Қоғам

АУРУХАНАДАҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ауруханалар, ереже бойынша, І-ІІ от төзімділік дәрежелі типтік жоба бойынша, жеке көгалдандырылған учаскелерде салынады.

Аурухана корпустарын өзара жабық өтпелермен және галереялармен жиі қосады. Ауруханалар сыйымдылығы 100-ден 3000 дейін керуеттерден тұруы мүмкін, ал биіктігі 3-тен 5 қабатқа дейін. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 800-1000 керуетке, биіктігі 9-дан 12 қабатқа дейін аурухана корпустары салынуда. Жаңа ауруханалардың қабат биіктігі 3,3 м шектерде жатыр.

Қазіргі уақытқа дейін қиын жанатын және жанбайтын материалдар конструкцияларымен III-IV от төзімділік дәрежелі ескі ауруханалар мен поликлиникалар әлі де бар. Аурухана ғимараттарының ішкі жоспарлануы түрлі бөлмелердің орналасуымен бір жақты корридорлы. Корридорлар өте ұзын және табиғи жарықтандырусыз болуы мүмкін, ал орталық саты торлары ашық болып орындалады. Қабаттарда дәрігерлер, процедуралық және рентген кабинеттері, 25-30 керуетті секцияларға қосатын аурулар палаталары, дәріханалар, рентген қабықшаларын және медикаменттерді сақтау орындары, сол сияқты ауруханаларға қызмет көрсететін түрлі бөлмелер орналастырылады.

Ауруханалардың көптеген бөлмелерін тармақталған желдету каналдарының жүйесі бар ауаны тазарту қондырғыларымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауалы жылыту, орталықтанған шаңды ұстау жүйелері, қоқыс құбырлары, электро және радио құрылғыларының түрлі жүйелері, телевидение және т.с.с. кең қолданылуда.

Ауруханалардағы өрт ауыртпалық бірдей емес, регистратураларда ол 80- 100, палаталарда 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2 құрайды.

Ауруханалар, балалар мекемелерi және мектептер үшiн: белгiлi бiр адамдар категориясының (аурулар, жас балалар және басқалар) болуы бөлмелердің айрықша жобалануы, желдеткiш және ауаны салқындатудың дамыған жүйесi, дәрiхананың дәрi-дәрмек қоймасының, рентген пленкаларының және химиялық реактивтерінiң, газды баллондардың және т.б. болуымен;

арнайы медициналық аппаратура және электр қондырғыларымен жабдықталуымен сипатталады.

Ауруханадағы өрттi барлау кезiнде негiзгi мiндеттердi орындаудан басқа:

  • медицина    қызметкерлерiнiң    қауiп     төнген    жайлардан    ауруларды көшiрудiң қандай шаралар қолданғандығын;
  • көшiруге тиiстi аурулардың санын, олардың тасымалдануын, көшiрудiң жолы мен кезектiгiн;
  • медициналық қызметкерлермен бірлесе отырып, ауруларды көшiруге қатысу және оларды көшiру орнын анықтау;
  • көшiру    жолдарын    қорғаудың    қажеттiлiгi    мен    жанған    заттарды шығарудың мүмкiндiгiн анықтау қажет.

Өрттер кезінде ең үлкен қауіптілік палаталар орналасқан қабаттарда, өйткені онда тәулік бойы аурулардың көп мөлшері болады.

I және II от төзімділік дәрежелі ғимараттарда от негізінен 0,5-1,5 м/мин жылдамдықпен жанғыш материалдар, жиһаз және бөлмеде орналасқан құрылғылар бойынша таралады. От және жану өнімдері бөлмелерден корридорларға таралады. Егер саты торлары корридорлардан бөлінбесе, онда от пен жану өнімдері жоғарыда орналасқан қабаттарға таралады және ауруларды көшіру жолдарына бөгет жасауы мүмкін. Жеке аурухана және поликлиника ғимараттарында корридорлармен бірнеше саты торлары қосылған, бұл тез түтіндуге әкеледі.

От пен түтіннің тез таралуына желдету, қоқыс құбыры, жылыту жүйелері, сол     сияқты                    Ш және IV от төзімділік дәрежелі ғимараттар конструкцияларындағы бос кеңістіктер жағдай жасайды. Мұндай ғимараттардағы оттың таралу жылдамдығы 2-3 м/мин жетеді, ал корридорларда, галереяларда және өтпелерде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына дәріханаларда, зертханаларда, медикаменттер қоймаларындағы жеңіл тұтанғыш заттар мен материалдардың бар болуы жағдай жасайды.

Ауруханалардағы өрттер кезінде ең алдымен ауруларға қауіп төнеді. Ең үлкен қауіпті рентген кабинеттері, дәріхана, медикаменттер қоймаларындағы, фармацевтикалық бөлімдердегі жану өнімдері төндіреді, онда түрлі улы булар мен газдар бөлінуі мүмкін.

ӨСБ өрт орнына келісімен әкімшілік және қызмет көрсетуші тұлғалармен байланысып, ауруларды көшіру бойынша қандай шаралар қолданылғаны, аурулар санын, олардың күйін, сол сияқты ауруларды көшіру үшін қызмет көрсетуші тұлғалардан қанша адамды пайдалануға болатындығын анықтайды. ӨСБ қауіпті бөлмелерден ауруларды көшіру үшін күштердің жеткіліктілігін бағалайды және өртке қосымша күштер мен құралдарды шақыру қажеттілігін анықтайды.

Өртті барлауды бірнеше бағытта ұйымдастырады. Барлау процесінде ауруларды көшіру жолдарын және от пен түтін қауіптілігін, аурулардың орналасу орнын және олардың санын, құтқару жұмыстарының ретін, қысқа және қауіпсіз көшіру жолдарын, жану аймағының және түтінденудің өлшемі мен пайда болу орнын, көшіру жолдарынан түтінді жою әдістерін, зертханалар, дәріхана, рентген және басқа да процедуралық кабинеттер мен бағалы құрылғыларға от пен түтіннің қауіптілігін анықтайды. Барлауды мүмкіндігінше шусыз жүргізеді, палаталарға қажеттіліксіз кіру ұсынылмайды.

Құтқару жұмыстары үшін барлық жағдайларда медицина қызметкерлері қатыстырылады, әсіресе туу үйлерінен, инфекционды емдеулерден, жүйке- психикалық ауруханалардан балаларды көшіру кезінде. Бұл жағдайларда құтқару әдістері мен тәсілдерін медицина қызметкерлерінің ұсынысын ескеріп жүргізеді. Инфекционды және ауырып жатқан ауруларды көшіру кезінде негізгі жұмыстарды медициналық қызметкерлер атқарады, ал өрт сөндірушілер немесе бұл мақсаттар үшін жұмылдырылған әскери бөлімшелер ауруларды көтеру, түсіру және басқа да жұмыстарды орындайды. Ең алдымен ауырауруларды керуеттерімен зембілге ауыстырмай шығарады. Оларды зембілдерге тек дәрігердің рұсатымен салады. Жүре алатын аурулар көрсетілген бағытта өздері немесе медициналық қызметкерлер мен өрт сөндірушілер бақылауында шығады. Тығыз түтінденген бөлмелерден ауруларды ГТҚҚ бөлімшелері мен буындары көшіреді.

Барлық құтқару жұмыстарын өртке қарсы қызмет органдарының тәжірибиелі қызметкерлері ұйымдастырады және өткізеді. Ауруларды бірнеше бағыттар бойынша көшіру кезінде олардың әр біреуіне ӨСБ жауапты етіп тағайындайды, ал өзі өте жауапты учаскеде көшіруді басқарады және бір уақытта өрт сөндіру бойынша іс-қимылдарды жүзеге асырады. Ауруларды көшіріп болған соң ӨСБ барлық бөлмелерді, көшіру болған жолдарды мұқият тексереді, ал қызмет көрсетуші тұлғалар ауруларды тізім бойынша тексереді. Адамдардың барлығы құтқарылғанда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталады.

Өртке қарсы қызмет жеке құрамының қызмет көрсетуші тұлғалардың тез жұмысы үшін әкімшілікпен алдын ала қызмет көрсетуші тұлғалардың қимылдары көрсетілген ауруларды көшіру жоспары жасалады, бұл жоспар тактикалық үйретулерде аурухана қызмешілерімен орындалады және оның бір көшірмесін өрт сөндіру жоспарына қосады. Өртке бару кезінде, аурухана аударында және емдеу корпустарына жақындау кезінде «сирена» сигналын қосуға болмайды, ал өрт машиналарды көрінбейтін су көздеріне орналастыру қажет. Магистралды жең желілерін мүмкіндігінше көрінбейтіндей ғимарат артына стационарлы өрт сатылары арқылы өткізеді, ал егер аурулар өрт туралы білсе, ғимаратқа негізгі кіру жерінде. Жұмыс желілерін ауруларды көшіруге кедергі келтірмейтіндей етіп ғимарат ішінде салады. ӨСБ үрейді болдырмау шараларын қабылдауы тиіс, әсіресе инфекционды, жүйке-психикалық ауруханаларда, травмотологиялық бөлімдерде және т.б.

Ауруханаларда өрттерді сөндіру үшін түрлі от сөндіргіш заттарды қолданады. Суды және суландырғыштардың сулы ерітінділерін шатырларда, қойма бөлмелерінде, аурулар палаталарындағы, дәрігерлер кабинетінде, корридорлардағы өрттерді сөндіру кезінде пайдаланады. Ауа-механикалық көбікті дәріханаларда, медикаменттер, рентген қабықшаларының қоймаларында, рентген және процедуралық кабинеттерде қолданады.

Өрттерді сөндіру үшін, ереже бойынша, РСК-50 және РС-50 оқпандары, шашыратылған және компактты ағыстар қолданылады, ал дамыған өрттерде, әсіресе IV от төзімділік дәрежелі ғимараттарда өте қуатты оқпандарды. Өрттерді сөндіру үшін оқпандар саны қажетті суды беру қарқындылығымен анықталады, 0,1 л/(м2 с) кем емес. Жағдайға және күштер мен құралдар санына байланысты ӨСБ адамдарды құтқару және өрттерді сөндіру жұмыстарын бір уақытта ұйымдастыра алады. Оның күштері мен құралдары бұл екі тапсырманы бір уақытта шешуге жеткіліксіз. ӨСБ адамдарды көшіру үшін барлық күштер мен құралдарды қолдана алады. Сөндірумен бір уақытта ӨСБ және учаскелер командирлері құнды құрылғылар, медикаменттер, рентген қабықшалары, газы бар баллондар, жеңіл тұтанғыш сұйықтардың бар болуын анықтай отырып, оларды оттан, түтіннен және төгілетін судан қорғау үшін тез арада күштер мен құралдарды енгізеді, ал қажет кезде оларды көшіруді ұйымдастырады.

Ауруханада өрт болған кездеучаскелерді, сол сияқты техника қауіпсіздігінің шараларын тұрғын және қоғамдық ғимараттарға сәйкес жүзеге асырады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close