Без рубрики
KASPI.KZ ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ КЛИЕНТТЕРІНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
Kaspi.kz компаниясы Kaspi Travel арқылы тур немесе барып-қайтуға ұшақ билетін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе транзиттік жолаушы ретінде сол өңірде қалып қойған клиенттерге материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Компания мәліметінше, мәжбүрлі түрде шетелде болған кезеңде әр клиенттің Kaspi Gold картасына күн сайын қаржылай қолдау аударылады:
әр ересек адамға – 35 000 теңге
әр балаға – 15 000 теңге
Бұл шешім азаматтардың күтпеген жағдайдағы шығындарын азайтып, уақытша тұрақтауына қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Kaspi.kz өз клиенттерімен тұрақты байланыста болып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр және қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.
Компания азаматтарды қауіпсіз жерлерде болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарымен үнемі байланыста болуға шақырады.



