Газ құбырына зақым келді: Түркістанда екі ауыл уақытша газсыз қалды

Түркістанда беймәлім заңбұзушы жоғары қысымды газ құбырын зақымдап,
нәтижесінде екі ауыл газсыз қалды
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде, сағат 10:50-де «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан
өндірістік филиалына Түркістан қалалық газ шаруашылығы басшысынан шұғыл хабарлама
келіп түсті.
Хабарламада Түркістан-Арыс суару каналының үстінен өтетін жердегі газ құбырына
айтарлықтай зақым келгені айтылған.
Оқиға орнына жеткен апаттық бригада белгісіз техника жоғары қысымды, диаметрі
315 мм газ құбырына соқтығысқанын анықтады. Қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуы
салдарынан «полиэтилен–болат» өткелі бүлініп, газ таралуына себеп болған. Апатқа кінәлі
тұлға оқиға орнынан ізің суытқан, әрі жедел қызметтерге хабар бермеген. Бұл әрекет
тұрғындардың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндірді. Осыған байланысты Түркістан қалалық
полиция департаментінің қызметкерлері дереу шақыртылып, кінәліні іздестіру жұмыстары
жүргізілуде.
Жергілікті газ қызметкерлері 300 мм клапандарды дер кезінде жауып, газдың
таралуын тоқтатып, апаттың салдарын алдын алды. Газ құбырының 50 метр аумағын
тексеру кезінде қосымша зақым немесе ақаулар анықталған жоқ.
Оқиға салдарынан Түркістан облысы Сауран ауданының Ибата және Ойық
ауылдарының шамамен 500 тұрғыны газсыз қалды. Айталық, газ құбыры тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық басқармасының балансында.
Қазіргі уақытта «QazaqGaz Aimaq» мамандары газбен жабдықтауды қалпына келтіру
жұмыстарын жүргізуде.
Компания өкілдері газ тарату желілерінің маңында жұмыс жүргізетін барлық
құрылыс компанияларын және көлік жүргізушілерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға
шақырады. Жауапкершіліктен жалтару жазадан құтқармайды – кінәлі тұлғалар заң аясында
анықталып, жауапқа тартылады.