Қоғам

САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЕРКІН КҮРЕСТЕН БІРІНШІ ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІ

Сайрам ауданындағы «Ақсу жекпе-жек» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірті Қалдыбек Заңғар еркін күрестен өткен республикалық турнирдің чемпионы атанды.

2024 жылдың 02-04 қазан күндері аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында еркін күрестен бапкер Мұрат Тотаев пен КСРО спорт шебері Сапархан Шайменовты еске алуға арналған 2008-2009ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Аталмыш турнир аясында Алматы,Шымкент, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Қарағанды,Жетісу, Жамбыл және Түркістан облысының командаларынан келген 300-ге тарта спортшылар бақтарын сынады.

Бұдан бөлек, турнирге Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары да қатысып қайтты.

Жарыс нәтижесі бойынша I орын республикалық турнирде 71 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Қалдыбек Заңғарға бұйырды.

Сайрамдық жас спортшыны жарыс жолына дайындауда жаттықтырушысы Думан Бердалиевтің еңбегі орасан.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close