Қоғам

ҚҰРЫЛЫС, ҒИМАРАТТАР МЕН ҮЙ-ЖАЙЛАРДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Құрылыс басталғанға дейін құрылыс алаңында өртке қарсы бөліктерде орналасқан барлық құрылыстар мен құрылымдар бұзылады. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде жұмыс жүргізу жобасында құрылыстың барлық кезеңдерінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар көзделеді.

Құрылыс аумағындағы өндірістік, қойма және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамында әзірленген, белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарға сәйкес орналастырылады. Ауданы 5 га және одан астам құрылыс аумағында алаңның қарама-қарсы жағынан кемінде екі кіру жолы көзделеді. Жолдар жылдың кез келген уақытында өрт сөндіру автомашиналарының өтуі үшін жарамды жабынмен қамтамасыз етіледі. Кіруге арналған қақпалардың ені кемінде 4 м етіп көзделеді. Құрылыс алаңына кіре берісте салынып жатқан және қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, кірме жолдар, кіреберістер, су көздері, өрт сөндіру және байланыс құралдары салынған жоспарлар орнатылады (ілінеді).

Барлық салынып жатқан және пайдаланылатын ғимараттарға (оның ішінде уақытша), құрылыс материалдарын, конструкциялары мен жабдықтарын ашық сақтау орындарына еркін кіру қамтамасыз етіледі. Салынып жатқан ғимараттарға кіреберістер мен жолдар салу негізгі құрылыс жұмыстары басталғанға дейін аяқталады. Ғимараттардың бойымен ені 18 м астам өту жолдары екі бойлық жағынан, ал ені 100 м астам – ғимараттың барлық жағынан көзделеді. Жүру бөлігінің шетінен бастап ғимараттардың, құрылыстар мен алаңдардың қабырғаларына дейінгі қашықтық 25 м аспайды.

Темір жолдар арқылы өтетін барлық жолдар, өтпе жолдар, кіреберістер мен өткелдер жарамды күйде ұсталады және өрт сөндіру автомобильдерінің еркін өтуі қамтамасыз етіледі. Жолдар арқылы құбырларды немесе кабельдерді төсеу кезінде өткелдер, көпірлер немесе уақытша айналма жолдар орнатылады. Жөндеу жұмыстарының жүргізілгені немесе жолдардың, өтпе жолдардың уақытша жабылғаны туралы бас мердігер жақын маңдағы өрт сөндіру бөліміне дереу хабарлайды.

Жанғыш материалдардың ашық қоймалары, сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған өндірістік, қойма және қосалқы құрылыстар орналасқан алаң құрғақ шөптен, қурайдан, қабықтан және жоңқадан тазартылады. Ашық алаңдарда жанғыш құрылыс материалдарын (ағаш кесу материалдары, толь, рубероид), жанғыш материалдардан жасалған бұйымдар мен конструкцияларды, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдықтар мен жүктерді сақтау кезінде ауданы 100 м2 аспайтын қатарларда немесе топтарда орналастырылады. Қатарлар (топтар) арасындағы және олардан бастап салынып жатқан немесе қосалқы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі бөліктер кемінде 24 м етіп қабылданады.

Салынып жатқан ғимараттарда осы бөлімнің ережелері сақталған жағдайда уақытша шеберханалар мен қоймаларды (жанғыш заттар мен материалдар қоймаларын, қымбат тұратын және құнды жабдықтар, сондай-ақ жанғыш орамдағы жабдықтар қоймаларын, өндірістік үй-жайларды немесе жанғыш материалдарды өңдеумен байланысты жабдықтарды қоспағанда) орналастыруға жол беріледі.

Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ғимараттардың 1-типті тұйық өртке қарсы қалқалармен және 3-типті қалқалармен бөлінген бөліктерінде орнала- стырылады.

Қорғалмаған көтергіш металл конструкциялар мен жанғыш полимер жылытқыштары бар панельдерден салынып жатқан ғимараттарда уақытша қоймаларды (қамбаларды), шеберханаларды және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді. Құрылыс аумағында, салынып жатқан және уақытша тұрмыстық ғимараттарда адамдардың тұруына жол берілмейді.

Сөндірілмеген әк жеке тұрған жабық қойма үй-жайларында сақталады. Бұл үй-жайлардың едені жер деңгейінен кемінде 0,2 м көтеріледі. Сөн- дірілмеген әкті сақтау кезінде оған ылғалдың түсуіне жол берілмейді. Әк сөндіруге арналған шұңқырлар оны сақтау қоймасынан кемінде 5 метр және басқа ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемінде 15 метр қашықтықта орналастырылады.

Объектiлердi реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, күрделi жөндеу және кезекпен пайдалануға беру кезiнде алынып жатқан бөлiгiн қолданыстағы бөлiгiнен 1-типтi уақытша өртке қарсы қалқа- лармен және 3-типтi қалқалармен бөледi. Бұл ретте адамдарды ғимараттар мен құрылыстардың бөлiктерiнен қауiпсiз эвакуациялау шарттарының бұзылуына жол берiлмейдi.

Салынып жатқан ғимараттар, уақытша құрылыстар, сондай-ақ қосалқы үй-жайлар салынып және реконстукцияланып жатқан ғимараттар, құрылыстар мен қосалқы үй-жайлар үшiн осы Қағидаларға 11-қосымшада салынып және реконструкцияланып жатқан ғимараттарға, құрылыстар мен қосалқы үй-жайларға арналған бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз тізбесі сәйкес алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi. Iшкi өртке қарсы су құбыры мен жобада көзделген автоматты өрт сөндiру жүйелерi объектiнi тұрғызумен қатар монтаждалады.

Өртке қарсы су құбыры өңдеу жұмыстарын бастағанда, ал автоматты өрт сөндiру жүйелерi мен дабыл жүйелерi iске қосу, реттеу жұмыстарын (кабель құрылыстарында – кабель төсегенге дейiн) жүргiзгенде қолданысқа енгiзiледi. Жобада көзделген өрт сөндiру депосы құрылыстың бiрiншi кезегiнде тұрғызылады. Депо ғимаратын мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді. Негiзгi құрылыстар мен құрылыс базасын салуды бастағанға дейiн өртке қарсы қызметтi немесе өртке қарсы ерiктi құралымдар мен өрт техникасын орналастыру үшiн арнайы жылытылған үй-жайлар көзделеді.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзукезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi

Биiктiгi 3 қабат және одан астам ғимараттарды салу кезiнде сатылар саты торларын орнатумен қатар монтаждалады. Саты торларында ағаш басқыштар екi қабаттан аспайтын ғимараттарда ғана қолданылады. Құрылыс кезiнде зақымданудан қорғау үшiн жанбайтын сатылар жанғыш материалдармен жабылады.

Жобалық құжаттамада қарастырылған сыртқы өрт сатылары, тiреушелер, түтік жалғау құбырлары мен салынып жатқан ғимараттардың жа- бындарындағы қоршаулар көтергiш құрылымдарды монтаждағаннан кейiн бiрден, ал биіктігі 50 метрден астам ғимараттарды салу кезінде – әрбір келесі қабаттың тұрғызылуына қарай орнатылады.

Жобалық құжаттамада көзделген түтік жалғау құбырларды монтаждау мүмкіндігі болмаған кезде әр қабатта өрт краны бар диаметрі 89 миллиметр уақытша түтік жалғау құбырлары орнатылады.

Ғимараттың тұрғызылуына қарай 50 метр және одан жоғары биіктікте орналасқан қабаттан бастап және одан жоғары мотопомпалары бар көлемі кемінде 3 текше метр уақытша аралық сыйымдылықтар орнатылады. Мотопомпалары бар уақытша аралық сыйымдылықтардың арасындағы аралық жоғары орналасқан қабаттарға өрт сөндіргіш заттарды беру кезінде қысым- ның жоғалуына байналысты есептеудің негізінде анықталады. Ғимараттарды үш қабат және одан астам етiп салу кезiнде мүкәм- мал металл ағаштар қолданылады.

Құрылыстың құрылыс ағаштары олардың периметрiнiң әрбiр 40 метріне бiр сатымен немесе басқышпен, бiрақ барлық ғимаратқа кемiнде екi сатымен (басқышпен) жабдықталады.

Ағаш құрылымдарын жанғыш материалдармен жабуға (жылытуға) болмайды. Адамдарды биiк ғимараттар мен құрылыстардан (түтiн құбырларынан, мұнара градирнялардан, бөгеттерден, сүрлем үй-жайлардан) эвакуациялау үшiн құрылыстың барлық кезеңiне жанбайтын материалдардан жасалған кемiнде екi саты салынады. Жанғыш материалдардан жасалған қалып бiр мезгiлде үш қабаттан аспайтындай етiп жасалады. Бетонның қажеттi төзiмдiлiгiне қол жеткiзгеннен кейiн ағаш қалыптар мен тақтайлар ғимараттан шығарылады.

Ғимараттар мен құрылыстардың iшiнде жанғыш заттар мен материалдарды ашық отты пайдаланумен байланысты басқа да құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қатар орындауға болмайды. Металл құрылымдардың отқа төзiмдiлiк шегiн арттыру мақсатында оларды қорғау жұмыстары ғимаратты тұрғызумен қатар жүргiзiледi.

Ғимараттарда жанғыш материалдар болған жағдайда ойықтар арқылы қабырғалар мен қалқаларға (iшкi және сыртқы қабырғалардың және қабатаралық қалқалардың жапсарларын герметизациялау, қажеттi отқа төзiмдiлiк шектерiн қамтамасыз ете отырып, инженерлiк коммуникациялар өтетiн орындарда тығыздау) өрттiң таралуын болдырмау шаралары қабылданады.

Жанғыш жылытқыштары бар құрылымдарды монтаждаумен немесе жанғыш жылытқыштарды қолданумен байланысты жұмыстар жұмысты орындаушыларға берiлетiн және құрылыстың өрт қауiпсiздiгi үшiн жауапты тұлға қол қойған рұқсат бойынша жүргiзiледi.

Жұмыс жүргiзу орындарында «От қауiптi – тез тұтанатын жылытқыш» деген аншлагтар iлiнедi. Жабынға жанатын жылытқышты төсеу және гидрооқшаулағыш кiлемдi орнату, тартқышты цемент-құм ерiтiндiсiнен жасау, қорғайтын қиы- ршық тас қабатын төсеу, қоршау құрылымдарын монтаждау ауданы 500 м2 аспайтын учаскелерде жанғыш жылытқыштарды қолдана отырып және 1000 м2 аспайтын учаскелерде жануы қиын жылытқыштармен жүргiзiледi. Жанатын жылытқыштарды темiрбетон плиталардың бойымен пайдалану кезiнде кемiнде 30 миллиметр өндiрiстiк ғимараттардың жабындарын тегістеу цемент- құм ерiтiндiсiнен орындалады, темiрбетон плиталар арасындағы жапсарлар мұқият қаланады.

Жұмыс жүргiзу орындарында жанғыш жылытқыштар мен жабын- ды рулон материалдары санының ауысым қажеттiлiгiнен артуына жол берiл- мейдi. Ауданы үлкен ғимараттардың жабындарында жанатын жылытқыш ұзындығы бойымен 50 метр сайын (корпус 80 метр және одан артық созылып жатқанда) енi кемiнде 6 метр, керамзит қиыршық тасынан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған өртке қарсы белдеулермен бөлiнедi.

Жанатын жылытқыш салынып жатқан ғимараттан тыс, бөлек тұрған құрылыста немесе арнайы алаңда салынып жатқан және уақытша ғимараттардан, құрылыстар мен қоймалардан кемiнде 18 метр қашықтықта сақталады. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн пайдаланылмаған жанатын жылытқышты, осындай жылытқыштары бар жөнделмеген панельдер мен жабынды рулон материалдарын ғимараттардың iшiнде немесе жабындарында, сондай-ақ өртке қарсы бөлiктерде қалдыруға болмайды.

Тоңазытқыш ғимараттар мен осыған ұқсас құрылыстарда құрылыс-монтаждау жұмыстары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып, бөлiктер бойынша жүйелi түрде жүргiзiледi. Бөлiкте жылу оқшаулағыш орнатылғаннан кейiн оның қалдықтары жинап алынады және дереу оттан қорғайтын жабын қабаты жағылады. Жұ- мыс жүргізу процесінде жанатын жылу оқшаулағыштың қорғалмаған ауданы 500 м2 аспайтындай етіп және жануы қиын болғанда 1000 м2 етiп қабылданады.

Өртке қарсы белдеулердi, тоңазытқыш камераларда аймақтарды орнату кезiнде жылытқыштың жанбайтын материалдардан жасалған қоршау құрылымдарына тығыз қабысуы қамтамасыз етiледi. Өртке қарсы белдеулер- де, аймақтарда бекiтiлмеген тесiктер қалдыруға болмайды. Кезектi бөлiктiң жылу оқшаулағышын тек алдыңғы аймақтардың өртке қарсы белдеулерiн тексергеннен және қабылдағаннан кейiн ғана орнатуға кiрiсуге болады.

Жанатын жылытқыштары бар панельдердiң металл қаптамалары зақымдалған жағдайда, механикалық (бұрандалы) қосқыштардың көмегiмен оларды жөндеу және қалпына келтiру бойынша шұғыл шаралар қабылдана- ды. Полимерлi жылытқыштары бар панельдердi монтаждауды, жабынға полимерлiк жылытқыштарды төсеудi, жабындарды орнату жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн жобада көзделген барлық қоршаулар мен ғимараттардың жабынына шығу жолдары (саты торларынан, сыртқы сатылар арқылы) салынады. Өрт туралы хабарлау үшiн жабынға шығу жолдарына телефондар немесе өзге де байланыс құралдары орнатылады.

Өрт сөндiру мақсатында жабында жанатын жылытқышты қолдана отырып, ауданы 1000 м2 және одан астам жабын төсеу бойынша жабын жұ- мыстарын жүргiзу кезiнде уақытша өртке қарсы су құбыры көзделеді. Өрт крандары арасындағы қашықтық әрқайсысы секундына 5 литр шығынымен кемiнде екi ағыста су жабынның кез келген нүктесiне беру шартымен қабыл- данады. Жабында  гидро  және  бу  оқшаулауды  орнатумен,  жанғыш жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде электрлiк дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргiзуге болмайды.

Ашық отты қолданумен байланысты барлық жұмыстар жанғыш және жануы қиын материалдарды пайдалану басталғанға дейiн жүргiзiледi.

Бу оқшаулау қабатын жабыстыру кезiнде кескiнделген төсем қабы- рғаларын битум шайырымен толтыруға және жобадан ауытқып, шайыр қабатын қалыңдатуға болмайды. Қабаты қалың рулон материалдарын балқыту үшiн жабындарды темiр бетон плиталарына және жанбайтын жылытқыштарды қолдана отырып, бүркемелерге орнатқанда ғана агрегаттар қолданылады. Жабындағы агрегаттарға отын құю екi өрт сөндiргiшпен және құмы бар жәшiкпен қамтамасыз етiлген арнайы орында жүргiзiледi. Жабында агрегаттарға құюға арналған отынды және отыннан босатылған бос ыдысты сақтауға жол берiлмейдi.

Мастикалармен, битуммен, полимер, басқа да жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстеу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртiбi 

Жарылыс- өрт қауiптi бу бөлетiн жанғыш заттар мен (құрамды дайындау және оны бұйымға салу) жұмыс iстейтiн үй-жайлар мен жұмыс ай- мақтары ағынды-сорғы желдеткiшiмен қамтамасыз етiледi. Жұмысты қауiпсiз жүргiзу үшiн ауа алмасу еселiгi есепке сәйкес жұмыс iстеу жобасымен анықталады. Жанғыш заттарды пайдалану кезiнде оның мөлшерiнiң ауысым қажеттiлiгiнен асуына жол берiлмейдi. Жанғыш заттары бар сыйымдылықтар тек пайдалану алдында ғана ашылады, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, қоймаға тапсырылады. Жанғыш заттардан босаған ыдыс жаңа құрылыстың үй-жайларынан тыс арнайы бөлiнген орында сақталады. Жанғыш заттардың қалдықтары арнайы жабық сыйымдылыққа жиналып, үй-жайлардан арнайы бөлiнген орынға шығарылады.

Жанғыш бояулар еденге тек табиғи жарық көзi бар кезде осы жұмыстарды жүргiзуге жауапты адамның бақылауымен 100 м2 аспайтын жердi қамти отыра жағылады. Жұмыстар үй-жайлардан шығу жолдарынан едәуiр қашық орындарда, ал дәлiздерде үй-жайлардағы жұмыс аяқталғаннан кейiн басталады.

Эпоксид шайырларды, желiмдердi, мастикаларды, оның iшiнде синтетикалық шайырлар негiзiндегi лак, бояуларды жағуды және плита және ру- лонды полимер материалдарын жапсыру үй-жайларды түпкiлiктi сырламас бұрын барлық құрылыс-монтаждау және санитарлық-техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

Жанғыш заттарды пайдалана отырып жұмыс iстеу үшiн ұшқын шығармайтын материалдардан (алюминий, мыс, пластмасса, қола) жасалған аспап қолданылады. Жанғыш заттар мен жұмыс iстеу кезiнде қолданылған аспап пен жабдық ашық алаңда немесе желдеткiшi бар үй-жайда жуылады. Жанғыш заттармен және материалдармен (құрамында отқа қауiптi заттар бар рулонды, плиталы, эпоксид шайырлармен, мастикалармен) жұмысты өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша оқудан және жұмыс басталар алдында өрт қауiпсiздiгi шаралары туралы нұсқаулықтан өткен адамдар жүргiзедi. Жанғыш заттармен және материалдармен жұмыс iстейтiн үй-жайлар 100 м2 үй-жайға екi өрт сөндiргiш және киiз есебiнен алғашқы өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етiледi.

Жанғыш сұйықтар желдеткiшпен жабдықталған, жанбайтын материалдардан жасалған, бөлек тұрған құрылымдарда, сондай-ақ терезе ойықтары мен дербес эвакуациялық шығу жолы бар сыртқы қабырғаның қасында оқшауланған үй-жайларда сақталады. Өрт қауiптi заттармен және полимерлi материалдармен жұмыс тек құрылыстың өртке қарсы жай-күйiн қамтамасыз ететін адамның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiледi. Оқшаулағыш және битум мастикаларын қайнату және қыздыру жанбайтын материалдардан жасалған қақпақтары тығыз жабылатын арнайы жарамды қазандықтарда жүзеге асырылады. Қазандықтар олардың сыйым- дылығының төрттен үш бөлiгiнен аспайтындай етiп толтырылады.

Битум қайнату қондырғысын тiкелей жабында орналастыруға болмайды. Битум қазандығын ашық ауада орналастыру кезiнде олардың үстiне жанбайтын материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Қайнату қазан- дығының айналасында өртке қарсы құралдардың жинағы (өрт сөндiргiштер, күректер мен құрғақ құм) көзделеді. Мастикалар мен битумдарды қайнатуға және қыздыруға арналған орын биiктiгi 0,3 м аспайтын бiлiкпен қоршалады. Қазандықтың от жағатын тесiгi жанбайтын материалдан жасалған қайырма- лы күнқағарлармен жабдықталады. Битум құрамдары қыздырылатын қазандықтарды қараусыз қалдыруға болмайды. Қазандықтардың топтағы саны үшеуден аспаса және қазандықтардың топтары арасындағы қашықтық кемiнде 9 м болғанда олар топпен орналастырылады. Мастикалар мен битумдарды қайнату мен қыздыруға арналған орын арнайы бөлiнген алаңдардан бөлінедi және мынадай қашықтықта орна- ластырылады:

  • отқа төзiмдiлiгi V, IV, IVа дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 30 м;
  • отқа төзiмдiлiгi III, IIIа, IIIб дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 20 м;
  • отқа төзiмдiлiгi I және II дәрежелi ғимараттар мен құрылыстардан – кемiнде 10 м.

Сұйылтылған газда жылжымалы қазандықтар жұмыс iстеген кезде екеуден аспайтын мөлшердегi газ баллондары жұмыс iстеп тұрған қазан- дықтардан кемiнде 20 м қашықтықта орнатылған, жанбайтын материалдар- дан жасалған желдетiлетiн шкафтарда орнатылады. Көрсетiлген шкафтар үнемi құлыппен жабылып ұсталады. Үй-жайлардың iшiнде битум құрамдары электр қыздырғыштары бар бөшкелерде қыздырылады. Қыздыру үшiн ашық отты пайдалануға болмайды.

Битум мастикасымен жұмыс істеу кезінде жұмыс орындарына (қабаттарға) ыстық битум мастикасын жеткізу:

  • қақпақтары тығыз жабылатын арнайы металл бөшкелерде механикаландырылған тәсiлмен жүзеге асырылады. Қақпақтар бак құлаған кезде ашылып кетуiн болдырмайтын ысырма құрылғыларымен қамтамасыз етiледi. Мастиканы ашық ыдыспен тасымалдауға болмайды;
  • құрылыс құрылымдарына тiгiнен орнатылған учаскелерге бекiтiлген сорғымен ағып кетуiне жол бермей болат құбыр арқылы. Көлденең учаскелер мастиканы қызуға шыдамды шланг арқылы беруге болады.

Шлангiнi болат құбырмен қосу орнында ұзындығы 40-50 см сақтандыру қапшығы (брезенттен және басқа да материалдардан жасалған) кигiзiледi. Мастика жағуға арналған қондырғының сыйымдылығын толтырғаннан кейiн мастика құбырдан ағызылады. Араластыру кезiнде қыздырылған битум ерiткiшке (бензин, скипидар) құйылады. Тек ағаш араластырғышпен ғана араластыруға болады. Битумды ерiткiштермен араластыру орнынан 50 м радиуста ашық отты пайдалануға болмайды.

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі

Дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты жүргізілетін басқа да жұмыстар осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес орындалады.

Дәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұмыс орындарын:

  • осы мақсатта арнайы жабдықталған цехтарда, шеберханаларда немесе ашық алаңдарда ұйымдастырылатын тұрақты орындармен;
  • салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан ғимараттарда, тұрғын үйлерде және басқа да құрылыстарда, кәсiпорын аумақтарында жабдықты жөндеу немесе құрылыс монтаждау мақсатында жүргізілетін уақытша орындармен қарастыру қажет.

От жұмыстарын тұрақты жүргiзу орындары 10 бекеттен (дәнекерлеу және кесу шеберханалары) артық ұйымдастырылған кезде орталықтандырылған электрмен және газбен жабдықтау көзделеді. Дәнекерлеу шеберханасында 10-нан аспайтын дәнекерлеу бекеттері болған жағдайда әрбiр бекет үшiн оттегi және жанғыш газы бар бiр қосалқы баллоннан болуға жол беріледі. Қосалқы баллондар жанбайтын материал- дардан жасалған қалқандармен қоршалады немесе шеберханаларға арнайы жапсарлас құрылыстарда сақталады.

Тұрақты дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу ұйымдастырылған үй-жайлардағы едендер жанбайтын материалдардан жасалады. Бөлшектердi алдын ала қыздырмастан дәнекерлеу жүргiзiлетiн үй-жайларда жанбайтын негiзде ағаш бөренелi едендер орнатуға болады. Дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын белгiленген тәртiппен өрт-техникалық минимумнан өткен және өрт қауiпсiздiгi ережесiнiң талапта- ры бiліктілігіне сынақ тапсырған адамдар жүргiзедi.

Ашық алаңдар мен арнайы шеберханаларда от жұмыстарын тұрақты жүргiзу орындары кәсiпорын (ұйым) басшысының бұйрығымен анықталады. 1472. Уақытша электрдәнекерлеу және отпен жүргізілетін басқа да жұ- мыстарды жүргiзу орындары, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес объект басшысының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның жазбаша рұқсатымен ғана айқындалады.

Құрылыс алаңдарында және өрт қаупі бар орындарда ұйым басшысының жазбаша рұқсатын алмай от жұмыстарын белгіленген тәртіппен өрт-техникалық минимумынан өткен және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын білуі бойынша сынақ тапсырған тиiстi бiлiктiлiгі бар мамандар ғана жүзеге асырады. Жазбаша рұқсатсыз от жұмыстарын дербес жүргiзуге жiберiлген мамандардың тiзiмiн объектiнiң басшысы бекiтедi. Уақытша (бiр жолғы) от жұмыстар жүргiзуге рұқсат тек жұмыс ауысымына ғана берiледi. Егер бiрдей жұмысты жүргiзу кезiнде олар бiрнеше ауысым немесе күн бойы жүргiзiлетiн болса, объектiнiң әкiмшiлiгiнен қайта рұқсат алу қажет емес.

Мұндай жағдайларда әрбiр келесi жұмыс ауысымына көрсетiлген жұмыс орындарын қайта тексергеннен кейiн әкiмшiлiк бұрын берiлген рұқсатты растайды, ол жөнiнде тиiстi жазба жазады. От жұмыстарының жүргiзiлуi- не уақтылы бақылауды қамтамасыз ету мақсатында осы жұмыстарға рұқсат құрылыс әкiмшiлiгiнен объектiнiң мемлекеттік емес өртке қарсы қызметi, ал жоқ жерлерде оларды жүргiзер күннiң қарсаңында ерiктi өртке қарсы құра- лымдарға келiп түсуi тиiс. От жұмыстары жүргiзілетін орындар алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (өрт сөндiргiш, құм салынған жәшiк және күрек, суы бар шелек) қамтамасыз етiледi. Объектiде iшкi өртке қарсы су құбыры болған жағдай- да от жұмыстары жүргiзілетін орынға өрт крандарынан оқпандары бар өрт сөндіру түтікқұбырлары төселедi. От жұмыстарымен айланысатын барлық жұмысшылар алғашқы өрт сөндiру құралдарын орынды пайдаланады.От жұмыстарын қауіпсіз жүргiзуді қамтамасыз ететін адам жұмыс орнында өрт сөндiру құралдарының болуын тексередi. От жұмыстары тұрақты жүргiзуге арналған орындарды өрт қауіпті және өрт-жарылыс қауiптi үй-жайларда орналастыруға болмайды.

От жұмыстарын жүргiзуге қарастырылатын технологиялық жабдық өрт-жарылыс қауiпсiз жай-күйiне:

  • өрт-жарылыс қауiптi заттардан босату;
  • қолданыстағы коммуникациялардан (от жұмыстарын жүргiзуге дайындық үшiн қолданылатын коммуникациялардан басқа) ажырату;
  • алдын ала тазалау, жуу, булау, желдету, жұту және флегматизациялау арқылы келтiрiледi.

Технологиялық жабдықтың iшiн буландыру үшiн берiлетiн су буының температурасы жанғыш будың (газдың) өздiгiнен тұтану температурасының 80 %-ға тең етiп қабылданады. Технологиялық жабдықты жуу ондағы будың (газдың) шоғырлануы олардың тұтану шегiнен тыс немесе электр статикалық қауiпсiз режимде болғанда жүргiзiледi. От жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайларды, жабдықтар мен коммуникацияларды тазалау жарылыс қауiптi бу және тозаң-ауа қоспаларының түзiлуiн және тұтану көздерiнiң түзiлуiн болдырмайтындай тәсiлдермен жүргiзiледi.

Металдың қызған бөлiктерiнiң шектес үй-жайларға, көршiлес қабаттарға түсуiн болдырмау мақсатында барлық байқап тексеру, технологиялық және басқа да люктер (шағын люктер), желдеткiш, монтаждау және от жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлардың жабындары, қабырғалары мен қалқаларындағы басқа да ойықтар (тесiктер) жанбайтын материалдармен жабылады. От жұмыстарын жүргiзу орны осы Қағидаларға 13-қосымшада көр- сетiлген радиуста жанғыш заттар мен материалдардан тазартылады. Көрсетiлген радиустар шегiндегi құрылыс констукциялары, еден төсемдерi, өңдеу және қаптау, сондай-ақ оқшаулағыш және жанғыш материалдардан жасалған жабдықтың бөлшектерi оларға ұшқынның түсуiнен металл экрандармен немесе жанбайтын материалдармен және қажет болған жағдайда су құйып қорғалады. От жұмыстары орындалатын үй-жайларда көрсетiлген үй-жайларды басқа үй-жайлармен қосатын барлық есiктер, оның iшiнде тамбур шлюздердiң есiктерi тығыз жабылады. Терезе жыл мезгiлiне, үй-жайдағы температураға, отты жұмыстардың ұзақтығына, көлемi мен қауiптiлiк дәрежесiне байланысты ашық болады. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар буының, жанғыш газдардың жиналуы мүмкiн үй-жайлар отпен жұмысты жүргiзбес бұрын желдетiледi.

Жанғыш материалдар қолданылған ғимараттар мен үй-жайларда, құрылымдарда дәнекерлеу және кесу жұмыстарын жүргiзуге арналған орын жанбайтын материалдан жасалған тұтас қалқамен қоршалады. Бұл ретте қалқаның биiктiгi кемiнде 1,8 метр, ал қалқа мен еден арасындағы саңылау 0,5 метрден артық емес етiп орындалады. Қыздырылған бөлшектердiң ұшуын болдырмау үшiн көрсетiлген саңылаудағы ұяшық 1,0х1,0 миллиметрден ас- пайтын, жанбайтын материалдан жасалған тормен қоршалады. От жұмыстарын бастамас бұрын және оларды жүргiзу барысында көрсетiлген жұмыстар жүргiзiлетiн технологиялық жабдықтағы және қауiптi аймақтағы бу, газ, ауа ортасының жай-күйiн бақылау жүзеге асырылады. Егер қауiптi аймақта немесе технологиялық жабдықта жанғыш заттар құрамы жоғарылаған немесе флегматизатордың шоғырлануы будың (газдың) шектi рұқсат етiлген жарылыс қауiпсiз шоғырлану мәнiне дейiн төмендеген жағдайда от жұмыстары дереу тоқтатылады. От жұмыстары жүргiзiлiп жатқан жерлерде газдану мен тозаңдану себебiнен өрттер мен жарылыстардың туындауына әкелуi мүмкiн технологи- ялық жабдықтың люктерi мен қақпақтарын ашуға, өнiмдердi түсiруге, асыра тиеуге және құюға, оларды ашық люктер арқылы тиеуге, сондай-ақ өзге де операцияларды жүргiзуге болмайды. Жұмыстағы үзiлiс кезiнде, сондай-ақ жұмыс ауысымының соңында дәнекерлеу аппараты электр желiсiнен ажыратылады, шлангiлер жанғыш сұйықтықтар мен газдардан ажыратылады және босатылады, ал дәнекерлеу лампаларындағы қысым толықтай шығарылады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн барлық аппаратура мен жабдық арнайы бөлiнген үй-жайға (орынға) жиналады.

От жұмыстарын жүргiзу кезiнде мыналарға жол берілмейді:

  • аппаратура ақаулы болғанда жұмысқа кiрiсуге;
  • жанғыш бояулармен (лактармен) жаңадан сырланған констукциялар мен бұйымдарда от жұмыстарын жүргiзуге;
  • майлардың, бензиннiң, керосин мен өзге де жанғыш сұйықтықтардың iздерi бар киiм мен қолғапты пайдалануға;
  • дәнекерлеу кабиналарында киiмдi, тез тұтанатын және жанғыш сұй- ықтықтар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға;
  • электр сымдарының сығылған, сұйытылған және ерiтiлген газдары бар баллондармен жанасуына жол беруге;
  • жанғыш және улы заттармен толтырылған, сондай-ақ қысымы мен электр кернеуi бар аппараттар мен коммуникацияларда жұмыс iстеуге;
  • жабынға гидрооқшаулағыш пен буоқшаулағышты орнатумен, жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар панельдердi монтаждаумен, еден- дердiң төсемдерiн жапсырумен және жанғыш лактарды, желiмдердi, масти- калар мен өзге де жанғыш материалдарды пайдалана отырып, үй-жайларды қаптаумен қатар от жұмыстарын жүргiзуге;
  • электрдәнекерлеушi және газдәнекерлеушi (газ кескiшпен) бiр мезгiлде жабық сыйымдылықтар мен үй-жайлардың iшiнде жұмыс iстеуге.

Жанғыш және жануы қиын жылытқыштары бар жеңiл металл кон- струкцияларынан жасалған ғимараттардың элементтерiнде от жұмыстарын жүргiзуге болмайды. Салынып жатқан тоңазытқыштарда электрдәнекерлеу жұмыстары жанғыш материалдардан босатылған жамылғы қабаттары жағылған (сылақ, бетон немесе армобетон кергiштерi) және өртке қарсы белдiктерi бар камералар мен бөлiктерде ғана жүргiзiледi.Қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарын күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде от жұмыстары жанатын конструкциялардың жануына қарсы және ұшқындардың  ұшуына қарсы шаралар қабылданғаннан кейiн орындалады.

Өндiрiстi тоқтатпай күрделi жөндеу және қайта құру кезiнде және от жұмыстарын жүргiзу кезiнде кәсiпорын әкiмшiлiгi осы кезеңге ерікті нысанда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жоспарын әзiрлейдi. Өрт шығу қаупi неғұрлым жоғары орындарда, от жұмыстары көлемi көп болғанда, сондай-ақ биiкте жұмыс iстеу кезiнде өрт сөндiру бекеттері (қызмет көрсетушi персонал, өртке қарсы ерiктi құралым санынан) қойылады.

Биiкте жұмыс iстейтiн жұмысшылардың электрод тұқылдарын жинауға арналған металл қораптары көзделеді. От жұмыстарын 6 баллдан артық қатты жел тұрғанда биiктікте iстеуге болмайды. Объект басшысы немесе өрт қауiпсiздiгiне жауапты өзге лауазымды тұлға уақытша от жұмыстары аяқталғаннан кейiн 3-5 сағат iшiнде олар жүргiзілген орындарды тексерудi қамтамасыз етедi.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close