Без рубрики
ТИТАНИКТЕГІ ӘЙГІЛІ ӘННІҢ АВТОРЫ ТҮРКІСТАНДА
Бүкіл әлемді “Титаник” фильміндегі “My Heart Will Go On” әнімен таң қалдырған әйгілі компазитор Уолтер Афанасьефф Түркістанға келді.

Ол Түркістан қаласында өткен Димаш Құдайберген мен Hunan Broadcasting System бірлескен халықаралық жобасына қатысты.
Әйгілі композитор Түркістанда ерекше әсер алғанын айтып, қаланы өзінің ең сүйікті орындарының біріне теңеді.
«Мен Қазақстанға алғаш рет келдім. Бұл туралы көп жылдан бері армандадым. Осында өмір сүргің келеді екен. Адамдары, тағамы, климаты, табиғаты – барлығы мені тәнті етті», – деді Афанасьефф.
Естеріңізге сала кетейік Уолтер Афанасьефф «Грэмми» сыйлығының екі мәрте иегері, «Титаник» фильмінде шырқалған әлемге әйгілі My Heart Will Go On әнінің продюсері