындау;
— жеңіл құрылыстарынан неғұрлым мықты құрылыстарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғау имараттарына көшіңіз.

Дауыл, боран, құйын кезінде қалай әрекет ету керек

Егер дауыл, боран, құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақтұрыңыз да, жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дәлізде, құрылған шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дәретханада, қойма, мықты шкафтарының жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға тұрыңыз. Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің шүмектерін жабыңыз. Қараңғы уақытта фонарьлар мен шамдарды пайдаланыңыз, АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының ақпараттарын есту үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз, мүмкіндігінше терең паналарда, жерқоймаларда отырыңыз. Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде басталса,
неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс обьектілерінен алыс жүріңіз. Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты қағаз немесе пластик жәшіктер, тақтай немесе қолда бар кез-келген заттарды
пайдаланыңыз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде, жерқоймалар мен радияцияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. Зақымдалғанғимараттарға кірмеңіз, себебі қайта соққан желде құлауы мүмкін. Қарлыборанда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, және сізге көмек берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз. Шаңды құйын кезінде бетіңізді дәкемен, шытпен, мата қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз. Құйынның жақындауы туралы дабыл түскен кезде дереу ық жерге, үй жертөлесіне немесе қоймажайына түсу керек, немесе төсектің, басқа да жиһаздың астына кіру қажет. Егер құйын сіз ашық жерде жүргенде басталса,жол шетіне, шұңқырға, орларға, тар сайларға тығылып, басыңызды киіммен немесе тоғай бұтақтарымен жауып жерге жақын жатыңыз.

Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
— Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
— Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
— Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
— Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
— Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
— Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
— Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
— Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
— Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
— Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.

Естеріңізде болсын: әдетте мұз сүңгілері су жиналған жерде пайдаболады, сол себепті үйлердің фасадын  айналып өту керек. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар және мүмкіндігінше ғимараттардың
қабырғаларына жақын жүрмеңіз.Егер тротуарда жүрген кезде жоғарыдан күмәнді дыбыстар шықса,
жоғары қарап, не екенін тексерудің қажеті жоқ. Ол жылжыған қар немесе мұз кесегі болуы мүмкін. Ғимараттан алыс қашуға да болмайды.Қабырғаға тезірек сүйеніп, шатырдың шетін қалқа ретінде қолдану керек. Үнемі қоршалған жер телімдеріне мән беріп, қауіпті жерлерге кіруден бас тартыңыз.

Көктайғақ апаттарынан өз өзіңді қорғаудың ең бір дұрыс тәсілі көшелерде жол жүру ережесін сақтау болып табылады, соның ішінде:
автобустың артынан айналып өту;
балаларды өз жаныңнан жібермеу;
бағдар шамның қызыл түсі жанып тұрғанда жолдан өтпеу;
жолдан өтер кезде ең алдымен солға, содан соң оңға қарау;
жолдан өтуге дайындалып тұрған уақытта жол шетінде тұрмау;
автобус аялдамасында жүріп жатқан көлікке артыңмен бұрылмау;
көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

Мұз үстіне жалғыз шықпаңыз!
Мұздың қалыңдығын аяғыңызбен тексермеңіз!
Қауіпті кезде ұқыпты, абай болыңыз!

Қар астында жұқа мұз болуы мүмкін .
Абай болыңыз!

Назар аударыңыз!
Егер аяқ астынан мұз жарылып, сынықтар пайда болса, қорықпаңыз және қауіптен қашпаңыз!
Мұз үстіне етпетінен жатып,қауіпсіз жерге қарай жылжыңыз!

Абай болыңыз!
Мынадай жерлерде тіпті қатты аяздан соң да мұздың қату деңгейі төмен болады. Қауіп туған жағдайда қорқып, айғай салмаңыз! Бар күшіңізді сақтап мұзға қарай қолыңызды барынша сермеңіз!

Құтқару кезінде тезірек, тиянақты, абай болыңыз!

Мұзда өзін-өзі ұстау қағидасы:
— Мұздың үстімен топтасып жүргенде, бір-біріңнен 5-6 метр алшақ жүрген жөн. Бірінші жаяу жүргенге бейімдеп, құтқаратын заттарды кигізіп,( мысалы құтқару кеудешесі) ең жеңіл адамды жіберу керек
— Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтеуге болмайды.
— Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.
— Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз.
— Мұздың бөлек бөлігінде топталып тұрма.
— Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз..

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close