ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Түркістан облысында “Азаматтарға арналған үкімет” орталығында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті
Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырылланатын “Азаматтарға арналған үкімет” орталығында өрттерді жылдам әрі тез сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау дағдыларын пысықтау, өрт шыға қалған жағдайда адамдар арасында болуы мүмкін дүрбелеңдердің алдын алуын жаттықтыру.
Жаттығудың сценарийі бойынша өрт ХҚКО орталығының 1 қабатының өртенуі нәтижесінде орын алды. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер өртті 30 минуттың ішінде толығымен жойып, зардап шеккендерді аман алып шығып алғашқы көмек көрсету және эвакуациялау бойынша құтқару құрылымдарының іс-әрекеттерін орындады.
Тактикалық оқу-жаттығуға ТЖД №1 №39 №41 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 63 адам және 13 техника, жедел-жәрдем жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында Хылыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен төтенше жағдай туындаған кездегі алғашқы іс-әрекеттері пысықталып, назарларына жеткізілді.