Қоғам

ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮҒА КӨМЕКТЕСЕ АЛА МА?

Әлем мойындаған Димаш Құдайберген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағалимен жолықты.

Агенттік төрағасы мен атақты әнші жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар төңірегінде тілдескен. Сондай-ақ Асхат Жұмағали әншіні елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін Агенттік жұмысының ашықтығын арттыруға, негізгі бағыттары мен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен таныстырды.

Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеуде, адамдардың дүниетанымына әсер етуде және парасаттылық қағидаттарын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Антикор Төрағасы қоғамдағы жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында алдын алу жұмыстарына назар аудару маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген атқарылып жатқан жұмыстарға, болашағымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдірді.

Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды талқылады.

Кездесу соңында Асхат Жұмағали Димаш Құдайбергенге еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ерекше алғысын білдіріп, шығармашылық қызметіне үлкен табыс пен сәттілік тіледі.

Қалай ойлайсыз Димаш Құдайберген жемқорлықты жоюға көмектесе ала ма?

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close