СУ ҚАУІПТІ
Жаз айлары — су қоймасында демалушы адамдар үшін өте қауіпті уақыт. Су қоймаларында болатын оқиғалардың басты себебі адамдардың суда өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоқтығынан.
Мас күйінде суға түсу;
Қайықпен жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтардың болмауы;
Балалардың су қоймасы маңында үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалуы;
Жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін дұрыс
есептемеуі;
Шомылуға арналмаған жерде суға түсу.
Егер сіз суға кету жағдайларының куәсі болсаңыз нөмірі 112 құтқару қызметінің телефонына қоңырау соғыңыз.
Сұға тұншыққанда алғашқы көмек көрсету
Зардап шеккенге алғашқы көмекті судан көтеріп, жағаға немесе катерге
жеткізгенше көрсету керек.
Зардап шеккеннің жағдайын толық білу қажет.
Зардап шеккен адамның әзір есі болса, үстін құрғатып сүртіп, жылы
жерге әкеліп, ыстық шәй, кофе немесе шарап беру керек.Ал егер, зардап
шеккен адам көп уақыт бойы су астында қалып, ессіз жатса, егер ол тұншығып
(асфиксия) немесе клиникалық өлім жағдайында болса, дереу дәрігер шақыру
керек.Дәрігер келгенше уақытты жоғалтпай, зардап шеккенге алғашқы көмек
көрсетуді бастау керек; зардап шеккен адамды шешіндіріп, оның ауыз-мұрнын
лай-құмнан тазартып, ұртына таза орамалдан істелген білекше немесе кесек
ағаш салу керек; тез арада өкпеге жасанды дем беруге кірісу керек.
Зардап шеккенді катерге, құтқару қайығына салып жағаға жеткізгенше, жасанды дем беруді жалғастыру керек, ол үшін ауа шығарғыш немесе арнаулы демалғыш және Рубенс қабын қолдану керек. Ұйқы тамыры соқпаса тез арада жүрек сылауына кірісу керек. Жұтқан суды толығымен өкпеден шығарамын деген ой қате (орындалмайтын іс). Зардап шеккенді етбетінен жатқызып, аяқтарын иіп, кеудені қырынан қысып (10-15 секунд ішінде) осыдан кейін зардап шеккенді арқасына аударады. Егер тістерін аша алмаса, ауызын қолмен ашып, арнаулы санитарлық сөмкедегі жабдықтарды немесе қолда бар қатты заттарды (қасық және т.б.) қолдану керек.
Зардап шеккенді құтқару орталығына жеткізгенше бүкіл шараларды жалғастыра беру керек. Аса бір қателік — жасанды дем беруді тоқтату. Зардап шеккеннің уақытша дем алуы, оның толық қалпына келуі емес, сондықтан ессіз болса да, өкпенің ісігі болса да жасанды дем беруді жалғастыру керек. Жасанды дем
беру желісін, демалуы 1 минутта 40 рет соғып, денесі көгере бастаса да жасау керек. Көмекті тезірек, үзбей, уақытымен көрсетуді әруақытта есте ұстау керек.
«Ауыздан ауызға» жасанды дем беру техникасы
Зардап шеккеннің қаптал жағынан тұру керек. Бір қолды зардап шеккеннің маңдайына, екінші колды иегіне қойып, басын шалқайтып, төменгі жақты жоғарғы жаққа көтеріп, қысу керек. Саусақтармен иегін ұстап, төменгі ерінді қысып зардап шеккеннің ауызын жабу керек. Ауаны терең алып зардап шеккеннің мұрнын ауызбен жауып «ауа шықпайтын күмбез» жасау қажет; Зардап шеккеннің мұрнына қатты дем жіберу керек.
Ауызға немесе мұрынға орамал, мата арқылы дем беру, ауа өтуін қиындатады. Жасанды дем берудің «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» жасалатын қарапайым шарты — зардап шеккенге ең ығғайлы әдіс.
«Ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем беру.
Құтқарушыда арнаулы жабдықтар болса, зардап шеккенді арқасына жатқызып, жауырын
арасына білік қойып, басын шалқайтады.
Ауа шығарғыш (арнаулы) бір шетімен зардап шеккеннің ауызына кіргізіледі. Ауа шығарғышты
тіс арасынан жоғарғы иілген жағымен төмен, содан кейін ойысқан жағын төмен айналдыру
керек. Ауа шығарғыш дұрыс орналастырса, тіл ауыздың түбіне қыстырылуы керек, тілдің тыныс
жолын жауып тастамауы керек. Зардап шекеннің мұрынын екі жағынан саусақпен қысу керек.
Терең демалып, ауа шығарғыштың шетін ауызға алып, зардап шеккенге дем беру керек, көмек
беруші ауызын ауа сорғыштың шетін босатуы керек.
Құтқарушы жалғыз адам болса, жасанды дем берумен жүрек уқалауы 1:4, 1:6 көлемінде, 1
демалыста 4-6 сылау қозғалысы, басқа да 2:15 көлемінде, тек 1 минутта 16-18 дем және 70-72
сылау қозғалысы болуы қажет.