ХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ АУМАҚТЫ ИНЖЕНЕРЛІК ҚОРҒАУ-2
Химиялық қорғау – ХҚО-да авария болған кезде адамдар мен қоршаған ортаға АХҚЗ-ның әсерін алдын алуға және барынша азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және арнайы іс-шаралар кешені. Қорғаудың әр түрі бойынша сияқты (инженерлік, радиациялық, медициналық), химиялық қорғау іс-шаралары тағайындалуы бойынша екі негізгі топқа бөлінеді:
ХҚО-да аварияның туындауы мен дамуын алдын алуға байланысты;
химиялық сипатты туындаған ТЖ салдарын шектеуге байланысты (халықты ТЖ-да қорғау).
Бірінші топтың іс-шаралары жеткілікті типті:
табиғи ТЖК болуын, халықтың тығыздығы мен елді-мекендердің орналасуын ескеріп, аумақта ХҚО жобалау және орналастыру;
объектіні авария алдындағы күйден шығаруға, жеке агрегаттарды немесе бүкіл өндірісті авариясыз тоқтатуға арналған автоматты қа- уіпсіздік жүйелерін қолдану және т.б.;
ХҚО-да және оның санитарлық-қорғау аймағында химиялық мониторингті құру;
автоматтандырылған жергілікті хабарлау желісін құру; персоналды оқыту және оның біліктілігін арттыру.
ХҚО-да авария болған жағдайда, оның ауқымы, әдеттегідей, жергілікті (объектілік немесе жергілікті жердің) сипатты болатынын ескерген жөн: объект, санитарлық-қорғау аймағы, оған жанасатын ау- мақтар.
Химиялық залалдану аймақтарында адамдар АХҚЗ ағза ішіне тыныс алу органдары арқылы түскен кезде, сол секілді жерде, заттарда, киімде және т.б. бар тамшы-сұйық фазамен түйісу нәтижесінде зақымдалуы мүмкін. Қорғаудың рөлі АХҚЗ-ның адам ағзасына негізгі әсер ету жолдарын жабуды қамтиды.
Қорғау іс-шараларын жүргізу мазмұны мен тәртібі нақты жағдайға байланысты, дегенмен кез келген жағдайда олар үш негізгі принципке негізделуі тиіс.
ХҚО-да авария сипаты туралы және оның даму нәтижелері туралы ақпаратты шұғыл алу, болжалды қауіп немесе химиялық залалданудың басталуы туралы халықты хабардар ету.
Қауіп туындаған жағдайда – АХҚЗ-ның адамдарға ықпалын болдырмау бойынша ескерту шараларын қабылдау.
Ықпал болған кезде – оның нәтижелерін шектеу және салдарын жою бойынша шараларды қабылдау.
Бірінші принципті іске асыру химиялық қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізуге негізделеді (химиялық жағдайды болжау, химиялық мониторинг, барлау және залалды бақылау, халықты хабардар ету).
АХҚЗ әсерін болдырмауға және салдарын жоюға бағытталған қорғау шараларының санына (тікелей қорғау іс-шаралары) келесілер жатады:
қорғаныс құрылыстарды, тұрғын мен өндірістік ғимараттардың қорғау қасиеттерін қолдану;
жеке қорғаныс құралдарын қолдану;
дәрі-дәрмектік, профилактикалық және емдеу құралдарын қолдану;
жер мен объектілерді арнайы өңдеу (газсыздандыру); халықты эвакуациялау.
Химиялық мониторинг пен барлау деректерінің негізінде химиялық залалдану туралы хабарлау белгісі беріледі. Бұл синал тікелей қорғауды іске қосады. Химиялық бақылаудың (мониторингтің) нәти- желері бойынша арнайы өңдеуге шешім қабылданады, жеке қорғаныс құралдарын шешу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.
Адамдардың химиялық залалдану аймақтарында тәртібі. ХҚО-да авария болған жағдайда халықты АХҚЗ зақымдану қаупі ту- ралы жергілікті хабарлау желілері арқылы хабардар ету объектілердің кезекші диспетчерлеріне жүктеледі. Бұл авария фактісін белгілегеннен және АХҚЗ бұлтының таралу бағыты туралы алдын ала болжам- нан кейін дереу жүргізіледі.
АХҚЗ жақын тұратын халық (2,5 км дейін) кәсіпорынның диспетчерлік қызметімен хабардар етіледі, ал 2,5 км әрі қарай тұратындарға РТЖЖ оперативтік қызметі хабарлайды. Әдетте авария туралы ақпаратта атмосфераға қандай зат шығарылғаны туралы, қай аудандарда (тұрғын орамдарда) ластану бұлтының таралу қаупі ең үлкен, қандай шараларды дереу қабылдау керек екенін туралы айтылады.
Халық үшін қорғанудың екі негізгі түрі бар: залалдану аймағыгаг шығу және үйлерінде жасырыну.
АХҚЗ буларының жай ішінде бірінші белгілерін сезген кезде, газтұтқырды (егер бар болса) немесе өз қолымен жасалған тыныс ор- гандарын қорғайтын қарапайым құралдарды кию қажет.
Тым болмаса, орамалды сулап (сумен, сода ерітіндісімен), онымен ауыз бен мұрынды жабу. Жайларды саңылаусыздандыру және азық- түлік пен суды жабу бойынша шаралар РҚО-дағы авария кезінде қол- данылатын шараларға ұқсас. Хлордан қорғану үшін ас содасының 2% су ерітіндісінде, ал аммиактан – лимон қышқылының 5% су ерітіндісінде суланған дәке таңғышты қолданған жөн. Залалдану аймағынан шыққан кезде газтұтқырды, ал ол болмаған кезде – қарапайым суға суланған байлауыштарды, маскаларды қолдану қажет.
Есте сақтаған жөн: адамдар неғұрлым тез залалдану ай- мағынан кетсе, соғұрлым олардың зақымдану қаупі төмен болады.
Залалданған аумақта тез, шаң көтермей және заттарға қол тигізбей өткен жөн. Залалдану аймағында тамақ, су ішуге, шылым тартуға тыйым салынады.
Теріде (қолда, баста) немесе киімде АХҚЗ тамшыларын байқаған кезде, сол жерлерді жеке химияға қарсы пакеттен өңдеу, ал ол болмаған кезде – мол сумен жуып-шаю қажет.
Химиялық зақымдану кезіндегі медициналық көмек.
АХҚЗ- мен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмекті ең қысқа мерзімде көрсету қажет.
Аммиакпен зақымдалған кезде – таза ауа, минералды су неме- се сода қосылған жылы сүт; тұншығу кезінде – оттегі; көзге неме- се теріге тиген кезде – квасецтердің 0,5 – 1,0% ерітіндісі, су, лимон қышқылының ерітіндісі (басу).
Хлормен зақымдалған кезде – залалданған аймақтан шығару, толық тыныштық, оттегімен ингаляция; тыныс алу жолдары тітіркенген кезде – нашатыр спиртімен, ас содасының буларымен демалу; көзді ас содасының 2% ерітіндісімен жуып шаяды; минералды су немесе сода қосылған жылы сүтті, қара шәй ішуге кеңес беріледі.
Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) ағза ішіне, тері жамылғысына және киімге кез келген зиянды қоспаның (радиоактивтік заттардың, АХҚЗ, биологиялық құралдардың және басқ.) тиюінен қорғауға, сондай-ақ ашық оттан және жанып тұрған от қоспасынан қорғауға арналған. ЖҚҚ негізгі қорғау функциясы зиянды қоспалардың адамның ағзасына тыныс алу органдары, киім мен тері арқылы — барлық мүмкін әсер ету жолдарын жабуды қамтиды.
Тиісінше орындайтын қорғау функциялары бойынша ЖҚҚ тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ТОҚҚ) мен теріні қорғау құрал- дарына (ТҚҚ) бөлінеді. Қорғау әрекетінің принципі бойынша барлық ЖҚҚ сүзгілеу мен оқшаулау болып бөлінеді.
Сүзгілеу типінің құралдары адамның тыныс алу органдарына және терісіне түсетін ауаның көптеген зиянды қоспаларды сүзгілеуді (та- зартуды) қамтамасыз етеді және оны қорғалатын органдарға әкелуге кедергі жасамайды. Оқшаулайтын ЖҚҚ қоршаған ортамен қалыпты ауамен алмасуды бұзып, ағзаны залалданған ауадан толығымен қорғайды. Сондықтан оқшаулайтын ЖҚҚ пайдаланушылық сипаттамалары елеулі нашарлау болып келеді.
ЖҚҚ қолдану – қорғаудың жоғары тиімді әдісі, дегенмен оны тәжірибеде жүзеге асыру маңызды қиындықтарға тап болады. Ха- лықтың ТОҚҚ-мен жоғары қамтамасыз етілгендігіне (шамамен 90%) қарамастан, оларды ТЖ-да қолдану мүмкін емес. Әдеттегідей, олар қаладан 30-80 км қашықтықта орналасқан қоймаларда сақталады. Оларды халыққа іс жүзінде жеткізу және беру шамамен 6-8 сағат алуы мүмкін. Одан басқа, сақтауға салынған ЖҚҚ әскери уландыру заттарынан қорғауға есептелген және бір қатар кең таралған АХҚЗ-дан (аммиактан, азот тотықтарынан және басқ.) қорғамайды.
Өнеркәсіптік өндірісінің қорғаныс құралдары аумақтың бүкіл халқына есептеліп жиналады (экономика объектілерінің персоналына – 105%, қалған халыққа – 100%). Бірінші кезекте қауіпті өндірістер ор- наласқан экономиканың санатталған қалалары мен облыстары қамта- масыз етіледі.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.
ТОҚҚ негізгі тағай- ындалуы тыныс алу органдарын, көз бен бас терісін ауадағы барлық зиянды қоспалардан қорғау болып табылады.
Сүзгілеу ТОҚҚ-ға газтұтқырлар, респираторлар, қарапайым құрал- дар (таңғыштар, маскалар) жатады. Олармен қорғау принципі тыныс алатын ауаны сүзгілеу мен сіңіру арқылы (газтұтқырлар) немесе тек қана сүзгілеу арқылы (респираторлар) зиянды қоспалардан тазартуға негізделген. Сүзгілеу құралдары тыныс алатын ауаны оттегімен байытпайды, сондықтан оларды оттегінің қалыпты мөлшері бар атмосферада қолдануға болады.
Сүзгілеу газтұтқырлар (СГТ). СГТ типтерінің алуан түрлеріне қарамастан, олардың барлығының конструкциясы бірдей, оның құрамына екі негізгі қорғау элементтері кіреді: тікелей немесе қосқыш түтіктің көмегімен қосылуы мүмкін беткі бөлігі мен сүзгілеу-сіңіру жүйесі (ССЖ).
Беткі бөлігінің (маска, шлем-маска) қорғау қасиеттері сорап коэффициентімен бағаланады, ол маска астындағы кеңістікте сонда беткі бөлігінің басқа тығыз жабыспағандықтан өтетін зиянды қоспаның мөлшерін сипаттайды. Осы коэффициенттің шамасын төмендету үшін, беткі бөлігін әрі қарай қиыстырып келтіруді тексеріп, мұқият таңдау қажет. Сүзгілеу-сіңіру жүйесі (бұрын – газға қарсы қорапша) тыныс алатын ауаны зиянды қоспаның буларынан және аэрозольден тазартады. Аэрозольдер (түтін, тұман) талшықты сүзгішпен ұсталады, ал булар катализатор-көмірдің қабатымен (шихтамен) сіңіріледі. Зиянды қоспа ССЖ арқылы өткен кезде, ол бір уақытқа толығымен тоқтатылады. Дегенмен уақыт өте ССЖ-дан шығатын ауада қоспалардың іздері (тез өту) шығуы мүмкін, бұл СГТ қорғау мүмкіндіктерінің таусылуы туралы айтады. Оны қолдануды бастаудан заттың тез өтіп кеткен сәтіне дейін уақыт сағатпен, минутпен көрсетілетін газтұтқырдың қорғау қуаты деп аталады.
Халықты қорғау үшін қазіргі уақытта ең бұқаралық және сенімді ТОҚҚ болып табылатын ГП(ГП-5, ГП-7) типтік азаматтық газтұтқырлар мен олардың модификациялары арналған. Дегенмен бұл СГТ бір қатар АХҚЗ-дан (аммиактан жәнебасқ.) жәнекөміртектің монооксидінен (СО) қорғауды қамтамасыз етпейді. СГТ қорғау мүмкіндіктерін кеңейту үшін олар СГТ-1, СГТ-3 қосымша патрондармен немесе гопкалитті патронмен (ДП1 типтік) жинақталады. ДПГ-1, ДП-1 патрондардағы арнайы сіңіргіш – гопкалит, ол көміртек монооксиді ауаның оттегімен қышқыл көмір газға дейін тотыққан кездегі катализатор болып табылады:
Тыныс алу органдарын ең жаңа қорғау құралы – әмбебап қорғау патроны (ӘҚП), ол СГТ (ГП-5, ГП-7) беткі бөліктерімен қолданылады. Патрон АХҚЗ-дан, сол секілді көміртектің монооксидінен де қорғай- ды. ӘҚП-ның аммиактан қорғау әрекетінің уақыты 30 – 40 мин, хлор- дан – 30 – 50 мин, фосгеннен – 30 мин, көміртек монооксидінен – 120 – 300 мин құрайды.
ГП типтік газтұтқырлардан басқа халықтың кейбір санаттарын қорғау үшін ПДФ-Д газтұтқыры (балалардың сүзгілеу) – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін; ПДФ-Ш – 17 жасқа дейін оқушылар үшін; балалардың қорғау камералары (БҚК) – бір жарым жасқа дейін балалар үшін қолданылады.
Халыққа әкімшіліктің өкімі бойынша тиісті беру бекеттерінде қажет болған жағдайда ГП-5 немесе ГП-7 сүзгілейтін газтұтқырлары беріледі. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ата-аналары тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған газтұтқырларды, емшектегі балалар үшін – БҚК камераларын алады. Оқушылар мен студенттер жеке қорғаныс құралдарды (ГП, АН, ИПП, таңу пакеті) оқу орны бой- ынша алады.
Газтұтқырдың өлшемін анықтау үшін, бас төбесі, жақ, иек арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеу қажет. Өлшемдерді 0,5 см дейін жинақталады.
Өлшеу сызығының ұзындығы 63 см дейін болған кезде, газтұтқырдың шлем-маскасының өлшемі нөлдік; 63,5-тен 65 см-ге дейін – бірін- ші; 65,5-тен 68 см дейін – екінші; 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші; 71 см-ден және одан жоғары – төртінші.
Респираторлар. Бұл зиянды газдардан, булардан және аэрозольдерден жеңілдетілген ТОҚҚ ауа қатты шаңдалған кезде қолданылады. Ауа 11-15 ПДК көп емес шамалы концентрацияда зиянды қоспалар- мен ластанған кезде қолданылады. СГТ қарағанда олар тек қана тыныс алу органдарын қорғайды, өйткені ауыз бен мұрынды жабатын жар- тылай маска болып келеді. Әдеттегідей, респираторлар өнеркәсіптік объектілердің, соның ішінде ХҚО персоналымен қолданылады. Олар- дың тағайындалуы жеткілікті мамандандырылған. Дегенмен халық радиоактивтік аэрозольдерден қорғау үшін «Лепесток», Р-2 және басқ. типтік кең тараған және қарапайым респираторларды қолдана алады.
Мақталы-дәке таңғыштар мен шаңға қарсы маталы маска (ауруханада қолданылатындар сияқты) – бұл ең қарапайым ТОҚҚ.
Таңғыш өлшемі 150 х 100 см дәке бөлігінен жасалады. Дәкеге қалындығы 2 см дейін бір қабат мақта салынады (ұзындығы 30 см, ені 20 см). Дәкені екі жағынан мақтаға бүктейді. Дәкенің ұштарын екі бау шығатындай кеседі.
Аммиактан қорғау үшін таңғышты сірке, тұз немесе лимон қышқылының 5% ерітіндісімен сулайды, ал хлордан қорғау үшін – 2% сода ерітіндісімен. Көзді қорғау үшін шаңға қарсы көзілдірікті, жүзуге арналған көзілдірікті және басқ. қолдануға болады.
Оқшаулайтын ТОҚҚ тынысалу органдарынауадағыконцентрациясы- на қарамастан кез келген зиянды қоспалардан қорғау үшін, сонымен қатар оттегінің жетіспеу жағдайында да қолданылады. Олардың қорғау әсерінің принципі тыныс алу органдарын сыртқы ауадан толық оқшаулауға және тыныс алатын ауаны көміртек диоксидінен (СО2) қоршаған ортамен алма- сусыз оны оттегімен бір уақытта байытумен тазартуға негізделген.
Оқшаулайтын ТОҚҚ ретінде құрамында оттегі бар заттардың көмегімен тыныс алатын ауада оттегінің мөлшерін қалпына келтіру есебінен ағзаны тыныс алу қоспасымен қамтамасыз ететін автономдық тыныс алу жүйесі болып келетін оқшаулайтын тыныс алу аппараттарын (ОТА) қол- данады. Мұндай ОТА оқшаулайтын газтұтқырлардың тобы: ИП-4, ИП-5 және олардың модификациялары жатады.
Оқшаулайтын газтұтқырларды СГТ қолдану мүмкін емес болған кезде, нақты айтқанда, АХҚЗ-ның концентрациясы өте жоғары болған кезде қолданады (аварияның ошағы ауданында және оған жақын жер- де). Оның қорғау әрекетінің уақыты физикалық жүктеуге байланысты 50 минуттан (ауыр жүктеу) 3 сағатқа дейін (жеңіл) құрайды.