Без рубрики
АВТОБУС АПАТЫНАН ЕКІ АДАМ ҚАЗА TAПТЫ
Алматы облысында оқушылар мінген автобус пен Hyundai Accent көлігі соқтығысты. Жол апаты “Сокол” саяжай қоғамы аумағында болған.

Желіде тараған бейнежазбадан оқушылардың рюкзактарымен автобустан шыққаны, олардың шошып айқайлағаны естіледі. Сондай-ақ жерде екі адамның жатқанын байқауға болады.
Полицияның ресми мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Ал оның жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің көмегіне қарамастан көз жұмды. Автобустағы балалар зардап шекпеген.
Тергеу дерегіне сәйкес, Hyundai жүргізушісі бұрылыс кезінде автобусқа жол бермей, соқтығысқан. Қазір қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталып жатыр.



