Қоғам

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «TURKISTAN CUP» ТЕҢБІЛ ДОП ЖАРЫСЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСТЫ

Облыс орталығында дәстүрлі өтетін "Turkistan Cup" кубогы сарапқа салынатын теңбіл доп додасы биыл да жалғасты.

Бүгін жарыстың ашылуы «Керуен Сарай» көпсалалы туристік кешенінде өтті. Бәйгені Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев ашты. Жиын барысында арнайы жеңімпаздарға арналған “TURKISTAN CUP” кубогы салтанатты түрде ортаға әкелінді.

Айта кетейік биылғы бәсекеде 8 жас пен 16 жас аралығындағы спортшылардан құралған 80-ге тарта команда жүлделі орындарды сарапқа салмақ. Олар елімізбен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекетінен келген футболшылар.

Балалар мен жастар арасындағы футболдан ойынын дамытуды мақсат еткен шара 7- қарашаға дейін Октябрь Жарылқапов стадионында өтеді.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close