СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ЖҮЙЕЛЕР-2
Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады.
Жерсілкіну ұзақтығы
- Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×1024 – 1×1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы – 1×1023 эрг, Моңғолиядағы Гобь Алтайында — 1×1024 эрг, Чилиде — 1×1024 эрг, Ташкентте — 1×1020 эрг, Кемин жотасында (Алматы) — 4×1024 эрг.
Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері
- Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе.
• Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады.
• Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. - Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы
уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және
жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға
мүмкіндік береді.
• Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге
асырылады.
• Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып,
басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:
• Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және
шығыс жағаларын айнала орналасқан.
• Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат,
Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ,
құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері
(Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут , Куриль,
Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб,
Кариб , т.б. теңіздер) кіреді.
Жерсілкінудің басқа да түрлері
- Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп
мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік
жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.
Алдын –ала болжау
Қазіргі кезде тәжірибеге енгізілген үлкен аймақтар мониторингі : үлкен жарылыстар аймағына арнайы құралдар орнатылады, құралдардан алынған ақпараттар спутник арқылы беріледі.
Жануарлар арқылы анықтау
Табиғатта болатын өзгерісті үй жануарлары да жақсы сезеді. Үй құстары, ит, шошқа жер сілкіну болар алдында тамақтан бас тартып, мазасыздана бастайды
Бауырымен жорғалаушылар
Жыландар, әсіресе улы жыландар, жер сілкінуден бірнеше күн бұрын өз індерінен кетеді. Тура осы жолмен кесірткелер мен құмырсқалар да жүреді. Ғалымдардың түсіндіруі бойынша сыртқы тері қабаты өте
сезімтал, ыстық температураны бірден табады. Жоғары сезімтал адамдар жер сілкіну болардың алдын – ала біле алады: дем жетпей қалу, бас ауруының байқалуы, аздаған мөлшерде жер сілкіну.
Өлшеу құралдары
Барлық дәрежедегі сейсмикалық толқындардың күшін арнайы құрал — сейсмограф арқылы өлшейді. Бір
сейсмограф жердің көлденең қозғалысын жақсы сезсе, екінші түрі тік қозғалысты жазуға бейімделген. Толқындар тіркеліп, қағаз лентаға жазылады. Қағазсыз тіркелетін электронды сейсмографтар бар.
Өлшеу құралдарының тарихы
Төменгі Хань империасының астрономы Чжан Хэн (78-139) үние жүзінде бірінші сейсмоскоп жасап шығарды, ол өте әлсіз тербелісті үлкен қашықтықтан сезген. Бұл құрал біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол
құрал туралы “Хоу Хань шу” кітабында жазылған жазба бойынша білуге болады. (“История Второй Хань”).
Қызықты факторлар
Ирландиялық жер сілкіну заңдылықтарын зерттеуші Роберт Маллет бірінші рет сейсмикалық толқындардың бір орыннан күн сәулесі сияқты таралатынын байқады. Ол орталық жер бетінде таралу ошағы болатынын дәлелдеп, эпицентр деген атақ берді. Ғылыми маңызы бар бірінші сейсмограф1879 ж. Жапонияда Юингпен бірлесе отырып салынды. Салмақ сапасы ретіндемаятникке 25 кг шойын сақинасы болат сымға ілінген.