Қоғам

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРУ-2

Тоқыма мекеме цехының көп қабатты ғимараты сыртынан әр қабаттың терезе деңгейінің ауданы құрылысымен периметрі бойынша тұрақты сатылар орнатады.

Тоқыма өндіріс мекеме цехтарындағы өрттік жүктелуі 40-80, шикізат, жартылай фабрикаттар қоймасында 200-400 кг/м2 құрайды. Бұл мекемелер тұрақты өрт өшіру жүйелерімен жабдықталады. Цехтарда ішкі өртке қарсы құбырлар орнатады. Ені 60 м, категориясы А, Б және В фонарсыз ғимаратта, сондай-ақ тоқыма өндірісінің өрт қауіпті цехында, талшық материалдар, жартылай фабрикаттар және дайын өнімдер қоймасында спринклерлі қондырғылар, талшық кептіретін кептіру камерасында – дренчерлі қондырғылар орнатылады. Фонарсыз ғимараттың кейбір бөлмелерінде тұрақты лафетті оқпандарды және т.б. қарастырады.

Фонарсыз ғимараттың ішкі өтпелерінде сыртқы су құбыры сақинасының қарама –қарсы жағын бір-бірімен байланыстыратын су құбыр сызықтарын орнатады. Су құбыр сызығында қажетті қор өрт жеңі бар өрт кранын орнатады. Сыртқы өртті өшіруге гидранттарды қолданады.

Тоқыма өндірісі мекемесіндегі өрт жағдайының сипаттық ерекшелігіоттың тез тарауы, өрттің аудан бойынша дамуы, ішкі жану бөлмелеріндегі түтіндеудің жоғарғы деңгейі және температураның өсуі болып табылып осыған талшықтық заттардың көп мөлшері, органикалық шаңның, қондырғыда, жабдықтарда және ғимарат конструкциясында тұрып қалған мақтаның майда талшықтары әсер етеді. Өрттің дамуы кезінде мақта, лен сияқты өсімдік текті талшықты заттар ең көп қауіпті туғызады, олар түтілген күйде ашық жалынмен интнсивті жанады, ал престелген күйде баяу жанады. Киптарда мақтаның жануы ауа келу толық оқшауланғанда өтеді. Түтілген күйде тұрған талшықты заттармен оттың сызықтық таралу жылдамдығы 7-8 м/мин жетеді. Өрттер желдету жүйелері және пневмотранспорттар арқылы жылдам таралады, әсіресе жанғыш материалдардан жасалған желдеткіш каналдар арқылы, бір бөлмеден басқа бөлмеге, циклондарға және шаң подвалдарына сирек өтпейді. Жанбайтын материалдардан жасалған желдеткіш каналдарында тұнып қалған органикалық шаң және үзілген талшықтар қабатымен өте тез таралады. Өрт кезінде кейбір жағдайларда өрттің белгілі бір ауданға тез дамуына себеп болатын желдеткіш құрылғыларында органикалық шаңның локальді жарылысы болуы мүмкін.

Тоқыма өндіріс мекемелерінде өрт кезінде болуы мүмкін:

  • Түтілген күйде және шаң тәрізді күйдегі жеңіл жанғыш материалдар арқылы оттың технологиялық саңылаулармен тез таралуы;
  • Шаңның жиналуы болатын желдеткіш қондырғыларда және бөлмелерде болатын жарылыс;
  • Түтіндеудің жоғарғы тығыздығы;
  • Фонарсыз типтегі ғимараттан түтінді жою қиындығы;

Аражапқышы мен аражабыны жанғыш материалдардан жасалған цехтарда от бос жерлерен жасырын таралуы мүмкін, бұған жабдықтан аққан майлар, сондай-ақ төбенің болат жабынының аражапқышы ішіне жиналуы себеп болады. Тоқыма өндірісінің негізгі цехтарында оттың тарауының сызықтық жылдамдығының орташа жылдамдығы 0,2-0,5 м/мин құрайды. Тұнған шаң және үзілген талшық бойымен оттың тарауының сызықтық жылдамдығы 12-15 м/мин, ал сору айдау желдеткіші және пневмотранспорт арқылы біршама үлкен болады.

Текстильдік өндірісінің фонарсыз ғимаратында өрт кезінде бастапқы периодта өрттің дауы интенсивті, ал содан кейін бөлменің түтіндеінен оның интенсивтігі төмендейді. Бөлме көлемінде қызған массаның тез ығысуы туады, әсіресе ашық саңылауға қарай. Конвективті ағындардың таралу жылдамдығы 30-40 м/мин жетеді. Бөлменің тез түтіндеуі басталады, көлемі 5500 м3 дейінгі бөлмедегі қалдық жіптердің жануы кезінде 6-8 мин мерзімінде түтінге толады. Бұл жағдайда түтін люктері түтінді жою үшін ашылады, сондай-ақ желдеткіштің апаттық жүйесі өндірістік мекемелердегі түтіндеу мүмкіндігін жоймайды. Жану өнімдері аспалы төбелердегі саңылаулар арқылы техникалық шатырға жылдам өтеді және біршама үлкен ауданға таралып әрі қарай дамуына әкеп соғады.

Бөлме көлемінде температура тез өседі тәжірибе көрсеткендей 1,5-2 мин кейін 1,5 м еден деңгейінде оттың шығу мезгілінен температура 60-70°С жетеді. Оттың және  жану өнімдерінің тез таралуы, сондай-ақ   өрт жағдайында температураның   өсуі ғимараттың   цехтарындағы  адамдарға   үлкен   қауіп төндіреді.      Бұдан басқа, фонарсыз   ғимараттағы   өрт   жағдайы   бөлменің көптігімен, ауданының үлкендігімен, эвакуациялық жолдардың ұзындығымен, жеңіл жанғыш   шикізаттың, жартылай фабрикаттың, дайын өнімдердің үлкен мөлшерімен, табиғи жарықтанудың  жоқтығымен, сондай-ақ әскери әрекеттердің активті қозғалысы кезінде қиындайды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close