РАДИОАКТИВТІ ЗАҚЫМДАНУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ІЗДЕУ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бойынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кəсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын жəне пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нəтижесінде орын алады.
Радиациялық зақымдану дəрежесі. Радиоактивті ластану жағдайында ІКЖ жүргізудің негізі ерекшелігі:
- құтқарушылардың радиоактивтілікпен ластанған аймаққа жету уақытын қатал белгілеу;
- кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру;
- жеке қорғану құралын (ЖҚҚ), техникалардың қорғаныс құралдарын, көліктерді, бұзылмаған ғимараттарды пайдалану;
- алынған сəулелену мөлшеріне үздіксіз бақылау жүргізуді ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады.
Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сəулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – əрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сəулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сəулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.
Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мəліметтеріне байланысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:
- жергілікті жерде жəне ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу жəне бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;
- құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сəулелену мөлшерінің күштілігін анықтау жəне радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;
- ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;
- радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
- судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу жəне оларды зертханаға жіберу;
- метрологиялық бақылау;
- радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққан құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.
Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты жəне т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:
- дер кезінде радиоактивті ластануды табу жəне хабарландыру дабылын беру;
- радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
- күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.
Радиациялық бақылау орны тəртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сəулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т жəне т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 жəне т.б.) сəулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сəулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру жəне байланыс құралдарымен, радиациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.
Іздестіру — құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиясы.
Іздестіру – құтқару жұмыстары радиоактивті ластану жағдайында мыналарды қамтиды:
- ластанған аймаққа барлау жүргізеді жəне зардап шеккендерді іздейді;
- ластанған аймақты жəне сəулелену көздерін оқшаулайды;
- зардап шеккендерді қоршаудан босатады, оларға шұғыл дəрігерлік көмек көрсетеді, оларды ластанған аймақтан көшіреді;
- ТЖ зардабын жояды.
Радиациялық авария жағдайында жəне олардың зардаптарын жою кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:
- негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шəпкілер, мақта – матадан жəне аралас маталардан тігілген шұлықтар) жəне қосымша (алжапқыштар, жартылай халаттар, пленкалы жəне резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
- тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке құралдар (ТМҚЖҚ) (респираторлар, сүзгіш газқағарлар, оқшаулағыш тыныс алу аппараттары, пневмомаскалар, пневмошлемдер, пневмокурткалар жəне т.б.);
- оқшаулағыш костюмдер, арнайы аяқ – киімдер (негізгі жəне қосымша);
- қолды қорғайтын құралдар (резеңкелі, пленкалы, мақта – маталы саусақты биялай немесе қолғаптар);
- көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар жəне т.б.);
- қорғайтын құрылғылар (қолмен ұстайтын, белбеулер жəне т.б.) жатады.
Радиациялық авария болған кезде радиометриялық бақылауды жəне радиациялық жағдайды бағалау нəтижесіне негіздеп, авария аймағын екі аймаққа бөлу орынды.
Бірінші аймаққа (қатаң тəртіптегі аймаққа) жоғарғы қабат пен ауаның радиоактивті ластануының белгіленген деңгейден жоғарлауы байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ негізгі арнайы киімдермен қоса бірқатар қосымша киімдерді қолдану (мысалы; ТМҚЖҚ, пленкалы немесе резеңкелі материалдардан жасалған қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер жəне оқшаулағыш костюмдер жəне т.б.) талап етіледі.
Екінші аймаққа (радиациялық қауіпсіздік тəртібіндегі аймақ) ауа мен жоғарғы қабаттардың радиоактивті ластану деңгейі авариялар жағдайымен шартталған, рұқсат етілген көлемде болатын ғимараттар мен аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау үшін жəне радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға қатысқан тұлғалар респираторларды пайдаланып немесе олар сыз негізгі арнайы киім жиынтығын кию жеткілікті. Ластанған аумаққа кіру міндетті түрде киімін толық ауыстырып кию жəне санитарлық рұқсатнама арқылы ұйымдастырылады, ал ғимаратқа жəне бірінші аймақтағы аумаққа кіру санитарлық шлюз немесе санитарлық барьер арқылы қосымша ЖҚҚ қолданумен ұйымдастырылады.
Авария зардаптарын жою жұмыстарын жүргізу кезінде, ЖҚҚ дұрыс таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:
- жұмыс жүргізу кезінде ауадағы радиоактивті заттардың күтілген немесе өлшенген концентрациясы туралы;
- жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;
- ластанған ерітінділерді құю (соның ішінде қатерсіздендіретін) немесе пароэжекциялық бүркігіштерді қатерсіздендіру үшін булы қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
- ауырлық (қиындық) категориясы жəне жұмысты орындау ұзақтығы туралы;
- жұмыс орнындағы микроклимат жəне ауадағы газ құрамы туралы (температура, ылғалдық, ауада оттектің болуы, улы жəне жарылу қаупі бар газ қоспалары жəне т.б.) мəліметтерді пайдалану керек.
ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы (50% көп) бу шығаратын улы заттар бар ғимараттарға, боксқа, сиымдылыққа, цистерналарға, құдықтарға кұтқарушылардың кіруі кезінде ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай, сондай – ақ түріне жəне алда тұрған жұмысқа байланысты құтқарушылар авария орынына келгеннен кейін штаттық авариялық жиынтықпен ЖҚҚ қалай қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі (мысалы, шлангалы ЖҚҚ жəне т.б.).
ҚƏУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ. Қатты əсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің жəне əр түрлі объектілердің зақымдануы.
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – əрекет. Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚƏУЗ жайылғанын байқағаннан бастап – ақ:
- қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;
- қажет болған жағдайда ҚƏУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;
- көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;
- қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;
- ҚƏУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;
- зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса,
топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;
- жағдайды болжау жəне ҚƏУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.
ҚƏУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды жəне оған ҚƏУЗ–дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын жəне топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.
Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚƏУЗ бары əрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚƏУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚƏУ3 анықталған жерлерден, ҚƏУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.
Елді мекендерде химиялық барлау көшелер мен айналымдардың жағалауларына аса мұқияттықпен жүргізіледі. Жеке аулаларда, ғимараттарда, үй жанындағы телімдерде жəне басқа да объектілерде барлауды шолғыншылар жаяу жүру тəртібімен жүзеге асырады. Мұндай жағдайда қоршау белгілері көше қиылыстарына, аулалардан шығатын жерлерге жəне ғимараттардың кіре берістеріне, аулаларда жəне көшелердің жақсы көрінетін жерлеріне қойылады. ҚƏУЗ жергілікті жерде жəне ауада барын анықтау үшін химиялық барлаудың əскери аспаптары жəне шаруашылық нысанында индикацияға пайдаланатын аспаптар қолданылады.
Зардап шеккендерді іздеу үшін:
- құтқару жұмыстарының барлық участкелерін оған қоса ашық өндірістік алаңдарды, үйінділерді, зақымданған ғимараттарды сондай – ақ зақымданған аймақтағы өндірістік жəне тұрғын үйлерді тексеру;
- зардап шеккендердің табылу орнын анықтау жəне белгілеу, мүмкіндігінше олармен байланыс орнату;
- зардап шеккендердің жағдайын анықтау;
- зардап шегушілерге өрттің, түтіннің, құрылыстардың жəне олардың қирандыларының орнықсыздығын, құлау мүмкіндігін жəне қаупін айқындау;
- зардап шеккендерді құтқару жұмыстарының шамамен орындалған көлемін жəне тəсілін анықтау, оларға алғашқы дəрігерлік көмек көрсету мүмкіндігін бағалау жəне басқа зақымдаушы факторлардың адамға тигізер əсерін жою жəне шектеу қажет.