Без рубрики

САЙРАМДА «ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Сайрам ауданында жастардың білімге деген құштарлығын арттыруға, болашаққа деген сенімін нығайтуға бағытталған мазмұнды іс-шара өтті.

Ақсукент ауылында орналасқан №47 жалпы білім беру мектебінде ұйымдастырылған «Елдің болашағы жастардың қолында» атты шара бітіруші түлектер үшін ерекше рухани маңызға ие болды.

Салтанатты жиынға «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев, мектеп ұжымы, бітіруші түлектердің ата-аналары және оқушылар қатысты. Іс-шара жас түлектердің үлкен өмірге қадам басу сәтіндегі толқынысы мен қуанышын айшықтаған тағылымды кездесу ретінде өтті.

Кездесу барысында сөз сөйлеген Базарбай Мамадиярұлы мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңеп, он бір жыл бойы шәкірттерге білім мен тәрбие берген ұстаздардың еңбегіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, мектеппен қоштасу – әрбір түлек үшін өміріндегі тарихи кезең, ал ұстаздар үшін шәкірттерін үлкен өмірге шығарып салатын жауапты әрі толғанысты сәт.

Сөзінде дана бабамыз Әл-Фарабидің «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет» деген қанатты сөзін мысалға келтірген Базарбай Айтбаев елдің де, ауылдың да тағдыры білімді, жігерлі жастардың қолында екенін атап өтті. Ол қазіргі жастардың білім деңгейі жоғары, технологиялық мүмкіндіктері кең екенін айтып, бұл заман талабы екенін жеткізді. Сонымен қатар ауданның дарынды, білімді, мақсаты айқын түлектеріне сенім білдіріп, алдағы өмір жолында сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында мемлекеттік үлгідегі аттестаттар салтанатты түрде табысталып, түлектерге ақжарма тілектер айтылды. Жиын жас түлектерге рух беріп, олардың ел болашағына жауапкершілікпен қарауына серпін берген тағылымды басқосуға айналды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close