КӨПҚАБАТТЫ ҒИМАРАТТАРДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ
Биік қабатты ғимараттарда өрттерді сөндіру белгілі бір қиындық түрінде болады, өйткені тағайындалуы, қабаттылығы және ғимаратты сипаттайтын басқа да негізгі элементтері бөлмелердегі сөндіруге және дамуға әсер етуі мүмкін. Жану және түтіндену аймақтарында көмек сұраушы адамдардың көп болуы, әсіресе түнгі уақытта.
Кез келген ғимарат бөлмесіндегі өрт жағдайы берілген уақытта келесі негізгі орта көлемді параметрлер қалпымен сипатталады: жанып жатқан бөлмедегі газды ортаның тғыздалуымен, жанып жатқан бөлмедегі қысыммен, газды ортаның концентрациясы және температурасымен. Өрт сөндіру басшысының негізгі тапсырмасы ең алдымен ғимараттардағы өрттердің жалпы параметрлерін анықтау және соның негізінде ең тиімді өрт сөндіру әдістері мен тәсілдерін пайдалану болып табылады. Биіктігі 10-нан 25 дейінгі қабаттары бар азаматтық ғимараттар биік қабатты ғимараттарға жатады. Оларда үлкен отқа төзімділік шегі бар, жанбайтын материалдар конструкциялары бар. Өзінің жоспарлы шешімі бойынша тұрғын және қоғамдық ғимараттар бір және көпсекционды болуы мүмкін. Бұл ғимараттардың және саты-лифтті түйіндердің конструктивті және көлемді-жоспарлы шешімдері олардағы өрттер кезіндегі адамдарды көшіру жолдарының түтінденбеуін және өрт сөндіру бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді. Саты торларының түтінденбеуі олардағы ауаның тірелуімен немесе қабат аралық шығулар, балкондар немесе ғимарат қабаттарында құрылады. Көп секционды ғимараттарда адамдарды көшіру үшін пәтерден пәтерге, балкондар арқылы басқа сецияларға, балкондарды байланыстыратын өрт сатылары бойынша өтпелерді қарастырады. Биік қабатты ғимараттарда адамдарды табысты көшіру және өрт сөндіру жағдайларын қамтамасыз ету үшін инженерлік жүйелерді орнатады. Оларға әрбір қабаттағы өрт кранының жанында орналасқан, дистанционды немесе автоматты көрсеткіштер көмегімен іске қосылатын саты торларындағы ауа тірегіші жатады. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда, әрбір қабат корридорынан түтінді жою жүйелері қарастырылады. Олардың клапандары мен желдеткіш жібергіштері өрт крандарындағы шкафтардан автоматты және дистанционды іске қосылады. Бұрын салынған ғимараттарда түтінді жою жүйесі лифт шахталары және саты торларында орналасқан.
Биік қабатты ғимараттардың өртке қарсы қорғауы әрдайым жетілдіруде. Қазіргі заманғы ғимараттардың өртке қарсы қорғау қондырғылары әлі де жеткіліксіз, олар өрт пайда болған кезде әрдайым дайын емес күйінде болады. Биік қабатты қоғамдық ғимараттарда, қонақ үй және жатақханалардағы өрт жағдайында адамдарды көшіру үшін өрт туралы хабарлау және көшіруді басқару жүйелері қарастырылады.
Биік қабатты ғимараттарда өрт пайда болған кезде жоғары орналасқан қабаттардың және саты-лифт түйіндерінің тез түтіндеуі, сол сияқты қабат шегінде оттың қарқынды таралуы өтеді, әсіресе корридорлы жоспарлануы және инженерлік коммуникация бойынша. Бұған жел әсерінің жоғарылауы, ғимараттың биік болуынан іште және сыртта ауа қысымының түсуі әсер етеді. Болған өрттер және тәжірибе көрсеткендей, 12-16 қабатты ғимараттардың бірінші –үшінші қабаттарында өрт пайда болғанда пайда болу уақытынан 5-6 мин кейін жану өнімдері барлық саты торлары бойынша таралады, ал түтіндену деңгейінің жоғары болуынан адамдар тыныс алу органдарының жеке қорғану құралдарынсыз жүре алмайды.
Өрттің пайда болуынан 15-20 мин кейін от балкондар, лоджиялар, терезе және есік ойықтары арқылы жоғары орналасқан қабаттардың бөлмелеріне өтуі мүмкін. Биік қабатты ғимараттың екінші қабатындағы өрт кезінде температуралық режим сур.1 көрсетілген. Бұл жағдайда 4000 м3/сағ жуық жану өнімдері саты торына өтеді. Пәтердің шыныларын бұзу кезінде газ алмасу сызбасы біршама өзгереді, яғни жану өнімдерінің қозғалу жылдамдығы мен мөлшері көбейеді, сондықтан да пәтер аралық корридорлардағы және саты торларының есік ойықтарындағы температура жоғарылайды. Өрт деңгейінен екі-үш қабат шегіндегі саты торының биіктігі бойынша 100-150°С орта температурасы бар «жылу жастығы» пайда болады.
Баспалдақ-лифт түйіндерінің тығыз түтіндеуі, барлау және құтқару жұмыстарын жүргізуге қиындық тудырады. Өрт қандай көп қабатты ғимаратта пайда болғанына қарамастан, онымен күрес шараларын өткізу өте қиын.
Биік қабатты ғимараттардағы өрттер қабаттан қабатқа түрлі коммуникациялар өтетін жабындылар еңістерінен өтуі мүмкін: су құбыры, канализация, электрокабельдер, желдету.
Биік қабатты үйлердегі өрттер кезінде:
oкөмек қажет ететін адамдардың көп болуы, үрейдің тууы;
oқұтқару жұмыстарын жүргізудің қиындығы;
oғимарат iшiндегi сияқты сыртында тiк бағытта отпен бiрге уландырушы өнiмдерiнiң таралуы;
лифт шахталары және тiк арналар, құрылыс құрылымдарындағы тығыздықтың жоқтығыарқылы саты торларының және жоғарғы қабаттардың түтiнденуi;
өрт болған жердегi (дәлiзде және саты торда) қабаттардың әкету жолдарында жану өнімдерінің шоғырлануы жәнежоғары температураның болуы;
ғимаратты жағалай стилобаттың болуы және кiре берiс алаңның болмауынан құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн автосаты мен автокөтергiштi орнатудың қиындауы;
әсiресе ғимараттың жоғарғы қабаттарына сөндiру құралдарын берудiң қиындығы мен күрделiлiгiнiң болуы;
өрт сөндiруге қатысушыларға күштердi және құралдарды басқаруда қиындықтар тууы;
құтқару жұмыстары мен өрттi сөндiру кезiнде арнайы техникалық құралдарды қолданудың қажет болуы мүмкiн.
Биік қабатты ғимараттардағы өрттер үлкен материалдық шығындарға, адамдардың өліміне әкеледі. Биік қабатты ғимараттарда өрт пайда болған кезде жоғары орналасқан қабаттардың және саты-лифт түйіндерінің тез түтіндеуі, сол сияқты қабат шегінде оттың қарқынды таралуы өтеді, әсіресе корридорлы жоспарлануы және инженерлік коммуникация бойынша. Бұған жел әсерінің жоғарылауы, ғимараттың биік болуынан іште және сыртта ауа қысымының түсуі әсер етеді.