АДАМДАР КӨП ШОҒЫРЛАНҒАН НЫСАНДАРДА ӨРТ СӨНДІРУ
Ауруханалар, балалар мекемелерi және мектептерде өрт сөндiру белгілі бір қиындық түрінде болады, өйткені тағайындалуы, қабаттылығы және ғимаратты сипаттайтын басқа да негізгі элементтері бөлмелердегі сөндіруге және дамуға әсер етуі мүмкін.
Жану және түтіндену аймақтарында көмек сұраушы балалар, оқушылар, аурулардың көп болуы, әсіресе түнгі уақытта. Кез келген ғимарат бөлмесіндегі өрт жағдайы берілген уақытта келесі негізгі орта көлемді параметрлер қалпымен сипатталады: жанып жатқан бөлмедегі газды ортаның тғыздалуымен, жанып жатқан бөлмедегі қысыммен, газды ортаның концентрациясы және температурасымен.
Өрт сөндіру басшысының негізгі тапсырмасы ең алдымен балалар, оқушылар, ауруларды көшіру және құтқару, ғимараттардағы өрттердің жалпы параметрлерін анықтау және соның негізінде ең тиімді өрт сөндіру әдістері мен тәсілдерін пайдалану болып табылады. Балабақшалар, бөбекханалар және кабинеттерді бір немесе екі қабатты I және II от төзімділік дәрежелі етіп салады. Олар жабық өтпелермен қосылған бірнеше ғимараттарда орналасуы мүмкін. Балалар мекемелерінің жоспарлануын балалар топтарының бөлмелерінен оқшауланатындай етіліп жасайды. Балалар мекемелерінің бірінші қабаттарында кішкентай балалар үшін асхана, жуу бөлмелерін, изоляторларды, қоймаларды, әкімшілік кабинеттерін орналастырады.
Балалар мекемелерінің өрт ауыртпалығы 30-50 кг/м2 шектерінде болады. Кейбір бөлмелерде (кітапхана, қоймаларда және т.с.с.) ол біршама үлкен болуы мүмкін.
Балалар мекемелерінің әкімшілігі алдын ала өрт жағдайына балаларды көшіру жоспарларын жасайды, оны жоспарға сәйкес қызмет көрсетуші тұлғаларға таныстырады. Балалар мекемелері орналасқан өрт бөлімдерінің шығу аудандарында оларға жедел кәртішкелерді жасайды. Жедел кәртішкелерде ғимараттың жоспарлануы және конструктивті ерекшеліктері, күндізгі және түнгі уақытта балалардың саны мен орналасу орны, көшірудің негізгі және резервті жолдары және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін ӨСБ қажетті басқа да берілгендер көрсетіледі.
Өрт бөлімінің бірінші командирі өртке бара отырып сол сәтте балалардың болуын ескеретін жедел кәртішке бойынша мүмкін жағдайды анықтайды, ал өртке келісімен қызмет көрсетуші тұлғалармен байланысып, балаларды көшіру және өрт сөндіру бойынша қандай шаралар қолданылғаны туралы сұрастырады, сол сияқты үрейдің болмауын қарастырады.
Өртті барлауда ӨСБ анықтайды: балалардың саны мен жасын, қысқа және қауіпсіз көшіру жолдарын және от пен түтін қауіптілігін; балаларды көшіру басталды ма және ол қалай жүріп жатыр; көшіру үшін қызмет көрсетуші тұлғалардан қанша адамды пайдалануға болады.
Өртті барлау процесінде ӨСБ көшіру жолдарының қалпын анықтайды және қажеттілік кезінде, қорғауға автоцистерна және ішкі өрт крандарынан оқпандарды енгізеді. Бұл кезде ерекше назар терезелерді бұзу жолымен түтінді бөлмелерден, корридорлардан және саты торларынан жоюға бөлінеді. Класстарға баратын түтінденген саты торлары және корридорлардың, адамдар болатын басқа да бөлмелердің есіктерін тығыз жабу қажет.
Балаларды алдын ала жасалған көшіру жоспарлары бойынша көшіреді. Балалар мекемелерінде өрттер пайда болған кезде – топтар бойынша тәрбиелеушілер және бағушылар жетекшілігімен. Сондықтан да өртке келісімен ӨСБ мұғалімдер мен тәрбиелеушілерге және балалардың тез көшірілуіне көмек көрсетуі тиіс, бірінші кезекте кіші жасты балаларға. Балаларды көшірудің негізгі жолы саты торлары және стационарлы өрт сатылары болып табылады. Кейбір кезде түтінденген бөлмелерден балаларды қауіпсіз жерге шығару үшін ғимараттың өртке қарсы бөлігінде орналасқан түтінденбеген бөлмелерді пайдаланады. Өрт сөндірушілер жанып жатқан және түтінденген бөлмелерден оқушылар мен балаларды өрт сатылары бойынша терезе және балкондар арқылы, құтқару жеңдері және жіптері көмегімен құтқарады.
Көшіріп болғаннан кейін барлық балаларды топтар бойынша бөледі, тізім бойынша тексереді және жақын арадағы жылы бөлмелерге орналастырады, әсіресе қыста, бұны алдын ала қарастырады және жедел кәртішкелер мен көшіру жоспарында көрсетеді.
Балалар мекемелеріндегі өрттер кезінде ӨСБ ойын, жататын бөлмелерде және басқа да түтінденген бөлмелерде балалардың қалуын тексеруге міндетті. Бұл кезде шкафтарда және төсектің астында, перделер артында және түрлі жиһаздар артында балалардың бар жоқтығын да тексеру қажет.
Балаларды көшіру және көшіру жолдарын қорғауды ұйымдастырумен бір уақытта оттың негізгі таралу жолдары мен өрт ошағына оқпандарды енгізуді қамтамасыз етеді. Балалар мекемелерінде өртті сөндіру үшін суды, суландырғыштардың сулы ерітінділерін және орташа қысқалықты ауа- механикалық көбікті пайдаланады. Өрттерді сөндіру кезінде суды беру үшін, ереже бойынша, РС-50 және РСК-50 оқпандары қолданылады, ал дамыған өрттер кезінде РС-70 оқпандарын береді. Балалар мекемелерінің жер асты және қойма бөлмелеріндегі өрттер орташа қысқалықты ауа-механикалық көбік сөндіріледі. Балалар мекемелерінде өрт сөндірудің ең негізгі қиын жағдайы жаңа жыл және басқа да мерекелерді өткізу сәтінде пайда болады. Бұл жағдайда ӨСБ өртке келісімен көшіру жолдарын қорғау үшін автоцистерна және ішкі өрт крандарынан оқпандарды енгізеді және балаларды көшіру шараларын қабылдайды.
Бала-бақша мекемелерiнде өрт сөндiру кезiнде ӨСБ:
- балаларды көшiрудi қызмет көрсетушiлермен бiрге жүргiзуге;
- балалардың ойын және ұйықтау бөлмелерiнде, қосалқы бөлмелерде, шкафтарда, керуеттiң асты мен үстiнде, перделердiң және әртүрлi жиһаздардың артында қалмағанын ұқыпты тексеруге мiндеттi.
Мектеп және мектеп-интернат ғимараттары, ереже бойынша, биіктігі 3-5 қабат типтік жобасы бойынша I-II от төзімділік дәрежелі жанбайтын материалдардан салынады. Қазіргі кезде қиын жанғыш материалдардан тұратын III от төзімділік дәрежелі мектептер салынуда, ал кейбір кезде IV от төзімділік дәрежелі бір қабатты ғимараттар да кездеседі. Жалпы білім беру мектептері және мектеп-интернаттар ғимараттарының қабат жоспарлануы бір немесе екі жақты класстардың, арнайы кабинеттердің және зертханалардың орналасуымен вестюбилі бар коррридорлы. Мектеп ғимараттарында спорт залдары, шеберханалар орналасуы мүмкін.
Мектептердің өрт ауыртпалығы негізінен 30-50 кг/м2 шегінде болады. Кейбір бөлмелерде (кітапханалар, қойма және т.б.) ол біршама үлкенірек болуы мүмкін.
Мектептер әкімшілігі алдын ала өрт жағдайына оқушыларды көшіру жоспарларын жасайды, оны жоспарға сәйкес қызмет көрсетуші тұлғаларға таныстырады. Балалар мекемелері орналасқан өрт бөлімдерінің шығу аудандарында оларға жедел кәртішкелерді жасайды. Жедел кәртішкелерде ғимараттың жоспарлануы және конструктивті ерекшеліктері, күндізгі және түнгі уақытта балалардың саны мен орналасу орны, көшірудің негізгі және резервті жолдары және өрт сөндіруді ұйымдастыру үшін ӨСБ қажетті басқа да берілгендер көрсетіледі.
Өрт бөлімінің бірінші командирі өртке бара отырып сол сәтте балалардың болуын ескеретін жедел кәртішке бойынша мүмкін жағдайды анықтайды, ал өртке келісімен қызмет көрсетуші тұлғалармен байланысып, оқушыларды көшіру және өрт сөндіру бойынша қандай шаралар қолданылғаны туралы сұрастырады, сол сияқты үрейдің болмауын қарастырады.
Өртті барлауда ӨСБ анықтайды: оқушылардың саны мен жасын, қысқа және қауіпсіз көшіру жолдарын және от пен түтін қауіптілігін; балаларды көшіру басталды ма және ол қалай жүріп жатыр; көшіру үшін қызмет көрсетуші тұлғалардан қанша адамды пайдалануға болады.
Оқушыларды алдын ала жасалған көшіру жоспарлары бойынша көшіреді. Мектептерде өрттер пайда болған кезде, оқушыларды сынып жетекшілерімен немесе сабақ өткізіп отырған мұғалімдер көмегімен көшіреді. Сондықтан да өртке келісімен ӨСБ мұғалімдер мен тәрбиелеушілерге және балалардың тез көшірілуіне көмек көрсетуі тиіс, бірінші кезекте кіші жасты балаларға. Оқушыларды көшірудің негізгі жолы саты торлары және стационарлы өрт сатылары болып табылады. Кейбір кезде түтінденген бөлмелерден оқушыларды қауіпсіз жерге шығару үшін ғимараттың өртке қарсы бөлігінде орналасқан түтінденбеген бөлмелерді пайдаланады. Өрт сөндірушілер жанып жатқан және түтінденген бөлмелерден оқушылар мен балаларды өрт сатылары бойынша терезе және балкондар арқылы, құтқару жеңдері және жіптері көмегімен құтқарады.
Көшіріп болғаннан кейін барлық оқушыларды сыныптар бойынша бөледі, тізім бойынша тексереді және жақын арадағы жылы бөлмелерге орналастырады, әсіресе қыста, бұны алдын ала қарастырады және жедел кәртішкелер мен көшіру жоспарында көрсетеді.
Мектептердегі өрттер кезінде ӨСБ сыныптарда және басқа да түтінденген бөлмелерде балалардың қалуын тексеруге міндетті. Бұл кезде шкафтарда және төсектің астында, перделер артында және түрлі жиһаздар артында балалардың бар жоқтығын да тексеру қажет.
Оқушыларды көшіру және көшіру жолдарын қорғауды ұйымдастырумен бір уақытта оттың негізгі таралу жолдары мен өрт ошағына оқпандарды енгізуді қамтамасыз етеді. Мектептерде өртті сөндіру үшін суды, суландырғыштардың сулы ерітінділерін және орташа қысқалықты ауа- механикалық көбікті пайдаланады. Өрттерді сөндіру кезінде суды беру үшін, ереже бойынша, РС-50 және РСК-50 оқпандары қолданылады, ал клубтар, шеберханаларда және спорт залындағы дамыған өрттер кезінде РС-70 оқпандарын береді. Мектептердің химия-физикалық, зертхана, жер асты және қойма бөлмелеріндегі өрттер орташа қысқалықты ауа-механикалық көбік сөндіріледі. Балалар мекемелерінде өрт сөндірудің ең негізгі қиын жағдайы жаңа жыл, шығармашылық кештер, спектакль және басқа да мерекелерді өткізу сәтінде пайда болады. Бұл жағдайда ӨСБ өртке келісімен көшіру жолдарын қорғау үшін автоцистерна және ішкі өрт крандарынан оқпандарды енгізеді және балаларды көшіру шараларын қабылдайды.
Мектепте өрт сөндiрген кезде ӨСБ:
oоқушылардың саны мен жасын анықтауға;
oұстаздармен бiрге балаларды, бiрiншi кезекте кiшi жастағы балаларды жоспарлы түрде және тез көшiрудi ұйымдастыруға;
oқұнды жабдықтарды қорғау немесе көшiрудi қамтамасыз етуге;
oкөшiрiлгеннен кейiн мектеп басшыларынан оқушыларды санап шығуға және мектептiң барлық бөлмелерін, әсiресе түтiндегендерiн ұқыпты қарап шығуды талап етуге мiндеттi.