#ДенсаулықҚоғам
Түркістанда көпбалалы ана үшемді дүниеге әкелді

Түркістан қалалық перинаталды орталығында ерекше қуаныш – көпбалалы ана Ұлдар Момбекова үшемді өмірге әкелді. Бұл оның бесінші рет босануы, осылайша отбасындағы бала саны жетіге жетті. 31 апталық мерзімде туған нәрестелерге Мұхаммед, Махмуд және Ахмет есімдері берілді.
Ана мен сәбилерді құттықтауға өңір басшысы Нұралхан Көшеров, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және зиялы қауым өкілдері келді. Облыс әкімі үшемдерге 3 млн теңге сыйақы мен қажетті жабдықтарды тарту етті.
Жаңа туған сәбилердің өмірі ұзақ, дені сау болып, бақытты ғұмыр кешсін!
shyndyq.kz