Без рубрики

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА 3,5 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЗАҢСЫЗ КРИПТОВАЛЮТА СХЕМАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Ақтөбе облысында ірі көлемдегі заңсыз криптовалюта операциялары әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, схеманы ұйымдастырушы лицензиясыз жұмыс істеген.

Тергеу барысында дропперлер схемасы қолданылғаны белгілі болды: олардың атына банк карталары мен криптобиржалардағы аккаунттар рәсімделген. 150-ден астам адамның шоттары арқылы ақша айналып, кейін криптовалютаға аударылып, айырбастау пункттері арқылы шетел валютасына шығарылған.

Қаржылық операцияларға заңды көрініс беру үшін аффилирленген компаниямен жалған қарыз шарттары жасалған.

Тінту кезінде 46 ұялы телефон, 92 банк картасы және 25 мыңнан астам USDT тәркіленді. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Мамандар азаматтарды осындай схемалардан сақ болуға және тек ресми тіркелген платформалар арқылы операция жасауға шақырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close