Без рубрики
БАДЫҚОВАНЫҢ НЕ ҮШІН АЖЫРАСҚАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Белгілі актриса Дариға Бадықова мен актер Дархан Мұсаевтың отбасылық өміріне нүкте қойылды.

Бұл туралы Мұсаев әлеуметтік желіде өзі хабарлап, ресми түрде некелерінің бұзылғанын растады.
Оның айтуынша, ерлі-зайыптылар 2008 жылы заңды некеге тұрған, 16 жыл бойы бірге ғұмыр кешкен. Алайда өткен жылдың күзінде заңды түрде ажырасу туралы өтініш беріп, биыл бұл процесс толық аяқталған.
«Қазіргі таңда Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмаймыз», – деп жазды актер.
Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік отандық өнер жұлдыздарының не себепті ажырасқанын сұрап, әртүрлі пікір білдіруде. Ал әзірге қос тарап жеке өміріне қатысты басқа мәлімдеме жасаған жоқ.