ЭЛЕКТРМЕН ДӘНЕКЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ-3
Электр калориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Электр калориферлерді монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
Тек зауытта дайындалған, желдеткіш жұмыс істемеген кезде қыздырғыш элементтерге электр энергиясын беруді болдырмайтын жарамды дабылы мен бұғаттағышы, шығатын ауаның температурасын бақылау және оны реттеу автоматикасы электр және жылу қорғағышпен көзделген электр калориферлерді монтаждауға және пайдалануға рұқсат етіледі. Электр калориферін монтаждау, жұмысқа дайындау, iске қосу дайындаушы зауыттың паспортында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады. Электр калориферi корпусы мен желдеткiш арасына жұмсақ қыстырма үшiн жанғыш материалдарды қолдануға болмайды.
Электр калориферлерiн пайдалану кезiнде мыналарға жол берілмейді:
- дабыл қаққышты немесе бұғаттағышты сөндiруге;
- электр калориферден шығу жолындағы дайындаушы зауыт белгiлеген ауа температурасын жоғарлатуға;
- желдеткiш жұмыс iстемей тұрғанда электр калорифердi қосуға (бұғаттағыш қондырғыны әр iске қосар алдында тексеріледi);
- электр калориферде немесе оның жанында киiм немесе басқа да жанғыш материалдарды кептiруге;
- жұмыс iстеп тұрған электр калориферi орнатылған үй-жайда жанғыш заттар мен материалдарды сақтауға.Дәнекерлеу сымдары сығымдау, дәнекерлеу, балқытып біріктіру немесе арнаулы қысқыштар арқылы жалғастырылады. Электр сымдары электр тұтқышқа, дәнекерленетiн бұйымға және дәнекерлеу аппаратына шайбалары бар бұрандамалармен бекiтiлген мыс кабель ұштарының көмегiмен қосыла- ды.
Дәнекерлеу аппаратына, бөлу қалқанына және жабдыққа, сондай-ақ дәнекерлеу жұмыстары орындарына қосылған сымдар нақты оқшауланады және қажеттi жерлерiнде жоғары температураның әсерiнен, механикалық зақымданудан немесе химиялық әсер етуден қорғалады. Электр дәнекерлеу машиналарының кабельдерi (сымдары) оттегi құбырларынан кемiнде 0,5 м, ацетилен және өзге жанғыш газдар құбырларынан кемiнде 1,5 метр қашықтықта орналастырылады. Кейбiр жағдайларда газ құбыры қорғағыш металл құбырларда орналастырылған жағдайда көрсетiлген қашықтықтарды қысқартуға болады.
Дәнекерленетін бұйымды дәнекерлеу тогының көзімен қосатын кері өткізгіш ретінде кез келген профильдегі болат немесе алюминий шиналар, дәнекерлеу плиталары, стеллаждар және дәнекерлеу конструкциясы, егер олардың қимасы қыздыру шарттары бойынша дәнекерлеу тогының қауіпсіз ағуын қамтамасыз еткен жағдайда қолданылады. Керi өткiзгiш ретiнде пайдаланылатын кейбiр элементтерін өзара біріктіру бұрандаларының, струбциналардың немесе қысқыштардың көмегiмен орындалады.
Өрт-жарылыс және өрт қауiптi үй-жайлар мен құрылыстарда элек- тр дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде керi өткiзгiш дәнекерленетiн бұйымнан бастап ток көзiне дейiн тек оқшауланған сыммен орындалады, әрi ол оқшаулау сапасы бойынша электр тұтқышқа қосылатын тiкелей сымнан кем болмауы қажет. Кері өткізгіш ретінде ішкі темір жолдарды, жерге тұйықтау немесе нөлдендіру желілерін, сондай-ақ ғимараттардың металл конструкцияларын, коммуникациялар мен технологиялық жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда дәнекерлеу екi сымды қолдану арқылы жүргізіледi. Дәнекерлеу генераторлары мен трансформаторлар, сондай-ақ ашық ауада орнатылатын барлық қосалқы аспаптар мен аппараттар дымқыл тартуға қарсы оқшаулағышпен жабық күйде қолданылады және жанбайтын ма- териалдардан жасалған шатырлардың астынан орнатылады.
Қолмен дәнекерлеуге арналған электр ұстағыштың құрылымы электродтарды берiк ұстауды және тез ауыстыруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыста уақытша үзiлiс болғанда дәнекерленетiн бөлшекке оның корпусының немесе ол кенет металл заттарға құлағанда қысқа тұйықталу мүмкiндiгiн болдырмайды. Электр ұстағыштың тұтқасы жанбайтын диэлектрлiк және жылу оқшаулағыш материалдан көзделеді.
Дәнекерлеу кезiнде зауытта шығарылған, дәнекерлеу тогының номиналды шамасына сәйкес келетiн электродтар қолданылады. Электродтарды ауыстыру кезiнде олардың қалдықтары (тұқылдары) дәнекерлеу жұмыстары орындарында орнатылатын арнайы металл жәшiктерге орналастырылады.
Электрдәнекерлеу қондырғысымен жұмыс iстеу кезiнде жерге тұйықталады. Негiзгi электр дәнекерлеу жабдығын жерге тұйықтаудан басқа, дәнекерлеу қондырғыларында қысқыш тiкелей бұйымға өтетiн (керi өткiзгiш) өткiзгiш қосылатын дәнекерлеу трансформаторының екiншi орамына қосылады.
Агрегат пен iске қосу тетiгiн тазалау күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi. Дәнекерлеу жабдығына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргiзiледi. Атомды-сутектi дәнекерлеуге арналған қондырғыларда доғаны қоректендiру бөлек трансформатордан жүргiзiледi. Доғаны тiкелей бөлу қорабынан кез келген түрдегi реттегiш арқылы қоректендiруге жол берiлмейдi. Атомды-сутекті дәнекерлеу кезінде жанарғыда тізбек үзілген жағдайда кернеуді автоматты ажырату және сутекті беруді тоқтату көзделеді. Iске қосылған жанарғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
Өрт-жарылыс қауiптi аймақтарда электрдәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде:
-
- тұрақты ток көздерiн қоректендiру көздерi немесе құрылымында импульстi генераторлары бар, доғаның қайталана қозуы кезiнде электрод пен дәнекерленушi бұйым арасындағы кернеудi көтеретiн («разряд» түрiндегi ток көзi) ауыспалы токтың арнайы көздерi қолданылады;
- П-II сыныпты өрт қауiптi аймақтарда тозаңнан тазарту үшiн қол жеткiзу қиын орындар көбiк түзгiштiң екi пайыздық ерiтiндiсiмен 1 м2алаңға 1 литр ерiтiндi есебiмен өңделеді;
- тік және төбелік жағдайда дәнекерлеу, диаметрі 4 миллиметрден ас- пайтын электродтармен орындалады. Бұл ретте дәнекерлеу тогының шамасы төменгі көлденең жағдайда дәнекерлеу кезіндегіден 20 % төмен көзделеді;
- электрдәнекерлеу қондырғысын iске қосу алдында электрод тұтқышта электродтың болмауы тексерiледi.