ҚАУІПТІ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫҢ ҚИРАУЫ
ТЖ аймағында көбінесе қираған ғимараттар қалады. Олар өздерінің күтпеген жерден қирауына байланысты қауіп төндіреді. Бұл құрылыстар арнайы тетіктерге бекітілулері қажет (тіреуіш, таяғыштар) немесе қиратылуы керек. Қирату үш негізгі тəсілдермен жүзеге асырылады.

Бұл жұмыстарды жүргізетін аймақ қоршалуы тиіс.
Көптеген ғимараттар адамдардың болуы мүмкін жертөлелер мен, баспаналармен, технологиялық үй асты қоймаларымен жабдықталады. Пайда болған үйінділер, тəртіп бойынша, шыға берістерді жабады, ауаның кіруін қиындатады, бұл баспаналарда адамдардың өз беттерімен шығуына мүмкіндік бермейді.
Құтқарушылардың міндетіне:
- басылып қалған баспаналарды іздеу;
- баспананың ішіндегі жағдайды (адамдардың саны, олардың жағдайы, бұзылған баспананың дəрежесі, судың, тамақтың, дəрі – дəрмектердің бар – жоғын) анықтау;
- баспанаға ауаның, судың, тамақтың, дəрі – дəрмектердің, таңатын материалдарды, қорғау құралдарын беруді ұйымдастыру;
- баспананы қазу, тазалау, зардап шегушілерді көшіру, оларға көмек көрсету кіреді.
Басылып қалған баспаналарды іздеу қала, аудан, көшелердің жоспарының көмегімен, ішкі белгілерімен (ауа алу құбырлары), дыбысты дабылдармен (айқай, ыңырсу, тарсылдату), итті пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Баспананы тапқаннан кейін зардап шегушілермен байланыс орнатылады (дауыспен, тарсылдатумен, радио арқылы немесе телефон байланысымен). Құтқарушылар баспананы тазалауға жəне қазуға бір уақытта кіріседі.
Бірінші кезекте люктердің, есіктердің, ойықтардың ауа алу кұбырларының орындары босатылады жəне тазартылады. Егер мұндай мүмкіндік болмаса онда құтқарушылар қабырғаға немесе жабық жерлерге тесік ояды. Бұл жұмыстар бетон сүйменнің, шой балғаның, сүйменнің, ауыр балғаның, кескіштің, күректің көмегімен орындалады. Тесіктер ауа, су, тамақ, дəрі – əрмектер беру үшін қызмет етеді. Оларды кеңейткеннен кейін олар адамдарды көшіру үшін пайдаланылады. Жарым – жартылай бұзылған ғимараттардағы адамдарды құтқару жұмыстары ішкі қабырғалардың бұзылуын жəне бос тұрған құрылыстарды, ішкі бөлмелерді, адамдардың табылу орнын жəне оларды көшіру мүмкіндігін қараудан жəне тексеруден басталады.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ІЗДЕСТІРУ – ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ
Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу. Үйінді деп құрылыс материалдарының жəне конструкциялардың, технологиялық жабдықтардың, санитарлық – техникалық құрылғылардың, жиһаздардың, үй аспаптарының, тастардың бей–берекет үйіліп жатуы айтылады. Үйіндінің пайда болуының себебі табиғи дүлей апаттар (жер сілкінісі, су тасқыны, цунами, дауыл, боран, опырылулар, көшкін, сел тасқындары), материалдардың тозуына жəне бұзылуына əкелетін табиғи əсерлердің факторлары (атмосфералық ылғалдық, жер астындағы сулар, ауа температурасының күрт өзгеруі, шөгіп қалған топырақ), құрылысты жобалау сатысындағы қателіктер, нысананы пайдаланудағы ережелердің бұзылуы, əскери қимылдар болуы мүмкін. Құрылыстың бұзылу дəрежесі бұзатын фактордың күшіне, оның əсерінің жалғасу ұзақтығына, конструкцияның сейсмотұрақтығына, құрылыстың сапасына, құрылыстың тозу дəрежесіне (ескіруіне) байланысты.
Үйінділер бірыңғай (тұтас) жəне жеке (əр жерде) болады. Үйінділер шартты түрде темір бетонды жəне кірпішті болып бөлінеді. Темір бетонды үйінділер темір бетон қалдықтарынан, бетон, металл жəне ағаш конструкцияларынан, қаланған кірпіштердің құлаған қалдықтарынан, технологиялық жабдықтардың элеметтерінен тұрады. Олар үлкен көлемдегі ірі элементтермен, көбінесе өзара қосылып жатқан қуыстармен жəне тұрақсыз элеметтермен сипатталады. Кірпішті үйінділер кірпіш сынықтарынан, кірпіш кесектерінен, сылақтан, темір бетонның қалдықтарынан, металл, ағаш конструкцияларынан тұрады. Олар ірі элементтер мен қуыстың болмауынан өте қалыңдығымен сипатталады.
Үйінділер пайда болуы электр қуатының бұзылуына, жылу, газ, сантехникалық жəне басқа жүйелердің бұзылуына əкеп соғады. Бұл өрт шығу, жарылыс, су басу, электр тоғының зақымдану қаупін төндіреді. Əсіресе қауіпті заттар шығарылатын жəне сақталатын өнеркəсіп құрылыстарындағы үйінділер өте қауіпті. Əдетте құрылыстың қирап, үйінділердің пайда болуы адамдардың қоршауда қалуына, жарақаттануына жəне олардың өліміне алып келеді. Зардап шегушілер бұзылған жер төлелердің жəне жер асты қорғау ғимараттарының, технологиялық үй асты қоймасының жəне бірінші қабаттағы үйлердің үйіндісіндегі үстіңгі, ортаңғы жəне төменгі бөліктерінде болуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда олар əртүрлі қабаттарда көбінесе қираған ғимараттарда, қуыстарда жəне бос жерлерде, шатырларда қалулары мүмкін.
Үйінді жағдайларында іздестіру – құтқару жұмыстары төмендегідей барлау жүргізуден басталады:
- ТЖ аймағын жəне оның сипатын анықтау;
- зардап шегушілердің тұрған орнын жəне жағдайларын анықтау;
- ТЖ аймағындағы нысаналардың жағдайын (инженерлік жүйенің құрылысын, коммуникациясын) бағалау;
- химиялық, бактериологиялық зақымданудың, уландыратын жəне жарылу қаупі бар заттардың өрт ошақтарын анықтау;
- кіре беріс жолдардың аралығын анықтау, техникаларды белгілеу, зардап шеккендерді көшіру жолдарын қарастыру.
Барлау жүргізіп болғаннан кейін құтқарушылар зардап шегушілерге көмек көрсету үшін үйінділерді аршуға кіріседі. Сонымен бірге, бұл жерде екі негізгі тəсілдер қолданылады: үйіндіні үстінен аршу жəне үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау.
Үйіндіні үстінен аршу – үйіндінің үстіңгі бөлігіндегі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін жəне оларға еркін баруды жүзеге асырады. Үйінділер қолмен сүйменді, күректі, қалақты пайдаланып тазартылады. Үйіндінің ірі жəне ауыр элеметтерін көтеріп басқа жаққа қою үшін жүк көтеретін құралдар (домкраттар, лебедкалар, крандар) қолданылады.
Үйіндіге кіретін тар жол, тесік жасау. Көбінесе зардап шегушілер үйіндінің түпкі жағында болады. Оларды шығарып алу үшін құтқарушылар адамдарға дейін жететін қысқа қашықтықты ескере отырып, үйіндінің бөліктерін жеңіл аршитын арнайы тар жол (тесік) жасайды. Тар жолды үлкен кесектерге тікелей жақын жерден жасауға болмайды, өйткені олар опырылып, құлап жұмысты қиындатады. Тесікті көлденең, көлбеу жəне тік бағытта жасайды. Тесіктің қолайлы ені — 0,8-0,9м, биіктігі- 0,9-1,0 м. Тесікті жасау жөніндегі жұмысты бірнеше топ (3-4 адамнан), қолмен немесе құралдарды пайдаланып істейді. Олардың міндеттеріне үйінділерді аршу, тесіктерді жасау, тіреу элементтерін дайындау жəне құру, шығарылған үйінділерді тазалау, зардап шегушілерді босатып алу жəне оларды тасымалдау жатады. Өтетін тесіктерді жасау кезінде құтқарушыларды ауыстыру төрт аяқтап, еңбектеп, арқасымен жатып, екпетінен жатып жер бауырлап, ішпен, бүйірімен жылжи отырып жүзеге асырылады. Егер құтқарушының жылжуы кезінде ірі темір бетондар, металдар, ағаштар, кірпіш бұйымдары бөгет жасаса, онда оларды айналып өту қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса бұзу керек, кейбір жағдайда оларға тесік жасауға болады. Өтетін тесікті жасау кезінде қабырғаның қирауына жол бермеу мақсатында, оның сенімді бекітілуіне ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін арнайы алдын – ала дайындап қойған: тіреуіштер, тірек таяныштар, тақтайшалар, қырлы кесектер, қалқандар, сияқты тіреуіш материалдар қолданылады.