Қоғам

МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мәдени-сауықтыру мекемелеріне көрермендер комплексі бар, көрермен залынан және оған жататын бөлмелерден тұратын ғимараттар жатады. Бұл – театрлар, мәдениет сарайлары мен үйлері, клубтар, кинотеатрлар және цирктер.

Клубтар, мәдениет сарайлары мен үйлерінде кітапханалар, дәріс залдары, көрмелер орналасуы мүмкін, ал цирктерде – түрлі жануарлар орналастырылатын бөлмелер. Театралды ғимараттар екі бөлікк бөлінеді: сахналық және көрермен, олар бір бірінен өртке қарсы қабырғамен бөлінеді. Көрмелер демонстрациясын ауданы 200-300 м2 жететін портальді ойықтар арқылы жүзеге асырады. Театрлардағы сахналық комплекске сахна, бутафорийлер декорациясының қалталары мен қоймалары және т.б. бөлмелер жатады.

Сахна сахна қорабынан, трюм, планшет, жұмыс аудандарынан және колосниктерден тұрады. Сахналық қорап биіктігі 25-40 м және одан жоғары жанбайтын материалдардан жасалады. Трюм айналу және көтеру немесе сахна планшеті мен өртке қарсы перденің жеке учаскелерін түсіретін механизмдермен, жарықтандыруды басқару пунктімен сахна планшетінің астында орналасуы мүмкін және ағаш төсемдерден жасалатын бір, екі немесе үш қабатты болуы мүмкін. Трюм, ереже бойынша, сахна планшетінен немесе сахна артындағы бөлмелерден және сахналық бөліктің саты торларынан оркестрлік шұңқырға және жарықтандырумен басқару пунктіне шығатын шығулардан тұрады. Сахна планшеті тұтас ағаш төсемдер түрінде болады, оның астында көрсетулерді қамтамасыз ететін электрлік жүйелер орналасқан. Планшеттің ауданы 300-600 м2 дейін жетуі мүмкін.

Декорациялар ілінетін колосниктер екі-үш жұмыс ауданы (галереялар) және торланған төсем түрінде болады. Жұмыс галереяларын сахналық қораптың периметрі бойынша шеткі және артқы қабырғаларында орналастырады. Олар металл және темірбетонды тасушы элементтер ағаш төсемді лентела балкондар түрінде жасалынады. Галереялар мен саты торларының колосниктеріне сахналық қораптың жан-жағы бойынша шығады. Егер саты торлары жоқ болса, онда сыртқы стационарлы өрт сатыларына колосниктер мен галереялардан шығады.

Сахна жабындысы шатырсыз, кейбір кезде ол жанғыш элементтерден жасалады. Түтінді жою және жану өнімдерінің бағытын өзгерту үшін, сахна жабындысында сахна планшетінен және театрдың өрт посты бөлмесінен басқарылатын түтін люктерін орналастырылады. Сахнаға декорациялар мен бутафорийлерді сақтайтын қалталар жатады. Олар сахнамен биіктігі 6-8 м дейін жететін ойықтармен қосылады. Кейбір театрларда сахна планшетінің артында аспалы декорацияларды сақтайтын сейфтер орналастырылады.

Сахна және оған жататын бөлмелер сахна планшетінің, колосниктер трюмдері, жанғыш декорацилар мен бутафорийлер түріндегі көп мөлшерлі жанғыш материалдардың бар болуымен сипатталады. Сахналық бөлікте өрт ауыртпалығы 200-350 кг/м2 жетеді.

Көрермендер залы фойелерден, гардеробтардан және басқа да бөлмелерден жанғыш емес материалдардың және көп мөлшерде көшіру шығулары бар қабырғалармен бөлінеді. Көрермен залнының үстіндегі жабынды, ереже бойынша, аспалы қиын жанғыш фермалардан орындалады. Шатыр бөлмелерінде көрермен залдарының желдету жүйесінің шахталары мен жиынтықтарын орнатады.

Көрермен залдарындағы едендер сахнаға еңіс түрінде орындалады, сондықтан да едендер астында бос кеңістіктер түзіледі. Ең үлкен қауіпті көрермен залдарының қабаттары мен балкондары төндіреді. Көрермендер залдарындағы өрт ауыртпалығы 30-50 кг/м2 шегінде болады. Сыйымдылығы 800 және одан да көп көрермен залдарында портальді ойықтар сахна жағынан өртке қарсы пердемен қорғалады.

Мәдени-сауықтыру мекемелерінде стационарлы өрт сөндіру жүйелерін орнатады. Көрермен залдарында, трюмде және сахнада, планшет деңгейінд, жұмыс галереяларында және колосниктер жағында ішкі өрт су құбырын орнатады. Өрт сөндіру жүйесін қамтамасыз ету үшін театрларда сорғыш- көтергіштерді орнатады. Сахнаның үстіндегі, артқы және шеткі қалталардың, көрермен залының жабындысы жанғыш материалдардан жасалған, сол сияқты портальді ойық және ойықтар қалталарда спринкерлі және дренчерлі қондырғылармен қорғалады. Театрлардың жұмыс галереяларында және колосниктер аумағында лафетті оқпандар орнатылуы мүмкін. Мәдени- сауықтыру мекемелері, ереже бойынша, жеке жобалар бойынша салынған, сондықтан да олардың әр біреуі өз беттерімен ерекшелінеді, олар қорғалатын аудандардағы өрт бөлімшелерінің жеке құрамдарымен таныстырылады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close