Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СНЮС ӨНДІРЕТІН ЖАСЫРЫН ЦЕХ АНЫҚТАЛДЫ (ВИДЕО)

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады.

Аумағы 1000 шаршы метр болатын  жасырын цех Сайрам ауданында орналасқан. Түркістан облысы прокуратурасы мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің  бірлескен іс-шарасының  нәтижесінде цехтан 10 млн данадан астам қаптама, 14 тоннадан астам темекі, тыйым салынған улы қоспалары тәркіленді.

Заңсыз өнімдер Астана мен Алматы қалаларына саудаланған. Қазіргі таңда, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс-шарасы жүргізілуде.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close