Түрлі техногендік апаттардың ішінде термиялық күйіктердің жал- пы үлесі айтарлықтай басым. Қарапайым күнделікті жағдайда күйік- тердің саны барлық тұрмыстық жарақаттардың 80% құрайды.
Күйіктер 4 дәрежеге бөлінеді: 1 дәреже – қызару; 2 – күлбіреу;
3 – терінің үстіңгі (3а), барлық (3б) қабаттарының жансыздануы;
4 – тері мен оның астыңғы қабатының қарайып күюі (жансыздануы). Ауырлығы, барысы мен емделу жолына қарай күйіктер үстіңгі – 1,2,3а дәрежелі және астыңғы – 3б және 4-дәрежелі болып бөлінеді. Зақымданған терінің өз бетінше қайта қалыпқа келу мүмкіндігі терінің үстіңгі қабаты күюінің басты айырмашылығы болып табыла- ды. Қатты күйген теріні қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шеккен адам денесінің күйік шалмаған тұсынан алынған теріні орналастыру қажет болады.
- дәрежелі күйіктер бу, ыстық сұйықтық, қызған заттың аз уақытқа әсер етуінен болады және терінің қызаруымен, шамалы ісінуімен, қатты ауырсынуымен айқындалады. Әдетте бұл сим- птомдар 3-4 тәуліктен кейін басылады, кейде терінің үстіңгі қаба- тынан эпидермис қабыршағы көптеп түсіп, түлей бастайды.
- дәрежелі күйіктер дәл сол агенттердің неғұрлым көбірек уақыт әсер етуінен немесе температурасы әлдеқайда жоғары заттың аз уақытқа әсер етуінен болады. Зақымданған жерде ісік пен қан кер- неуден мүйіздік және өсім қабаты арасында тері қылтамырларымен жүретін түссіз мөлдір сұйықтық толған эпидермалдық қабыршақ пайда болады.
Қабыршақты алып тастағанда жанасу кезінде ауыру сезімін туғыза- тын, түсі ашық қызғылт келетін терінің астыңғы өсім қабаты көрінеді. 3-дәрежелі күйіктер теріге жалын, балқыған металл және басқа да өте жоғары температуралы агенттердің әсер етуінен болады. Зақымдану тереңдігі дененің әр бөлігінде сан түрлі болып келетін теріэпителийі жабыныныңқалыңдығынада байланысты. Сондықтан терінің ауқымды бөлігі күйгенде оның әр тұсында зақымдану дәре- жесі де әртүрлі болады.
Термиялық агенттің температурасы мен оның әсерінің ұзақтығы күйік дәрежесіне ықпал ететін факторлар болыптабылады.
Мәселен, аз ғана уақытта жалын шарпығанның өзінде теріде 3- дәрежелі күйік шалған жер пайда болады.
Ыстық судан болған күйік дәрежесі оның теріге әсер ету уақыты- на байланысты.
Күйік жарақатының ауырлығы негізінен зақымданған терінің массасына байланысты.
1 – 2 дәрежелі күйіктен зардап шеккендер оның кең таралғанына қарамастан әдетте жарақат алған соң 10-15 күннен кейін терісінде тыртық қалмастан жазылып кетеді. Тек қабыршақтарға инфекция тү- суі күйген қабаттың эпителимен қапталуы уақытын ұзартуы мүмкін. 3а дәрежелі күйіктер -1 – 2 дәрежелі жайылған күйіктерден соң әдетте жекелеген бөліктер түрінде терінің беткі қабатының семуімен (қабыршақ) сипатталады және мұнда өсім қабаты бөліктері, тер және май бездерінің бөліктері сақталады.
Семіп қалған бөліктер жарақат алғаннан кейін 3-4 аптадан соң іріңдеп, теріден ажырай бастайды, басылған соң күйген жер терінің астыңғы қабатында орналасқан тер және май бездерінің шығару жол- дары жабыны өсуінен жабынмен көмкеріле бастайды.
36 дәрежелі қатты күйік сезімталдығы жойылған, тығыз, қоңыр түсті қабыршақтың пайда болуымен және терінің барлық қабатта- рының толықтай семуімен сипатталады. Зардап шеккен адамның жағдайы ауыр болады, ал күйіктің салдарынан семіп қалған тері аумағы тым үлкен болса жайсыз жағдай болжанады. Семіп қалған қабыршақ жарақат алғаннан кейін 1 – 1,5 айдың ішінде біртіндеп теріден ажырай бастайды, одан соң жұқпаланған түйіршікті жарақат пайда болады, оны қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шегушінің күйік шалмаған жерінен алынған терісімен ауыстырып, жаңа тері отырғызу қажет.
Бет, мойын және кеуденің жалыннан болған терең күйігі көбі- несе ауыздың, жұтқыншақтың және жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының күйігімен қатар жүреді, бұл тыныс алу жет- кіліксіздігі мен тұншығу қауіпін туғызады.
Күйік жарасының ауырлығына зардап шеккен орын да әсер етеді. Жүйке талшықтарының көптеп орналасуынан бет пен қолдың күйігі дененіңбасқабөліктеріндегі күйікке қарағанда неғұрлым ауырөтеді. Күйік ауданын дереу түрде анықтау үшін «тоғыздық» ережесі қолданылады.
Тері жабынының 8 – 10 % зақымданған қатты күйікте түгелдей дер- лік органдар мен жүйелердің қызметі бұзылады. Ауыр күйік жарақатын алғаннан болатын жалпы бұзылулар кешені «күйік ауруы» деп атала- ды. Оның барысы 4 кезеңнен тұрады: күйіктік шок, жедел күйіктік ток- семия, септико-токсемия, реконвалесценция немесе сауығу кезеңі.
Күйіктік шок кезеңі алғашқы екі күнді қамтиды. Шоктың клини- калық картинасына плазма жоғалтудан болған ісік, жоғарғы тыныс алу жолдары күйігінің симптомдары, есін жоғалтпаған жағдайда кей- де психомоторлық қозу, бұлшық еттің дірілі, дене температурасының төмендеуі, тамыр соғуының жиілеуі, артериялық қан қысымының қа- лыпты жағдайдан кейін төмендеуі және ең бастысы несептің бөлінуі күрт азаю тіпті толығымен тоқтауы тән. Диурездің 30 мл/с дейін және одан да төмендеуі жағдайдың нашарлылығының белгісі. Несеп әдетте қою, қан аралас келеді.
Күйіктік токсемия екінші-үшінші тәулікте басталады және 10-
12 тәулікке жалғасады. Ол семіп қалған теріде күйік жарақатынан сіңіріліп, өткір улануға әкеп жатқан уытты заттардың пайда болуына байланысты.
Жедел токсемия қатты және күшті қалтырау, сандырақтау, астан жи- рену, қайта-қайта құсу, ұйқысыздық, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, жиі қайталанатын бронхы пневмониясы сияқты белгілермен байқала- ды.
Септикотоксемия күйік жарасының іріңдеуінен болады. Бұл кезеңге қатты қалтырау, үдемелі қан аздық және азу тән.
Реконвалесценция күйік жаралары жазылған соң болады. Бұл ке- зеңде ішкі органдар мен жүйелердің қызметі біртіндеп қалыпқа келе бастайды.
Табиғи апаттар немесе техногендік апаттар ошағында күйік кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:
жанып жатқан киімдегі өртті сөндіру; жараны таңу;
ауырсынуды басатын дәрілер салу; сусындарды көптеп ішу;
Қатты күйсе және күйік аумағы көп болса көліктік иммобилизация. Жалын шарпыған киім дереу арада шешілуі тиіс. Зардап шегушінің үстіндегі тез шешілмейтін, жанып немесе бықсып жатқан киімнің бөл- шектеріндегі жалынды сумен, қармен, құммен, жермен, қалың матамен (пальто, көрпе және т.с.с) жабу арқылы оттегінің келуін шектеп, өшіру керек. Жанып кеткен немесе күйген жерге жабысып қалған киімді ше- шуге болмайды. Дененің күйген жерлерін таңғышпен жабады. Күйіп қалған адамдардың көпшілігі ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қажетсінеді.
Қол-аяқтың көп бөлігі және қатты күйсе қолда бар құралдармен немесе көліктік шиналарды қолдану арқылы тасымалдауды ұйымда- стыру керек.
Күйіп қалғандардың көбін апат ошағынан алып шығу қажет бола- ды, ал беті күйгендердің дені қабағының тез ісіп кетуі мен көру қа- білетін уақытша жоғалтуынан апат ошағынан өздігінен шыға алмай, сырттан көмекті (алып шығуды) қажет етеді.