ӨРТ СӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
Ғимараттардың жоғары қабаттарында жануды жою кезінде «Өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдау» деген жұмыс режимі бар лифтілерден басқа, жеке құрамды, ӨТЖ және жабдықты көтеру үшін жүк және жолаушылар лифтілерін пайдалануға тыйым салынады.
Жабындарда, әсіресе, күмбезді жабындарда орнатылатын өрт сөндіретін қол сатылары, арнайы басқыштар және т.б. мықтап бекітілуі қажет. Биікте жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың құлауын болдырмайтын сақтандыру бұйымдарын қолданып, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
оқпанды (қайшысы бар және т.б.) өрт сөндіретін қол сатысымен тек жұмысшыны саты баспалдағына өрт белдігі карабинімен бекіткеннен кейін ғана жұмыс істеуге болады;
жабында жұмыс істеу кезінде өрт сөндірушілер сақтандыру үшін ғимарат құрылымына құтқару арқанымен бекітілуі қажет, бұл ретте құтқару арқанын қоршау құрылымдарына бекітуге тыйым салынады;
биіктерде және жабындарда оқпанмен жұмысты кемінде екі адам жүзеге асыруы қажет;
желі желісі жең ысырмаларымен бекітіледі.
Өрт оқпанын су беруді тоқтатқаннан кейін де қараусыз қалдыруға, сондай-ақ МӨҚҚО бөлімшелері қызметкерлерін салбыраңқы жабындарда және жану белгілері бар далдалардың учаскелерінде болуына тыйым салынады.
Жаңа құрылыстарда және қайт салынып жатқан ғимараттарда құрылыс тақтайларының өртін сөндіру кезінде оқпаншылардың жауынгерлік шептері ағаштардан кемінде 1 м қашықтықта, ал өрт сөндіру автомобильдері салынып жатқан немесе жөндеу жүргізіліп жатқан ғимараттан кемінде 410 м қашықтықта орналасуы қажет.
Тұрғын үйлерде өртті жою үшін оны сөндіру алдында мынадай: газ өткізгіштегі ысырмаларды жабу;
электр энергиясын беруді тоқтату;
температураны төмендету және үй-жайдан түтінді жою;
табылған газы бар баллондарды салқындату және оларды су ағысымен эвакуациялау шараларын қабылдау қажет.
Өртте адамдар мен мүлікті құтқару кезінде жедел лауазымды тұлғалар жағдайға және көмек көрсетілуі тиіс адамдардың жай-күйіне байланысты адамдарды құтқару тәртібі мен тәсілдерін анықтауға, қауіпті өрт факторларынан құтқарылушыларды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Құтқару жұмыстары шапшаң, бірақ құтқарылатын адамдарға зақым мен жарақат келмейтіндей ескерулерді сақтай отырып жүргізіледі. Құтқару жұмыстары жүргізілген кезде барлық жағдайларда лауазымды тұлғалар күштер мен құралдарды орналастырумен қатар сол сәтте қажеттілігі болмаса да, жедел медициналық жәрдемді шақырады. Медициналық персонал өртке келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті белгіленген тәртіппен МӨҚҚО бөлімшелерінің қызметкерлері көрсетеді. Адамдар мен мүлікті биіктен құтқару үшін сынақтан өткен тұрақты және жылжымалы қол өрт сатылары, автосатылар және өрт автокөтергіштері, құтқару арқандары, құтқару жеңдері, пневматикалық секіретін құтқару құрылғылары және тиісті сертификаттары бар және сынақтан өткен өзге де бұйымдар қолданылады.
Құтқару арқанының ұзындығы жерге толықтай түсіруді(балкон және басқасы) қамтамасыз ететіне, құтқару ілмегінің құтқарылушыға сенімді бекітілгеніне, құтқару арқанының ғимарат құрылымына бекітілгеніне және өрт сөндірушінің белдік карабиніне дұрыс оралғанына көз жеткізгеннен кейін ғана құтқару мен өзін-өзі құтқаруды бастауға болады. Құтқару және өзін-өзі құтқару үшін дымқыл немесе едәуір ылғалды құтқару арқандарын, сондай-ақ жауынгерлік есепте жоқ құтқару арқандарын және басқа мақсатқа арналған арқандарды қолдануға тыйым салынады.
Мәжбүрлі түрде оқшаулау жағдайындағы зардап шегушілерді дереу шығару мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушілерді қолда бар барлық құралдармен аман алып қалу үшін ең алдымен таза ауа, жеке қорғану құралдарын, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен тамақ беру ұйымдастырылады.
МӨҚҚО бөлімшелерінің қызметкерлері зардап шегушілерге барған кезде қираған құрылыс құрылымдарын қажетті түрде жылжыту (ығыстыру), көтеру, үзу (әр түрлі диаметрдегі ашылған арматураны кесу немесе бөлу) жүргізіледі. Мұндай жағдайларда жеке авариялық-құтқару аспабы (гидравликалық қайшылар, шабуыл балталары, плунжерлі бөлгіштер және басқалары) және жалпы мақсаттағы механикаландырылған аспап (электрлік қол қайшылар, дискілі және тізбекті даралар, ажырату және шой балғалар, бетон бөлгіштер) және өзге де құтқару технологиялары қолданылады.
ӨТЖ, штаттық аспапты, жеке және топтық құтқару құралдарын қауіпсіз қолдану жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың тиісті тарауларында жазылған. Тиісті сертификаты бар штаттық емес техникалық құралдарды қолдану кезінде оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.
Адамдарды жаппай эвакуациялау үшін құтқару жеңін пайдалану кезінде ол автокөтергіштің люлькасының еденіне бекітіледі. Құтқару жеңі бекітілген люлькада бір мезгілде 2 адамнан артық болмауы тиіс. Екі және одан көп құтқару жеңдерін қосуға болмайды.
Автоматты ажырату және дабыл беру электр желісі жарамды болғанда ғана адамдарды автосатының кабинасында көтеруге (түсіруге) болады. Сигналды автомат қоңырауы соғылғанда кабинаны көтеру дереу тоқтатылады және лифт кабинасы бастапқы күйге келтіріледі. Лифт кабинасында бір мезгілде көтерілетін (түсірілетін) адамдар (жүк массасы) саны автосатыны пайдалану жөніндегі зауыт белгіленген нұсқаулықтың шамасынан (салмағынан) артық болмауы қажет.
Автосатылар мен автокөтергіштерді басқаруға тиісті бағдарлама бойынша оқу курсынан өткен және автосатыда (автокөтергіште) жұмыс істеу құқығын беретін куәлік алған жүргізушілер жіберіледі. Автосатыны (автокөтергішті) жұмысқа дайындау және жұмыс істеу тәртібі дайындаушы зауыттың нұсқаулығына және осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Автосатылар рұқсат етілген көлбеу бұрышы шегінде иіндердің қозғалысын қамтамасыз ететін қашықтықта ғимараттардың жанында орнатылуы қажет. Автосатыларды жылжыту жабын (алаң, қоршау және т.б.) карнизінен 1,0 – 1,5 м жоғары жүргізіледі. Тиісті ұзындыққа жылжытылғаннан кейін автосаты тұйықтағышқа (бар болса) орнатылуы қажет. Құрылыс құрылымдарына тірелген автосатылармен жұмыс істеу кезінде қозғалтқышты өшіру қажет. Люлькамен жабдықталған автосаты жұмыс істеген кезде қозғалтқыш өшірілмейді. Автосатылар мен автокөтергіштердің жүргізушілері өртте (жаттығуларда, сабақтарда) жұмыс істеген кезде каска киюі қажет. Автосатыда (автокөтергіште) жұмыс істеу кезінде жүргізуші: автосатыларды (автокөтергіштерді) пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауға және олармен жұмыс істеушілерден талаптардың сақталуын талап етуге; саты иініне (көтергіш жебесіне), әсіресе, қысқы уақытта судың (көбіктің) төгілуіне жол бермеуге; ауа температурасы — 10°С төмен болғанда ілінісу муфтасының басқышын созылыңқы қысқа мерзімді босату арқылы гидро сорғыны іске қосуға, ал бұл ретте қозғалтқыштың тұрақты айналымында басқышты жіберуге; жұмыста қысқа мерзімді үзіліс болғанда гидро сорғы мен қозғалтқышты қосылған күйде қалдыруға міндетті. Жұмыс орнын ауыстырғанда саты (автокөтергіш жебесі) иіндері көлікке салынады, тіректері көтеріледі, рессорларының бұғаттағыштары ашылады, қуат таңдау қорабы ажыратылады.
Автосатыны (автокөтергішті) кран ретінде пайдалану кезінде иіндері (жебелері) жиналуы қажет. Жүк көтергіш массасын қоса алғанда жүктің ең жоғарғы шамасы дайындаушы зауыттың рұқсат берген шамасынан артық болмауы қажет. Жұмыс істеу кезінде қолданылатын жүк асыр қоятын арқандар сынақтан өткізілуі және таңбасы болуы қажет.
Автосаты баспалдағымен жоғары сатыға сүйемегенде және көлбеу бұрышы 50° дейін болғанда тек бір адамды ғана, ал егер бұрыш 50° артық болғанда бір мезгілде екі адамды көтеруге (түсіруге) рұқсат етіледі. Сүйенген сатымен МӨҚҚО бөлімшелерінің қызметкерлері кемінде 3 м интервалмен, ал көтеру массасы 100-120 кг болғанда кемінде 8 м интервалмен тізбектеп жүре алады. Бұл ретте сатының резонансты тербелуі болмайтындай ырғақпен жүрмеу қажет.
Автосаты (автокөтергіш) орнатылатын алаңда 6° аспайтын ылди, қатты жабыны немесе қатты қабаты болуы қажет. Жұмсақ қабатқа орнату кезінде тірек дискілерінің астынан Автосатының (автокөтергіштің) жинағына кіретін арнайы төсемдер төселеді.
Сатының жоғарғы жағына бекітілген өрт оқпаны жұмыс істегенде мынадай талаптар сақталуы қажет:
егер көтеру бұрышы 75° артық болмағанда саты оның тұтас ұзындығының 2/3 аспайтын ұзындығына жылжытылады;
жең желісі сатының ортасына төселеді және жең бөгегіштермен басқыштарға мықтап бекітіледі;
жең желісіне су беру және су беруді тоқтату бір қалыпты, күрт тербеліссіз жүзеге асырылады, оқпан қысымы кемінде 0,4 МПа болуы қажет.
Сатының соңына орнатылған өрт оқпаны кедергімен соқтығыстан автосатыны қорғайтын сақтандыру құрылғысының қолданыс аясынан тыс шығатынын, сөйтіп сақтандыру құрылғысының іске қосылмайтынын ескерген жөн.